Об определении критериев по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № А-6/132 қаулысына қосымша Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер № р/т Өлшемдердің атауы Иеліктен айыру түрі 1 Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса Аукцион түріндегі жекешелендіру 2 Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса Тендер түріндегі жекешелендіру