Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Кызылкогинского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылқоға ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабының 3-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылқоға ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасы осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әжіғалиевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы «13» маусымдағы №108 қаулысына 1 қосымша Аудан әкімдігінің 2016 жылғы «13» маусымдағы №108 қаулысымен бекітілген Қызылқоға ауданының шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемасы Жалпы ұзындығы L=3,0 км Жалпы ұзындығы L=3,5 км
Басқа 5
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы «13» маусымдағы №108 қаулысына 2 қосымша Аудан әкімдігінің 2016 жылғы «13» маусымдағы №108 қаулысымен бекітілген Қызылқоға ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қызылқоға ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы қағидасы (бұдан әрі- Қағида) «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11550 болып тіркелді) сәйкес әзірленген және Қызылқоға ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2. Балаларды тасымалдау тәртiбi
2. Балаларды тасымалдау тәртiбi
Тармақ 2
2. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жетi жастан кiшi емес балалар рұқсат етiледi. Жетi жасқа толмаған балалар бiлiм беру мекемесi жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруi кезiнде ғана жол жүруге рұқсат етiлуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Балаларды жаппай тасымалдау кезiнде тасымалдаушы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелері, маршруттағы қозғалысты қадағалауды күшейту және екi және одан артық автобустардың лектерiне жол-патрульдік полициясының арнайы автокөлiк құралдарының ерiп жүруi туралы мәселенi шешу бойынша шаралар қабылдау үшiн хабардар етедi.
Тармақ 5
5. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
Тармақ 6
6. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжатының болуы, сондай-ақ мыналармен:
Тармақша 1
1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
Тармақша 2
2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
Тармақша 3
3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы- автобустың жолаушылар салонында);
Тармақша 4
4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);
Тармақша 5
5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
Тармақша 6
6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
Тармақша 7
7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен болуы тиiс.
Тармақ 7
7. Балалардың топтарын көрiнiм жеткiлiксiз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар), сондай-ақ 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейiн автобустармен тасымалдауға жол берілмейді. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауықажет.
Тармақ 8
8. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
Тармақ 9
9. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс. Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс. Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс. Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.
Тармақ 10
10. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.
Тармақ 11
11. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда Жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 12
12. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауыүшiн алаңшалардың болуын; отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 м қашықтықта орналасуы тиiс.
Тармақ 13
13. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
Тармақша 1
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 2
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 3
3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған. Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс. Сыйымдылығы 41орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болуы тиiс.
Тармақ 14
14. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
Тармақша 2
2) жүру маршрутын өзгертуге;
Тармақша 3
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесемүкәммалды тасымалдауға;
Тармақша 4
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
Тармақша 5
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
Тармақша 6
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
Тарау 3. 3. Қорытынды ереже
3. Қорытынды ереже
Тармақ 15
15. Осы Қағидамен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.