Об изменениях в административно-территориальном устройстве Тимирязевского района Северо-Казахстанской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы Тимирязев аудандық мәслихатының сессиясы мен аудан әкiмiнiң сұрауы негiзiнде және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес облыстық мәслихаттың ХIII сессиясы мен облыс әкiмi ШЕШIМ етті:
Тармақ 1
1. Оның аумағын Мичурин селолық округiнiң құрамынан бөлу және оған Ақсу мен Аралкөл селоларын қосу жолымен Белоградовка селолық округi құрылсын. Оның әкiмшiлiк орталығы болып Белоградовка селосы белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Оның аумағын Степной селолық округiнен бөлу жолымен Интернационал селолық округi құрылсын. Оның әкiмшiлiк орталығы болып Дружба селосы белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Тимирязев ауданының әкiмi В.А.Колода құрылған селолық округтердiң аппараттарын қалыптастыруға және берiлген лимиттер шеңберiнде штаттық санын ұстауға қаржы белгiлеуге мiндеттелсiн. Аудандағы әкiмшiлiк-аумақтық өзгерiстерге байланысты екi айлық мерзiм iшiнде қажеттi процессуалдық iстер жүргiзiлсiн. Шешiмнiң орындалуы туралы 2001 жылғы 15 желтоқсанға хабарлайтын болсын.