О внесении изменений в некоторые приказы уполномоченного органа в сфере оказания государственных услуг Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8568 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамыздағы № 115 (2316) «Заң газетінде» жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесінде: 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) жалақыға, оның ішінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес айқындалатын қызметкерлері тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалардың еңбек ақысын төлеу шығыстары;»;
Тармақша 2
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрі Д. Абаев 2016 жылғы «___» __________