Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для лиц с инвалидностью Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;
Тармақша 6
6) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13027 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________________ Қ. Бишімбаев 2016 жылғы 30 маусымдағы
Басқа 1. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының («Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 2
2) жұмыс берушi – жұмыскер онымен еңбек қатынастарында тұрған жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) – ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдар жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны;
Тармақша 4
4) жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы;
Тармақша 5
5) мүгедектігі бар адам – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
Тармақша 6
6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
Тармақша 7
7) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі
2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі
Тармақ 3
3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұйымдарда квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:
Тармақша 1
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында мүгедектігі бар адамдар санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау;
Тармақша 2
2) өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар саны;
Тармақша 3
3) жұмыскерлердің штат саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны;
Тармақша 4
4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер талдау;
Тармақша 5
5) квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектігі бар адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтер талдау;
Тармақша 6
6) халықты жұмыспен қамту орталығы тіркеген жұмыссыз мүгедектігі бар адамдардың саны негізінде әзірлейді.
Тармақ 4
4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Мемлекеттік статистика туралы» Заң) 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтердің негізінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.
Тармақ 5
5. Квотаны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жыл сайын ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін алдағы жылға квота белгілейді. Квота ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен дара кәсіпкерлер үшін белгіленеді.
Тармақ 6
6. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.
Тармақ 7
7. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес квота шеңберінде медициналық қорытындыға сәйкес еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастырылады.
Тармақ 8
8. Квотаны жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға: елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде; жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде; екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгілейді.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қызметке кірудің ерекше жағдайлары, лауазымға тағайындаудың тәртібі айқындалған жағдайларда квота белгіленбейді.
Тармақ 10
10. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 27-бабы 2-тармағына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.
Тармақ 11
11. Елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдар болмаған кезде, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.
Тармақ 12
12. Ұйым және дара кәсіпкерлер үшін белгіленген квота осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта қарауға (түзетуге) жатады.
Тармақ 13
13. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны орындайды.
Тармақ 14
14. Жұмыс орындарының квотасы шеңберінде жұмысқа орналасқан, жұмыс берушілер осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жағдайларға байланысты жұмыстан босатқан мүгедектігі бар адамдар оларды кейіннен жұмысқа орналастырумен халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеледі.
Тармақ 15
15. Жұмыс берушінің мүгедектігі бар адамдарды бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге еңбек шартын жасасумен расталған, (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған жағдайларды қоспағанда), бос немесе белгіленген квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдаманың болуына қарамастан берілген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруы квотаны орындау болып табылады, ол туралы мәліметтерді жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына «Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша ұсынады.