Об утверждении формы индивидуальной карты занятости и правила ее ведения Күшін жойған
Басқа 0
Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жұмыспен қамтудың жеке картасының нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жұмыспен қамтудың жеке картасы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 576 бұйрығына
1-қосымша
нысан
___________________________(ауданының, қаласының, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Халықты жұмыспен қамту орталығы
________________________________________________________________________________________
Жұмыспен қамтудың жеке картасын толтыратын Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________________________________
Толтырылған күні 20____ жылғы «___»____________
Жұмыспен қамтудың жеке картасы
1.Тегі________________________ аты __________________________________
әкесінің аты (бар болcа) ____________________________________________
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________
3. Жынысы ___________________________________________________________
4. Туған күні _______________________________________________________
5. Ұлты _____________________________________________________________
6. Тұрғылықты жерінің мекенжайы _____________________________________
7. Телефон __________________________________________________________
8. Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________
9. Білімі:
1) білімі
Білім беру ұйымының атауы _________________________________________
___________________________________________________________________
Білім деңгейі бойынша оқу мекемесінің түрі (жоғары оқу орны,
колледж, жалпы білім беретін мектеп) _______________________________
____________________________________________________________________
Оқу мерзімі ________________________________________________________
Алған мамандығы (біліктілігі) ______________________________________
2) қосымша білімі (қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстары)
Білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің атауы __________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Оқу мерзімі _______________________________________________________
Алған мамандығы (біліктілігі) _____________________________________
10. Соңғы жұмыс (қызмет ) орны
Жұмыс берушінің атауы ______________________________________________
Жұмысқа қабылданған күні ___________________________________________
Жұмыстан босатылған күні ___________________________________________
Лауазымы ___________________________________________________________
11. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы.
Бұрын көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
(хронологиялық кезектілікпен толтырылады).
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының атауы
___________________________________________________________________
Оқытуға жолдама берілген күн ______________________________________
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету ұзақтығы ____________
Жұмыс берушінің және (немесе) оқу орнының атауы ___________________
Лауазымы (кәсібі) _________________________________________________
Жұмыс берушінің (оқу орнының) жұмысқа (оқуға) қабылдау туралы актісі
немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себептерін көрсету ___________
12. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау қорытындылары:
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізетін органның атауы ___________
Жүргізілген күні ____________________________________________________
Нәтижесі ____________________________________________________________
13. Лайықты жұмысқа берілген жолдамалар
Жұмыс берушінің атауы ______________________________________________
____________________________________________________________________
Лауазымы (кәсібі) __________________________________________________
Жұмысқа жолдама берілген күн _______________________________________
Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі не бас тарту
себептерін көрсету _________________________________________________
14. Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер:
Жүгінген күні _______________________________________________________
Тіркеу немесе бас тарту күні ________________________________________
Бас тарту себебі ____________________________________________________
Есептен шығару күні _________________________________________________
Есептен шығару себебі _______________________________________________
15. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға
берілген жолдамалар туралы мәліметтер:
1) кәсіптік оқыту:
Жұмыс берушінің және (немесе) оқу орнының атауы ___________________
Оқу орнының және (немесе) жұмыс берушінің мекенжайы,
телефоны ______________________________________________________________
Оқу түрі ______________________________________________________________
Оқу мерзімі ___________________________________________________________
Жіберілген күні _______________________________________________________
Алған мамандығы, біліктілігі __________________________________________
Жұмыс берушіні, лауазымды көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына
жұмысқа орналасқан күні
_______________________________________________________________________
2) микрокредиттер жөнінде ақпарат:
Микрокредит алған күні ________________________________________________
Кредит сомасы _________________________________________________________
Жеңілдікті кезеңнің мерзімі ___________________________________________
Қайтару мерзімі _______________________________________________________
Қызмет түрі ___________________________________________________________
3) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту:
Оқу орнының атауы ___________________________________________________
Оқу мерзімі _________________________________________________________
Жіберілген күні _____________________________________________________
4) сервистік қолдау:
Консультациялық қызметтер __________________________________________
Бухгалтерлік қызметтер _____________________________________________
Заңдық қызметтер ___________________________________________________
Өзге де қызметтер __________________________________________________
Ескертпе: қызмет түрі және оның ұзақтығы көрсетіледі
5) жастар практикасы:
Жұмыс берушінің атауы _____________________________________________
Жұмысқа жолдама берілген күн ______________________________________
Қатысу мерзімі ____________________________________________________
Лауазымы (кәсібі) _________________________________________________
Жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі ____________________
Жұмыс берушіні, лауазымын көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына
жұмысқа орналасқан күні
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6) әлеуметтік жұмыс орны:
Жұмыс берушінің атауы _____________________________________________
Жұмысқа жолдама берілген күн_______________________________________
Қатысу мерзімі ____________________________________________________
Лауазымы (кәсібі) _________________________________________________
Жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі ____________________
Жұмыс берушіні, лауазымын көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына
жұмысқа орналасқан күні
__________________________________________________________________
7) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс
аударуға жәрдемдесуге жолдама
Отбасының еңбек етуге қабілетті мүшелері _____________________________
Келген жері __________________________________________________________
Берілген субсидиялар _________________________________________________
Тұрғын үй (тұрғын үй деген жол тұрғын үй түрін (жеке тұрғын үй,
көп пәтерлі тұрғын үй, жатақханадағы бөлме) отбасы мүшелеріне келетін
шаршы метрді көрсете отырып толтырылады)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жұмысқа орналасқан күні ____________________________________________
Жұмыс берушінің, лауазымның атауы __________________________________
8) арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама:
Жұмыс берушінің атауы ______________________________________________
____________________________________________________________________
Жолдаманың берілген күні ___________________________________________
Қатысу мерзімі _____________________________________________________
Лауазымы (кәсібі) __________________________________________________
Жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі _____________________
9) қоғамдық жұмыстар:
Жұмыс берушінің атауы ______________________________________________
Жұмысқа жолдама берілген күн _______________________________________
Қатысу мерзімі _____________________________________________________
Лауазымы (кәсібі) __________________________________________________
Жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі _____________________
Жұмыс берушіні, лауазымын көрсете отырып, тұрақты жұмыс орнына
жұмысқа орналасқан күні
___________________________________________________________________
16. Жұмыссыздың халықты жұмыспен қамту орталығына келуін
толтыру нысаны:
Р/с №
Жоспарлы қатысу күні
Іс жүзінде қатысқан күні
Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерінің ескертпесі
17. Жұмыссыздың күтетіні
1) Сіз қандай жалақы алғыңыз келеді?
Сіз алғыңыз келетін жалақы сомасы: ___________ теңге;
Карьераңызды бастау үшін жеткілікті және тиімді жалақы сомасы:
___________ теңге;
Сіз қандай жалақы немесе төмен жалақы сомасы үшін жұмыс
істемейсіз:
___________ теңге.
2) Сіздің болашақ жұмысыңыздың орналасқан жері (облыс, қала, аудан, ауыл):
Сіздің болжамды жұмысыңыздың орны (облыс, қала, аудан, ауыл)?
___________________________________________________________________
Сіз үшін тиімді (барынша көңілге қонымды) жұмыс орны?
___________________________________________________________________
Қай облыстағы, аудандағы, ауылдағы және т.б. жұмыс, қандай
жағдай болмасын, Сізді қызықтырмайды?
___________________________________________________________________
3) Сіз өз карьераңызды жасайын деп жүрген қызмет саласындағы ықтимал лауазымдар.
Тиімді лауазым – _____________________________________________________
Қолайлылығы төмен – _________________________________________________
Сіз келіспейтін лауазым – ____________________________________________
4) Сіз жұмыс іздеуге қанша уақыт жұмсауды ойлап отырсыз?
1 – лайықты нұсқа ___________________________________________________
2 – қолайлы нұсқа ___________________________________________________
5 – ықтимал нұсқалардан ең жаманы ___________________________________
18. Жұмыссызды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспары
р/с
№
Жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар
Іс жүзінде орындау
Іс-шаралардың орындалмау себептері
Басқа 2. Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 576 бұйрығына
2-қосымша
Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке бас деректерін енгізе отырып жүгінгендер, жұмыспен қамту тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары және олардың орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау туралы мәліметтерді жинауға арналған.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының және Орталықтардың қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 2
2) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші Орталықпен жасалған шарт негізінде жұмыссыздардың еңбек ақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн құратын жұмыс орны;
Тармақша 3
3) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені;
Тармақша 4
4) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
Тармақша 5
5) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;
Тармақша 6
6) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
Тармақша 7
7) жұмыспен қамтудың жеке картасы (бұдан әрі – ЖҚЖК) –жұмыссыздың жеке басының деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
Тармақша 8
8) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық жасайтын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 9
9) жұмыс іздеп жүрген адам - жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жері бойынша орталықта «электрондық үкімет» веб-порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы не «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі;
Тармақша 10
10) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
Тармақша 11
11) кәсіптік оқыту – Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу және біліктілігін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында не білім беру қызметіне құқығы бар жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы оқу орталықтарында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды қамтитын оқыту;
Тармақша 12
12) қоғамдық жұмыстар – Орталықтар ұйымдастыратын, жұмыскерлердің алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi;
Тармақша 13
13) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнының көлiкке қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;
Тармақша 14
14) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектігі бар адамдардың жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары.
Тармақша 15
Тармақша 16
16) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
Тармақша 17
17) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің, мемлекеттік қолдаудың Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын шаралары.
Тарау 2. 2-тарау. ЖҚЖК-ні жүргізу тәртібі
2-тарау. ЖҚЖК-ні жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Орталық ЖҚЖК-ні толтыру жұмысын жүргізеді. Өтініш беруші жүгінген кезде Орталық қызметкері жұмыспен қамту санатын (мәртебесін) айқындайды және АЖ-ға деректерді енгізу арқылы ЖҚЖК-ны толтыру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 4
4. Орталық қызметкері мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш берушінің деректерін тексергеннен кейін алынған мәліметтерді ЖҚЖК-ға енгізеді.
Мәліметтер:
Тармақша 1
1) тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);
Тармақша 2
2) жеке сәйкестендіру нөмірін;
Тармақша 3
3) жынысын;
Тармақша 4
4) туған күнін, айын, жылын;
Тармақша 5
5) ұлтын;
Тармақша 6
6) облыстың, ауданның, елді мекеннің, көшенің атауын, үй нөмірін, пәтер нөмірін көрсете отырып тұрғылықты мекенжайын;
Тармақша 7
7) телефонын;
Тармақша 8
8) электрондық пошта мекенжайын;
Тармақша 9
9) алған мамандығын көрсете отырып білімін;
Тармақша 10
10) жұмыс берушінің атауын, жұмысқа қабылданған күнін, жұмыстан босатылған күнін, жұмыс істеген лауазымының атауын көрсете отырып соңғы қызмет, жұмыс орнын;
Тармақша 11
11) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуын;
Тармақша 12
12) әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өткендігі және оның қорытындылары туралы мәліметтерді;
Тармақша 13
13) лайықты жұмысқа берілген жолдамалар туралы мәліметтерді қамтиды.
ЖҚЖК-да лайықты жұмысқа берілген жолдамалар туралы ақпарат мыналарды көрсете отырып орналастырылады: жұмыс берушінің атауы, лауазым (кәсіп), жұмысқа жолдама беру күні, жұмыс берушінің лайықты жұмысқа қабылдау немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, одан бас тартқан күні, бұл ретте өтініш берушінің бас тартуы да ескеріледе. Ақпарат хронологиялық тәртіппен енгізіледі.
Жұмысқа қабылдаған кезде – бұйрықтың күні, нөмірі, лауазым (кәсіп) көрсетіледі;
Тармақша 14
14) жұмыссыз ретінде тіркеу және есептен шығару туралы мәліметтерді қамтиды.
Жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тартқан кезде ЖҚЖК-ға бас тарту себебі енгізіледі.
Тармақша 15
15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына берілген жолдамалар туралы мәліметтерді қамтиды.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:
кәсіптік оқытуға жолдаманы;
азаматтардың және қандастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесуді;
жастар практикасына жіберуді;
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды;
жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесуді;
мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруды;
қоғамдық жұмыстарды қамтиды.
Орталық қызметкері көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен ЖҚЖК-ға енгізеді. Бұл ретте, Орталық қызметкері мынадай:
жұмыс берушінің және (немесе) оқу орнының атауын, оқу ұйымының және (немесе) жұмыс берушінің мекенжайын, телефонын, оқыту түрін және мерзімін, жіберілген күнін, алған мамандығын, біліктілігін және жұмыс берушіні, лауазымын көрсетумен тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан күнін көрсете отырып, кәсіптік оқытуға адамдардың қатысуы туралы мәліметтерді;
берілген микрокредитті алған күнін, оның сомасын, жеңілдікті кезеңнің мерзімін, қайтару мерзімі мен қызмет түрін көрсете отырып, кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларға қатысу туралы мәліметтерді көрсетеді. Адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілген жағдайда оқу орнының атауы, оқу мерзімі және оқуға жіберілген күні көрсетіледі.
Жұмыссыз сервистік қолдау алған кезде, көрсетілген қызметтің ұзақтығын көрсете отырып қызмет түрі көрсетіледі;
оқу орнын бітірген күнін, алған мамандығын, жұмыс берушінің атауын, жастар практикасына қайда жіберілгенін, жолдаманың берілген күнін, қатысу мерзімін, атқарып отырған лауазымын (кәсібін), жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі туралы мәліметтерді, жұмыс берушіні және лауазымды көрсетумен тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан күнін көрсете отырып жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді;
жұмыс берушінің атауын, жолдаманың берілген күнін, қатысу мерзімін, атқарып отырған лауазымын (кәсібін), жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі туралы мәліметтерді, жұмыс берушіні және лауазымды көрсетумен тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан күнін көрсете отырып жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді;
отбасының еңбек етуге қабілетті мүшелерін, келген жерін, берілген субсидияларды, тұрғын үй беруді, сондай-ақ жұмысқа орналасқанын күнін, жұмыс берушінің атауын және лауазымды (кәсіпті) көрсете отырып, жұмыс күшінің ұтқарлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға қатысу туралы мәліметтерді көрсетеді;
арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жіберілген адамдар туралы мәліметтер жұмыс берушінің атауын, жолдаманың берілген күнін, қатысу мерзімін, атқарып отырған лауазымын (кәсібін), жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып ЖҚЖК-ға енгізіледі;
адамдардың қоғамдық жұмысқа қатысуы туралы мәліметтер ЖҚЖК-да көрсетіледі. Қоғамдық жұмысқа жіберілгеннен кейін жұмыссыз мәртебесі сақталады.
Тармақша 17
17) жұмыссыздың күтетіні:
ең аз жалақы, көңілге қонымды жалақы сомасы және лайықты жалақы сомасы;
лайықты, тиімді және көңілге қонымды жұмыс орнын көрсете отырып күтілетін жұмыс орны;
барынша қалаулы, тиімді, қолайсыз лауазым мен келіспейтін лауазымды көрсете отырып күтілетін лауазым нұсқалары;
лайықты, көңілге қонымды және ең жаман нұсқаларды көрсете отырып жұмыс іздеудің болжамды уақыты;
Тармақша 18
18) жұмыссызды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарын жұмыссыз Орталық қызметкерімен бірлесіп толтырады. Жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар деген бағанда жұмыссызды жұмысқа орналастыру үшін қажетті іс-шаралар толтырылады. Орталық қызметкері жұмыссыз Орталыққа келген кезде іс-шараларды іс жүзінде орындауды толтырады.
ЖҚЖК-ға жұмыс берушінің атауы, жолдаманың берілген күні, қатысу мерзімі, атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі туралы мәліметтер, жұмыс берушіні және лауазымды көрсете отырып тұрақты жұмысқа орналасу күні енгізіледі.
Тармақ 5
5. Орталық қызметкері ЖҚЖК-ға іс жүзінде аударылған міндетті зейнетақы аударымдарынының сомаларын ай сайын енгізеді.
Тармақ 6
6. Толтырған және (немесе) дербес есепке алу карточкасына өзгерістер енгізген кезде барлық енгізілген ақпарат актуалдандырылады және ескіру мерзіміне қарамай, ашық түрде АЖ-дың электрондық архивінде сақталады.
Тармақ 7
7. Ақпаратты ақтаулдандыру автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. ЖҚЖК-ға деректерді енгізу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректерді импорттау әдісі қолданылады.