Об утверждении нагрудных знаков Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының кеуде белгілерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын бітіргені туралы кеуде белгісі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының магистратурасын бітіргені туралы кеуде белгісі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері таныстырылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 54 бұйрығына 1-қосымша Ескертпе: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын бітіргені туралы кеуде белгісі жиегі күміс түстес көк түсті ромб, өлшемдері: биіктігі – 47мм., ені – 27мм., ортада жапсырылған; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын бітіруші кеуде белгісінің негізгі мағынасын көрсететін элементтердің семантикасы: ромб – жан-жақты белсенділікті білдіреді; ромб алаңындағы көк түсті эмаль ой айқындылығын және дәстүрге адалдықты білдіреді; ромб ортасында кескін тәріздес көлемді жапсырма, стильденген жеті бұрышты жұлдыздан тұратын күрең (қою қызыл) түсті алтын (сары) түске негізделген, сонымен қатар жеті доғал бұрышты шуағы бар. Жақұтты жұлдыздың ортасында кіші қалқан орналасқан. Көкшіл (көк) түсті кіші қалқан шеңбері бойынша, алтын (сары) сақиналы жиектелген, мемлекеттік тілде «НАМЫС, АЙБЫН, ОТАН» ұраны жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған. Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түстің үстіне алтын (сары) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – «шаңырақ» орналасқан.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 54 бұйрығына 2-қосымша Ескертпе: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының магистратурасын бітіргені туралы кеуде белгісі жиегі алтын түстес ақ түсті ромб, өлшемдері: биіктігі – 47мм., ені – 27мм., ортада жапсырылған; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын бітіруші кеуде белгісінің негізгі мағынасын көрсететін элементтердің семантикасы: ромб – жан-жақты белсенділікті білдіреді; ромб алаңындағы ақ түсті эмаль бейбітшілік пен тазалықты білдіреді; ромб ортасында кескін тәріздес көлемді жапсырма, стильденген жеті бұрышты жұлдыздан тұратын күрең (қою қызыл) түсті алтын (сары) түске негізделген, сонымен қатар жеті доғал бұрышты шуағы бар. Жақұтты жұлдыздың ортасында кіші қалқан орналасқан. Көкшіл (көк) түсті кіші қалқан шеңбері бойынша, алтын (сары) сақиналы жиектелген, мемлекеттік тілде «НАМЫС, АЙБЫН, ОТАН» ұраны жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған. Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түстің үстіне алтын (сары) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі - «шаңырақ» орналасқан.