О платежах и платежных системах Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төлемдер және төлем жүйелері туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ағымдағы шот – банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шот;
Тармақша 2
2) ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтер – клиенттің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің бұйрық бойынша және клиенттің келісімімен оның банктік шоты бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы туралы, осы шот бойынша жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты және клиенттің сұратуы бойынша не клиент пен көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасында жасалған шарт бойынша өзге де ақпаратты клиентке немесе үшінші тұлғаға ұсынуы жөнінде көрсетілетін қызметтері;
Тармақша 3
3) ақша аударымдары жүйесі – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін келісім жасасқан төлем жүйесі операторының бағдарламалық қамтамасыз етуі пайдаланыла отырып, ақша аударымдары жүзеге асырылатын төлем жүйесі;
Тармақша 4
4) ақша аударымы – көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің төлемді жүзеге асыруға немесе өзге де мақсаттарға байланысты клиенттің ақша беру туралы нұсқауын дәйектілікпен орындауы;
Тармақша 5
5) ақша жөнелтуші – төлем және (немесе) ақша аударымы өз есебінен жүзеге асырылатын тұлға;
Тармақша 6
6) ақша жөнелтушінің банкі – ақша жөнелтушіге қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 7
7) ақша жөнелтушінің тұрақты өкімі – ақша жөнелтушінің осы тапсырмада көрсетілген шарттар мен деректемелерге сәйкес өз атынан бір немесе бірнеше бенефициардың пайдасына тұрақты төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру туралы ақша жөнелтушінің банкіне тапсырмасы;
Тармақша 7-1
7-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банк – «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында депозиттер қабылдау және (немесе) банктік шоттар ашу және жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы;
Тармақша 7-2
7-2) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы – алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы клиенттің ақшасын жымқыруға бағытталған үшінші бір тұлғалардың әрекеттері нәтижесінде жүзеге асырылған төлем және (немесе) ақша аударымы (осындай төлемді және (немесе) ақша аударымын жасауға әрекеттенуді, орындалу процесіндегі төлемді және (немесе) ақша аударымын қоса алғанда);
Тармақша 7-3
7-3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығы (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңның 25-1-бабында көзделген тәртіппен алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын және өзге де төлем транзакцияларын анықтауға және болғызбауға бағытталған шараларды үйлестіруді және қабылдауды жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан әрі – антифрод-орталық);
Тармақша 8
8) аутсорсинг – көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттық-технологиялық функцияларды орындауды көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін қызметтерді өтеулі ұсыну туралы шарттың (аутсорсинг туралы шарт) негізінде үшінші тұлғаларға беруі;
Тармақша 8-1
8-1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен;
Тармақша 8-2
8-2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен;
Тармақша 9
9) банкаралық ақша аударымдары жүйесі – қатысушылары арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттардағы ақшаны пайдалана отырып, қатысушысының әрбір нұсқауын операциялық күн ішінде ақша аударымдарын аяқтай отырып жеке орындау арқылы жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі;
Тармақша 10
10) банкаралық клиринг жүйесі – жүйеге қатысушы банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қатысушылар нұсқауларының көпжақты клирингі арқылы жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі;
Тармақша 10-1
10-1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен;
Тармақша 10-2
10-2) банкаралық төлем карточкалары жүйесі – Қазақстан Республикасының резиденттері екінші деңгейдегі банктер және операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын операциялар бойынша өңдеу мен клирингті қоса алғанда, банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі;
Тармақша 11
11) банктік шот – клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасының қозғалысын, сондай-ақ клиентке банк қызметін көрсету бойынша клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасындағы шарттық қатынастарды көрсету және есепке алу тәсілі;
Тармақша 12
12) банктік шотты тікелей дебеттеу – банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақша жөнелтушіден ақшаны алып қоюы және ақша жөнелтушінің осындай алып қою туралы алдын ала рұқсатының негізінде оларды бенефициардың пайдасына беруі;
Тармақша 13
13) бастамашы – орындау үшін нұсқау берген тұлға;
Тармақша 14
14) бенефициар – төлем және (немесе) ақша аударымы өз пайдасына жүзеге асырылатын тұлға;
Тармақша 15
15) бенефициардың банкі – бенефициарға қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 16
16) валюталау күні – төлемнің және (немесе) ақша аударымының бастамашысы бенефициардың банктік шотына ақша есепке жатқызылуға тиіс болғанда төлем құжатында көрсеткен күн;
Тармақша 17
17) есептік тіркеу – төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу;
Тармақша 18
18) жинақ шоты – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік салым шартының негізінде ашатын банктік шот;
Тармақша 19
19) жиынтық төлем тапсырмасы – бір ақша жөнелтушіден бір банкте қызмет көрсетілетін бірнеше бенефициардың пайдасына не бір банкте қызмет көрсетілетін бірнеше ақша жөнелтушіден бір бенефициардың пайдасына төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын төлем тапсырмасы;
Тармақша 20
20) жөнелтуші – нұсқау беретін ақша жөнелтуші немесе бенефициар;
Тармақша 21
21) жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің жұмыс істеуін бағалау – осы төлем жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін айқындау мақсатында төлем жүйесінің операторы, төлем жүйесінің операциялық орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе халықаралық қаржы ұйымдары жүзеге асыратын шаралар кешені;
Тармақша 22
22) жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингі – төлем жүйелеріне қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру шеңберінде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде туындайтын тәуекелдерді басқару, барынша азайту және болжау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын, жүйелік маңызы бар төлем жүйелерін бақылап отыру және байқау процесі;
Тармақша 23
23) жүйелік маңызы бар төлем жүйесі – үздіксіз жұмысы Қазақстан Республикасы қаржы нарығының тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін және жұмысының тоқтауы (іркілуі) Қазақстан Республикасының қаржы нарығында тәуекелдердің туындауына әкеп соғуы мүмкін төлем жүйесі;
Тармақша 24
24) инкассолық өкім – ақша жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақшаны алып қою үшін пайдаланылатын төлем құжаты;
Тармақша 25
25) клиент – көрсетілетін төлем қызметін алатын жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі;
Тармақша 26
26) клиринг – өзара ақша талаптары мен міндеттемелерін жинау, салыстырып тексеру және есепке жатқызу процесі, сондай-ақ осы процеске қатысушылардың таза позицияларын айқындау;
Тармақша 27
27) корреспонденттік шот – банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және оның клиенттерінің операцияларды орындау үшін корреспондентік шот шарты негізінде ашылатын, банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік шоты;
Тармақша 28
28) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші – көрсетілетін төлем қызметтері нарығының көрсетілетін төлем қызметін ұсынатын субъектісі;
Тармақша 29
29) көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде беруші – клиенттің банктік шотына қызмет көрсетпейтін және клиентке өзінің қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін беруші;
Тармақша 30
30) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші – осы Заңда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші;
Тармақша 31
31) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығы – көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынумен және пайдаланумен, сондай-ақ төлем құралдарын шығарумен және пайдаланумен байланысты қатынастардың жиынтығы;
Тармақша 32
32) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын мемлекеттік бақылау және қадағалау (көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын бақылау және қадағалау) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің қызметін бақылауды өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асыруға бағытталған қызметі;
Тармақша 33
33) көрсетілетін төлем қызметі – көрсетілетін төлем қызметін беруші клиентке осы Заңның 12-бабына сәйкес көрсететін қызмет;
Тармақша 34
34) қашықтан қол жеткізу жүйесі – электрондық көрсетілетін банк қызметтерін алу үшін клиент пен көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасындағы байланысты қамтамасыз ететін телекоммуникациялар, цифрлық және ақпараттық технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарының және жабдықтардың жиынтығы;
Тармақша 35
35) қосалқы төлем агенті – көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөнінде төлем агентімен агенттік шартты жасасқан заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;
Тармақша 35-1
35-1) лездік төлемдер жүйесі – төлем және (немесе) ақша аударымы бенефициарының пайдасына ақшаны лездік есепке жатқызуды қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ақшаны пайдаланып, қатысушылары арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын тәулік бойы жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі;
Тармақша 35-2
35-2) мобильдік төлемдер – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның пайдасына тауарды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін ақы төлеуге электрондық нысанда бастамашылық жасалған, мобильдік қосымша немесе штрих кодты пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған өзге де жабдық (құрылғы) арқылы алынатын қолма-қол ақшасыз төлемдер;
Тармақша 35-3
35-3) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;
Тармақша 36
36) нұсқау – төлем және (немесе) ақша аударымы бастамашысының көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру туралы өкімі, ол тапсырма, талап нысанында немесе электрондық төлем құралы немесе қашықтан қол жеткізу жүйесі пайдаланылған кезде клиенттің келісімі түрінде болады;
Тармақша 37
37) операциялық күн – төлем жүйесінің операторы не көрсетілетін төлем қызметтерін беруші нұсқауларды орындауды тоқтата тұру не мұндай нұсқауларды кері қайтару туралы нұсқауларды, өкімдерді қабылдауды және өңдеуді жүзеге асыратын уақыт кезеңі;
Тармақша 38
38) өзге төлем жүйесі – жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі болып табылмайтын төлем жүйесі;
Тармақша 38-1
38-1) Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы – клиенттерді сәйкестендіру, оның ішінде биометриялық аутентификациялау рәсімдерін жүргізу үшін клиенттердің қолжетімді көздерден алынған деректерімен алмасу бойынша қаржы және төлем ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
Тармақша 39
39) сәйкестендіру құралы – нұсқауды жөнелтушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе әріптер, цифрлар немесе символдар комбинациясынан тұратын бірегей сәйкестендіруші немесе көрсетілетін төлем қызметін беруші клиентті сәйкестендіру үшін белгілеген және онымен келісілген өзге де сәйкестендіруші (дербес пароль, бірреттік (біржолғы) сәйкестендіру коды, биометрикалық сәйкестендіру құралы);
Тармақша 40
40) таза позиция – төлем жүйесіндегі есеп айырысу төлем жүйесіне қатысушылар нұсқауларының көпжақты клирингі арқылы жүзеге асырылатын жағдайда, төлем жүйесіне барлық қатысушылардың төлем жүйесіне бір қатысушысының пайдасына бағытталған нұсқауларының сомасы мен төлем жүйесіне осы қатысушының төлем жүйесіне қалған қатысушылардың пайдасына бағытталған нұсқауларының сомасы арасындағы айырманың мәні. Таза позицияның мәні теріс болған кезде қатысушыда дебеттік таза позиция, мәні оң болған кезде – кредиттік таза позиция болады;
Тармақша 41
41) төлем – қолма-қол ақшаны және (немесе) төлем құралдарын пайдалана отырып ақшалай міндеттемені орындау;
Тармақша 42
42) төлем агенті – банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен немесе төлем ұйымымен көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шартты жасасқан заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;
Тармақша 43
43) төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушылар – төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша құқықтары және (немесе) міндеттері бар жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
Тармақша 44
44) төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жүйелерінің тиімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын қызметі;
Тармақша 45
45) төлем жүйесі – төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруды төлем жүйесі операторының және (немесе) төлем жүйесіне қатысушылардың рәсімдерді, инфрақұрылымды және осы төлем жүйесінің операторы белгілеген қағидаларды қолдану арқылы өзара іс-қимыл жасау жолымен қамтамасыз етілетін қатынастардың жиынтығы;
Тармақша 46
46) төлем жүйесіне қатысушы – төлем жүйесінің операторымен төлем жүйесіне қатысу туралы шарт жасасқан банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған жағдайларда және тәртіппен – төлем жүйесінің операторымен төлем жүйесіне қатысу туралы шарт жасасқан төлем ұйымы;
Тармақша 47
47) төлем жүйесінің жұмыс істеуін өзіндік бағалау – осы төлем жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін айқындау мақсатында төлем жүйесінің операторы, төлем жүйесінің операциялық орталығы жүзеге асыратын шаралар кешені;
Тармақша 48
48) төлем жүйесінің инфрақұрылымы – төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің, ресурстар мен технологиялардың жиынтығы;
Тармақша 49
49) төлем жүйесінің операторы – төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және осындай қызметке жататын, осы Заңда белгіленген міндеттерді орындайтын заңды тұлға;
Тармақша 50
50) төлем жүйесінің операциялық орталығы – төлем жүйесінің операторы осы заңды тұлғаға қатысты оның қызметін реттеу және аталған ұйымның құқықтық мәртебесін өзгерту туралы шешімдер қабылдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жағдайда, төлем жүйесінің операторы осы заңды тұлға мен төлем жүйесінің операторы арасында жасалған шарт негізінде не оған өкілеттіктер беру арқылы операциялық және технологиялық функцияларды жүзеге асыруды тапсырған заңды тұлға;
Тармақша 51
51) төлем карточкасы – ұстаушысына электрондық терминалдар немесе басқа байланыс арналары арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға не қолма-қол ақша алуға не валюталарды айырбастауды және төлем карточкасының эмитенті айқындаған және оның шарттарымен басқа да операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат қамтылған электрондық төлем құралы;
Тармақша 52
52) төлем карточкасын шығару – төлем карточкасын ұстаушыға төлем карточкасын беруді көздейтін төлем қызметі;
Тармақша 53
53) төлем карточкасының эмитенті – төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыратын банк немесе Ұлттық пошта операторы;
Тармақша 54
54) төлем құжаты – қағаз жеткізгіште жасалған не электрондық нысанда қалыптастырылған, соның негізінде немесе көмегімен төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжат;
Тармақша 55
55) төлем құралы – төлем және (немесе) ақша аударымы соның негізінде немесе ол пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын төлем құжаты немесе электрондық төлем құралы;
Тармақша 56
56) төлемнің және (немесе) ақша аударымының аяқталуы (түпкілікті болуы) – қатысушының төлемге және (немесе) ақша аударымына міндеттемесі орындалды деп есептелетін уақыт көзі;
Тармақша 57
57) төлем ордері – клиент пен оған қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру және (немесе) клиенттің банктік шотына қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын төлем құжаты;
Тармақша 58
58) төлем талабы – бенефициар немесе бенефициардың банкі ақша жөнелтушінің банкіне ұсынатын, төлем құжатында көрсетілген ақша сомасын ақша жөнелтушінің банктік шотынан төлеу туралы төлем құжат;
Тармақша 59
59) төлем тапсырмасы – ақша жөнелтушінің өз банкіне немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы төлем құжатында айқындалған ақша сомасын бенефициардың пайдасына аудару туралы нұсқауы көзделетін төлем құжаты;
Тармақша 60
60) төлем ұйымдарының тізілімі – есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының бірыңғай тізбесі;
Тармақша 61
61) төлем ұйымы – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы Заңға сәйкес көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
Тармақша 62
62) төлем хабарламасы – төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын банктік шотты ашпай жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын және ақша жөнелтушінің өзіне қызмет көрсететін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлем құжатында көрсетілген сомада бенефициардың пайдасына ақша аудару туралы тапсырмасы қамтылатын төлем құжаты;
Тармақша 62-1
62-1) ұлттық төлем жүйесі – операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болып табылатын, олардың қатысушылары арасында төлемдер мен ақша аударымдарын теңгемен жүргізуге арналған төлем жүйелерінің жиынтығы;
Тармақша 62-2
62-2) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы – ұлттық төлем жүйесінің, цифрлық теңге платформасының, ашық банкинг жүйесінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының, инфрақұрылым құрауыштары болып табылатын Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының және инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ілеспе ақпараттық жүйелер мен технологиялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын басқа да құрауыштардың жиынтығы;
Тармақша 62-3
62-3) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын басқару жөніндегі ұлттық орталық (бұдан әрі – ұлттық банкаралық орталық) – ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған операциялық, технологиялық және өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы;
Тармақша 62-4
62-4) - 62-11) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен;
Тармақша 63
63) чек – чек берушінің қызмет көрсететін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жазбаша бұйрықта көрсетілген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеу туралы осындай бұйрық қамтылатын төлем құжаты;
Тармақша 64
64) чек беруші – чек жазып берген тұлға;
Тармақша 65
65) чек ұстаушы – өз пайдасына чек жазылған тұлға, оның ішінде, егер чекті ол өзіне жазса, чек беруші;
Тармақша 66
66) шетелдік төлем жүйесі – операторы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын төлем жүйесі;
Тармақша 67
67) электрондық ақша – электрондық нысанда сақталатын және электрондық ақша жүйесінде жүйеге басқа да қатысушылар төлем құралы ретінде қабылдайтын электрондық ақша эмитентінің шартсыз және кері қайтарып алынбайтын ақшалай міндеттемелері;
Тармақша 68
68) электрондық ақша жүйесі – электрондық ақша жүйесі операторының электрондық ақша эмитентімен және (немесе) электрондық ақша иелерімен өзара іс-қимыл жасауы арқылы электрондық ақшаны пайдалана отырып, төлемдерді және өзге де операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттаманың және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
Тармақша 69
69) электрондық ақша жүйесінің агенті (бұдан әрі – агент) – банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, Ұлттық пошта операторы және электрондық ақша эмитентімен не электрондық ақша жүйесінің операторымен жасалған шарттың негізінде электрондық ақшаны кейіннен жеке тұлғаларға өткізу үшін эмитенттен және ақша иеленуші жеке тұлғалардан оны сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын төлем агенті;
Тармақша 70
70) электрондық ақша жүйесінің операторы – электрондық ақшаны пайдалана отырып, операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді қоса алғанда, электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шартқа сәйкес электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын айқындайтын банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы;
Тармақша 70-1
70-1) электрондық ақшаның электрондық әмияны (бұдан әрі – электрондық әмиян) – электрондық ақшаға билік етуді қамтамасыз ететін, оны есепке алу және сақтау тәсілі;
Тармақша 71
71) электрондық ақшаны өтеу – электрондық ақша эмитентінің өзі шығарған, электрондық ақшаның иесі ұсынған не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда иеленушісі оларды ұсынбастан ауыстыруға жататын электрондық ақшаны олардың номиналдық құнына тең ақша сомасына айырбастауды жүзеге асыруын көздейтін көрсетілетін төлем қызметі;
Тармақша 72
72) электрондық ақшаны пайдалану – азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемді және (немесе) меншік құқығының электрондық ақшаға өтуімен байланысты өзге де операцияларды жүзеге асыру мақсатында электрондық ақша иесінің оларды электрондық ақша жүйесінің басқа қатысушысына беруі;
Тармақша 73
73) электрондық ақшаны шығару – электрондық ақша эмитентінің электрондық ақшаны жеке тұлғаға немесе агентке олардың номиналдық құнына тең ақша сомасына айырбастау арқылы беруін көздейтін көрсетілетін төлем қызметі;
Тармақша 74
74) электрондық ақша эмитенті – осы Заңға сәйкес электрондық ақшаны шығаруға және өтеуге құқығы бар көрсетілетін төлем қызметтерін беруші;
Тармақша 75
75) электрондық көрсетілетін банктік қызметтер – көрсетілетін төлем қызметтерін және ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтерді алу үшін қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы клиенттің өз банктік шотына қол жеткізуімен байланысты көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 76
76) электрондық терминал – төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын не қолма-қол ақшаны қабылдау және (немесе) беру операцияларын жүзеге асыруға не шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға не өзге де операция түрлерін жүзеге асыруға, сондай-ақ тиісті растау құжаттарын қалыптастыруға арналған электрондық-механикалық қондырғы;
Тармақша 77
77) электрондық төлем құралы – төлемді және (немесе) ақша аударымын жасауға өкілеттігі бар ақша жөнелтушіге төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға бастамашы болуға, сондай-ақ ақша жөнелтуші мен электрондық төлем құралының эмитенті арасындағы шартта көзделген өзге де операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын төлем карточкасы немесе өзге де электрондық жеткізгіш;
Тармақша 78
78) электрондық төлем құралын ұстаушы – электрондық төлем құралының эмитентімен жасалған шарттың талаптарына сәйкес электрондық төлем құралын пайдаланатын немесе иеленетін жеке тұлға;
Тармақша 79
79) электрондық төлем құралының эмитенті – электрондық төлем құралын шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 80
80) эскроу-шот – клиент айқындаған шарттардың басталуына немесе орындалуына дейін банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасауға үшінші тұлғаның құқығын шектей отырып, клиент осы тұлғаның атына ашатын ағымдағы шот немесе жинақ шоты.
Бап 2. 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасында төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ төлем жүйелерінің және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеу процесінде туындайтын қатынастардың субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Тармақ 2
2. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын халықаралық төлемдер мен және (немесе) ақша аударымдарымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен (қаржы институттарымен) байланысты қатынастар «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар ескеріле отырып, олардың арасындағы шарттармен және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерімен реттеледi. Егер халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша әрекеттер Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, онда мұндай қатынастар осы Заңмен, көрсетілген шарттармен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде iскерлiк айналым дәстүрлерімен реттеледi.
Тармақ 3
3. Осы Заңның банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына қолданылады.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 3-1. 3-1-бап. Осы Заңның мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
3-1-бап. Осы Заңның мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттеу, оларды бақылау мен қадағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның міндеттері:
Тармақша 1
1) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің және төлем жүйелері операторларының төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға, төлем қызметтерін көрсетуге байланысты қызметін реттеу;
Тармақша 2
2) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығына қатысу үшін көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының қызметіне, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау және төлем қызметтерін көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды әзірлеу және белгілеу;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттің қаржы жүйесі мен экономикасының орнықтылығын қамтамасыз етуге, алаяқтықты, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды болғызбауға бағытталған ұйымдастырушылық және рәсімдік іс-шараларға жәрдемдесу.
Тармақ 3
3. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттеуге, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу мынадай:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) баршаның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету, төлем нарығы субъектілерінің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және көрсетілетін төлем қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
Тармақша 3
3) ұлттық төлем нарығының экономикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері
4-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйелерін ұйымдастыруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, төлем жүйелерін реттеуді және оларды қадағалауды (оверсайт), көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттеуді, оларды бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын реттеуді осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Төлем жүйелері, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығы, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары саласы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласының бір бөлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. Төлемдер және төлем жүйелері саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады және өзге де өкілеттіктерді іске асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.
Бап 4-1. 4-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері
4-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Тарау 1-1. 1-1 тарау. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы
1-1 тарау. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы
Бап 4-2. 4-2-бап. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының негізгі міндеттері, жұмыс істеу қағидаттары және құрауыштары
4-2-бап. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының негізгі міндеттері, жұмыс істеу қағидаттары және құрауыштары
Тармақ 1
1. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) ұлттық төлем жүйесі арқылы банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын, мобильді төлемдерді, цифрлық теңге пайдаланыла отырып жасалатын операцияларды жүргізу кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қаржы және төлем ұйымдарының клиенттерін биометриялық аутентификациялауды жүргізу;
Тармақша 3
3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша және өзге де төлем транзакцияларына қатысушылар арасында деректер алмасу арқылы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасауға жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының аумағында өңдеу;
Тармақша 5
5) көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арасында ашық бағдарламалық интерфейстер бойынша ақпарат алмасу үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) қаржы нарығы мен көрсетілетін төлем қызметтері нарығына қатысушы клиенттердің көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушілерге деректерді беруіне келісімдерін жинау, сақтау және өңдеу.
Тармақ 2
2. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы мынадай қағидаттармен жұмыс істейді:
Тармақша 1
1) қатысушылардың ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштарына тең және ашық түрде қол жеткізуі;
Тармақша 2
2) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) көрсетілетін төлем қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қаржы нарығы мен көрсетілетін төлем қызметтері нарығында инновацияларды дамытуға және бәсекелестікті ынталандыруға жәрдемдесу.
Тармақ 3
3. Мыналар ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштары болып табылады:
Тармақша 1
1) ұлттық төлем жүйесі;
Тармақша 2
2) ашық банкинг жүйесі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы;
Тармақша 4
4) Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы;
Тармақша 5
5) цифрлық теңге платформасы;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын өзге де құрауыштар.
Тармақ 4
4. Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының жұмыс істеу және қызметтер көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің электрондық банк қызметтерін көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 5
5. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Бап 4-3. 4-3-бап. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының операторы
4-3-бап. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының операторы
Тармақ 1
1. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
Тармақша 1
1) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштарын айқындайды;
Тармақша 2
2) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы құрауыштарының жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын, ерекшеліктерін бекітеді;
Тармақша 3
3) қатысушылардың ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысу және олардың құрауыштарымен өзара іс-қимыл жасау шарттарын айқындайды, сондай-ақ ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысушылардың оларды сақтауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштарына қатысты ақпараттық қауіпсіздік шараларын іске асырады;
Тармақша 5
5) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштары шеңберінде қатысушылар арасында ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысушылармен шарттар жасасады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде және ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысушылармен жасалған шарттарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жекелеген құрауыштары операторының функцияларын орындауды ұлттық банкаралық орталыққа жүктеуге құқылы.
Бап 4-4. 4-4-бап. Ұлттық төлем жүйесі
4-4-бап. Ұлттық төлем жүйесі
Тармақ 1
1. Ұлттық төлем жүйесі ақша аударымдарының банкаралық жүйесінен, банкаралық клиринг жүйесінен және операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болып табылатын басқа да төлем жүйелерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Ұлттық төлем жүйесі:
Тармақша 1
1) мемлекеттің ақша-кредит саясатының операциялары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуді жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттардағы ақшаны пайдалана отырып, қаржы ұйымдары арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін төлем жүйелерінің қағидаларында айқындалған осы төлем жүйелеріндегі клирингтің нәтижелері бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының резиденттері екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, өңдеу мен клирингті қоса алғанда, банкаралық төлем карточкалары жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағында банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қатысушылардың клиенттері арасында лездік мобильді төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға бағытталған.
Тармақ 3
3. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Тарау 2. 2-тарау. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ
2-тарау. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ
Бап 5. 5-бап. Төлем жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар
5-бап. Төлем жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар
Тармақ 1
1. Төлем жүйесінің ұйымдастырылу және жұмыс істеу тәртібі осы төлем жүйесінің операторы белгілеген қағидаларында айқындалады.
Тармақ 2
2. Төлем жүйесінің қағидаларында:
Тармақша 1
1) төлем жүйесінің жұмыс істеу рәсімдері, оның ішінде төлем жүйесінде ақша аударымдарын жүзеге асыру, төлем хабарларының форматтарын қолдану тәртібі, төлем жүйесінің жұмыс кестесі және төлем жүйесіндегі тәуекелдерді басқару жүйесі;
Тармақша 2
2) төлем жүйесінің операторы ұсынатын көрсетілетін қызметтердің және төлем жүйесінде жүзеге асырылатын операциялардың сипаты;
Тармақша 3
3) төлем жүйесіне қатысу шарттары;
Тармақша 4
4) төлем жүйесіне қатысушылардың оның операторымен өзара іс-қимыл тәртібі;
Тармақша 5
5) төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқауды кері қайтарып алу рәсімдері;
Тармақша 6
6) төлем жүйесіне қатысушылардың төлем қабілетсіздігін реттеу тәртібі;
Тармақша 7
7) ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау тәртібі;
Тармақша 8
8) төлем жүйесі қағидаларын бұзғаны үшін төлем жүйесіне қатысушыға қолданылатын шаралар;
Тармақша 9
9) алаяқтықты және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды болғызбауға бағытталған ұйымдастырушылық және рәсімдік іс-шараларды төлем жүйесінде қамтамасыз ету және енгізу жөніндегі шаралар қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Төлем жүйесінің қағидаларына осы төлем жүйесіне қатысушылардың басқа төлем жүйелеріне қатысуын (оның ішінде айрықша қатысу туралы шарт түріндегі нормаларды), сондай-ақ басқа төлем жүйелеріне осы төлем жүйесінің инфрақұрылымына қызмет көрсететін тұлғалардың (осы төлем жүйесі операторының жұмыскерлері болып табылатын адамдарды қоспағанда) қызмет көрсетуін шектейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады.
Тармақ 3-1
3-1. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Тармақ 4
4. Төлем жүйесінің қағидалары, осы қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар, төлем жүйесі операторының тарифтері (көрсетілетін қызметтер құны) туралы және осы тарифтердің (көрсетілетін қызметтер құнының) барлық өзгерістері туралы мәліметтер оларды төлем жүйесінің операторы бекіткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде төлем жүйесі операторының интернет-ресурсында жариялануға жатады. Төлем жүйесі операторының тарифтеріне (көрсетілетін қызметтер құнына) өзгерістерді ол осындай өзгерістерді негіздейтін қаржылық есеп-қисаптардың негізінде енгізеді.
Тармақ 4-1
4-1. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, төлем жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесі жұмыс істей бастаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) төлем жүйесі операторының атауы, пошталық мекенжайы және орналасқан жері туралы мәліметтерді;
Тармақша 1-1
1-1) төлем жүйесінің атауы қамтылған мәліметтерді;
Тармақша 2
2) атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді;
Тармақша 3
3) осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттар орналастырылған, төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының домендік аты туралы мәліметтерді;
Тармақша 4
4) төлем жүйесі операторының капиталында он пайыздан көп үлесі (акциясы) бар төлем жүйесі операторының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтерді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесінің жұмыс істей бастаған күні қамтылған мәліметтерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесінің құрылғаны немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы хабарлайды. Төлем жүйесі операторы төлем жүйесінің бірінші қатысушысымен жасасқан шарт күшіне енген күн жұмыс істеудің басталған күні деп түсініледі.
Тармақ 6
6. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысқан жағдайда, осы банк (осы ұйым) төлем жүйесінің операторымен төлем жүйесіне қатысуға шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде солардың негізінде төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу жүзеге асырылатын шарттардың көшірмелерін, сондай-ақ төлем жүйесінің атын, төлем жүйесі операторының атауы мен пошталық мекенжайын қамтитын мәліметтерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осындай қатысу туралы жазбаша хабарлайды. Шетелдік төлем жүйесіне қатысуды жүзеге асыруға негіз болған шартта (шарттарда), төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қоспағанда, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша бенефициар мен жөнелтуші туралы мәліметтер мен ақпаратты алу тәртібі көзделуге тиіс.
Тармақ 7
Тармақ 8
8. Төлем жүйелеріндегі ақша аударымы клиринг нәтижелері бойынша не бастамашының әрбір нұсқауын жеке-дара орындау арқылы жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымы төлем жүйесіне қатысушылардың қарсы ақшалай талаптары мен міндеттемелерін есепке жатқызу процесі аяқталғаннан кейін орын алады.
Тармақ 10
10. Банкаралық клиринг жүйесінде клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымы оған қатысушылардың ақшасы банкаралық ақша аударымдары жүйесінде пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Бастамашының әрбір нұсқауын жеке-дара орындау арқылы ақша аударымы басқа нұсқаулар бойынша туындайтын өз құқықтары мен міндеттемелеріне қарамастан жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Төлем жүйелеріне қатысушылардың төлем қабілетсіздігін реттеу тәртібі төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын аяқтау үшін ақша тарту әдістерін айқындауға тиіс. Төлем жүйелеріне қатысушылардың төлем қабілетсіздігін реттеу тәртібіне қойылатын негізгі талаптар төлем жүйесінің операторы оларды бекіткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде төлем жүйесі операторының интернет-ресурсында жариялануға жатады.
Тармақ 13
13. Төлем жүйесінің қағидаларын, осы қағидаларға өзгерістермен толықтыруларды, төлем жүйесі операторының тарифтерін (көрсетілетін қызметтер құнын) және осы тарифтердің (көрсетілетін қызметтер құнының) барлық өзгерістерін төлем жүйесінің операторы және оған қатысушылар төлем жүйесі операторының интернет-ресурсында жарияланған күнінен ерте болмайтындай етіп қолданады.
Тармақ 14
14. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Бап 6. 6-бап. Төлем жүйелерінің түрлері, олардың маңыздылығын айқындаудың өлшемшарттары мен тәсілдері
6-бап. Төлем жүйелерінің түрлері, олардың маңыздылығын айқындаудың өлшемшарттары мен тәсілдері
Тармақ 1
1. Төлем жүйелері, оның ішінде шетелдік төлем жүйелері мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) жүйелік маңызы бар төлем жүйесі;
Тармақша 2
2) маңызды төлем жүйесі;
Тармақша 3
3) өзге төлем жүйесі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйесі жиынтығында мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде оны жүйелік маңызы бар төлем жүйесіне жатқызады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына және (немесе) Қазақстан Республикасының валюта нарығына қатысушылардың ақшалай міндеттемелері бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары осы төлем жүйесі арқылы жүргізіледі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізуі мақсатындағы төлемдер және (немесе) ақша аударымдары осы төлем жүйесі арқылы жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне жатқызылған жүйелерді қоспағанда, төлем жүйесін ол мынадай өлшемшарттардың кез келгеніне сәйкес келген кезде маңызды төлем жүйесіне жатқызады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы ұлттық валютада төлемдер және (немесе) ақша аударымдары осы төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы шетел валютасында төлемдер және (немесе) ақша аударымдары осы төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары осы төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша аударымдары жүйелері үшін белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы төлемдер және (немесе) ақша аударымдары осы төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы төлем карточкаларымен есеп айырысулар бойынша банкаралық төлемдер осы төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) күнтізбелік жылдың басында айналыста болған төлем карточкаларының жалпы санынан осы төлем жүйесі шеңберінде шығарылған төлем карточкалары санының үлесі, сондай-ақ осындай төлем жүйесінде шығарылған төлем карточкалары пайдаланыла отырып, күнтізбелік жыл ішінде осы төлем жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштерден кем болмайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне мынадай тәсілдердің бірінің негізінде:
Тармақша 1
1) күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін жүргізілген төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау қорытындысы бойынша дербес;
Тармақша 2
2) төлем жүйесінің белгіленген маңыздылық өлшемшарттарына сәйкестігін растайтын құжаттар қоса беріле отырып, төлем жүйесі операторының жазбаша өтінішінің негізінде жатқызады.
Тармақ 5
5. Төлем жүйесі жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызылған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бес жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) осы төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесі ретінде төлем жүйелерінің тізіліміне енгізеді;
Тармақша 2
2) осы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, төлем жүйесінің операторын төлем жүйесінің жүйелік маңызы бар, маңызды не өзге төлем жүйесіне жатқызылғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
Тармақ 6
6. Төлем жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мәліметтерді төлем жүйелерінің тізіліміне енгізген күннен бастап жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызылады.
Бап 7. 7-бап. Төлем жүйелерінде төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының аяқталуы (түпкілікті болуы)
7-бап. Төлем жүйелерінде төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының аяқталуы (түпкілікті болуы)
Тармақ 1
1. Төлем және (немесе) ақша аударымы осы төлем және (немесе) аударым пайдасына жүзеге асырылған төлем жүйесіне қатысушыға ақша есепке жатқызылғаннан кейін төлем жүйесінде аяқталды (түпкілікті болды) деп есептеледі.
Тармақ 2
2. Жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің операторы төлем және (немесе) ақша аударымы төлем жүйесіне келіп түскен кезде нұсқауларды дереу өңдеу мен орындауды көздейтін нақты уақыт режимінде немесе ағымдағы операциялық күннің соңына дейін төлем жүйесінде олардың аяқталуына (түпкілікті болуына) кепілдік береді.
Тармақ 3
3. Клиентке қатысты шығарылған соттың борышкер берешегін қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы шешімінің көшірмелерін алғанға дейін төлем жүйесіне өз қатысушысы жіберген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары кері қайтарып алынбайтын және түпкілікті болып табылады, орындалуға және аяқталуға жатады.
Бап 8. 8-бап. Төлем жүйесінің операторы және оған қатысушылар
8-бап. Төлем жүйесінің операторы және оған қатысушылар
Тармақ 1
1. Төлем жүйесінің операторы болып табылмайтын заңды тұлғаның өз атауында "төлем жүйесі" деген сөздерді және одан туындайтын, өзінің төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын көздейтін сөздерді пайдалануға құқығы жоқ. Төлем жүйелері операторының функцияларын электрондық ақша жүйесі операторының функциясымен қоса атқаруға жол беріледі.
Тармақ 2
2. Төлем жүйесінің операторы:
Тармақша 1
1) төлем жүйесінің қағидаларын белгілейді және оларды төлем жүйелеріне қатысушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) төлем жүйесіне қатысушылардың (қатысушыларға) төлем және ақпараттық хабарларын өңдеуді және беруді, нұсқауларды жеке орындауды немесе клирингті жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) төлем жүйесіне қатысушымен төлем жүйесіне қатысу туралы шарт жасасады;
Тармақша 4
4) төлем жүйесіндегі тәуекелдерді басқару жүйесін айқындайды;
Тармақша 5
5) төлем жүйесі инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) ақпараттық қауіпсіздік шараларының және қызметтің үздіксіз болуының сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) төлем жүйесіне қатысушылардың өздері көрсететін қызметтерге тең және ашық қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) төлем жүйесі операторының қызметін басқару жөніндегі ішкі құжаттарды бекітеді;
Тармақша 9
9) төлем жүйесіне қатысушылармен жасалған шарттардың негізінде өзге де міндеттерді орындайды.
Тармақ 3
3. Төлем жүйесі операторының төлем жүйесінің операциялық орталығына операциялық және технологиялық функцияларды жүзеге асыруға тапсырма беруіне жол беріледі. Операциялық функциялар осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген функцияларды қамтиды. Технологиялық функциялар осы баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген функцияларды қамтиды.
Тармақ 4
4. Шетелдік төлем жүйесінің операторы төлем жүйесіне қатысушылар арасында ақша аударымдарын жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында банкаралық ақша аударымдары жүйесі не банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің не маңызды төлем жүйесінің операторы төлем жүйесінің жұмыс істеу процесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
Тармақша 1
1) төлем жүйесінің қағидаларына бекітілген өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өзгерістер мен толықтырулар туралы;
Тармақша 2
2) төлем жүйесі операторы тарифтерінің (көрсетілетін қызметтер құнының) өзгеруі қолданысқа енгізілген күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынады.
Бап 9. 9-бап. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторларына арналған талаптар
9-бап. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторларына арналған талаптар
Тармақ 1
1. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы ішкі құжаттарда:
Тармақша 1
1) басқару органының өкілеттіктерін және жұмыс регламентін;
Тармақша 2
2) жоғары, атқарушы басқару органдарының өкілеттіктерін;
Тармақша 3
3) төлем жүйесіндегі тәуекелдерді басқару жүйесін;
Тармақша 4
4) төлем жүйесіне қатысушылармен және төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынушы үшінші тұлғалармен дауларды сотқа дейін шешу тәртібін;
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметтердің сапасымен төлем жүйесіне қатысушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру солар бойынша бағаланатын төлем жүйесі жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету өлшемшарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы олар бекітілгеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 3
3. Төлем жүйесіндегі тәуекелдерді басқару жүйесі:
Тармақша 1
1) тәуекелдерді анықтау, өлшеу, тәуекелдер мониторингі және оларды басқару;
Тармақша 2
2) төлем жүйесі қызметінің үздіксіз болуын қамтамасыз ету рәсімдерін айқындайды және төлем жүйесі операторының қызметін қалпына келтіру жоспарын қамтиды.
Тармақ 4
4. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған нысандар бойынша және тәртіппен мәліметтер мен есептерді, оның ішінде төлем жүйесіне қатысушының маңызды клиенттері жүзеге асырған төлемдердің көлемдері бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
Тармақ 5
5. Төлем жүйесіне қатысушы клиент, егер осы төлем жүйесі арқылы бір жылда жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлеміндегі оның үлесі он немесе оннан көп пайызды құраса, жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесіне қатысушының маңызды клиентіне жатады.
Тармақ 6
6. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы:
Тармақша 1
1) төлем жүйелеріне қатысушылардың көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы тұрғысынан олардың қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;
Тармақша 2
2) төлем жүйелеріне қатысушылармен кері байланыс тетігінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы жылына бір рет есепті кезеңнен кейінгі бірінші тоқсаннан кешіктірмей, есепті жылда келіп түскен өтініштер мен сұрау салуларды кері байланыс тетігі арқылы қарау нәтижелерін ескере отырып, қатысушылардың көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы тұрғысынан төлем жүйесінің жұмыс істеу тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелерін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 8
8. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы төлем жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан оның жұмыс істеуін:
Тармақша 1
1) жүйелік маңызы бар төлем жүйелері бойынша үш жылда бір реттен сиретпей;
Тармақша 2
2) маңызды төлем жүйелері бойынша бес жылда бір реттен сиретпей, өзіндік бағалауды жүргізеді. Операциялық және технологиялық функцияларды жүзеге асыру жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операциялық орталығына тапсырылған жағдайда, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін өзіндік бағалауды жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы және операциялық орталығы бірлесіп жүргізеді. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне жүргізілген өзіндік бағалаудың нәтижелерін жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйесінің операторы болатын жағдайларды қоспағанда, оны жүргізу аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
Тармақ 9
9. Төлем жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы ақпаратты көрсететін, төлем жүйесінің жұмыс істеуіне жүргізілген өзіндік бағалаудың негізгі нәтижелері жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының бағалау аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялауына жатады.
Тарау 3. 3-тарау. КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ
3-тарау. КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ
Бап 10. 10-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер
10-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер
Тармақ 1
1. Көрсетілетін төлем қызметтерін мынадай берушілер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
Тармақша 2
2) банктер;
Тармақша 3
3) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 4
4) пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыратын пошта операторы;
Тармақша 5
5) төлем ұйымдары;
Тармақша 6
6) төлем агенттері;
Тармақша 7
7) қосалқы төлем агенттері ұсынады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның мақсаттары үшін банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем ұйымдары, төлем агенттері және қосалқы төлем агенттері ретінде қаралмайды.
Бап 11. 11-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерді айқындаудың өлшемшарттары мен тәсілдері
11-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерді айқындаудың өлшемшарттары мен тәсілдері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні ол мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келген кезде көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының резиденттері операторлары болып табылатын жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші төлем карточкаларын шығару және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде оларды пайдалана отырып операцияларды өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші электрондық ақшаны шығару, өтеу және оларды пайдалана отырып жүзеге асырылған операцияларды өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші төлем карточкаларын пайдаланбай, электрондық терминалдар және қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы төлемдерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының аумағында және шет елге ақша аударымдары жүйесі арқылы ақша аудару бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының аумағында және шет елге банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштен кем емес көлемде жыл бойы қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші мемлекеттік бюджеттен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, әлеуметтік және өзге де төлемдерді ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші Қазақстан Республикасының көрсетілетін төлем қызметтері нарығында көрсетілетін төлем қызметтерін өзге де берушілер ұсынбайтын көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді көрсетілетін төлем қызметтері нарығына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге өзі дербес жатқызады.
Тармақ 3
3. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші маңыздылар қатарына жатқызылған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізіліміне енгізеді, көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні бес жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабардар етеді және көрсетілген мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші:
Тармақша 1
1) басқару органының құрамын, өкілеттіктерін және жұмыс регламентін;
Тармақша 2
2) басшылық етуші органның өкілеттіктерін;
Тармақша 3
3) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушінің қызметіне тән тәуекелдерді басқару жүйесін;
Тармақша 4
4) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші мен мүдделі тұлғалар арасындағы мүдделер қайшылығын шешу тәртібін;
Тармақша 5
5) клиенттердің көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттануы тұрғысындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындайды.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушінің қызметіне тән тәуекелдерді басқару жүйесі:
Тармақша 1
1) тәуекелдерді анықтау, өлшеу, тәуекелдер мониторингі және оларды басқару рәсімдерін;
Тармақша 2
2) көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметтің үздіксіз болуын қамтамасыз ету рәсімдерін және оның қызметін қалпына келтіру жоспарын айқындайды.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өзі ұсынған көрсетілетін төлем қызметтері бойынша мәліметтерді ұсынады;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметтер сапасына бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді және жүргізілген бағалау нәтижелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
Бап 12. 12-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері
12-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері
Тармақ 1
1. Көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері:
Тармақша 1
1) банктік шотты пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 2
2) банктік шоттарға, оның ішінде үшінші тұлғалардың банктік шоттарына есепке жатқызу үшін қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 3
3) ақша жөнелтушінің банктік шотын ашпай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақша қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 4
4) банктік шотты ашпай ақша аударуды жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 5
5) электрондық ақшаны шығару және өтеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 6
6) төлем карточкаларын шығару бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 7
7) электрондық ақшаны және төлем карточкаларын өткізу (тарату) бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 8
8) электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 9
9) клиент электрондық нысанда бастама жасаған төлемдерді өңдеу және төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қажетті ақпарат беру бойынша көрсетілетін қызметтер.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін төлем қызметтеріне:
Тармақша 1
1) төлеушінің көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің қатысуынсыз жүзеге асырылатын міндеттемелері бар тұлғаға (тұлғаларға) төлемді жүзеге асыратын тұлғаның (төлеушінің) қолма-қол ақша беруі бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 2
2) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 3
3) қайырымдылық немесе коммерциялық емес қызмет мақсатында ақша жинау және беру бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 4
4) банктік шотты ашпай қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 5
5) көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға технологиялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін, оның ішінде деректерді өңдеуге және сақтауға, көрсетілетін төлем қызметтерін алушыларды аутентификаттауға, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде пайдаланылатын электрондық терминалдар мен жабдықтарды пайдалануға беруге және технологиялық қолдауға байланысты көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 6
6) электрондық төлем құралдарының эмитенті ұсынатын не оның үй-жайларында ұсынылатын тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған немесе тауардың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір түрін тауардың немесе көрсетілетін қызметтің осы түрін берушімен (берушілермен) жасалған шарт негізінде сатып алуға арналған электрондық төлем құралдарын шығаруға және пайдалануға байланысты көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 7
7) бенефициар дара кәсіпкер, заңды тұлға және көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасындағы соңғысының үшінші тұлғалардың қатысуынсыз төлеушілерден қабылданған төлемдер бойынша бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыруы кезінде ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметтер жатпайды.
Бап 13. 13-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну
13-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну
Тармақ 1
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясынсыз немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеусіз Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға тыйым салынады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар төлем агенттерінің және қосалқы төлем агенттерінің, сондай-ақ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің қызметіне қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін төлем қызметтерін:
Тармақша 1
1) осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді – банктер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге және аударым операцияларына арналған лицензиясы болған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясынсыз қызметін жүзеге асыратын банктер;
Тармақша 2
2) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілгендерді – осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның аударым операцияларына арналған лицензиясы болған кезде ұсынады. Бұл ретте: осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын ұйым қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясы болған кезде; осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін – Ұлттық пошта операторы, сондай-ақ онда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясы болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген көрсетілетін төлем қызметін ұсынады;
Тармақша 3
3) пошта операторы осы баптың 12-тармағында белгіленген шарттарды сақтай отырып, пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынады. Пошталық ақша аударымдары бойынша қызметтер көрсету тәртібі "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі;
Тармақша 4
4) төлем ұйымы есептік тіркеудің тіркеу нөмірі болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7) – 9) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін;
Тармақша 5
5) төлем агенті және қосалқы төлем агенті банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және төлем ұйымдары үшін рұқсат етілген көрсетілетін төлем қызметінің түрлері шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынады.
Тармақ 3
3. Төлем ұйымы банкпен немесе төлем агентімен жасалған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт негізінде банктің төлем агенті не қосалқы төлем агенті ретінде көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыруға құқылы. Төлем ұйымы қызметтерді берушімен жасалған шарт болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынады. Банкпен және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт болған кезде төлем ұйымының клиенттің банктік шотын ашпай бюджетке төлемдер қабылдау бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуына жол беріледі. Төлем ұйымы төлем қызметтерін көрсету кезінде өзінің банктік шотын тек осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген төлем қызметтерін көрсету үшін ғана ақшаны есепке жатқызу мақсатында пайдаланады. Осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген төлем қызметтерін көрсету шарттарында ақшаны төлем ұйымының банктік шотынан көрсетілетін қызметтер берушінің банктік шотына аудару тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ төлем ұйымына көрсетілетін төлем қызметін ұсынғаны үшін сыйақы беру тәртібі және төлем ұйымын көрсетілетін төлем қызметін ұсынуға тарту шарттары айқындалуға тиіс.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін төлем қызметі клиент пен көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасында жасалған шарт негізінде көрсетіледі, онда мынадай елеулі талаптар болуға тиіс:
Тармақша 1
1) көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері және жалпы сипаттамасы;
Тармақша 2
2) көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынудың тәртібі және ең ұзақ мерзімі;
Тармақша 3
3) алынатын алымдар мен комиссиялардың мөлшері немесе осы ақпарат қамтылған интернет-ресурсты көрсету және оларды алу тәртібі;
Тармақша 4
4) көрсетілетін төлем қызметі туралы ақпарат ұсыну тәртібі;
Тармақша 5
5) рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің тәртібі;
Тармақша 6
6) көрсетілетін төлем қызметін шетел валютасымен көрсету кезінде қолданылатын айырбастау бағамын айқындау тәртібі;
Тармақша 7
7) көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін төлем қызметін ұсынудан бас тарту құқығы сақталатын шарттар;
Тармақша 8
8) рұқсат етілмеген көрсетілетін төлем қызметтері жөніндегі мәселелерді реттеу тәртібі;
Тармақша 9
9) клиенттің шартты бұзуға құқығы;
Тармақша 10
10) наразылықтар білдіру және даулы жағдайларды шешу тәртібі;
Тармақша 11
11) нұсқауды орындаудан негізсіз бас тартқаны және тиісінше орындамағаны үшін залалды өтеу бойынша төлемнің тәртібі мен мөлшері. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде қажетті қосымша талаптарды көздеуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші осы баптың 4-тармағында көзделген шарт талаптарын клиент үшін оларды жақсарту жағына біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиентті өздері арасындағы шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде комиссиялардың өзгергені туралы хабардар ететін халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылған кезде алынатын комиссияларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтері бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін беруші мен клиент арасында шарт жасау күніне белгіленген комиссияны ұлғайту жағына біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы біржолғы тәртіппен көрсетілетін төлем қызметі бойынша клиентті көрсетілетін төлем қызметі ұсынылғанға дейін шарттың осы баптың 4-тармағында көзделген елеулі талаптарымен қазақ немесе орыс тілдерінде таныстыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметін ұсынғанға дейін клиентке ұсынылатын көрсетілетін төлем қызметі бойынша көрсетілетін төлем қызметін беруші алатын ақшалай мәндегі комиссияның мөлшері туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші тек клиент нұсқауының шарттары негізінде және соған сәйкес көрсетілетін төлем қызметін ұсынады. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің клиент нұсқауының шарттары мен деректемелерін өзгертуіне тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін төлем қызметтерін және ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтерді алу үшін клиент өзінің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің де, көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің де қашықтан қол жеткізу жүйесін пайдалануға құқылы.
Тармақ 9
9. Клиенттің көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушіден көрсетілетін төлем қызметтерін және ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтерді алу құқықтарын іске асыру мақсатында клиенттің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес клиенттің банктік шотына және ақпаратына қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Осы тармақтың талабы клиенттердің банктік шоттарына қызмет көрсететін және интернет-ресурс арқылы электрондық банк қызметтерін ұсынбайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қолданылмайды.
Тармақ 10
10. Клиенттің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиенттің бұйрығы бойынша және оның сәйкестендіру құралдары арқылы расталған келісімімен үшінші тұлғаларға клиенттің банктік шотының бар-жоғы, нөмірі және банктік шоты бойынша операциялар туралы ақпаратты беруге тиіс.
Тармақ 11
11. Комиссияны төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасынан шегеру арқылы алу талабы бенефициар және бенефициардың көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасындағы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметін ұсынғаны үшін комиссияны төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасынан алуға тыйым салынады. Бенефициардың көрсетілетін төлем қызметтерін беруші бенефициарды қабылданған төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы және одан жүргізілген шегерімдер туралы хабардар етеді.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде мынадай шарттардың сақталуын қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына сәйкес клиентке тиісінше тексеру мен сәйкестендіруді жүргізу;
Тармақша 2
2) төлем ұйымының осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) және 7)тармақшаларында көзделген қызметтерді көрсету жағдайларын қоспағанда, ақша жөнелтуші және бенефициар бойынша "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген деректемелердің төлем және (немесе) ақша аударымы туралы төлем құжатында болуы және оларды төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушыға беру;
Тармақша 3
3) ақша жөнелтушіні және (немесе) бенефициарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді көрсетілетін төлем қызметі ұсынылғаннан не клиенттің банктік шоты жабылғаннан кейін бес жыл бойы сақтау;
Тармақша 4
4) клиенттің сәйкестендіру құралдарының үшінші тұлғалардың қол жеткізуінен сақталуы.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметін ұсынғаннан кейін (төлем карточкаларын шығару бойынша көрсетілетін төлем қызметін қоспағанда) клиентке көрсетілетін төлем қызметін ұсыну фактісін растайтын құжатты қағаз жеткізгіште не телекоммуникация желілері арқылы ұсынады. Көрсетілетін төлем қызметін ұсынуды растайтын құжаттың мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды үшінші тұлғаларға ашуға жол бермейді. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректер субъектісінің келісімімен дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші бейрезиденттердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін осы Заңда көзделген мақсаттар үшін жинауға құқылы.
Тармақ 15
15. Төлем ұйымына қызметтің мына түрлерін:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлікті сатып алуды, сатуды, мүліктік жалдауды;
Тармақша 2
2) жарнамалық, маркетингтік, консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді;
Тармақша 3
3) бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді, бейімдеуді, түрлендіруді, техникалық қолдауды;
Тармақша 4
4) электрондық терминалдарды, төлемдер жөніндегі ақпаратты өңдеуге және беруге арналған басқа құрылғылар мен жабдықтарды сатып алуды, сатуды, мүліктік жалдауды;
Тармақша 5
5) есептеу техникасын және ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты қызметті, оның ішінде ақпараттық-техникалық көрсетілетін қызметтерді, төлемдер жөніндегі деректерді өңдеу мен беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, дерекқорлар мен ақпараттық ресурстарды құруды және пайдалануды;
Тармақша 6
6) логистика және курьерлік қызмет саласындағы агенттік және делдалдық қызметті орындауды қоса алғанда, осы салалардағы көрсетілетін қызметтерді;
Тармақша 7
7) ақпараттық жүйелер мен желілерді құруды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
Тармақша 8
8) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу мен іске асыруды;
Тармақша 9
9) электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растау бойынша көрсетілетін қызметтерді;
Тармақша 10
10) төлем жүйесіне қатысушы немесе оның операторы ретіндегі қызметті қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші үшінші тұлғалармен аутсорсинг туралы шарт жасасуға құқылы. Аутсорсинг кезінде көрсетілетін төлем қызметтерін беруші бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін аутсорсинг туралы шарт жасалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Тармақ 17
17. Аутсорсингке:
Тармақша 1
1) көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің осы Заңның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзу тәуекелі туындаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның көрсетілетін төлем қызметтері нарығын бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі жасаған;
Тармақша 2
2) егер үшінші тұлға көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуын қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарға сай болмаған;
Тармақша 3
3) аутсорсинг және көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыру үшін көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге қойылатын шарттар арасында қайшылықтар болған;
Тармақша 4
4) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруге негіз болған шарттарды аутсорсинг жойған немесе өзгерткен;
Тармақша 5
5) үшінші тұлға аутсорсинг туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда жол берілмейді немесе ол тоқтатылады.
Тармақ 18
18. Аутсорсинг тәртібі көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің ішкі қағидаларында және аутсорсинг туралы шартқа сәйкес айқындалады. Үшінші тұлғаның аутсорсинг туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші азаматтық-құқықтық жауаптылықта болады. Көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынудың үздіксіздігі және сапасы, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделері қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін төлем қызметтерін беруші қажет болған кезде аутсорсинг туралы шартты бұзады.
Тармақ 19
19. Төлем ұйымы үшін осы баптың 15-тармағында белгіленген тыйым салу «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметіне, сондай-ақ ол төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартатын заңды тұлғаның қызметіне қолданылмайды.
Бап 14. 14-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін төлем агенттері және (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы көрсету кезінде қойылатын талаптар
14-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін төлем агенттері және (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы көрсету кезінде қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым және төлем ұйымы клиенттерге көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт негізінде төлем агенті немесе қосалқы төлем агенті арқылы көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға құқылы. Төлем ұйымы көрсетілетін төлем қызметін ұсынуға төлем агентін және қосалқы төлем агентін тартуға, егер осындай шарт қызметті берушімен жасалған шартта көзделсе, құқылы.
Тармақ 2
2. Төлем агенті және (немесе) қосалқы төлем агенті көрсетілетін төлем қызметін клиентке мынадай талаптар сақталған кезде ұсынады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін төлем қызметін банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе төлем ұйымының атынан ұсыну;
Тармақша 2
2) осы Заңның 13-бабының 12-тармағында көзделген шарттарды орындау;
Тармақша 3
3) клиентке көрсетілетін төлем қызметін ұсыну фактісін растайтын және қажетті деректемелерді қамтитын құжатты беру;
Тармақша 4
4) төлем агентінің банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен немесе төлем ұйымымен жасасқан шарттың талаптарына сәйкес, ал қосалқы төлем агентінің төлем агентімен жасасқан шартқа, сондай-ақ төлем агенті және банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы арасындағы шартқа сәйкес сыйақыны өндіріп алуы;
Тармақша 5
5) осы баптың 3-тармағында көзделген ақпаратты клиентке ұсыну.
Тармақ 3
3. Көрсетілетін төлем қызметін ұсыну басталғанға дейін төлем агенті және (немесе) қосалқы төлем агенті клиентке мынадай ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) көрсетілетін төлем қызметінің атауы және оны ұсыну орнының мекенжайы;
Тармақша 2
2) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, төлем ұйымының, төлем агентінің, сондай-ақ қосалқы төлем агентінің атауы, сәйкестендіру нөмірі, байланыс деректері (тұрған жері мен заңды мекенжайы, телефон нөмірі). Дара кәсіпкер болып табылатын төлем агенті және қосалқы төлем агенті өздерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) туралы ақпаратты қосымша көрсетеді;
Тармақша 3
3) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензиясының нөмірі не төлем ұйымын есептік тіркеудің тіркеу нөмірі;
Тармақша 4
4) төлем агенті және (немесе) қосалқы төлем агенті клиенттен көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде ұстайтын сыйақы мөлшері (оны өндіріп алған жағдайда).
Тармақ 4
4. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым және төлем ұйымы өздерінің төлем агенттерінің және қосалқы төлем агенттерінің тізілімдерін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, төлем ұйымының ішкі құжатында айқындалған тәртіппен жүргізуге тиіс.
Тармақ 5
5. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы арасында жасалған шартта айқындалған тәртіппен, төлем агенті тартылған қосалқы төлем агенттері туралы ақпаратты оларды көрсетілген тізілімге енгізу мақсатында оны банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға немесе төлем ұйымына ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы төлем агентінің Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ төлем агенті мен банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы арасындағы шартта белгіленген көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген бақылауды жүзеге асыру тәртібі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы және төлем агенті арасындағы шартта не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және төлем ұйымының ішкі қағидаларында белгіленеді.
Тармақ 7
7. Төлем агенті қосалқы төлем агентінің Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын және төлем агенті мен банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым және төлем ұйымы арасындағы шартта белгіленген көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну шарттарын сақтауын бақылауды төлем агенті және (немесе) қосалқы төлем агенті арасындағы, сондай-ақ төлем агенті және банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы арасындағы шартта айқындалған тәртіппен жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарттарды жасасқан банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы көрсетілетін қызметтер туралы, сондай-ақ өздерінің төлем агенттері және қосалқы төлем агенттері туралы мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 9
9. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы төлем агенті мен қосалқы төлем агентінің міндеттемелері бойынша клиент алдында көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарттар жасасқан төлем агентімен және қосалқы төлем агентімен ортақ жауаптылықта болады.
Бап 15. 15-бап. Төлем ұйымын құру
15-бап. Төлем ұйымын құру
Тармақ 1
1. Төлем ұйымы ретінде тіркелмеген заңды тұлғаның өзі атауында "төлем ұйымы" деген сөздерді, оның көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруын көздейтін, одан туындайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ.
Тармақ 2
2. Төлем ұйымы өзінің филиалдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде ашуға құқылы. Төлем ұйымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен өздерінің филиалдарын ашу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Төлем ұйымы бухгалтерлік есеп және есептілікті Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізеді.
Бап 15-1. 15-1-бап. Төлем ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
15-1-бап. Төлем ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
Тармақ 1
1. Төлем ұйымы жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді және төлем ұйымы есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өтініш жасағанға дейін қалыптастырылады.
Тармақ 2
2. Төлем ұйымының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.
Бап 16. 16-бап. Төлем ұйымын есептік тіркеу
16-бап. Төлем ұйымын есептік тіркеу
Тармақ 1
1. Төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеу олардың қызметін реттеу мен бақылау мақсатында жүзеге асырылады және төлем ұйымының көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуы кезінде міндетті шарт болып табылады. Төлем ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өтпей жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметі заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 2
2. Төлем ұйымы есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мыналарды ұсынады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын нысан бойынша, оның ішінде атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді (дипломның (дипломдардың) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып) қамтитын өтініш;
Тармақша 2
2) жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 3
3) жарғы;
Тармақша 4
4) төлем ұйымының көрсетілетін төлем қызметтері бойынша ақша аударымын жүзеге асыратын тиісті банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжат;
Тармақша 5
5) штатта ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді әкімшілендіруге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының және комплаенс-бақылау қызметі басшысының немесе комплаенс-бақылау жүргізу жүктелетін өзге де адамның бар екенін (жұмысқа қабылданғанын) растайтын мәліметтер мен құжаттар;
Тармақша 6
6) төлем ұйымдары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидалары;
Тармақша 7
7) төлем ұйымының басқару органы бекіткен төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидалары. Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларының міндетті шарттарының тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымының есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішін осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымы есептік тіркеуден өткен кезінде төлем ұйымына тіркеу нөмірін береді, төлем ұйымдарының тізіліміне жазбаны жүзеге асырады, төлем ұйымына тіркеу нөмірін көрсете отырып, есептік тіркеуден өткені туралы жазбаша нысандағы хабарламаны осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде жібереді. Есептік тіркеуден бас тартылған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымына бас тарту себептерін көрсете отырып, есептік тіркеуден бас тарту туралы жазбаша нысандағы хабарламаны осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде жібереді.
Тармақ 5
5. Есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізілімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 6
6. Төлем ұйымы өзінің тіркеу нөмірін төлем ұйымы туралы ақпаратты ұсыну кезінде көрсетуге міндетті.
Тармақ 7
7. Төлем ұйымы есептік тіркеу жүргізуіне негіз болған құжаттарға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы осы өзгерістер енгізілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлайды.
Тармақ 8
8. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекетте (аумақта) тіркелген заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар төлем ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды. Төлем ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлестерін жанама иелену не жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену (дауыс беру) төлем ұйымына қатысушының заңды тұлғасының шешімдерін басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін (акцияларын) иелену (дауыс беру) арқылы айқындауға мүмкіндік береді.
Бап 17. 17-бап. Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға негіздер
17-бап. Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға негіздер
Тармақ 1
1. Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту:
Тармақша 1
1) осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс мәліметтер толық және (немесе) анық ұсынылмаған;
Тармақша 2
2) құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған немесе құжаттар осы Заңның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеген;
Тармақша 3
3) егер төлем ұйымы атқарушы органының басшысы осы Заңның 19-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
Тармақша 4
4) егер төлем ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш бермеген жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, заңды тұлға төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептер жойылған кезде есептік тіркеуге қайта өтініш беруге немесе өзінің атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға құқылы. Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептердің жойылмауы көрсетілген өтінішті қайта қараудан бас тартуға негіз болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта берілген өтінішті он жұмыс күні ішінде қарайды.
Бап 18. 18-бап. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастауға негіздер
18-бап. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастауға негіздер
Тармақ 1
1. Төлем ұйымы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) ұсынбаған;
Тармақша 2
2) төлем ұйымын есептік тіркеу туралы шешім қабылдауға әсер ететін көрсетілетін төлем қызметтері туралы анық емес мәліметтерді не осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс анық емес мәліметтерді ұсынған;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы және (немесе) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзған;
Тармақша 4
4) төлем ұйымдарының тізіліміне енгізілген төлем ұйымы қатарынан күнтізбелік алты ай бойы төлем қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырмаған;
Тармақша 5
5) осы Заңның 17-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген мән-жайлар анықталған;
Тармақша 6
6) төлем ұйымының қызметін тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енген;
Тармақша 7
7) төлем ұйымы қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген;
Тармақша 8
8) төлем ұйымы қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) немесе тарату арқылы өзінің қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылады. Бұл ретте төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізілімінен шығару туралы өтініш бергенге дейін өзінің барлық міндеттемелерін орындайды. Өтінішке бір мезгілде барлық міндеттемелердің орындалғанын растау туралы хат қоса беріледі;
Тармақша 9
9) төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан тексеру жүргізуге кедергі келтірген не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нұсқамаларын орындамаған;
Тармақша 10
10) төлем қызметтерін көрсетуден бас тарту көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне нұқсан келтіруге ықпал ететін жағдайларды қоспағанда, мұндай бас тарту болғанда төлем ұйымының өтініші келіп түскен;
Тармақша 11
11) осы Заңның талаптарына сәйкес төлем ұйымдары үшін тыйым салынған қызметті жүзеге асырған жағдайларда, төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылады.
Тармақ 2
2. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алып тасталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы ақпаратты төлем ұйымын жазбаша хабардар етеді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды. Хабарлама төлем ұйымының орналасқан жері не есептік тіркеуден өтуге арналған өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешіміне шағым жасау бұл шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 4
4. Төлем ұйымына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзін төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған жағдайда, төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы хабардар еткен кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде атауында "төлем ұйымы" деген сөздер болған кезде оны өзгерту не төлем ұйымын қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Бап 19. 19-бап. Төлем ұйымының атқарушы органының басшысына қойылатын талаптар
19-бап. Төлем ұйымының атқарушы органының басшысына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Төлем ұйымының атқарушы органы басшысының жоғары білімі болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Мынадай:
Тармақша 1
1) банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оны лицензиядан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған;
Тармақша 2
2) төлем ұйымы осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдары тізілімінен шығарылғанға дейін бес жылдан аспайтын кезеңде осы төлем ұйымының не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде таратылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған төлем ұйымының бұрын атқарушы органының басшысы, төлем ұйымының құрылтайшысы немесе құрылтайшы заңды тұлғасының бірінші басшысы, төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы болған;
Тармақша 3
3) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адамды төлем ұйымының атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, егер:
Тармақша 1
1) адам осы баптың талаптарына сай келмесе;
Тармақша 2
2) төлем ұйымы төлем ұйымының атқарушы органының басшысы туралы анық емес мәліметтер не жалған құжаттар берсе, төлем ұйымы атқарушы органының басшысын ауыстыру туралы нұсқама шығарады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі адамды төлем ұйымы атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.
Бап 19-1. 19-1-бап. Төлем ұйымының құрылтайшылары мен қатысушылары
19-1-бап. Төлем ұйымының құрылтайшылары мен қатысушылары Мыналарды:
Тармақша 1
1) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы не қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар адамдарды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіндегі;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған;
Тармақша 4
4) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылғанға дейін бес жылдан аспайтын кезеңде төлем ұйымының не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде таратылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған төлем ұйымының құрылтайшысы немесе құрылтайшы заңды тұлғасының бірінші басшысы, ірі қатысушы заңды тұлғасының ірі қатысушысы не бірінші басшысы және (немесе) басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы болған;
Тармақша 5
5) тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, офшор аймақтарда тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар адамдарды қоспағанда, жеке, заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар төлем ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) болып табылады.
Бап 20. 20-бап. Төлем ұйымын қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру)
20-бап. Төлем ұйымын қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру)
Тармақ 1
1. Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімімен төлем ұйымдары акционерлерінің (қатысушыларының) шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келісуге:
Тармақша 1
1) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім;
Тармақша 2
2) төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастырудың ықтимал шарттарын, нысандарын, тәртібін және мерзімдерін сипаттайтын құжаттар;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдарының атқарушы органдарының басшылары қол қойған біріктіру (қосу) туралы шарт;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық есепті;
Тармақша 6
Тармақша 7
7) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қызметті жүзеге асыру қағидалары ұсынылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы баптың 2-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттарды қарайды және олар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлама жібереді.
Тармақ 4
4. Қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдары ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды жариялау арқылы өздерінің барлық клиенттеріне және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге жүргізілетін қайта ұйымдастыру туралы хабарлауға міндетті.
Тармақ 5
5. Ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымын есептік тіркеу осы Заңның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Қайта ұйымдастырылған төлем ұйымдарын тізілімнен алып тастау ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізіліміне енгізілген күні бір мезгілде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
Тармақша 1
1) егер ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымының атқарушы органының басшысы осы Заңның 19-бабының талаптарына сай келмейтін;
Тармақша 2
2) егер төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру көрсетілетін төлем қызметтері нарығына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға кедергі келтіретін, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне зиян келтіретін жағдайларда, төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға келісім беруден бас тартады.
Тарау 4. 4-тарау. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ), КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ
4-тарау. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ), КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ
Бап 21. 21-бап. Төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт)
21-бап. Төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт)
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төлем жүйелерін реттеу мақсатында:
Тармақша 1
1) төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
Тармақша 3
3) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін бекітеді;
Тармақша 4
4) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
Тармақша 1
1) жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан талдауды және бағалауды, оның ішінде төлем жүйесіне қатысушы маңызды клиенттердің төлем жүйелерінің жұмысына әсерін талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздармен және шетел валютасымен операциялардың нәтижелері бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) операторлардан, операциялық орталықтардан және төлем жүйелеріне қатысушылардан төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпарат, оның ішінде жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелері арқылы жүргізілген, көрсетілген төлем жүйелеріне қатысушы маңызды клиенттер жүзеге асырған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының көлемдері жөніндегі мәліметтер алады;
Тармақша 5
5) жүйелік маңызы бар және маңызды төлем жүйелері операторларының және (немесе) операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның қызметіне "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізеді;
Тармақша 6
6) жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қатысушылардың ұйымдастыру шараларына және жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды орындауын байқауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) жүйелік маңызы бар, маңызды және өзге төлем жүйелерінің тізілімдерін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 3
3. Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттік органдармен, төлем жүйелері операторларымен және оларға қатысушылармен және Қазақстан Республикасының өзге де қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бағалау жүргізген кезде шет мемлекеттердің төлем жүйелерінде орталық банктермен және өзге де қадағалау (оверсайт) органдарымен, халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық туралы келісімдер (шарттар, меморандумдар) жасасу арқылы ынтымақтастық жасайды.
Бап 22. 22-бап. Жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингі, жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау және бағалау
22-бап. Жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингі, жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау және бағалау
Тармақ 1
1. Жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингін, жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелерінің операторларынан, операциялық орталықтарынан және оларға қатысушылардан алатын ақпарат негізінде жүзеге асырады. Жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін халықаралық стандарттарға сәйкестігі бойынша бағалауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қажет болған кезде жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелерінің операторымен, операциялық орталығымен бірлесіп, халықаралық қаржы ұйымдарының мамандарын тарта отырып не оларды тартпастан жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алынған ақпаратқа талдау мен тиісті есептілікті және қадағалаудың (оверсайттың) өзге де нәтижелерін қалыптастыруды жүзеге асырады. Жүргізілген талдаудың жиынтық нәтижелері жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Бап 23. 23-бап. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу, оларды бақылау мен қадағалау
23-бап. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу, оларды бақылау мен қадағалау
Тармақ 1
1. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
Тармақша 1
1) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызылатын көрсеткіштерді бекітеді;
Тармақша 2
2) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 3
3) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеу тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлейді.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығын бақылау мен қадағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
Тармақша 1
1) көрсетілетін төлем қызметтері нарығын талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) төлем құралдарының қолданылуын талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер ұсынатын қызметтерді талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерден олар ұсынған көрсетілетін төлем қызметтері бойынша мәліметтер алады;
Тармақша 5
5) көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерден көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтерді, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеу мәселелері бойынша өзге де ақпаратты алады;
Тармақша 6
6) төлем ұйымдарын есептік тіркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) төлем ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
Тармақша 8
8) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 9
9) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің (бұдан әрі – көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілері), төлем жүйелері операторларының және төлем жүйелері операциялық орталықтарының Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) төлем жүйелері операторларының, төлем жүйелері операциялық орталықтарының және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізеді.
Тармақ 2-1
2-1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және олардың қызметіне тексерулер жүргізеді.
Тармақ 3
3. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шет мемлекеттердің орталық банктерімен және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын өзге де қадағалау органдарымен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.
Бап 24. 24-бап. Төлем жүйелері операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолдану
24-бап. Төлем жүйелері операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолдану
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды қолданады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шетелдік төлем жүйелеріне қатысуын, Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, төлем ұйымдарының қызметін, егер осы төлем жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі немесе төлем ұйымдарының қызметі Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұрады.
Тармақ 3
3. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, төлем ұйымдарының қызметін, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шетелдік төлем жүйелеріне қатысуын қайта бастау олардың қызметінің тоқтатыла тұру себептері жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті төлем жүйесінің операторын, төлем ұйымын, банкті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жіберілген олардың жұмыс істеуі мен тиісінше қатысуын қайта бастау мүмкіндігі туралы жазбаша хабарламасының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қадағалап ден қою шараларын қолданады.
Тармақ 5
5. Төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға құқылы:
Тармақша 1
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру;
Тармақша 2
2) жазбаша ескерту шығару;
Тармақша 3
3) жазбаша келісім жасау.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне қатысты нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады. Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің және (немесе) жағдайлардың сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының ұқсас бұзушылығын анықтаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
Тармақ 8
8. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою қажеттігі туралы және жою мерзімдерін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі анықталған бұзушылықтар және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер, сондай-ақ жағдайлар жойылғанға дейін өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады. Жазбаша келісім көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі тарапынан міндетті түрде қол қойылуға жатады.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы құжатында көрсетілген мерзімдерде шектеулі ықпал ету шарасын орындағаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне бұрын оған қолданылған ықпал ету шараларына немесе санкцияларға қарамастан, осы бапта айқындалған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау жөніндегі мерзімді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұзартуы мүмкін.
Тарау 5. 5-тарау. ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫ
5-тарау. ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫ
Бап 25. 25-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары
25-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары
Тармақ 1
1. Төлемдер азаматтық-құқықтық мәмілелер шарттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен сот шешімдерінің негізінде және соларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары төлем құралдары негізінде немесе олар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. Төлем құжаттарының нысандары, міндетті деректемелері және олардың мазмұнына қойылатын басқа да талаптар, электрондық төлемдер құралдарын пайдалану ерекшеліктері, электрондық банк қызметтерін көрсету және экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдерді тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мәліметтер мен деректемелер көрсетілетін төлем қызметтерін беруші не төлем жүйесінің операторы беретін штрих код түрінде ұсынылуы мүмкін. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші немесе төлем жүйесінің операторы кәсіпкерлік қызмет шеңберінде ұсынылған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыру үшін беретін штрих кодтың ұлттық стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп әзірлейді. Штрих кодты пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін ұйымның Штрих кодтың ұлттық стандартына қайшы келмейтін өзге де стандарттары пайдаланылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, штрих кодты пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыру үшін пайдаланылатын деректемелердің банктік құпияны қамтымайтын ең аз тізбесін белгілейді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер және (немесе) ақша аударымдары қолма-қол ақшаны пайдалана отырып та, сондай-ақ оларды пайдаланбастан (қолма-қол ақшасыз төлемдер) да мынадай:
Тармақша 1
1) қолма-қол ақша беру;
Тармақша 2
2) электрондық ақша беру;
Тармақша 3
3) төлем құжаттарын пайдалана отырып ақша аудару;
Тармақша 4
4) ақшалай міндеттеме немесе ақша төлеу туралы бұйрық қамтылатын төлем құжатын беру;
Тармақша 5
5) электрондық төлем құралдарын пайдалану тәсілдерімен жүзеге асырылады.
Тармақша 6
6) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Тармақ 4
4. Төлемге және (немесе) ақша аударымына бастамашылық жасау:
Тармақша 1
1) бастамашының төлем құжатын көрсетуі;
Тармақша 2
2) ұстаушының электрондық төлем құралдарын пайдалануы;
Тармақша 3
3) бастамашының электрондық терминалдар мен өзге де құрылғылар арқылы ақша аудару үшін қолма-қол ақшаны енгізуі;
Тармақша 4
4) бастамашының төлемді, оның ішінде мобильдік төлемді қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы жүзеге асыруға келісімді жіберуі арқылы жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Қолма-қол ақшамен төлемдер төлемдi жүзеге асыратын тұлғаның заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар және (немесе) монеталар түріндегі қолма-қол ақшаны осы тұлғаның ақшалай міндеттемесі бар тұлғаға нақты беруі болып табылады.
Тармақ 6
6. Қолма-қол ақшамен төлемдер ақшалай мiндеттемесi орындалып отырған тұлғаға тiкелей не делдал арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттарды пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбастан теңгемен және шетел валютасымен төлем құралдары негізінде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 7-1
7-1. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғалар, заңды тұлғаның филиалдары немесе өкілдіктері көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арқылы жүзеге асыратын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттар және (немесе) электрондық әмияндар пайдаланылып қана жүзеге асырылады. Осы тармақтың бірінші бөлігі заңды тұлғалардың бюджетке төлемдерді, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін төлемдерді, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеуіне қолданылмайды.
Тармақ 9
9. Сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен асатын мәміле бойынша төлемдерді қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлер немесе қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің пайдасына заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалар қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана жүзеге асырады.
Тармақ 9-1
9-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдер қолма-қол ақшасыз тәртіппен, оның ішінде уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол ақша енгізу арқылы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарттың болуы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді ақша жөнелтуші банктің жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 10
10. Банктер «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде береді.
Тармақ 10-1
Тармақ 10-2
10-2. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Тармақ 11
11. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде болатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнатуды және қолдануды және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті. Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған жағдайларда және тәртіппен төлем ұйымдарының лездік төлемдер жүйесіне қатысуына жол беріледі. Лездік төлемдер жүйесі арқылы төлемдерді жүзеге асыру кезінде бенефициардың пайдасына ақшаны есепке жатқызуды бенефициарға қызмет көрсететін төлем қызметтерін беруші – лездік режимде лездік төлемдер жүйесіне қатысушы қамтамасыз етеді. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арасында ақша аудару (түпкілікті есеп айырысу) лездік төлемдер жүйесі арқылы клиринг нәтижелері бойынша жасалады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ақшамен қамтамасыз етіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар сауда операцияларын, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүргізу кезінде ақшалай есеп айырысуды қолма-қол ақшаны пайдаланбай жүзеге асыратын дара кәсіпкерге және (немесе) заңды тұлғаға қолданылмайды.
Тармақ 12
12. Бенефициардың пайдасына ақша аударуды банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша аударымдары жүйелерін пайдалану арқылы ұлттық немесе шетел валютасымен жүзеге асыра алады. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыруды ақша аударымдары жүйесінің форматтары мен қағидаларына сәйкес қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 13
13. Төлем ұйымдарының төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырудан бас тартуы осы Заңда және «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Клиентке үшінші тұлғалардың төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруына қолжетімділік алуына алып келген, үшінші тұлғаларға банк шотына не төлем құралына не сәйкестендіру құралына қолжетімділікті ұсынуға, сондай-ақ төлем құралын не сәйкестендіру құралын беруге, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда өзге де тұлғаларға осындай қолжетімділікті беруді қоспағанда, тыйым салынады. Клиентке материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін үшінші тұлғаның мүддесінде немесе үшінші тұлғаның пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады. Жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда өзге де тұлғалардың банктік шотын, төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалануды қоспағанда, үшінші тұлғалардың банктік шотын, төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалана отырып, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.
Бап 25-1. 25-1-бап. Антифрод-орталық
25-1-бап. Антифрод-орталық
Тармақ 1
1. Антифрод-орталық:
Тармақша 1
1) қаржы ұйымдарынан, төлем ұйымдарынан, ұялы байланыс операторларынан және қылмыстық қудалау органдарынан келіп түскен, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша оқиғалар мен әрекеттенулер туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды және сақтауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) белгіленген өлшемшарттарға сәйкес алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына жатқызылған, қаржы ұйымдарына, төлем ұйымдарына, ұялы байланыс операторларына, қылмыстық қудалау органдарына қажетті, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі деректерді өңдейді және талдайды;
Тармақша 3
3) алаяқтық белгілері бар төлем операцияларын болғызбау үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қатерлер, осал тұстар, оқиғалардың туындауының алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты қаржы ұйымдарына, төлем ұйымдарына, ұялы байланыс операторларына, қылмыстық қудалау органдарына ұсынады;
Тармақша 4
4) қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, өз қызметі процесінде алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4-1
4-1) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары мен құқық қорғау органдарының ақпараты негізінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтауға және болғызбауға жәрдемдеседі;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған өзге де функцияларды орындайды.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымы, төлем ұйымы төлемді және (немесе) ақша аударымын (осындай төлемді және (немесе) ақша аударымын жасауға әрекеттенуді, орындалу процесіндегі төлемді және (немесе) ақша аударымын қоса алғанда):
Тармақша 1
1) егер алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын анықтағаны туралы клиенттің жолданымы болса;
Тармақша 2
2) егер қылмыстық қудалау органынан расталған ақпарат болса;
Тармақша 3
3) егер қаржы ұйымының, төлем ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес осындай негіздер болса;
Тармақша 4
4) егер ақша жөнелтуші және (немесе) төлемнің және (немесе) ақша аударымының бенефициары алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен әрекеттену туралы дерекқорда болса, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы деп таниды.
Тармақ 2-1
2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
Тармақша 1
1) антифрод-орталықтың қызметін жүзеге асыру және антифрод-орталықтың өз қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
Тармақша 2
2) антифрод-орталықтың алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен әрекеттері туралы дерекқорды қалыптастыру мен жүргізуді және антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын адамдарға оған қолжетімділік беруді жүзеге асыру тәртібі;
Тармақша 3
3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына байланысты тұлғалар туралы антифрод-орталықтың ақпаратын алған кезде қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының нұсқауды орындаудан бас тарту және оны тоқтата тұру тәртібі мен мерзімдері;
Тармақша 4
4) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары және (немесе) әрекеттері туралы ақпаратты қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының антифрод-орталыққа жіберу тәртібі, нысандары мен мерзімдері;
Тармақша 5
5) клиентті қаржы ұйымы, төлем ұйымы антифрод-орталықтың дерекқорына қосқан жағдайда қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беру тәртібі мен түрлері, сондай-ақ клиенттің қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін қаржы ұйымына, төлем ұйымына жүгіну тәртібі;
Тармақша 6
6) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарының және құқық қорғау органдарының, қаржы ұйымдарының немесе төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау және болғызбау мақсатында өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
Тармақша 7
7) прокурор келіскен, қылмыстық қудалау органының транзакцияны алаяқтық транзакция деп тану туралы қаулысында көрсетілген клиентке ақшаны қайтару тәртібі айқындалады.
Тармақ 3
3. Мыналар антифрод-орталықтың қызметіне қатысушы тұлғалар болып табылады:
Тармақша 1
1) қаржы ұйымдары;
Тармақша 2
2) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынатын төлем ұйымдары;
Тармақша 3
3) ұялы байланыс операторлары;
Тармақша 4
4) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен;
Тармақша 5
5) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
Тармақша 7
7) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 8
8) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімімен айқындалатын өзге де тұлғалар.
Тармақ 3-1
3-1. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы анықталған кезде мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) банктік шот, электрондық әмиян бойынша нұсқауларды және (немесе) шығыс операцияларын орындауды тоқтата тұрады немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бұғаттайды;
Тармақша 2
2) себептері мен негіздерін көрсете отырып, клиентпен жасалған шартта белгіленген тәртіппен клиентке клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша нұсқауларды және (немесе) шығыс операцияларын орындауды тоқтата тұру немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасын бұғаттау туралы ақпарат береді;
Тармақша 3
3) клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша нұсқауларды және (немесе) шығыс операцияларын орындау тоқтатыла тұрған немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасы бұғатталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өз клиентінің операцияларына, оның ішінде клиенттен мән-жайларды анықтау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат алу бойынша талдау жүргізеді;
Тармақша 4
4) клиент талдау жүргізу мерзімі ішінде сұратылған ақпаратты бермеген жағдайда, банктік шотты, электрондық әмиянды клиенттен түсінік алатын кезге дейін бұғаттайды;
Тармақша 5
5) егер талдау нәтижелері бойынша қаржы ұйымы, төлем ұйымы транзакцияны алаяқтық деп танымау туралы шешім қабылдаса, қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары тоқтатыла тұрған төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, осы төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізуге, клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға немесе осы төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасынан бұғаттауды алып тастауға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастайды;
Тармақша 6
6) клиенттің алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыруға қатысуының негіздері немесе растауы болған кезде, клиентті алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру әрекеттері туралы базаға бір мезгілде енгізе отырып, антифрод-орталық арқылы қылмыстық қудалау органына кейіннен оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-шараларды жүргізуі үшін хабарлама жібереді. Банктік шот, электрондық әмиян бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кезінде осы бапта белгіленген нормалар шеңберінде клиент Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін қаржы ұйымына, төлем ұйымына жүгінуге құқылы.
Тармақ 4
4. Қылмыстық қудалау органы антифрод-орталықтан хабар (ақпарат) алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржы немесе төлем ұйымына одан арғы іс-қимылдар туралы, оның ішінде тоқтатыла тұрған төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру және (немесе) клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастау немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастау үшін негіздердің бар не жоқ екендігі туралы хабар береді. Қаржы немесе төлем ұйымдары антифрод-орталық хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң қылмыстық қудалау органының одан арғы іс-қимылдар туралы шешімін алмаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізуге, клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға немесе төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастауға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, осы тоқтатыла тұрған төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады, клиенттің банктік шоты, электрондық әмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды немесе осы төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастайды. Қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау және болғызбау мақсатында қаржы немесе төлем ұйымдарымен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін антифрод-орталықты пайдалануға құқылы. Қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының және қаржы немесе төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау, жолын кесу және болғызбау мақсатында өзара іс-қимыл жасау тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 5
5. Қаржы не төлем ұйымы клиентті антифрод-орталықтың дерекқорына енгізу кезінде клиентке қаржылық көрсетілетін қызметтердің және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беруден бас тартады не береді. Қаржылық көрсетілетін қызметтердің және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беру тәртібі мен түрлері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 6
6. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары антифрод-орталықтан алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына қатысы бар адамдар туралы ақпарат алған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мерзімдерде және тәртіппен нұсқауларды орындаудан бас тартады немесе тоқтата тұрады.
Тармақ 7
7. Антифрод-орталық және антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. Төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде антифрод-орталықтың алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары туралы дерекқорда болған бенефициардың пайдасына төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырған банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы клиенттің алдында жауапты болады және оған ақшасын өтейді.
Тармақ 8
8. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары және (немесе) әрекеттенулер туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған нысан бойынша, мерзімдерде және тәртіппен антифрод-орталыққа жіберуге міндетті.
Тармақ 9
9. Антифрод-орталық қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарына және құқық қорғау органдарына алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын деректерді беруге құқылы.
Тармақ 10
10. Антифрод-орталық алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен әрекеттену туралы дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады, оларға антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын тұлғалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен нақты уақыт режимінде қол жеткізуін ұсынады. Антифрод-орталықтың өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де дереқорларды қалыптастыруға және жүргізуге құқығы бар.
Тармақ 11
11. Антифрод-орталық клиенттің келісімінсіз қаржы ұйымдарымен, төлем ұйымдарымен, ұялы байланыс операторларымен, қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарымен және құқық қорғау органдарымен деректер алмасуды, клиент-жеке тұлға, оның жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік шотының және (немесе) төлем карточкасының нөмірі, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаты, Қазақстан Республикасының аумағында болу мәртебесі туралы мәліметтерді және клиентті және оның қатысуымен болатын төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын сәйкестендіру үшін қажетті басқа да мәліметтерді, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарының дерекқорынан алынған мәліметтерді қамтитын, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректерді өңдеуді жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Қаржы және төлем ұйымдарының осы бапқа сәйкес жүзеге асырылатын әрекеттері, оның ішінде клиенттің банк шоты, электрондық әмияны бойынша нұсқауларды және (немесе) шығыс операцияларын орындаудан бас тарту немесе оны тоқтата тұру, клиенттің банктік шотындағы немесе электрондық әмиянындағы ақша сомаларын бұғаттау, сондай-ақ банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді беру қаржы және төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылыққа тартуға негіздер болып табылмайды.
Бап 26. 26-бап. Орталық депозитарийдің функцияларын орындайтын мамандандырылған коммерциялық емес ұйымның қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ерекшеліктері
26-бап. Орталық депозитарийдің функцияларын орындайтын мамандандырылған коммерциялық емес ұйымның қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Қаржы құралдарымен мәміле бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орталық депозитарийдің функцияларын орындайтын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – орталық депозитарий) клиент пен орталық депозитарийдің арасындағы:
Тармақша 1
1) орталық депозитарийде ашылған клиенттің банктік шоты бойынша;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған клиенттің корреспонденттік шоты бойынша жасалған шарттың негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Клиенттің орталық депозитарийде ашылған банктік шоты бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы қаржы құралдарымен мәмілені немесе орталық депозитарийдегі банктік шоттарының есебінде бар қаржы құралдарына байланысты өзге де операцияларды тіркеу кезінде орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес орталық депозитарийдің төлем құжатын қалыптастыруы арқылы:
Тармақша 1
1) егер клиенттің қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығын жөнелтуші клиенттің қаржы құралдарымен мәмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның банктік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, осындай бұйрықтың;
Тармақша 2
2) егер ақша жөнелтуші сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мәмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның банктік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығының;
Тармақша 3
3) егер ақша жөнелтуші клирингтік ұйымның бұйрығы негізінде орталық депозитарийге оның банктік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, клирингтік ұйымның клирингтік сессия қорытындылары бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қаржы құралдарымен мәміле бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру үшін немесе жүйелік маңызы бар төлем жүйесі арқылы қаржы құралдарына байланысты өзге де операцияларды тіркеу кезінде клиент жүйелік маңызы бар төлем жүйесінде орталық депозитарийдің төлем құжатын орындаған кезде жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің операторына не операциялық орталығына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған оның корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығаруға келісім береді. Орталық депозитарий жүйелік маңызы бар төлем жүйесіне орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес:
Тармақша 1
1) егер клиенттің қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығын жөнелтуші клиенттің қаржы құралдарымен мәмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, осындай бұйрықтың;
Тармақша 2
2) егер ақша жөнелтуші сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мәмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығының;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар төлем жүйесіне қатысушыларға бағалы қағаздармен қамтамасыз ете отырып, банктік қарыз берген жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге біржақты бұйрығының негізінде төлем құжатын жібереді.
Бап 27. 27-бап. Банктік шоттар
27-бап. Банктік шоттар
Тармақ 1
1. Банктік шот клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында банктік шот шарты, корреспонденттік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты жасалған кезде ашылады. Ағымдағы немесе корреспонденттік шотты немесе банктік салымды ашу кезінде жасалатын шарт осы Заңның 13-бабының 4-тармағында көзделген көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде жасалатын шарт болып табылады. Клиентпен жасалатын өзге шарттарда көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынудың талаптарын белгілеуге жол беріледі. Клиенттің банктік шот ашу туралы электрондық нысанда жіберген өтінішінің негізінде банктік шот шарты жасалғанға дейін банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиентке жеке сәйкестендіру кодын беруіне жол беріледі. Бұл ретте банктік шот клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында банктік шот шарты жасалғаннан кейін ашылды деп есептеледі. Клиент банктік шот шартын жасамаған жағдайда, банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жеке сәйкестендіру кодын жояды. Банктік шот ашу арқылы қашықтан іскерлік қатынастар орнату кезінде клиенттерді биометриялық аутентификациялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Банкке және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға:
Тармақша 1
1) егер клиенттің банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банктік шотына берілген уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері, үшінші тұлғалардың банктік шоттан ақшаны алып қою туралы талаптары болған және (немесе) оның банктік шотындағы ақшаға тыйым салынған жағдайларда, банктік шотта тыйым салынатын ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде клиентке жаңа банктік шот;
Тармақша 2
2) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ол туралы ақпарат берілген әрекетсіз салық төлеушіге банктік шот;
Тармақша 3
3) анонимдік банктік шот немесе ойдан шығарылған атқа банктік шот;
Тармақша 4
4) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда клиентке банктік шот ашуға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелері: 1) клиент – жеке тұлғаға мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан есепке жатқызылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны), тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтарды және (немесе) нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шотты; 2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде банктік шот ашу жағдайларына қолданылмайды. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның Қазақстан Республикасының бей- резидент банктерімен жасалған шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарын орындау шеңберінде банктік шот ашудан бас тартуына жол беріледі.
Тармақ 4
4. Банктік шоттар клиенттердің ағымдағы және жинақ шоттары, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары болып бөлінеді.
Тармақ 5
5. Клиенттің ағымдағы шоты бойынша:
Тармақша 1
1) банктің клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуіне және оны пайдалануына;
Тармақша 2
2) клиенттің пайдасына ақшаны қабылдауға (есепке жатқызуына);
Тармақша 3
3) банктік шот шартында көзделген тәртіппен ақшаны үшінші тұлғалардың пайдасына аудару туралы клиенттің нұсқауын орындауға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) банктік шот шартында көзделген негіздер бойынша клиенттің ақшасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың нұсқауларын орындауға;
Тармақша 5
5) көрсетілген шартта және осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды және оған беруді жүзеге асыруға;
Тармақша 6
Тармақша 7
7) клиенттің талабы бойынша клиенттің банктегі ақша сомасы және банктік шот шартында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүргізілген операциялар туралы ақпарат беруге;
Тармақша 8
8) клиентке банктік шот шартында, Қазақстан Республикасының заңнамасында және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дағдыларында көзделген өзге де банк қызметін көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар орындалады.
Тармақ 6
6. Клиенттің жинақ шоты бойынша:
Тармақша 1
1) банктің клиентке тиесілі ақшаның болуын қамтамасыз етуіне және оны пайдалануына;
Тармақша 2
2) клиенттен немесе үшінші тұлғалардан ақшаны қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да тәсілмен қабылдауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) банктік салым шартында айқындалатын мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге;
Тармақша 4
4) банктік салым шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптармен, оның ішінде оларды клиенттің басқа банктік шотына аудару жолымен клиентке ақшаны қайтаруға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) банктік шот шартында көзделген негіздер бойынша клиенттің ақшасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың нұсқауын орындауға байланысты операциялар орындалады.
Тармақ 7
7. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның корреспонденттік шоты бойынша:
Тармақша 1
1) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе оның клиенттерінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауға (есепке жатқызуға);
Тармақша 2
2) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе оның клиенттерінің міндеттемелерін орындау мақсатында банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға не үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы нұсқауын орындауға;
Тармақша 3
3) көрсетілген шартта және осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға корреспонденттік шоттан қолма-қол ақша қабылдауды және оны беруді жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) корреспонденттік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге байланысты операциялар орындалады. Корреспонденттік шоттар банктер арасында, сондай-ақ банктер мен «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктер арасында, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында, банктер мен Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдары арасында ашылады. Банктердің «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктерге корреспонденттік шоттар ашу және жүргізу ерекшеліктері, оның ішінде валюта мен операциялар тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 7-1
7-1. Банктік шоттардан қолма-қол ақша беру кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес және, егер аз мөлшер банктік шот шартында көзделмесе және оны Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі белгілемесе, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалған сомалар мөлшері шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген операциялар жүргізілмейтін, сондай-ақ банктегі немесе банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы бухгалтерлік есептің позицияларын көрсететін шоттар, баланстық шоттың құрауыштары болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), оның ішінде несиелік шоттар банктік шоттар болып табылмайды.
Тармақ 9
9. Клиентке "эскроу-шот" режимінде банктік шот ашуға рұқсат етіледі. Атына эскроу-шот ашылған тұлға клиент айқындаған шарттарды орындамаған және банктік шот шарты бойынша мұндай талаптардың басталу немесе орындалу мерзімі аяқталған жағдайларда, банк эскроу-шот ашқан клиентке ақшаны қайтарады. Эскроу-шоттағы ақшаға эскроу-шот шартының талаптарына байланысты іс жөніндегі сот актісі бойынша ғана тыйым салуға және өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Клиенттердің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасына өндіріп алу қолданылған жағдайда, мұндай өндіріп алу клиенттердің банктік шоттарынан ғана жүргізіледі. Банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдану банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өз міндеттемелері бойынша ғана жүргізіледі. Мыналарға:
Тармақша 1
1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
Тармақша 1-1
1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
Тармақша 2
2) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
Тармақша 2-1
2-1) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді; Тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі және екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақша осы тармақшаға сәйкес, жеке дербес шоттар (субпозициялар) ашу арқылы бөлек есепке алынуға жатады;
Тармақша 2-2
2-2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы ақшаға;
Тармақша 2-3
2-3) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;
Тармақша 3
3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;
Тармақша 4
4) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;
Тармақша 5
5) банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге;
Тармақша 5-1
5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
Тармақша 5-2
5-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
Тармақша 5-3
5-3) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
Тармақша 7
7) төлем талаптары негізінде банктік қарыздар бойынша клиенттердің алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттарындағы ақшасына;
Тармақша 8
8) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;
Тармақша 8
9) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын жинақ шоттарындағы ақшаға, төлем талаптары негізінде осындай банктік қарыздар бойынша өтелмеген негізгі борыш сомасы мөлшерінде;
Тармақша 10
10) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға;
Тармақша 11
11) өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;
Тармақша 12
12) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған, банктердің орталық депозитарийдегі және (немесе) клирингтік ұйымдағы ақшасына және (немесе) бағалы қағаздарына өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді. Осы тармақтың үшінші бөлігі 6) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды.
Тармақ 11
11. Уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы тиісті шешімдері және (немесе) өкімдері не терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалар туралы уәкілетті органның ақпараты негізінде ақша жөнелтушінің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, сондай-ақ мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілер негізінде мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою, клиенттің ақшасына тыйым салу туралы актілер негізінде ақша жөнелтушінің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады. Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттар бойынша, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға, инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ нотариус депозиті шарттарында енгізілген, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерге, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаға, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға, әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға, Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған, банктердің орталық депозитарийдегі және (немесе) клирингтік ұйымдағы ақшасына және (немесе) бағалы қағаздарына, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесінде тұрған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына тыйым салуға, шығыс операцияларын тоқтата тұруға, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қоюға, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер қоюға жол берілмейді. Осы тармақтың екінші бөлігінің ережесі лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары қоятын шектеулерге қолданылмайды.
Тармақ 12
12. Клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операциялары уәкілетті мемлекеттік орган немесе лауазымды адам банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімін және (немесе) өкімін, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актіні кері қайтарып алғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" және "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қайта басталады. Клиент салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген салықтық берешек сомасын өтеген жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді кері қайтарып алғанға дейін клиенттің банктік шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды. Клиенттің банктік шотындағы ақшаға салынған тыйым клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар тұлғаның ақшаға тыйым салу туралы бұрын өзі қабылдаған актінің күшін жою туралы тиісті жазбаша хабарламасы негізінде не банктік шоттағы ақшаға бұрын салынған тыйымды орындау үшін берілген инкассолық өкімді банк орындағаннан кейін не "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда алынады. Ақша жөнелтушінің банкі осы Заңда айқындалған тәртіппен клиенттің банктік шоты жабылған кезде банктік шотқа қойылатын орындалмаған талаптарды, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілерді, клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін және (немесе) өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар тұлғалардың клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілерін орындамастан қайтарады.
Тармақ 13
13. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы акт, уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және(немесе) өкімдері, клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілер келіп түскен кездегі банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның әрекет ету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Бап 28. 28-бап. Банктік шотты жабу
28-бап. Банктік шотты жабу
Тармақ 1
1. Клиенттің банктік шотын жабуды клиенттің өтініші бойынша немесе осы Заңның 29-бабында көзделген тәртіппен банктік шот шартының, банктік салым шартының қолданылуы тоқтатылған не оларды орындаудан бас тартылған жағдайларда банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзі дербес жүзеге асырады. Осы Заңның 29-бабының 3-тармағында көзделген, банктік шотқа қойылған орындалмаған талаптар болған кезде клиенттің өтініші бойынша банктік шотты жабуға жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Банктік шот шартының және банктік салым шартының қолданылуы клиенттің - заңды тұлғаның таратылуына байланысты оның қызметі тоқтатылған жағдайда тоқтатылады. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттің заңды тұлғаның банктік шотын жабуды Бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы енгізілген мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
Бап 29. 29-бап. Банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тарту негіздері мен тәртібі
29-бап. Банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тарту негіздері мен тәртібі
Тармақ 1
1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым:
Тармақша 1
1) клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша болмаған;
Тармақша 2
2) клиенттің банктік шотында (жинақ шотын, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған шоттарды қоспағанда) бір жылдан астам ақша қозғалысы болмаған;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен жасалған шартта көзделген жағдайларда, банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 2
2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы Заңда және "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тартады.
Тармақ 3
3. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның:
Тармақша 1
1) банктік шотқа қойылатын орындалмаған талаптар немесе мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы алынбаған актілер, уәкілетті мемлекеттік органдардың және (немесе) лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері, сондай-ақ клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілер;
Тармақша 2
2) клиенттің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ұсынатын, экспортты (импортты) көздейтін валюталық шарт бойынша орындалмаған талаптар болған кезде банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартуына жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша болмаған және (немесе) клиент – заңды тұлға таратылған кезде банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда клиенттің банктік шотын жабуына рұқсат етіледі.
Тармақ 5
5. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда клиенттің банктік шотын жабуына рұқсат етіледі.
Тармақ 6
6. Егер банктік шот шартында немесе банктік салым шартында өзгеше тәртіп көзделмесе, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тарту туралы хабарламаны банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда бар мекенжай бойынша электрондық нысанда не оны алғаны туралы хабарламамен пошта арқылы жібереді.
Тармақ 7
7. Егер банктік шот шартында немесе банктік салым шартында өзгеше тәртіп көзделмесе, клиенттің банктік шотында ақша болмаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиентке банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң банктік шот шартын немесе банктік салым шартын бұзады және клиенттің банктік шотын жабуды жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы тиісті актілерді, уәкілетті мемлекеттік органдардың және (немесе) лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдерін және (немесе) өкімдерін, сондай-ақ банктік шоттағы ақшаға тыйым салу құқығы бар тұлғалардың актілерін осы баптың 4-тармағына сәйкес банктік шот жабылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы талаптарды қойған уәкілетті тұлғаларға қайтаруға тиіс.
Тармақ 9
9. Клиенттің банктік шотында (мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған шоттарды қоспағанда) ақша қалдығы болған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша қалдығын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариус депозитіне аударуға және банктік шотты жабуға құқылы.
Тармақ 10
10. Осы бапта көзделген жағдайларда, банктің банктік шотты жүргізгені үшін алатын комиссиясының мөлшері, банктің басқа клиенттердің банктік шотын жүргізгені үшін алатын комиссиясының ең жоғары мөлшерінен аспауға тиіс.
Тармақ 11
11. Банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартылған кезде банк шарттардың өзінде белгіленген сыйақы туралы талаптарды ескере отырып, көрсетілген шарттарды орындаудан біржақты бас тартылған күнге сыйақы төлейді.
Тармақ 12
12. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше көзделмесе, осы баптың қағидалары корреспонденттік шот шарттарына қолданылады.
Тарау 6. 6-тарау. ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ
6-тарау. ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ
Бап 30. 30-бап. Төлем құралдарының түрлері
30-бап. Төлем құралдарының түрлері Қазақстан Республикасының аумағында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем құралдарының мынадай түрлері пайдаланылады:
Тармақша 1
1) төлем тапсырмасы;
Тармақша 2
2) төлем талабы;
Тармақша 3
3) чек;
Тармақша 4
4) вексель;
Тармақша 5
5) инкассолық өкім;
Тармақша 6
6) төлем ордері;
Тармақша 7
7) төлем хабарламасы;
Тармақша 8
8) электрондық төлем құралы.
Бап 31. 31-бап. Төлем тапсырмасы
31-бап. Төлем тапсырмасы
Тармақ 1
1. Төлем тапсырмасын пайдалануға байланысты ақша жөнелтушімен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы құқықтар мен міндеттер олардың арасындағы жасалған шартта белгіленеді, ал олардың нақты іске асырылуы ақша жөнелтушінің банкіне төлем тапсырмасын ұсынған кезден бастап туындайды.
Тармақ 2
2. Ақша жөнелтушінің банкі төлем тапсырмасын онда көрсетілген үзінді көшірме жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қабылдайды. Төлем тапсырмасында валюталау күні көрсетілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Бір ақша жөнелтушіден бір банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бір ұйымда қызмет көрсетілетін бірнеше бенефициардың пайдасына төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылған не ақша жөнелтушінің банкі бір бенефициардың пайдасына бірнеше ақша жөнелтушінің нұсқауларын орындаған кезде жиынтық төлем тапсырмасын пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 4
4. Қағаз жеткізгіште ресімделген жиынтық төлем тапсырмасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ақша жөнелтуші тұлғалардың не бенефициарлардың тізілімі қоса беріледі.
Бап 32. 32-бап. Төлем талабы
32-бап. Төлем талабы
Тармақ 1
1. Төлем талабын пайдалана отырып жасалатын төлемдер кезіндегі құқықтар мен міндеттер оны ақша жөнелтушінің банкіне ұсынған кезден бастап туындайды.
Тармақ 2
2. Төлем талабы, осы Заңның 26-бабында көзделген тәртіппен оны берген жағдайларды қоспағанда, бенефициардың банкіне немесе ақша жөнелтушінің банкіне онда көрсетілген үзінді көшірме жасалған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде беріледі.
Тармақ 3
3. Банктердің, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қою жағдайларын қоспағанда, бенефициардың төлем талабын қою құқығы ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленеді.
Тармақ 4
4. Жасалған қарыз шартына, кредиттік желіні ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясы не кепілдікті беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін банктердің, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың төлем талабын пайдалануына жол беріледі. Банктер, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, ипотекалық ұйымдар, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар төлем талабын ақша жөнелтушінің банкіне ақша жөнелтушінің өз банктік шотынан ақшаны алып қоюға келісімін қамтитын құжаттың негізінде қояды. Қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қою тәртібі, сондай-ақ оған ақшаныалып қоюдың негізділігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса берудің қажеттілігі туралы талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. Ақшаны алып қоюдың негізділігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін банктер арасында орнатылған электрондық байланыс арналары арқылы жіберуге жол беріледі. Қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қоюдың негізділігіне өндіріп алушы жауапты болады.
Тармақ 5
5. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша жөнелтушінің:
Тармақша 1
1) ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасында жасалған шартта;
Тармақша 2
2) қарыз шартында, кредиттік желіні ашу туралы келісімде немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатта қамтылған банктік шотынан ақша алып қоюға келісімі болған кезде төлем талабын ақша жөнелтушінің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы орындайды.
Тармақ 6
6. Ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша жеткіліксіз болған кезде оның банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын орындау ақшаның банктік шотқа түсуіне қарай жүзеге асырылады. Осы баптың 4-тармағында көзделген тәртіппен ақша жөнелтуші-жеке тұлғаның ағымдағы шотына қойылған төлем талабы оның ағымдағы шотын ондағы ақша сомасының және (немесе) ақша жөнелтуші-жеке тұлғаның банктік шотына заңды тұлғадан немесе дара кәсіпкерден түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде, төлем талабында көрсетілген барлық соманың түсуін күтпестен, тікелей дебеттеу арқылы орындалады. Ағымдағы шотта немесе жиынтығында жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің бір банкте ашылған ағымдағы шоттарында сақталатын ақша сомасы төлем талабын орындау кезінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аз болмауға тиіс. Көрсетілген шектеу қарыз алушы-жеке тұлғаның немесе егер жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, дара кәсіпкердің жинақ шотындағы ақшасына қолданылмайды.
Бап 33. 33-бап. Чек
33-бап. Чек
Тармақ 1
1. Чек берушi мен банктiң чектi пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi чек берушi мен банк арасындағы чектердi пайдалану туралы шарт негiзiнде туындайды. Чек ұстаушының құқықтары чек берушiден чекті алған кезден бастап туындайды.
Тармақ 2
2. Чек ұстаушы чекті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімде қабылдайды және чек ұстаушы чек берушінің банкіне не чек ұстаушының банкіне береді.
Тармақ 3
3. Чек берушiнiң чекті беруі орындау үшін осындай чек жазылып берiлген төлемнің аяқталуы болып табылмайды. Чек берушінің ақшалай міндеттемесі чек ұстаушы чек бойынша ақшаны алған кезде түпкілікті орындалады.
Тармақ 4
4. Чек ұстаушыда чекте көрсетiлген сомадағы чек берушiнiң банкiне қойылатын ақшалай талабының құқығы туындайды. Чек берушiнiң банкi чек ұстаушы ұсынған чектi төлейдi не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген негіздер бойынша оны төлеуден уәжді түрде бас тартады.
Тармақ 5
5. Чектер жабылған және жабылмаған болып бөлiнедi. Ақшамен алдын ала қамтамасыз етiлмеген чектер жабылмаған чектер болып табылады. Чек берушi алдын ала банкке енгiзген ақшамен қамтамасыз етiлген чектер жабылған чектер болып табылады.
Бап 34. 34-бап. Вексель
34-бап. Вексель Вексельдердi қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін қолдану Қазақстан Республикасының вексель заңнамасымен реттеледi.
Бап 35. 35-бап. Инкассолық өкім
35-бап. Инкассолық өкім
Тармақ 1
1. Клиенттiң банктік шотынан ақшаны оның келісімiнсiз алып қою Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша және кезектiлiктiң сақталуы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде белгiленген тәртiппен инкассолық өкiм пайдаланыла отырып жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушының құқықтары мен мiндеттерi ақша жөнелтушiнiң банкiне инкассолық өкiм берілген кезден бастап туындайды.
Тармақ 3
3. Инкассолық өкімді мемлекеттік кірістер органдары, сот орындаушылары, сондай-ақ аумақтық әділет органы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы береді.
Тармақ 4
4. Сот орындаушыларының инкассолық өкімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нормалардың негізінде осы өндіріп алудың негізділігін растайтын атқарушылық құжаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда қоса беріле отырып, ақша жөнелтушінің банкіне беріледі. Аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған инкассолық өкімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нормалар негізінде өндіріп алуды растайтын атқарушылық құжаттар қоса беріліп, ақша жөнелтушінің банкіне электрондық нысанда жіберіледі.
Тармақ 5
5. Егер атқарушылық құжаттың мәтінінде өзгеше белгіленбесе, ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақшаны оның келісімінсіз алып қоюдың негізділігін растайтын атқарушылық құжат банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға сот орындаушысының немесе аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған бір ғана инкассолық өкімін ұсынуға негіз болып табылады. Атқарушылық құжатта (ол болған кезде) көрсетілген төлем және (немесе) ақша аударымының сомасы:
Тармақша 1
1) борышкер борышқа ішінара ақы төлеуді өз бетінше жүргізген және атқарушылық құжатта сот орындаушысының бұл туралы белгісі бар;
Тармақша 2
2) бір атқару парағының негізінде борышты бірнеше бенефициардың пайдасына ортақ өндіріп алу жүзеге асырылатын;
Тармақша 3
3) сот орындаушысының қаулысымен мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша берешек айқындалған жағдайларды қоспағанда, инкассолық өкімде көрсетілген сомаға сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдері осы өндіріп алудың негізділігін растайтын құжаттар қоса тіркелместен беріледі. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында айқындалған тиісті тізімдер қоса беріле отырып, банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға мемлекеттік кіріс органдарының: мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және(немесе) жарналар; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алуға арналған инкассолық өкiмдерi беріледі.
Тармақ 7
7. Инкассолық өкiмде төлемнің мақсаты және ақша жөнелтушiнiң банктік шотынан ақшаны оның келісімінсіз алып қою құқығы көзделетiн Қазақстан Республикасы заңының нормасына сілтеме көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша жеткіліксіз болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының салық берешегін өндіріп алу туралы, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының және аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған инкассолық өкімін орындау осындай шотқа ақша түскен күннен кейінгі үш операциялық күннен кешіктірілмей оның түсуіне қарай жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Ақша жөнелтушiнiң банктік шотынан оның келісімiнсiз ақшаны алып қоюдың негiздiлiгi үшiн инкассолық өкімнің бастамашысы жауаптылықта болады. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақша жөнелтушілердің банктік шоттарынан ақшаны олардың келісімінсіз есептен шығаруға қарсы білдірген қарсылықтарын мәні бойынша қарамайды.
Бап 36. 36-бап. Төлем ордері
36-бап. Төлем ордері
Тармақ 1
1. Ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы, оның ішінде ақша жөнелтушінің банкі мен бенефициар бір тұлға болып табылғандағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайлардағы қолма-қол ақшасыз төлем және (немесе) ақша аударымы төлем ордері негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Төлем ордерінде банктің (ақша жөнелтушінің банкі мен бенефициардың банкі) немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы бір рет көрсетілуі мүмкін.
Бап 37. 37-бап. Төлем хабарламасы
37-бап. Төлем хабарламасы
Тармақ 1
1. Төлем хабарламасы ақша жөнелтушінің банктік шотын ашпай қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Төлем хабарламаларын беру және орындау тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Банктік шотты ашпай электрондық терминалдар арқылы төлемдерді және(немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде ақша жөнелтушіге деректемелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін чек беріледі.
Бап 38. 38-бап. Электрондық төлем құралы
38-бап. Электрондық төлем құралы
Тармақ 1
1. Электрондық төлем құралын пайдалану осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Электрондық төлем құралын пайдалана отырып жасалатын операциялар бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы сәйкестендіру құралы арқылы расталған электрондық төлем құралын ұстаушының келісімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде электрондық төлем құралын ұстаушының келісімін беру және растау тәртібі мен тәсілі электрондық төлем құралының эмитенті - банк пен электрондық төлем құралын ұстаушы арасында жасалған шартта белгіленеді.
Тарау 7. 7-тарау. ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫ
7-тарау. ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫ
Бап 39. 39-бап. Төлем карточкасын шығару және пайдалану
39-бап. Төлем карточкасын шығару және пайдалану
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын шығаруды төлем карточкасын шығаруға құқығы бар Қазақстан Республикасының көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер жүзеге асырады. Төлем карточкаларын шығару және пайдалану төлем карточкасы эмитентінің төлем карточкасын ұстаушымен жасаған шарты негізінде жүзеге асырылады. Төлем карточкасының эмитенті өзге де ұйымдармен бірлесіп, төлем және өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұстаушыларға оларды ұсыну үшін өздерінің арасында жасалған шарттардың тәртібі мен талаптарында төлем карточкаларын шығаруға құқылы. Негізге алынып төлем карточкаларын шығару және пайдалану жүзеге асырылатын шартты жасасу тәсілі мен талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 1-1
1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем карточкаларын шығару тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Төлем карточкасының эмитенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн төлем карточкаларын шығарғаны туралы хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушымен төлем карточкасын пайдалану туралы шарт жасасқанға дейін төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын пайдалану кезіндегі талаптар мен қауіпсіздік шаралары туралы, наразылықтарды беру тәсілдері мен оларды қарау тәртібі туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Төлем карточкасының эмитенті өзінің интернет-ресурсында төлем карточкасының түрлері мен оны беру шарттары туралы ақпаратты, төлем карточкасын беру туралы үлгілік шартты, төлем карточкасын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты орналастырады.
Тармақ 6
6. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасына қызмет көрсету үшін алынатын комиссияның мөлшері не оны төлемеген кезде берешекті есепке жазу туралы хабардар етеді, сондай-ақ төлем карточкасын ұстаушыға өздерінің арасындағы шартта көзделген тәртіппен оның төлем карточкасына қызмет көрсеткені үшін төлем карточкасын ұстаушының комиссияны төлеу фактісін растауды ұсынуын қамтамасыз етеді.
Бап 39-1. 39-1-бап. Төлем карточкаларымен жасалатын операциялар
39-1-бап. Төлем карточкаларымен жасалатын операциялар Төлем карточкаларымен жасалатын операцияларға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) төлем карточкасын шығару, төлем карточкасын немесе оның деректемелерін пайдалана отырып жасалатын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, оның ішінде қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және (немесе) төлем карточкасының эмитенті айқындаған басқа да операцияларға байланысты операциялар;
Тармақша 2
2) қол жеткізу төлем карточкасы арқылы, оның ішінде балама сәйкестендіргішті пайдаланумен қамтамасыз етілетін банктік шотты пайдалана отырып жасалатын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;
Тармақша 3
3) төлем карточкаларымен операцияларды технологиялық жағынан қолдау, оның ішінде төлемге қатысушылардың деректерін жинау, өңдеу, сақтау, оларды аутентификациялау және осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген операциялар бойынша есеп айырысуға қатысушыларға ақпаратты тарату;
Тармақша 4
4) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген операцияларға қатысушылар арасындағы клиринг және есеп айырысу;
Тармақша 5
5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған көрсетілетін қызметтер үшін комиссияларды, сондай-ақ төлем жүйесіне қатысушы мен оператор арасындағы, төлем карточкалары бойынша операцияларды өңдеуді қамтамасыз ететін төлем жүйесіне қатысушылар арасындағы комиссияларды төлеу.
Бап 40. 40-бап. Төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары
40-бап. Төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары
Тармақ 1
1. Төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлем және (немесе) ақша аударымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушылардың төлем карточкаларын пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ұсынылған төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемді қабылдауға келісім берген кезден бастап туындайды. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның өзімен төлем карточкасына қызмет көрсету туралы келісім жасасқан банкке қатысты өзі қабылдаған төлем сомасында ақшалай талап құқығы туындайды. Көрсетілген банкте дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай талабын орындау міндеті туындайды.
Тармақ 3
3. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаған кезде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қолма-қол ақша төленген кездегі олардың сатылу бағасынан аспайтын бағамен сатуды жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 4
4. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операциялар туралы өздерінің арасындағы шартта көзделген жағдайларда және тәртіппен хабардар етеді. Осындай хабарламаны жіберудің тәсілі мен кезеңділігі, сондай-ақ төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операциялар туралы хабардар еткені үшін төлем карточкасы эмитентінің комиссия мөлшері мен оны алу тәртібі төлем карточкасының эмитенті мен төлем карточкасын ұстаушы арасындағы шартта белгіленеді.
Тармақ 5
5. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын жоғалтуы және (немесе) төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуы туралы хабарламаны тәулік бойы жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 6
6. Төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасының жоғалу немесе төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылу фактісін анықтаған кезде бұл туралы төлем карточкасының эмитентін өздерінің арасындағы шартта белгіленген тәсілмен хабардар етеді. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының хабарламасы негізінде оның төлем карточкасын бұғаттайды. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушымен жасалған шартқа сәйкес рұқсат етілмеген операция бойынша ақшаны өзі дербес өтеген жағдайларды қоспағанда, төлем карточкасын ұстаушы рұқсат етілмеген операцияны өтеу үшін төлем карточкасының эмитенті белгілеген нысан бойынша өтінішті төлем карточкасының эмитентіне ұсынады.
Тармақ 7
7. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасының жоғалуы және(немесе) төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуы туралы төлем карточкасын ұстаушының хабарламасын алғаннан кейін рұқсат етілмеген операциялар жасалған жағдайда, олар үшін жауаптылықта болады.
Тармақ 8
8. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының рұқсат етілмеген операцияны өтеу туралы өтініші негізінде рұқсат етілмеген төлем фактісін анықтау бойынша шаралар қолданады және осындай өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде оған рұқсат етілмеген операция мөлшерінде ақша сомасын өтейді не өздерінің арасындағы шартта көзделген тәсілмен себебін көрсете отырып, рұқсат етілмеген операцияны өтеуден бас тарту туралы хабарлама жібереді. Үшінші тұлғалардан ақпаратты алу не тексеру жүргізу арқылы қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының өтінішін қарайды және ол бойынша Қазақстан Республикасы ішіндегі операциялар бойынша күнтізбелік отыз күн немесе шетелде жасалған операциялар бойынша күнтізбелік алпыс күн ішінде шешім қабылдайды және бұл туралы төлем карточкасын ұстаушыны өздерінің арасындағы шартта белгіленген тәсілмен хабардар етеді. Төлем карточкалары эмитентінің рұқсат етілмеген операцияны өтеуден бас тартуы төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын пайдалану қағидаларын бұзуын не оның төлем карточкасын пайдалана отырып алаяқтық операцияларға қатысуын растайтын негіздер, белгілер немесе фактілер болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Төлем карточкасының эмитентін төлем карточкасының жоғалуы немесе төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуы туралы хабардар етпеген жағдайда, төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасының жоғалуына немесе төлем карточкасының рұқсатсыз пайдаланылуына байланысты барлық тәуекелдерді көтереді.
Тармақ 10
10. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушыға оның төлем карточкасын пайдалануына байланысты құжаттарды және ақпаратты шартта айқындалған тәртіппен ұсынуға міндетті.
Тармақ 11
11. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушыға жіберілген және одан алынған хабарламаларды тіркейді, сондай-ақ тиісті ақпаратты жіберген және алған күннен бастап оларды кемінде үш жыл сақтайды.
Тармақ 12
12. Төлем карточкасының эмитенті төлем карточкасын ұстаушының өтініштерін, оның ішінде төлем карточкасын немесе оның деректемелерін пайдалануға байланысты даулы жағдайлар туындаған кезде шартта белгіленген, бірақ осындай өтініштерді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде, сондай-ақ төлем карточкасы шетелде пайдаланылған жағдайда, өтініштерді алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімде қарайды. Төлем карточкасын ұстаушыға өтініштерді қараудың нәтижелері туралы, оның ішінде жазбаша нысанда ақпарат (төлем карточкасын ұстаушының талабы бойынша) жіберіледі.
Тармақ 13
13. Төлем карточкасының эмитенті ұстаушыдан алған хабарлама негізінде немесе ұстаушы төлем карточкасын пайдалану тәртібін бұзған кезде шартқа сәйкес эмитенттің бастамасы бойынша оны төлем карточкасын ұстаушының оны пайдалануын тоқтата тұрады немесе тоқтатады.
Тармақ 14
14. Төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын пайдалануын тоқтата тұру немесе тоқтату төлем карточкасын ұстаушының және эмитенттің көрсетілген пайдалануды тоқтата тұрған немесе тоқтатқан кезге дейін туындаған міндеттемелерін тоқтатпайды.
Бап 41. 41-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ерекшеліктері
41-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Өздері шығарған төлем карточкалары пайдаланыла отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған операциялар бойынша Қазақстан Республикасының банктері арасындағы төлемдерді өңдеу мен олардың клирингін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жүйелері тізіліміне енгізілген төлем жүйесінің операторы жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының резидент банктері шығарған төлем карточкалары пайдаланыла отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған банкаралық операцияларға қызмет көрсету жүйесін осы жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операциялық және технологиялық функцияларды жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің операциялық орталығына беру не арнайы ұйым құру арқылы ұйымдастыруға құқығы бар. Мұндай арнайы ұйымның қызметін жүзеге асыру және төлем карточкалары эмитенттерінің - банктердің аталған ұйыммен өзара іс-қимыл жасау тәртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тарау 7-1. 7-1-тарау. Цифрлық теңге
7-1-тарау. Цифрлық теңге
Тарау 8. 8-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША
8-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША
Бап 42. 42-бап. Электрондық ақша эмитенттері, иелері және электрондық ақша жүйесінің операторы
42-бап. Электрондық ақша эмитенттері, иелері және электрондық ақша жүйесінің операторы
Тармақ 1
1. Электрондық ақша эмитенттері Қазақстан Республикасының аумағында шығаратын электрондық ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ғана номиналдануға (көрсетілуге) тиіс.
Тармақ 2
2. Электрондық ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шығаруға құқылы.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар;
Тармақша 2
2) агенттер;
Тармақша 3
3) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар электрондық ақша иелері болып табылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Электрондық ақша иесінің құқықтары электрондық ақшаны алған кезден бастап туындайды.
Тармақ 5
5. Жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен асатын сомада электрондық ақшаны иемденген жағдайда, электрондық ақша эмитенті оны сәйкестендіруді жүзеге асыруға міндетті. Электрондық ақша эмитенті шарт негізінде «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға электрондық ақша эмитентінің атынан және тапсырмасы бойынша электрондық ақша иесі – жеке тұлғаны сәйкестендіруді жүзеге асыруға уәкілеттік беруге құқылы. Электрондық ақша иесін сәйкестендіруді электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесінің өзі қатысқан және жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде не банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығынан қолжетімді дереккөздерден алынған мәліметтер негізінде қашықтан сәйкестендіру арқылы жүргізеді.
Тармақ 6
6. Электрондық ақша эмитентінің өзі немесе банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған тиісті шарттың негізінде электрондық ақша жүйесінің операторлары болып табылуы мүмкін. Электрондық ақша эмитенті мен электрондық ақша жүйесінің операторы (егер ол электрондық ақша эмитенті болып табылмаса) арасындағы қатынастар осы Заңмен және олардың арасында жасалған шартпен реттеледі.
Тармақ 6-1
6-1. Мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен электрондық ақша түрінде аударылатын жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызу, есепке алу мен пайдалану, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті мониторингтеу тәртібі мен ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды. Мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған электрондық әмияндардағы электрондық ақшаға өндіріп алуды қолдануға, тыйым салуға, шығыс операцияларын тоқтата тұруға, мүлікке билік етуді уақытша шектеуге, мәмілелер мен өзге де операцияларды жасауды шектеуге жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес және өзіне электрондық ақша эмитенті (эмитенттері) берген өкілеттіктердің негізінде оның (олардың) атынан жеке тұлғалармен, агенттермен, дара кәсіпкерлермен және электрондық ақша жүйесіне қатысатын заңды тұлғалармен шарттар жасасуға құқылы. Бұл жағдайда электрондық ақша иесі электрондық ақша жүйесінің операторымен жасасқан шарт осы шарт жасалған күннен кейін электрондық ақша жүйесіне қатысушылар болған электрондық ақша эмитентін (эмитенттерін) қоса алғанда, бір жүйенің шеңберінде өзі (өздері) шығарған электрондық ақшаны пайдалану кезінде электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шартқа теңестіріледі.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу тәртібін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды айқындайды.
Тармақ 9
9. Электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін осы Заңда, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген талаптарды және шектеулерді ескере отырып қамтамасыз етуге міндетті. Электрондық ақша эмитенті және электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу туралы шарттың талаптарына сәйкес электрондық ақша иесінің алдында электрондық ақшаға рұқсатсыз қол жеткізу немесе оларды рұқсатсыз пайдалану, сондай-ақ электрондық ақша эмитентін бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысындағы не электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуіндегі қателер немесе іркілістер салдарынан электрондық ақша иесіне келтірілген залал үшін жауаптылықта болады. Электрондық ақша эмитенті – банк лицензиясының және (немесе) лицензиясы қосымшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған күннен бастап электрондық ақша жүйесінің операторы осы эмитент шығарған электрондық ақша бойынша операцияларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен тоқтатады.
Бап 43. 43-бап. Электрондық ақшаны шығару және өткізу
43-бап. Электрондық ақшаны шығару және өткізу
Тармақ 1
1. Электрондық ақша эмитенті жеке тұлғалардан немесе агенттерден растауды ұсына отырып, электрондық ақша шығарғаны үшін комиссиялық сыйақыны шегере отырып, өзіне қабылдайтын міндеттемелердің номиналды құнына тең сомада ақша алғаннан кейін электрондық ақша шығаруды жүзеге асырады. «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс істейтін бірыңғай есепке алу жүйесінің электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны шығаруды электрондық ақша эмитенті мынадай жағдайларда: растама беріле отырып, электрондық ақша шығарғаны үшін комиссиялық сыйақыны шегергенде өзіне қабылдайтын міндеттемелердің номиналды құнына тең сомада жеке тұлғалардан немесе агенттерден ақша алғаннан кейін; операцияны табысты авторландыру және оны эмитент банктің және жеке тұлғаның төлем карточкасы пайдаланыла отырып жүзеге асырылған төлем жүйесінің электрондық ақша шығарғаны үшін комиссиялық сыйақыны шегергенде өзіне қабылданатын міндеттемелердің номиналды құнына тең сомада бәс тігуге қатысуға ақы төлеу бойынша растамасы негізінде жүзеге асырады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің электрондық ақша шығаруына қолданылмайды. Электрондық ақша эмитенті өзі шығарған электрондық ақшаны олардың Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы номиналды құнына сәйкес өтеу жөніндегі шартсыз және кері қайтарылмайтын ақшалай міндеттемені қабылдайды.
Тармақ 2
2. Электрондық ақша эмитенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін электрондық ақша шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Электрондық ақша эмитентінің электрондық ақша шығарған кезде комиссиялық сыйақы, сондай-ақ электрондық ақша эмитенті көрсететін қосымша қызметтер үшін ақы алуы жасалған шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Электрондық ақша эмитенті мен олардың иесі – жеке тұлға арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың арасында жасалған электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу шартымен реттеледі.
Тармақ 5
5. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу шарты жасалғанға дейін электрондық ақша эмитенті немесе электрондық ақша иесі атынан әрекет ететін электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша жүйесіне қатысуға ниет білдірген жеке тұлғаға:
Тармақша 1
1) электрондық ақша эмитентінің және электрондық ақша жүйесі операторының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ егер электрондық ақша жүйесінің операторы банк болып табылмаса, оның тіркеу нөмірі туралы;
Тармақша 2
2) электрондық ақшаны пайдалану шарттары туралы;
Тармақша 3
3) электрондық ақша эмитентінің және (немесе) электрондық ақша жүйесі операторының электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу кезінде электрондық ақша иесінен алынатын комиссиялық сыйақыны алу мөлшері мен тәртібі туралы;
Тармақша 4
4) электрондық ақша эмитентімен немесе электрондық ақша жүйесінің операторымен байланысқа арналған ақпаратты қоса алғанда, наразылықтар беру тәсілдері мен оларды қарау тәртібі туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Тармақ 6
6. Осы Заңның 13-бабының 4-тармағында көзделген талаптардан басқа, электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу шартында:
Тармақша 1
1) электрондық ақшаны шығару (сатып алу) талаптары;
Тармақша 2
2) электрондық ақшаны пайдалануға белгіленетін шектеулерді қоса алғанда, электрондық ақшаны пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыру талаптары;
Тармақша 3
3) электрондық ақша иесінің электрондық ақшаға және оларды пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыруға құқықтарын куәландыру тәртібі;
Тармақша 4
4) электрондық ақшаны өтеуге ұсыну тәртібі мен тәсілдері және оны өтеу тәртібі;
Тармақша 5
5) электрондық ақшаны пайдалану кезінде электрондық ақша эмитенті мен олардың иесі арасында ақпарат алмасу тәртібі, оның ішінде электрондық ақша эмитентін электрондық ақшаға қол жеткізуге бақылаудың жоғалғаны немесе оларды рұқсатсыз пайдалану туралы хабардар ету тәртібі мен мерзімдері;
Тармақша 6
6) тараптардың өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы қамтылуға тиіс.
Тармақ 7
7. Агент тараптардың құқықтары мен міндеттері, электрондық ақшаны өткізу және сатып алу тәртібі мен талаптары айқындалатын, электрондық ақша эмитентімен немесе электрондық ақша жүйесінің операторымен жасалған шарттың негізінде жеке тұлғаларға электрондық ақшаны өткізуді не жеке тұлғалардан электрондық ақшаны сатып алуды жүзеге асырады.
Бап 44. 44-бап. Электрондық ақшаны пайдалану және өтеу
44-бап. Электрондық ақшаны пайдалану және өтеу
Тармақ 1
1. Электрондық ақшаны оның иесі азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ электрондық ақша жүйесі қағидаларында айқындалған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шарттарда өзге де операцияларды жүргізу мақсатында пайдаланады.
Тармақ 1-1
1-1. Электрондық ақша пайдаланылатын төлемдер мен өзге де операцияларды олардың иесі электрондық ақшаның сәйкестендірілген иесінің пайдасына жүзеге асырады. Иесі сәйкестендірілмеген жеке тұлға болып табылатын электрондық ақша электрондық ақша эмитентінің өтеуіне және агентке өткізуіне (агенттің сатып алуына) жатпайды.
Тармақ 2
2. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасау кезінде дара кәсіпкердің және (немесе) заңды тұлғаның электрондық ақшаны төлемақы ретінде қабылдауы электрондық ақша эмитентімен не электрондық ақша жүйесіне қатысушы болып табылатын өзге де банкпен жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау кезінде электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны алған дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қабылданған төлем сомасында электрондық ақша эмитентіне ақшаны талап ету құқығы туындайды.
Тармақ 3
3. Электрондық ақша эмитенті және электрондық ақша жүйесінің операторы "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес алаяқтықты және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды анықтау, сондай-ақ болғызбау мақсатында электрондық ақша жүйесінде ұйымдастырушылық пен рәсімдік іс-шараларды қамтамасыз ету және енгізу жөнінде шаралар қабылдайды. Электрондық ақша жүйесінің операторы "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынады. Электрондық ақша эмитенті қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға банк болып табылмайтын электрондық ақша операторлары туралы мәліметтерді олармен тиісті шарт жасасқаннан кейін береді.
Тармақ 4
4. Электрондық ақшаны сәйкестендірілмеген иеленуші жеке тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.
Тармақ 5
5. Электрондық ақшаны сәйкестендірілмеген иеленуші жеке тұлғаның бір электрондық құрылғысында сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайды.
Тармақ 5-1
5-1. Электрондық ақшаны сәйкестендірілмеген иеленуші жеке тұлғаның электрондық әмиянынан электрондық ақша пайдаланыла отырып, жұмыс күні ішінде жасалған төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.
Тармақ 6
6. Егер электрондық ақша эмитенті мен электрондық ақша иесі – жеке тұлға арасында жасалған шартта электрондық ақша эмитентінің немесе электрондық ақша жүйесі операторының өзге комиссиялық сыйақысы көзделмесе, электрондық ақшаны өтеуді электрондық ақша эмитенті оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасын сәйкестендірілген электрондық ақша иесінің – жеке тұлғаның банктік шотына аудару не оған қолма-қол ақшаны беру арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Электрондық ақшаның иесінен электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу кезінде комиссиялық сыйақыны, сондай-ақ электрондық ақшаның эмитенті көрсететін қосымша қызметтер үшін төлемді алу электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Егер электрондық ақша эмитенті мен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға арасында жасалған шартта өзгеше мерзім көзделмесе, электрондық ақша эмитенті азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде жеке тұлғалардан дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған электрондық ақшаны олардың пайдасына электрондық ақша түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеуді жүзеге асырады. Бағалы қағаздармен операцияларды жүргізген, электрондық ақшаны пайдалана отырып, сыйақы төлеген, электрондық ақша пайдалануды ынталандырумен байланысты төлем кезінде заңды тұлғаның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға электрондық ақшаны аударуына жол беріледі. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған электрондық ақша аудару кезінде ақшаны қайтару үшін осы Заңда көзделген негіздер бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәміле бұзылған жағдайда, оларды ақы төлеуші - жеке тұлғаға қайтару кезінде өтелуге жатпайды. Егер электрондық ақша эмитенті немесе электрондық ақша жүйесінің операторы және электрондық ақша иесі арасын да жасалған шартта электрондық ақша эмитентінің немесе электрондық ақша жүйесі операторының өзге комиссиялық сыйақысы көзделмесе, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар иелері болып табылатын электрондық ақшаны өтеу оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасын дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Электрондық ақша иелері және оларға тиесілі сомалар туралы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдаланып жасалған операциялар туралы мәліметтерді тұлғаларға электрондық ақшаның эмитенті не электрондық ақша жүйесінің операторы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабында көзделген негіздер бойынша және шектерде береді.
Тармақ 10
10. Электрондық ақша иесі – жеке тұлғаның банктік шотына немесе электрондық төлем құралына ақша аудару арқылы электрондық ақшаны өтеуді банктік шоттың немесе электрондық төлем құралының осы жеке тұлғаға тиесілілігі туралы растауды алмай жүзеге асыруға тыйым салынады.
Тарау 9. 9-тарау. ТАПСЫРМА НЕМЕСЕ ТАЛАП НЫСАНЫНДАҒЫ НҰСҚАУДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ
9-тарау. ТАПСЫРМА НЕМЕСЕ ТАЛАП НЫСАНЫНДАҒЫ НҰСҚАУДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ
Бап 45. 45-бап. Тапсырма немесе талап нысанында нұсқау беру
45-бап. Тапсырма немесе талап нысанында нұсқау беру
Тармақ 1
1. Тапсырма немесе талап нысанындағы нұсқау электрондық нысанда не қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін. Қағаз жеткізгіштегі нұсқау белгіленген нысандағы бланкіде ресімделеді және:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес деректемелер;
Тармақша 2
2) бастамашының қолтаңбасы және Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғалар шыққан елдің заңнамасына сәйкес мөрі жоқ бейрезидент – заңды тұлғаларын қоспағанда, мөрінің бедері қамтылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Ақша жөнелтушінің банкі нұсқауды және оны кері қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді өзі белгілеген операциялық күн ішінде ғана қабылдауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Егер нұсқау немесе оны кері қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкім ақша жөнелтушінің банкі белгілеген операциялық күн аяқталғаннан кейін алынса, онда осындай нұсқауды немесе өкімді ақша жөнелтушінің банкі келесі операциялық күннің басында алды деп есептеледі.
Тармақ 4
4. Нұсқауды, оны кері қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді беру:
Тармақша 1
1) қағаз жеткізгіште жасамастан, тиiстi электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар желісін пайдалана отырып, электрондық тәсілмен беру арқылы;
Тармақша 2
2) электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар желісін пайдалану мүмкіндігі болмаған кезде электрондық жеткізгіште;
Тармақша 3
3) қағаз жеткізгіште орындалған төлем құжатының, оны кері қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімнің түпнұсқасын ұсыну арқылы жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілерінде белгiленген талаптар сақталған кезде ғана нұсқауды, оны кері қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімді электрондық тәсілмен немесе электрондық жеткізгіште беруге рұқсат етіледі.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының заңнамасында қағаз жеткізгіште ғана пайдаланылуы көзделген нұсқауды электрондық тәсілмен беруге тыйым салынады.
Тармақ 7
7. Егер бастамашы банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиентi болып табылса, бастамашының банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға нұсқау беруінің тәсілдерi, тәртібі және талаптары олардың арасындағы шартта көрсетiледi. Егер бастамашы банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиентi болып табылмаса, онда нұсқау беру осы Заңның нормаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүргiзiледі.
Тармақ 8
8. Нұсқау, оны кері қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкім қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады. Басқа да тілдерді пайдалану мүмкіндігі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мен оның клиенті арасындағы шартта белгіленеді.
Бап 46. 46-бап. Нұсқауды орындау
46-бап. Нұсқауды орындау
Тармақ 1
1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым нұсқауды қабылдаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым нұсқауды жасау, беру тәртібіне қойылатын талаптарға және Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шарт талаптарында белгіленген өзге де талаптарға оның сәйкестігін тексеруге және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, нұсқауда көрсетілген талаптарды сақтай отырып орындауға не оны орындаудан бас тартуға міндетті.
Тармақ 2
2. Төлем тапсырмасы, төлем талабы, төлем хабарламасы, төлем ордері арқылы берілген нұсқауды орындауды ақша жөнелтушінің банкі, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, нұсқауды алған күннен кейінгі операциялық бір күннен кешіктірмей жасайды. Инкассолық өкім арқылы берілген нұсқауды орындауды банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, инкассолық өкімнің белгіленбеген мерзімдерде орындалуын, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, нұсқауды алған күннен кейінгі операциялық үш күннен кешіктірмей жасайды.
Тармақ 3
3. Бір банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бір ұйымда ашылған банктік шоттар арасында ақша аударуды ақша жөнелтушінің банкі операциялық бір күн ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып, нұсқаудыалған күннен кейінгі операциялық үш күннен кешіктірілмей орындалады.
Тармақ 5
5. Ақша жөнелтушінің банкі нұсқауды алған күннен кейінгі операциялық бір күннен кешіктірмей, бас тарту себебін көрсете отырып, нұсқауды орындаудан бас тартуды жасайды. Бенефициардың банкі бас тарту себебін көрсете отырып, нұсқауды алған операциялық күннің ішінде нұсқауды орындаудан бас тартады.
Тармақ 6
6. Егер ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ақша жөнелтуші банк нұсқауды орындау үшін, ақша жөнелтуші оны орындау үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 7
7. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның нұсқауды орындаудан бас тартуы мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) егер шартта төлем қызметтерін берушінің клиентке осы төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру үшін кредит беру бойынша қызметтер көрсетуі көзделмесе, ақша жөнелтуші төлемді және (немесе) аударымды жүзеге асыру үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз етпеген кезде;
Тармақша 2
2) егер нұсқауда қолдан жасау, түзету, толықтыру және бүліну белгілері болса, оның ішінде, нұсқау жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленген рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің тәртібі бұзыла отырып берілсе;
Тармақша 3
3) бастамашы нұсқауды жасау және беру тәртібіне қойылатын талаптарды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шарт талаптарында белгіленген өзге де талаптарды сақтамаған кезде;
Тармақша 4
4) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген не Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда;
Тармақша 4-1
4-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті сатып алуға ақы төлеуді жүзеге асыру кезінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде уәкілетті компаниямен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы тіркелген шарт болмаған жағдайда;
Тармақша 5
5) банктік шоттан ақшаны өндіріп алу туралы талап мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы ақшаны, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаны, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаны, әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаны, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шотқа, сондай-ақ «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шотқа қойылған жағдайларда;
Тармақша 5-1
5-1) қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотқа қойылған жағдайларда;
Тармақша 5-2
5-2) өзіне қатысты «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен банкроттық туралы іс қозғалған немесе өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған борышкердің банктік шотына банктік шоттан ақша өндіріп алу туралы талап қойылған жағдайларда;
Тармақша 6
6) рұқсат етілмеген төлем анықталған кезде, сондай-ақ бенефициардың пайдасына аударылатын ақшаның құқыққа сыйымсыз алынғандығы негізделген фактілер анықталған және расталған жағдайларда;
Тармақша 7
7) клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдері және (немесе) өкімдері, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою, клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы ақшамен қамтамасыз етілмеген актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірінші кезекте орындалуға жататын нұсқаулар болған кезде;
Тармақша 8
8) банктердің «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнатуын реттейтін нормативтік құқықтық актінің талаптарына нұсқау сәйкес келмеген кезде жүргізіледі. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның нұсқауды осы тармақтың бірінше бөлігінің 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша орындаудан бас тартуы инкассалық өкімдерге, сондай-ақ сақталуы ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта көзделген төлем құжаттарына қолданылмайды.
Тармақ 8
8. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алынған нұсқаудың:
Тармақша 1
1) егер банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бенефициарға қызмет көрсетпеген жағдайда, нұсқауды келесі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға беру;
Тармақша 2
2) егер ақша жөнелтушінің банкі бенефициардың банкі болып табылса, ақша аударымын аяқтау;
Тармақша 3
3) егер банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша жөнелтушіге қызмет көрсеткен жағдайда, қолма-қол ақшаны төлеу туралы бұйрықты көрсеткен бастамашыға қолма-қол ақшаны беру талаптарын орындауы нұсқауды орындау болып табылады.
Тармақ 9
9. Бенефициардың банкi өзі орындайтын осындай нұсқауда белгіленген ақша сомасын орындалу мерзімі бенефициардың банкіне нұсқау келіп түскен кезде басталған, бенефициардың үшінші тұлғаның немесе осы банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алдындағы міндеттемесі сомасының орнына үшiншi тұлғаның пайдасына немесе өз пайдасына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан ақшаны алудың кезектiлiгiн сақтауды ескере отырып есепке жатқызуға құқылы.
Бап 47. 47-бап. Нұсқауды көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде беруші арқылы орындау
47-бап. Нұсқауды көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде беруші арқылы орындау
Тармақ 1
1. Осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, төлем қызметтерін бөгде беруші көрсететін төлем қызметі клиенттің көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы берген және сәйкестендіру құралы арқылы расталған келісімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 1-1
1-1. Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен.
Тармақ 2
2. Клиенттің банктік шотына қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы клиенттің нұсқауын алғаннан кейін көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушіге және (немесе) клиентке төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға растауды тез арада жібереді.
Тармақ 3
3. Клиенттің банктік шотына қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиенттің көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы келіп түскен нұсқауларын рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің тәртібін сақтай отырып, осы Заңның 46 – 49-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.
Тармақ 4
4. Белгілі бір төлем жүйесі немесе банктік шотқа қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін берушімен шарттық қатынастар шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы клиенттің нұсқауы өңделген және орындалған жағдайларда, соңғымен өзара есеп айырысулар тәртібі осы төлем жүйесінің қағидаларында немесе шарт талаптарында айқындалады.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде беруші клиенттің және банктік шотқа қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің алдында өзінің қашықтан қол жеткізу жүйесінде жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша рұқсат етілмеген төлемдердің және (немесе) алаяқтық әрекеттердің жүзеге асырылу салдарлары үшін жауаптылықта болады.
Бап 48. 48-бап. Нұсқауларды орындау мерзімдері
48-бап. Нұсқауларды орындау мерзімдері
Тармақ 1
1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым нұсқауды жөнелтуші бастама жасаған күні орындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 53-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бенефициардың банктік шотына немесе бенефициардың пайдасына ақша қабылданғанын көрсететін өзге де шотқа ақшаны есепке жатқызу жөніндегі нұсқауды орындауды бенефициардың банкі нұсқауды алған күнгі операциялық күннің ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының нормалары:
Тармақша 1
1) инкассолық өкім арқылы берілген;
Тармақша 2
2) белгіленбеген мерзімдерде орындалуға жататын;
Тармақша 3
3) валюталаудың алдағы күні көрсетілген;
Тармақша 4
4) негізге алынып халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы мәмілелер бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылатын;
Тармақша 5
5) тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді жеке сауда орнынан сатып алу үшін электрондық төлем құралдарын пайдаланған кезде немесе электрондық сауданы жүзеге асырған кезде клиенттің келісімі түрінде берілген;
Тармақша 6
Тармақша 7
7) қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы арқылы ұсынылған нұсқауларды орындауға қолданылмайды.
Тармақша 8
8) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен. Осы нұсқауларды орындау мерзімдері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарында белгіленеді.
Тармақ 4
4. Бас тарту көрсетілген төлем құжаттарын орындау үшін көзделген мерзімде жасалатын қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы, сондай-ақ инкассалық өкім арқылы ұсынылған нұсқауларды қоспағанда, нұсқауды орындаудан бас тартуды ақша жөнелтушінің банкі бас тарту себептерін көрсете отырып, нұсқауды алған күнгі операциялық күннің ішінде жасайды.
Бап 49. 49-бап. Валюталау күні көрсетілген нұсқауды орындау
49-бап. Валюталау күні көрсетілген нұсқауды орындау
Тармақ 1
1. Төлем құжатында көрсетілген валюталау күні төлем құжатының үзінді көшірмесі жасалған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспауға тиіс.
Тармақ 2
2. Валюталау күні көрсетілген нұсқауды орындау кезінде ақша жөнелтушінің ақшасы ақша жөнелтуші банкінің ішкі баланстық шотына (транзиттік шотына) аударылады.
Тармақ 3
3. Ақша жөнелтушінің ақшасын ақша жөнелтуші банкінің арнайы транзиттік шотына аудару клиенттің нұсқауын орындау үшін осы Заңда белгіленген мерзімдерде, бірақ осы баптың 4 және 5-тармақтарында айқындалған мерзімдерден кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ақша жөнелтуші банкінің арнайы транзиттік шотынан ақша аударуды ақша жөнелтушінің банкі осы баптың 5-тармағында айқындалған тәртіппен бенефициар банкінің ақшаны бенефициардың банктік шотына есепке жатқызуына мүмкіндік беретін уақытты ескере отырып, төлем құжатында көрсетілген валюталау күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Бенефициардың банкі ақшаны бенефициардың банктік шотына валюталау күнімен айқындалған операциялық күн ішінде есепке жатқызады. Егер валюталау күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, онда бенефициардың банкі ақшаны валюталау күні деп айқындалған күннен кейінгі бірінші жұмыс күні бенефициардың банктік шотына есепке жатқызады.
Тармақ 6
6. Төлем құжатында көрсетілген валюталау күніне сәйкес келмейтін операциялық күні ақша бенефициардың банктік шотына есепке жатқызылған кезде валюталау күні көрсетілген нұсқау шарттарын бұзған банк банктік шот шартында айқындалған тәртіппен жауаптылықта болады.
Бап 50. 50-бап. Нұсқауды кері қайтару және орындауды тоқтата тұру
50-бап. Нұсқауды кері қайтару және орындауды тоқтата тұру
Тармақ 1
1. Нұсқауды кері қайтару және нұсқауды орындауды тоқтата тұру бастамашы ақша жөнелтушінің банкіне жіберген тиісті өкімінің негізінде оны орындағанға дейін және (немесе) ақша жөнелтушінің банкі бенефициарға төлемді оның пайдасына қабылдау туралы ақпаратты жібергенге дейін жүзеге асырылады. Кері қайтару туралы өкімді орындау мерзімі, сондай-ақ оны беру тәсілі шартта және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының, аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған инкассолық өкімін кері қайтарып алу «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Нұсқауды кері қайтару немесе нұсқауды орындауды тоқтата тұру туралы өкімді электрондық тәсілмен жіберу кезінде осы өкімдердің бастамашысы мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленген қорғау әрекеттерінің тәртібі сақталады.
Тармақ 3
3. Нұсқауды кері қайтару туралы өкім уақтылы алынған кезде ақша жөнелтушінің банкі осы нұсқау бойынша ақша аударуды жүзеге асырмайды және оны осындай өкімді алған күннен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей, бір мезгілде бастамашыға алынған өкімнің орындалғаны туралы хабарлама жібере отырып қайтарады.
Тармақ 4
4. Нұсқауды орындау «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 92-бабының 6-тармағында және 102-бабында, Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер ақша жөнелтушінің банкіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік шоттағы ақшаға тыйым салу, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы акт, ақша жөнелтушінің банктік шотында немесе ақша жөнелтушінің банкінде шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкiлеттi мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның шешiмi және (немесе) өкімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы нұсқаудан бұрын орындалуға жататын, ақша жөнелтушiнің ақшасын алып қою туралы уәкiлеттi мемлекеттік органның, лауазымды адамның немесе сот орындаушысының шешiмi берілсе, тоқтатыла тұрады. Ақша жөнелтушінің банкі жоғарыда көрсетілген негiздер бойынша нұсқауды орындауды тоқтата тұруға байланысты залалдар үшiн жауаптылықта болмайды.
Тармақ 5
5. Осы Заңның 25-бабының 10-тармағына сәйкес "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы банктер мемлекеттік органдарға, соттарға мәліметтер мен ақпарат берген төлемдерді бюджетке төлеуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша нұсқауды кері қайтарып алуға және нұсқаудың орындалуын тоқтата тұруға жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Төлемді жүзеге асыруға, нұсқауды беруге және орындауға, банктің бенефициарға ақшаны беруіне немесе бенефициардың ақшаны алуына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзіне уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар тыйым салуы және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша ғана тыйым салынуы мүмкін.
Бап 51. 51-бап. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімін орындау
51-бап. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімін орындау
Тармақ 1
1. Ақша жөнелтушімен ақша жөнелтушінің банкі арасында айқындалған шарттарда ақша жөнелтушінің тұрақты өкімін ақша жөнелтуші белгіленген күні және (немесе) кезеңде бенефициардың пайдасына тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін пайдаланады.
Тармақ 2
2. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімінің нысанын және мазмұнына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Тармақ 3
3. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімі ақша жөнелтушінің банкі айқындаған тәртіппен қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда ресімделуі мүмкін. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімі қолданысының күшін жою үшін ақша жөнелтушінің банкі айқындаған тәртіппен ресімделген тиісті хабарлама ақша жөнелтушінің банкіне жіберіледі.
Тармақ 4
4. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімінде ақша жөнелтуші ақысын төлеуді ақша жөнелтушінің банкіне тапсыратын ақша жөнелтушінің ақшалай міндеттемесін растайтын бенефициар құжаттарының (растайтын құжаттар) атауы көрсетілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімінің шарттарына сәйкес немесе ақша жөнелтушінің банкі растайтын құжаттарды алған кезде ақша жөнелтушінің банкі бенефициардың пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ақша жөнелтушінің атынан төлем тапсырмасын қалыптастырады.
Бап 52. 52-бап. Нұсқауды банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы орындау
52-бап. Нұсқауды банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы орындау
Тармақ 1
1. Ақша жөнелтушінің банктік шотын тiкелей дебеттеу:
Тармақша 1
1) ақша жөнелтушi мен ақша жөнелтушінің банкi арасында жасалған және ақша жөнелтушінің ақшалай міндеттемелерін орындау мақсатында берілген талаптарды орындау үшін негіз болып табылатын шартқа;
Тармақша 2
2) ақша жөнелтушi мен банк , ипотекалық ұйым немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым арасында жасалған, қарыз (қарыз шарты, кредиттік желіні ашу туралы келісім немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжат) бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін негіз болып табылатын шартқа, оның ішінде талап ету құқықтары екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға берілген банктік қарыз шартына сәйкес қойылатын төлем талабын не төлем ордерін пайдалана отырып, ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығаруға берген оның алдын ала келісімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ақша жөнелтушi мен ақша жөнелтушінің банкi арасындағы шартта бенефициардың төлем құжаттарын орындауға ақша жөнелтушінің алдын ала келісімі көзделеді және бенефициардың (атауы, сәйкестендіру нөмірі) және шарттың (нөмірі, күні) деректемелері көрсетіледі, осыған сәйкес ақша жөнелтушінің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы төлемді жүзеге асыру үшін бенефициар төлем талабын пайдаланады. Ақша жөнелтушінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттарды көрсете отырып, ақша жөнелтушінің банкіне өтініш беруіне жол беріледі.
Тармақ 3
3. Қарыз шартында, кредиттікжеліні ашу туралы келісімде немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатта ақша жөнелтушінің қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу туралы талап қойылған кезде өзінің банктік шотынан ақшаны алып қоюға келісімі қамтылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Қарыз бойынша берешекті өндіріп алуға арналған төлем талабын қоюды қоспағанда, ақша жөнелтушінің ақшалай міндеттемесін растайтын бенефициардың құжаттары, егер осындай талап олардың арасындағы шартта көзделсе, төлем талабын қойған күннің алдындағы операциялық күннен кешіктірілмей ақша жөнелтушіге жіберіледі.
Тармақ 5
5. Ақша жөнелтушінің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы төлемді жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 6
6. Төлем талабының немесе төлем ордерінің негізінде банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақша алып қоюдың негізділігі үшін бенефициар жауапты болады.
Бап 53. 53-бап. Нұсқауды орындау үшін ақша жөнелтушінің қажетті ақша сомасы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде нұсқауды орындау
53-бап. Нұсқауды орындау үшін ақша жөнелтушінің қажетті ақша сомасы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде нұсқауды орындау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында не ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта сақталуы көзделген нұсқауды орындау үшін ақша жөнелтушінің қажетті ақша сомасы болмаған не жеткіліксіз болған кезде ақша жөнелтушінің банкі алынған нұсқауларды қабылдауға және бір жыл бойы сақтауға міндетті.
Тармақ 2
2. Бенефициар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынужөніндегі әрекеттерді жасамаған кезде бенефициардың банкі жөнелтушіден алынған нұсқауларды қабылдауға және күнтізбелік бір жүз сексен күн бойы сақтауға міндетті. Бенефициар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындамаған жағдайда, бенефициардың банкі күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде мұндай нұсқауларды жөнелтушісіне орындамай қайтаруға міндетті.
Тармақ 3
3. Ақша жөнелтуші банкінің осы баптың 1-тармағында көзделген нұсқауларды орындауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нұсқауларды орындау кезектілігінің сақталуы ескеріле отырып, олардың банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға келіп түсу тәртібінде күнтізбелік кезектілікпен жүргізіледі. Күнтізбелік кезектілік ақша жөнелтушінің банкіне нұсқаулардың келіп түсу күні мен уақытын көздейді.
Тармақ 4
4. Егер осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін ақша жөнелтушінің ақшасы жеткіліксіз болғаннан немесе болмағаннан жөнелтуші берген нұсқау орындалмаса, онда ақша жөнелтушінің банкі, инкассолық өкімді қоспағанда, мұндай нұсқауды жөнелтушісіне орындамай қайтаруға міндетті.
Тармақ 5
5. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі, банкті реттеу режимі қолданылған кезеңде банк қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі, реттеу режимі тоқтатылғанға дейін міндеттемелерінің орындалуы тоқтатыла тұрған нұсқауларды қабылдайды және сақтайды. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі, банкті реттеу режимі тоқтатылған жағдайда, банк мұндай нұсқауды орындамай, оны жөнелтушіге қайтаруға міндетті. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимінде, банкті реттеу режимінде міндеттемелерін орындау тоқтатыла тұрмаған нұсқауларды банк осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған тәртіппен орындайды.
Бап 54. 54-бап. Сот актісін және сот орындаушысының қаулысын орындау
54-бап. Сот актісін және сот орындаушысының қаулысын орындау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы сотының ақша өндіріп алу туралы сот актісі, сондай-ақ сот орындаушысының банктік шоттардың нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны туралы мәліметтерді талап ету және оларға тыйым салу туралы прокурор санкциялаған қаулысы не оның атқарушылық іс жүргізу органының аумақтық бөлімінің мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған көшірмесі, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық банктерге ұсынылады.
Тармақ 2
2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап операциялық үш күн ішінде сотқа (сот орындаушысына) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қажетті мәліметтерді жіберуге міндетті.
Тармақ 3
3. Сот (сот орындаушысы) банктерден көрсетілген мәліметтерді алып, ақшаны өндіріп алу туралы сот актісін орындау жөніндегі міндет жүктелетін банкті (банктерді) айқындайды және мұндай банкке (банктерге) тиісті атқарушылық құжатты не соттың мөрімен куәландырылған көшірмесін қоса бере отырып, нұсқауды жібереді.
Тармақ 4
4. Егер сотта (сот орындаушысында) ақшаны өндіріп алу жүргізілуге тиіс тұлғаның банктік шотында ақшаның бар екендігі туралы мәліметтер болса, онда сот орындаушысының тиісті атқарушылық құжат қоса берілген нұсқауы тікелей тиісті банкке орындау үшін беріледі.
Тармақ 5
5. Соттың (сот орындаушысының) жеке және заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың ағымдағы шоттарының бар екендігі және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы ақпаратты талап етіп алдыруы, сондай-ақ борышкердің банктегі ақшасына тыйым салу қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Бап 54-1. 54-1-бап. Аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған қаулысын орындау
54-1-бап. Аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған қаулысын орындау
Тармақ 1
1. Аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған, аумақтық әділет органы басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, банктік шоттарының нөмірлері және оларда ақшаның болуы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны және оларға тыйым салу туралы мәліметтерді талап ету туралы қаулысы банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.
Тармақ 2
2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттың негізінде, көрсетілген құжатты алған күннен бастап үш операциялық күн ішінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қажетті мәліметтерді атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жіберуге міндетті.
Тармақ 3
3. Аумақтық әділет органы банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан көрсетілген мәліметтерді алып, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға атқарушылық құжат қоса берілген инкассолық өкімді жібереді.
Тарау 10. 10-тарау. ТӨЛЕМДЕРДІ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫН АЯҚТАУ
10-тарау. ТӨЛЕМДЕРДІ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫН АЯҚТАУ
Бап 55. 55-бап. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын аяқтау
55-бап. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын аяқтау
Тармақ 1
1. Егер төлем қолма-қол ақша пайдаланыла отырып жүзеге асырылса, онда пайдасына төлем жасалатын тұлға не бенефициар уәкiлеттік берген тұлға ақшаны алған кезде төлем аяқталады.
Тармақ 2
2. Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдаланбай, төлем құжатын беру арқылы жүзеге асырылса, онда пайдасына төлем жасалатын тұлға ақшаны алған кезде төлем аяқталады.
Тармақ 3
3. Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдаланбай, ақша аударымы арқылы жүзеге асырылса, онда:
Тармақша 1
1) бенефициардың пайдасына ақша түскен кезде оның банктік шоты бойынша бухгалтерлік жазба жасау;
Тармақша 2
2) егер бенефициардың банктік шоты болмаса, бенефициардың банкі бенефициарға қолма-қол ақшаны нақты беруі;
Тармақша 3
3) осы Заңның 46-бабының 9-тармағында көзделген есепке жатқызуды жүргізу;
Тармақша 4
4) бенефициардың пайдасына ақшаның қабылданғанын көрсететін өзге де шот бойынша бухгалтерлік жазба жасау арқылы ақша аударымы аяқталған кезде төлем аяқталады.
Тармақ 4
4. Ақшалай мiндеттеме немесе ақша төлеу туралы бұйрық қамтылатын төлем құжатын (чекті, вексельді) беру арқылы қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру кезінде осы төлем бойынша міндеттемелерді орындау бенефициар чек, вексель бойынша ақша алған кезде аяқталады.
Тармақ 5
5. Егер төлем электрондық ақша беру арқылы жүзеге асырылса, онда пайдасына төлем жасалатын тұлға электрондық ақшаны алған кезде төлем аяқталады. Электрондық ақша жүйесінде қабылданған электрондық ақшаның, оның басқа тұлғаның – бенефициардың пайдасына түскендігін куәландыратын сомасы туралы ақпараттың көрсетілуі электрондық ақшаны алу кезі болып табылады.
Бап 56. 56-бап. Рұқсат етілмеген төлемдер
56-бап. Рұқсат етілмеген төлемдер
Тармақ 1
1. Егер төлемді жасауға өкiлеттiгi бар тұлға осы төлемді жүргізсе және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, рұқсат етілген төлем болып табылады. Төлем ақша аударымы арқылы жүзеге асырылған жағдайда, егер ақша жөнелтушінің банкі нұсқауды рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің белгіленген тәртібін сақтай отырып қабылдаған кезде де, төлем рұқсат етілген болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылған төлем және (немесе) ақша аударымы рұқсат етілмеген болып табылады. Жалған төлем құралдарын пайдалана отырып жүргізілген төлемдер немесе ақша аударымдары да рұқсат етілмеген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында және(немесе) нұсқау бастамашысы мен оны алушы арасындағы және нұсқауларға немесе бастамашының оларды керi қайтарып алу туралы өкiмдерге бастамашылық ету (рұқсат ету) туралы деректердi тексеруге және ықтимал қателердi анықтауға жасалған шартта белгiленген тиiстi нормаларды сақтау рұқсат етілмеген төлемдерден және (немесе) ақша аударымдарынан қорғау болып табылады.
Тармақ 4
4. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе ақша жөнелтуші төлемдерді электрондық төлем құралдарының көмегімен жүзеге асыру кезінде рұқсат етілмеген төлемдерден қауіпсіздік рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді. Қауіпсіздік рәсімдеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тармақ 5
5. Қорғау әрекеттерінің элементтері ретінде уәкілетті адамның (адамдардың) қолтаңбасы, оның ішінде электрондық-цифрлық қолтаңбасы, мөрлер, алгоритмдер, кодтар (цифрлық, символдар қолданылатын әріптік және аралас), сәйкестендіруші сөздер немесе сәйкестендіру кодтары, шифрлау, биометрикалық деректер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қорғаудың өзге де тәсілдері пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Қауіпсіздік рәсімдері төлемдерге және(немесе) ақша аударымдарына қатысушылар арасында жасалған шарттарда және (немесе) электрондық құжаттар беру жүзеге асырылатын электрондық құжаттар алмасу жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында белгіленеді.
Бап 57. 57-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақшаны қайтару
57-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақшаны қайтару
Тармақ 1
1. Ақша аудару кезiнде ақшаны қайтару:
Тармақша 1
1) ақша аудару арқылы жүзеге асырылатын төлемнiң рұқсат етілмегендік фактiсi анықталған;
Тармақша 2
2) қате нұсқау орындалған;
Тармақша 3
3) егер бенефициар банктің корреспонденттік шоты бойынша орындалмаған талаптар немесе шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін ақшаға билік етуге шектеулер болса, ақша аударымын алу кезінде бенефициар банктің клиенті болып табылмайтын адамның пайдасына ақша түскен;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабында көзделген;
Тармақша 5
5) бенефициардың банкі қылмыстық қудалау органының прокурор келіскен, транзакцияны алаяқтық деп тану және қаулыда көрсетілген клиентке осы Заңның 25-1-бабында көзделген тәртіппен бұғатталған ақша сомасын қайтару қажеттілігі туралы қаулысын алған жағдайларда жүзеге асырылады. Ақшаны қайтару тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Егер нұсқауда:
Тармақша 1
1) алдыңғы жөнелтушіден алынған нұсқаудың деректемелеріне сәйкес келмейтін деректемелер болса;
Тармақша 2
2) қайталап берілген болса, бастамашы жіберген нұсқау қате болып табылады.
Тармақ 3
3. Қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша ақшаны, сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген тәртіппен бұғатталған ақшаны қайтаруды бенефициардың банкі бенефициардың көрсетілген ақша есепке жатқызылған банктік шотынан ақшаны оның келісімінсіз алып қоюы арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 3-1
3-1. Осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда ақшаны қайтару ақша жөнелтушінің мекенжайына жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша ақшаны, сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген тәртіппен бұғатталған ақшаны қайтаруды бенефициардың банкі төлемді және (немесе) ақша аударымын қате нұсқау немесе оған рұқсат етпеу фактісі анықталған күннен бастап немесе прокурор келіскен, қылмыстық құдалау органының транзакцияны алаяқтық деп тану туралы қаулы алынған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей, бенефициардың банктік шотында бар ақша есебінен, оның ішінде, егер банктік шот бойынша банктік шоттағы ақшаға тыйым салу және (немесе) мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілер және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері және (немесе) белгіленбеген мерзімдерде орындалуға жататын орындалмаған нұсқаулар болған жағдайда жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Бенефициардың банктік шотында ақша жеткіліксіз болған не болмаған жағдайларда, қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша ақшаны қайтаруды қате нұсқауға немесе рұқсат етілмеген төлемге және (немесе) ақша аударымына жол берген жөнелтуші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өз ақшасы есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ақшаны қайтару қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем және (немесе) ақша аударымы орындалған күннен бастап үш жыл өткен соң жүргізілмейді.
Тармақ 7
7. Ақшаны қайтарған кезде ақша аударуға қатысатын әрбір жөнелтушінің қате нұсқауға немесе рұқсат етілмеген төлемге және (немесе) ақша аударымына жол берген ақша аударуға қатысушының (оның ішінде делдал банктің) ақшасы есебінен осындай ақша аударымына байланысты және ақшаны қайтару салдарынан шеккен нақты шығыстарды өтетуге құқығы бар.
Тармақ 8
8. Қате немесе рұқсат етілмеген төлемдер және (немесе) аударымдар бойынша ақшаны қайтару тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Тарау 11. 11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 58. 58-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
58-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Тармақ 1
1. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер нұсқауда көрсетілгеннен басқа бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда көрсетілгеннен басқа сомаға жасалған төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқаудан негізсіз бас тартқаны немесе оны уақтылы орындамағаны не нұсқауды тиісінше орындамағаны үшін төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушылар өздерінің арасындағы шартта және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауаптылықта болады. Клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтқаны үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. Осы Заңда бас тарту көзделген жағдайларда төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқауларды орындағаны үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. Клиенттің банктік шотынан ақша алудың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілігін бұзғаны үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. Төлем агенттері және (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы төлем қызметтерін көрсеткен кезде осы Заңда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. Өзіне қабылдаған міндеттемелер сомасына сәйкес келмейтін сомаға электрондық ақша шығарғаны үшін, сондай-ақ электрондық ақша иесін сәйкестендірмей үш айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға электрондық ақша шығарғаны үшін, сондай-ақ бір операцияның ең жоғары сомасы, электрондық ақшаны электрондық әмиянда сақтау сомасы және электрондық әмиян арқылы пайдаланылған электрондық ақшаның жалпы сомасы бойынша белгіленген шектеулерден асатын сомаға операциялар жасаған кезде электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны пайдалануға жол бергені үшін электрондық ақша эмитенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жеке тұлғалардан алған электрондық ақшаны эмитенттің өтемегені, уақтылы және толық өтемегені үшін электрондық ақша эмитенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру кезінде (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету кезінде) төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдауға міндетті дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғаның оларды қабылдаудан бас тартқаны үшін және (немесе) дара кәсіпкерлерде және заңды тұлғаларда төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмағаны үшін осы Заңның 25-бабының 11-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтерді не төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеуі мәселелері бойынша өзге есептілікті белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер және ақша аударымдары лимитін бірнеше мәрте (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзғаны үшін не көрсетілген лимиттің орындалғаны туралы мәліметтердің бұрмалануына әкелген есептілікті жасағаны үшін банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады.
Тармақ 2
2. Егер нұсқау орындалмаса, онда алдыңғы жөнелтушіден алынған нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған көрсетілетін төлем қызметтерін беруші (оның ішінде делдал банк) оның алдында жауаптылықта болады. Егер ақша аударымы бенефициар банкінің кiнәсiнен орындалмаса, ақша жөнелтуші азаматтық-құқықтық мәміле бойынша бенефициардың алдында төлем бойынша жауаптылықта болмайды.
Тармақ 3
3. Егер ақша аударымдарын жасау қағидаларын бұзу төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушының басқаның ақшасын құқыққа сыйымсыз пайдалануымен байланысты болса, мұндай қатысушы ақшасын құқыққа сыйымсыз пайдаланған тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тұрақсыздық айыбын төлейді.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші, егер ол төлемді жүзеге асыру кезінде қорғау әрекеттерінің тәртібін сақтамаса, бірақ бұл ретте бенефициар ақшаны:
Тармақша 1
1) нұсқауда айқындалған;
Тармақша 2
2) бенефициар үшiн қолайлы мерзiмде;
Тармақша 3
3) нұсқауда айқындалған сомада алса;
Тармақша 4
4) егер ақша жөнелтушiге де, бенефициарға да нұқсан (залал) келтiрiлмесе, жауаптылықта болмайды.
Тармақ 5
5. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілерді, уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдерін және (немесе) өкімдерін, банктік шот бойынша ақшаға тыйым салу туралы актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сотының ақшаны өндіріп алу туралы сот актілерін, сот орындаушысының банктік шоттардың нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны туралы мәліметтерді талап ету және оларға тыйым салу туралы қаулыларын бұзғаны не орындамағаны үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауаптылықта болады.
Тармақ 6
6. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда ақша жөнелтушіні сәйкестендіруді жүргізу жөніндегі талаптарды бұза отырып, төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру салдарынан алаяқтық фактісі жөніндегі қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылған клиентке заңды күшіне енген сот актісін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ақшаны өтейді.
Бап 59. 59-бап. Өтпелі ережелер
59-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген төлем құжаты жасалған қарыз шартына, кредиттік желі ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабына теңестіріледі және осы Заңда айқындалған тәртіппен орындалуға жатады.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ төлем жүйелерінің операторлары осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай ішінде өз қызметін оның талаптарына сәйкес келтіруге тиіс.
Тармақ 3
3. Осы Заңның 5-бабының 5-тармағында және 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген талаптар осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы Заңның 13-бабының 6-тармағы, қашықтан қол жеткізу және (немесе) электрондық терминалдар арқылы көрсетілетін электрондық төлем қызметтеріне арналған тарифтерді қоспағанда, көрсетілетін қызметтерді беруші алатын комиссиялардың барлық түріне қолданылады.
Бап 60. 60-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
60-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң:
Тармақша 1
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 32-баптың 6-тармағын;
Тармақша 2
2) 2017 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 13-баптың 8, 9 және 10-тармақтарын, 47 және 48-баптарын;
Тармақша 2-1
2-1) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 35-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацын;
Тармақша 3
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 35-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацын;
Тармақша 4
4) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 2-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. 46-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мен 5-тармағының бірінші бөлігі және 59-баптың 4-тармағы 2017 жылғы 1 маусымға дейін қолданылады.
Тармақ 3
3. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат) күші жойылды деп танылсын.