Об определении критериев по выбору видов отчуждения областного коммунального имущества Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» № 920 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте: осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулының бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер
Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 212/5 қаулысына қосымша Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер Р/с № Критерийдің атауы Айыру түрлері 1 Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекет мүдделілігінің болмауы; сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын қамту; объектіні барынша мүмкін баға бойынша сату. Аукцион түріндегі сауда-саттықтар 2 Жекешелендіру объектісінің қызмет бейінін белгілі бір уақыт кезеңіне сақтау; объектіні барынша мүмкін баға бойынша сату. Тендер түріндегі сауда-саттықтар 3 Жекешелендіру объектісіне белгілі бір уақыт кезеңіне мемлекеттің бақылауын сақтай отырып, қаржылық қаражатты тарту; сенімгерлік басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару немесе мүліктік жалдау (жалға алу) шартының талаптарын орындауы. Тікелей мекенжайлық сату 4 Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды әрі қарай бақылауға мүдделілік болмағанда, оларды сату; сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту; жекешелендіру объектісінің тиісті қор биржасының биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкестігі Қор биржасындағы сауда-саттықтар 5 Мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықты куәландыратын өтімді бағалы қағаздарды сатудың қажеттігі; сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту. Туынды бағалы қағаздарды сату 6 Жекешелендіру объектісінің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан әрекет ететін айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын баланстық құнында; тәуелсіз консультантты тарту. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс