Об ипотеке недвижимого имущества Қолданыста
Басқа 0
Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
📌 Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша сөздер ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427, актінің нысаны мен тақырыбына өзгерту енгізілді, бүкіл мәтін бойынша сөздер алмастырылды - 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлiк – жер учаскелерi, сондай-ақ үйлер, ғимараттар және жермен берiк байланыстағы өзге де мүлiктер, яғни олардың мақсатына шектен тыс нұқсан келтiрмей орнын ауыстыру мүмкiн болмайтын объектiлер;
Тармақша 2
2) жылжымайтын мүлiк ипотекасы (ипотека) – кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк немесе ондағы үлесi кепiл берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепiл түрi;
Тармақша 3
3) ипотекалық қарыз – жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген қарыз, оның ішінде банктік қарыз немесе синдикатталған қарыз;
Тармақша 4
4) ипотекалық тұрғын үй қарызы – тұрғынжай салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық банктік қарыз;
Тармақша 5
5) ипотекалық ұйым – қызметінің айрықша түрі осы Заңда көзделген қызмет болып табылатын заңды тұлға;
Тармақша 6
6) ипотекалық шарт – тараптардың негiзгi мiндеттеменi қамтамасыз етуде ипотеканы белгiлеу туралы келiсiмi;
Тармақша 7
7) ипотеканы өткiзу – ипотеканың мәнi болып табылатын мүлiктi өткiзу;
Тармақша 8
8) кепiл берушi – жылжымайтын мүлкi немесе ондағы үлесi ипотеканың мәнi болып табылатын тұлға;
Тармақша 9
9) кепiл ұстаушы – негiзгi міндеттеме бойынша мүдделерi ипотекамен қамтамасыз етiлген тұлға;
Тармақша 10
10) негiзгi мiндеттеме – ипотекамен толық немесе iшiнара қамтамасыз етiлген борыштық немесе өзге де мiндеттеме;
Тармақша 11
11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
Тармақша 12
12) сенiм бiлдiрiлген тұлға – соттан тыс тәртiппен ипотеканы өткiзудi жүргiзетiн тұлға;
Тармақша 13
13) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
📌 Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.03. N 427, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 2. 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы Заңмен мiндеттемелердi қамтамасыз ету жолы ретiнде мүлiк ипотекасын қолдану кезiнде туындайтын қатынастар реттеледi. Егер осы Заңмен өзге ережелер белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көрiнiс тапқан кепiл туралы жалпы ережелер мүлiк ипотекасына қолданылады. Осы Заң пен басқа да заң актiлерi арасында мүлiк ипотекасын реттеу бөлiгiнде қайшылықтар туындаған жағдайда осы Заңның нормалары қолданылады.
Тармақ 2
2. Шартқа байланысты туындайтын ипотека туралы осы Заңның ережелерi тиiсiнше заң актiсiнiң негiзiнде туындайтын ипотекаға қолданылады.
Тармақ 3
3. Жер учаскелерiнiң ипотекасы мен оларға құқықтардың ерекшелiктерi жер туралы заңдарда көзделуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Ипотекалық ұйымдарға осы Заңда көзделген банк операцияларын жүзеге асыру үшін лицензия алуға, сондай-ақ олардың қызметін реттеуге байланысты қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Тармақ 5
5.
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын ипотекалық ұйымдарға және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және
уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
📌 Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.12.23. № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.
Бап 2-1. 2-1-бап. Жылжымайтын мүлік ипотекасы және ипотекалық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
2-1-бап. Жылжымайтын мүлік ипотекасы және ипотекалық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Ипотекалық ұйымдардың міндеттемелерін қамтамасыз ету және қызметін жүзеге асыру үшін жылжымайтын мүлік ипотекасын қолданудың құқықтық негіздерін белгілеу жылжымайтын мүлік ипотекасы және ипотекалық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Ипотекалық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ипотекалық ұйымдардың қызметін реттеу, ипотекалық ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау;
Тармақша 2
2) кепіл берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Тармақ 3
3. Ипотекалық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
Тармақша 2
2) ипотекалық ұйымдар қызметінің ашықтығы;
Тармақша 3
3) ипотекалық ұйымдардың жауапкершілігі.
📌 Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 3. 3-бап. Негiзгi мiндеттеменi ипотекамен қамтамасыз етудiң шектерi
3-бап. Негiзгi мiндеттеменi ипотекамен қамтамасыз етудiң шектерi
Тармақ 1
1. Ипотека ипотекалық қарыз шарты немесе өзге де мiндеттеме бойынша кепiл ұстаушыға қарыздың негiзгi сомасының толық немесе ипотека шартында көзделген бөлiгiнде төленуiн қамтамасыз етедi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, ипотекалық қарыз шартын қамтамасыз етуге белгiленген ипотека, сол сияқты кредиторға кредиттiң пайдаланылғаны үшiн өзiне тиесiлi сыйақының (мүдденiң) де төленуiн қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, ипотека кепiл ұстаушының талаптарын оларды қанағаттандыру сәтiндегi көлемiне қарай:
Тармақша 1
1) негiзгi мiндеттеменiң орындалмауынан, мерзiмi кешiктiрiлуiнен немесе өзге де тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген шығындарды өтеудi;
Тармақша 2
2) негiзгi мiндеттеменiң орындалмауы, орындалу мерзiмiнiң кешiктiрiлуi немесе өзге де тиiсiнше орындалмауы үшiн айып (айыппұл, өсiм) төлеудi;
Тармақша 3
3) негiзгi мiндеттемеде не заң актiлерiнде көзделген бөгде адамның ақшаны заңсыз пайдаланғаны үшiн айыпақыны қоса қамтамасыз етедi.
Тармақ 3
3. Ипотека сонымен қатар:
Тармақша 1
1) сот шығындарын және кепiлге берiлген мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға байланысты өзге де шығыстарды өтеудi;
Тармақша 2
2) ипотеканы өткiзу жөнiндегi шығыстардың өтелуiн қамтамасыз етедi.
Тармақ 4
4. Егер ипотека шартында ипотекамен қамтамасыз етiлген кепiл ұстаушының талаптарының жалпы нақты сомасы көрсетiлсе, борышқордың кепiл ұстаушы алдындағы осы сомадан асатын бөлiгiндегi мiндеттемелерi, осы Заңның осы бабының 3-тармағында және 4-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, ипотекамен қамтамасыз етiлген болып саналмайды.
📌 Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 2003.06.03. N 427 Заңдарымен.
Бап 4. 4-бап. Кепiл ұстаушының қосымша шығыстарын ипотекамен қамтамасыз ету
4-бап. Кепiл ұстаушының қосымша шығыстарын ипотекамен қамтамасыз ету
Кепiл ұстаушы ипотека шартының ережелерiне сәйкес немесе кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету қажеттiгiне орай, оны ұстау және күзету не осы жылжымайтын мүлiкке байланысты салықтар, алымдар немесе коммуналдық төлемдер бойынша кепiл берушiнiң берешегiн өтеу жөнiнде шығыстар тартқан жағдайларда кепiл ұстаушының мұндай қажеттi шығыстарын өтеу кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң есебiнен қамтамасыз етiледi.
Бап 5. 5-бап. Ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiк ипотекасы
5-бап. Ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiк ипотекасы
Тармақ 1
1. Бiрлескен ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiкке ипотека бұған барлық меншiк иелерiнiң жазбаша келiсiмi болған жағдайда белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Ортақ үлестiк меншiкке қатысушы ортақ мүлiктегi өз үлесiне құқығын басқа меншiк иелерiнiң келiсiмiнсiз кепiлге бере алады.
Тарау 1-1. 1-1-тарау. Ипотекалық ұйым
1-1-тарау. Ипотекалық ұйым
📌 Ескерту. 1-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 5-1. 5-1-бап. Ипотекалық ұйымды құру
5-1-бап. Ипотекалық ұйымды құру
Тармақ 1
1. Ипотекалық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес акционерлік қоғам нысанында құрылады.
Тармақ 2
2. Ипотекалық ұйымның атауында "ипотекалық ұйым" деген сөздер болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ипотекалық ұйым ретінде тіркелмеген заңды тұлға ипотекалық ұйым деп аталына алмайды.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талаптар Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Ипотекалық ұйым уәкілетті орган берген лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады.
📌 Ескерту. 5-1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.06.2020 № 341-VI (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 5-2. 5-2-бап. Ипотекалық ұйымның қызметі
5-2-бап. Ипотекалық ұйымның қызметі
Тармақ 1
1. Ипотекалық ұйым қызметінің негізгі түрі банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензияның негізінде ипотекалық банктік қарыз беру болып табылады.
Тармақ 2
2. Ипотекалық ұйым мынадай қосымша операцияларды:
Тармақша 1
1) сенімгерлік операцияларды: сенім білдірушінің мүддесіне орай және оның тапсырмасы бойынша ипотекалық банктік қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқаруды;
Тармақша 2
2) факторингтік операцияларды: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып немесе қабылдамай, ақшалай талапты басқаға беріп қаржыландыруды;
Тармақша 3
3) форфейтингтік операцияларды (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемелерін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеуді;
Тармақша 4
4) лизинг қызметін;
Тармақша 5
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген шектеулерді ескере отырып, цифрлық қаржы активтерін меншікке сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 3
3. Ипотекалық ұйымға лицензия беру, оны тоқтата тұру және одан айыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Тармақ 4
4. Ипотекалық ұйым мынадай қызмет түрлерін:
Тармақша 1
1) осы баптың 6-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, инвестициялық қызметті;
Тармақша 2
2) кез келген ақпарат тарату түрлерінде ипотекалық кредит беру мәселелері жөніндегі арнайы әдебиетті сатуды;
Тармақша 3
3) өз мүлкін сатуды;
Тармақша 4
4) кепілге салынған мүліктерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатуды;
Тармақша 5
5) өз қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді;
Тармақша 6
6) бағалы қағаздарды, оның ішінде облигацияларды шығару мен орналастыруды;
Тармақша 6-1
6-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген шектеулерді ескере отырып, цифрлық қаржы активтерін шығаруды;
Тармақша 7
7) ипотекалық ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыруды;
Тармақша 8
8) ипотекалық кредит беру саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 4-1
4-1. Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы осы баптың 1, 2, 4 және 5-тармақтарында көзделген қызметпен және операциялармен қатар:
Тармақша 1
1) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған уәкілетті ұйымға және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде құрылысты жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қарыздар беруге;
Тармақша 1-1
1-1) банктік қарыз операцияларын: «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шартты алған салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үйлер кешенінде осы қарызды қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы үлесті сатып алу үшін ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен қарыздар беруді жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және жарғыда көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 5
5. Ипотекалық ұйым өз қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржыландыру көздерін пайдалануға құқылы.
Тармақ 6
6. Ипотекалық ұйымға:
Тармақша 1
1) қаржы ұйымдарының;
Тармақша 2
2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша енгізілген, қаржылық ұйымдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың;
Тармақша 3
3) ипотекалық ұйымдардың қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Ипотекалық ұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсынады.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 1-тармағында айқындалған адамдар ипотекалық ұйымның басшы қызметкерлері болып табылады.
📌 Ескерту. 5-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.01.2007 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 09.06.2020 № 341-VI (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан
қараңыз) заңдарымен.
Бап 5-3. 5-3-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті
5-3-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті
📌 Ескерту. 5-3-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган ипотекалық ұйымдарға қатысты мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ипотекалық ұйымдарға осы Заңда көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар береді;
Тармақша 2
2) алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 3
3) пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді белгілейді;
Тармақша 4
4) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ипотекалық ұйымдардың қызметін реттеу саласында ипотекалық ұйымдардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6
6) ипотекалық ұйымдардың қызметіне дербес не басқа ұйымдарды тарта отырып тексеру жүргізеді;
Тармақша 6-1
6-1) ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 1-1
1-1. Алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1-2
1-2. Уәкілетті орган Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына қатысты осы Заңның 5-2-бабының 1, 2, 4-тармақтарында және 4-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет пен операциялар бөлігінде осы баптың 1-тармағында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) заңымен.
Тармақ 3
3. Ипотекалық ұйым қаржылық және (немесе) өзге де есептілігіндегі деректерді түзету жөніндегі жазбаша нұсқамада көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындамаған кезде, уәкілетті орган пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді есептеуді өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 5-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі); 09.06.2020 № 341-VI (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.09.2025 № 219-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5-4. 5-4-бап. Қадағалап ден қою шаралары мен өзге де шаралар
5-4-бап. Қадағалап ден қою шаралары мен өзге де шаралар
📌 Ескерту. 5-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ипотекалық ұйым Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның қызметінде кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықталған кезде, уәкілетті орган ипотекалық ұйымға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 83-бабында көзделген қадағалап ден қою шаралары мен өзге де шараларды қолданады.
Ескерту. 5-4-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР
16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5-5. 5-5-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік қолдау
5-5-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік қолдау
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік қолдау:
ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау;
тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау жолымен жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 2-тарау 5-5-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 09.06.2020 № 341-VI (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5-6. 5-6-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы органның құзыреті
5-6-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы органның құзыреті
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы орган тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мақсатында:
Тармақша 1
1) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 4
4) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 2-тарау 5-6-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР
09.06.2020 № 341-VI (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 2. 2-тарау. Ипотека шарты
2-тарау. Ипотека шарты
Бап 6. 6-бап. Ипотека шартының нысаны
6-бап. Ипотека шартының нысаны
Тармақ 1
1. Ипотека шарты жазбаша нысанда жасалып, оған кепiл берушi мен кепiл ұстаушы, сондай-ақ егер кепiл берушi борышқор болмаса (заттай кепiлгер) борышқор да қол қояды.
Тармақ 2
2. Ипотека шарты ипотеканы тіркеу үшін негіз болып табылады. Ипотека құқығы ол тіркелген кезден бастап туындайды.
Тармақ 3
3. Ипотека шартын нотариалдық куәландыру тараптардың қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Кепiл берушiнiң құқықтары ипотека куәлiгiн беру арқылы расталуы (ресiмделуi) мүмкiн.
📌 Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді- ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7. 7-бап. Ипотека шартының мазмұны
7-бап. Ипотека шартының мазмұны
Тармақ 1
1. Ипотека шартында мыналар көрсетiлуге тиiс:
Тармақша 1
1) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының, сондай-ақ, егер кепiл берушi (заттай кепiлгер) негiзгi мiндеттеме бойынша борышкер болмаса, борышкердiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жерi (орналасқан жерi);
Тармақша 2
2) негiзгi мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi мен орындалу мерзiмi;
Тармақша 3
3) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң тiзбесi мен мекен-жайы;
Тармақша 4
4) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiк сол бойынша кепiл берушiнiң меншiгi болып табылатын құқықтың атауы (меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы және басқалары);
Тармақша 4-1
4-1) кепіл берушінің кепіл мүлкін соттан тыс өткізу рәсімінің шеңберінде оның бағалау құнын айқындау үшін қарыз берушіге және (немесе) бағалаушыларға кепіл мүлкіне қолжетімділік ұсыну міндеті;
Тармақша 4-2
4-2) қарыз алушы өзі жауап беретін, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кепіл берушінің кепіл ұстаушының талаптарын соттан тыс тәртіппен қанағаттандыру мүмкіндігіне келісуі;
Тармақша 4-3
4-3) кепіл берушінің жеке басына байланысты өзгерістер болған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде кепіл берушінің қарыз ұстаушыға осындай барлық өзгерістер туралы ақпарат беру міндеті.
Кепіл берушінің жеке басына байланысты өзгерістерге оның тұрғылықты жерінің өзгеруі, тегінің, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) ауысуы, жеке басты куәландыратын құжаттарды ауыстыруы, кепіл берушімен байланысу үшін пайдаланылатын байланыс ақпаратының және байланыс тәсілінің өзгеруі жатады;
Тармақша 5
5) тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша ипотека шартында келiсiмге қол жеткiзiлуге тиiс және заңдарда тыйым салынбаған өзге де шарттар.
Тармақ 1-1
1-1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ипотекалық шартта қарыз сомасын және ол бойынша сыйақыны мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету құқығын көрсетуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Егер негiзгi мiндеттеме бөлiнiп орындалуға тиiс болса, ипотека шартында тиiстi төлемдердiң мерзiмi мен кезеңдiлiгiн және олардың мөлшерiне осы мөлшердi анықтауға мүмкiндiк беретiн талаптар көрсетiлуге тиiс.
📌 Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03. № 427; 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 8. 8-бап. Кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы ережелердi бұзудың салдарлары
8-бап. Кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы ережелердi бұзудың салдарлары
Тармақ 1
1. Ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 315-бабының 2-тармағындағы ережелер бұзылып, иелiктен шығарылған кезде кепiл ұстаушы өз таңдауына қарай:
Тармақша 1
1) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы мәмiленiң күшi жойылған деп танылуын;
Тармақша 2
2) негiзгi мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын және кiмнiң меншiгi екенiне қарамастан, кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiлуiн талап етуге хақылы.
Соңғы жағдайда, егер кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi сатып алушы жылжымайтын мүлiктiң ережелер бұзылып иелiктен шығарылуы туралы оны сатып алу сәтiнде бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, онда мұндай сатып алушы ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалмағаны үшiн кепiл берушiмен бiрге көрсетiлген жылжымайтын мүлiктiң құны шегiнде жауап тартады.
Тармақ 2
2. Кепiл берушi ипотека куәлiгiн берген кезде оның кепiлдiкке берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығаруына жол берiлмейдi.
Ол жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген салдарлар туындайды.
Бап 9. 9-бап. Ипотека шарты жөнiндегi құқықтарды беру
9-бап. Ипотека шарты жөнiндегi құқықтарды беру
Ипотека шарты бойынша құқықтарды беру, талаптардан бас тарту ережелерi сақтала отырып, ал ипотека куәлiгi берiлген жағдайда осы Заңның 16-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады және мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Бап 9-1. 9-1-бап. Ипотека шартының талаптарын өзгерту
9-1-бап. Ипотека шартының талаптарын өзгерту
Негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту, осы баптың екінші бөлігінде,
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 2-тармағында, 97-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында, 132-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-3-бабының 2-тармағында «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-3-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қол қойған өзге де адамдардың) негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қосымша келісім жасасуы арқылы ресімделеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
57-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда, негізгі міндеттеме туралы шарттың және ипотекалық шарттың талаптарын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым біржақты тәртіппен өзгертуі мүмкін.
Ипотека куәлігі болған кезде оның мазмұнын өзгертуді болжайтын негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту ипотека куәлігіне осы Заңның 13-1-бабында көзделген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
📌 Ескерту. 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.26. № 311; өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.
Бап 10. 10-бап. Ипотека затына үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы кепiл ұстаушыны ескерту
10-бап. Ипотека затына үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы кепiл ұстаушыны ескерту
Ипотека шарты жасалған кезде кепiл берушi, тiптi, бұл құқықтар белгiленген тәртiппен тiркелмесе де, ипотеканы тіркеу сәтiнде өзiне белгiлi ипотека затына барлық үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы кепiл ұстаушыны ескертуге тиiс. Бұл ереженiң орындалмауы кепiл ұстаушыға негiзгi мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын немесе ипотека шарты уағдаластықтарының өзгертiлуiн талап етуге құқық бередi.
📌 Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді- ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 11. 11-бап. Ипотека шартына қосымшалар
11-бап. Ипотека шартына қосымшалар
Ипотека шартына ипотеканың талаптарын және/немесе осы шарт бойынша кепiл ұстаушының құқықтарын жүзеге асыру үшiн қажеттi талаптарды айқындайтын құжаттар қоса берiлуi мүмкiн.
Тарау 3. 3-тарау. Ипотека куәлiгi
3-тарау. Ипотека куәлiгi
Бап 12. 12-бап. Ипотека куәлiгi ұғымы
12-бап. Ипотека куәлiгi ұғымы
Тармақ 1
1. Ипотека куәлiгi оның заңды иесiнiң:
Тармақша 1
1) негiзгi мiндеттеме бойынша орындалуды алуға;
Тармақша 2
2) негiзгi мiндеттеме бойынша орындалуды алу мақсатында кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға құқығын куәландыратын ордерлiк бағалы қағаз болып табылады.
Тармақ 2
2. Ипотека куәлігі бір данада жасалады және кепіл ұстаушыға беріледі. Ипотека куәлігі оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша парақтар түрінде ресімделетін қосымшамен толықтырылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Ипотека шартының барлық данасында ипотека куәлiгiнiң берiлгенi туралы белгi соғылады.
Тармақ 4
4. Ипотекалық тұрғын үй қарызы немесе оның бiр бөлiгi бойынша ипотека нысанасы болып табылатын бiр ғана жылжымайтын мүлiкке қатысты бiр ипотека куәлiгiнен артық жасауға жол берiлмейдi.
📌 Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427, 2007.07.26. N 311 Заңдарымен.
Бап 13. 13-бап. Ипотека куәлiгiнiң мазмұны
13-бап. Ипотека куәлiгiнiң мазмұны
Тармақ 1
1. Ипотека куәлiгiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:
Тармақша 1
1) құжаттың атауына енгiзiлген "Ипотека куәлiгi" сөздерi;
Тармақша 2
2) кепiл берушiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
Тармақша 3
3) кепiл ұстаушының аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
Тармақша 4
4) егер борышқор негiзгi мiндеттеме бойынша кепiл берушi болмаса, борышқордың аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
Тармақша 5
5) ипотека шарты жасалған күн мен орны;
Тармақша 6
6) егер олар төленуге тиiс болса, негiзгi мiндеттеменiң сомасы мен сыйақының мөлшерiн көрсету;
Тармақша 7
7) егер олар төленуге тиiс болса, негiзгi мiндеттеменiң сомасы мен сыйақысын төлеу мерзiмiн көрсету, ал егер бұл сома және немесе сыйақы бөлiнiп төленуге тиiс болса, тиiстi төлемдердiң мерзiмi мен кезеңдiлiгiн және әрқайсысының мөлшерiн немесе оларды айқындауға мүмкiндiк беретiн шарттарды көрсету;
Тармақша 8
8) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң тiзбесi мен мекен-жайы;
Тармақша 9
9) ипотеканың мәнi болып табылатын мүлiктiң кепiл берушiнiң меншiгi болып табылатынын айқындайтын құқықтың атауы;
Тармақша 10
10) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiкке немесе осы мүлiктiң бiр бөлiгiне басқа да ипотека куәлiктерi бар екенiн, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша ипотека куәлiктерiн қоспағанда, бұл жылжымайтын мүлiк немесе оның бiр бөлiгi жалға берiлген бе немесе оның өзге де ауыртпалығы бар екенiн немесе жоқ екенiн көрсету;
Тармақша 11
11) кепiл берушiнiң қойған қолы;
Тармақша 12
12) ипотека куәлiгiнiң берiлу күнi;
Тармақша 13
13) ипотекалық куәлікке қосымша.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптардың сақталмауы, сондай-ақ тазартулар мен түзетулердiң болуы ипотека куәлiгiн жарамсыз етедi.
📌 Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427, 2007.07.26. N 311 Заңдарымен.
Бап 13-1. 13-1-бап. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу
13-1-бап. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу
Тармақ 1
1. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгеннен кейін ипотека куәлігіне қосымша парақтарды қоса беру арқылы жүзеге асырылады.
Ипотека куәлігіне қосымшада негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына қосымша келісімнің нөмірі мен жасалған күні, сондай-ақ ипотека шартына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәні көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Ипотека куәлігінің иесі кепіл берушіден ипотека куәлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және оларды мемлекеттік тіркеуді талап етуге құқылы.
Тармақ 3
3. Кепіл беруші және (немесе) борышкер ауысқан жағдайда, егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, ипотека шартына қосымшада жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің деректері (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері), сондай-ақ жаңа кепіл берушінің қойған қолы көрсетілуге тиіс.
Кепіл ұстаушыны ауыстыру осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 311 Заңымен.
Бап 14. 14-бап. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асырудың шарттары және мiндеттемелердiң орындалуы
14-бап. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асырудың шарттары және мiндеттемелердiң орындалуы
Тармақ 1
1. Осы Заңда немесе ипотека шартында көзделген өз құқықтарын жүзеге асыру кезiнде ипотека куәлiгiнiң иесi оны кепiл берушiге көрсетуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Негiзгi мiндеттеменi орындаған кепiл берушi өзiне ипотекалық куәлiк берiлуiн талап етуге құқылы. Негiзгi мiндеттеменi iшiнара орындаған кепiл берушi мiндеттеменiң тиiстi бөлiгiнiң орындалғаны туралы ипотекалық куәлiкке кепіл ұстаушы (ипотека куәлігінің иесі) кепіл берушінің жазбаша өтініші бойынша жүргізетін белгiнi талап етуге құқылы. Ипотекалық куәлiк жаңа иесiне берiлген кезде iшiнара орындалғаны туралы белгi мiндеттi түрде қойылады.
Тармақ 3
3. Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiнде болуы не ипотека куәлiгiнде негiзгi мiндеттеменiң iшiнара орындалғаны туралы белгiнiң болмауы, егер өзге жәйт дәлелденбесе, осы мiндеттеменiң немесе, тиiсiнше, оның бөлiгiнiң орындалмағанын айғақтайды.
Тармақ 4
4. Ипотека куәлiгiнiң кепiл берушiде болуы, егер өзге жәйт дәлелденбесе, ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалғанын айғақтайды.
Тармақ 5
5. Ипотека куәлiгi бойынша мiндеттемелердi орындау осы баптың 6-тармағында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Ипотека куәлiгi бойынша құқықты беру жазбасын (индоссаменттi) жасау жолымен беретiн ипотека куәлiгiнiң заңды иесi, егер мемлекеттiк тiркеуге дейiн ипотекалық куәлiкте ол "маған арналмаған айналым" деген сөздердi жазған жағдайда, ипотека куәлiгi бойынша құқықты жүзеге асырғаны үшiн жауапты болмайды.
📌 Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427, 2007.07.26. N 311 Заңдарымен.
Бап 15. 15-бап. Ипотека куәлiгiн тiркеу
15-бап. Ипотека куәлiгiн тiркеу
Ипотека куәлiгiн беру, ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оны кейiннен басқа иелерiне беру ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiк орналасқан жерде, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен, мемлекеттiк тiркеуге жатады.
📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 311 Заңдарымен.
Бап 16. 16-бап. Ипотека куәлiгi жөнiндегi құқықтарды беру
16-бап. Ипотека куәлiгi жөнiндегi құқықтарды беру
Тармақ 1
1. Ипотека куәлiгi жөнiндегi құқықтарды беру онда басқа тұлғаның пайдасына берiлгенi туралы жазба жасау және ипотека куәлiгiн осы тұлғаға беру арқылы жүзеге асырылады.
Берiлу жазбасында ипотека куәлiгi жөнiнде құқықтар берiлетiн тұлғаның аты-жөнi (атауы) дәлме-дәл және толық көрсетiлуi тиiс. Ипотека куәлiгiндегi бланкiлiк берiлу жазбасы жарамсыз болып саналады.
Берiлу жазбасына ипотека куәлiгiнде көрсетiлген кепiл ұстаушы, ал егер бұл жазба бастапқы болып табылмаса - алдыңғы жазбада көрсетiлген ипотека куәлiгiнiң иесi қол қоюға тиiс.
Тармақ 2
2. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтардың басқа тұлғаға берiлуi онымен бiрге негiзгi мiндеттемелер бойынша құқықтардың да осы тұлғаға берiлгенiн бiлдiредi.
Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiне негiзгi мiндеттеме бойынша кепiл ұстаушының құқықтары мен кредитордың құқықтарын қоса, оның мазмұнынан туындайтын барлық құқықтар тиесiлi.
Тармақ 3
3. Егер осы ипотека куәлiгiне құқықтары ондағы берiлу жазбаларының үздiксiз қатарына негiзделсе, ипотека куәлiгiнiң иесi заңды болып саналады.
Егер ипотека куәлiгiнің берiлу жазбаларын жасаған тұлғалардың қайсыбiрiнiң иелiгiнен қолды болуы немесе осы тұлғаның еркiнен тыс басқа бiр ретпен шығып қалғаны дәлелденiп, бұл туралы ипотека куәлiгiнiң иесi оны сатып алған кезде бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, оның иесi заңсыз болып саналады.
Тармақ 4
4. Ипотека куәлiгiнiң басқа тұлғаларға кейiннен берiлуiне тыйым салатын ондағы жазбалар жарамсыз деп танылады.
📌 Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 311 Заңдарымен.
Бап 17. 17-бап. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды қалпына келтiру
17-бап. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды қалпына келтiру
Тармақ 1
1. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды сот iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен қалпына келтiредi.
Тармақ 2
2. Егер жоғалтып алған ипотека куәлiгiнде жасалған барлық берiлу жазбалары түгел анықталса, кепiл ұстаушы үшiншi тұлғаға берген ипотека куәлiгi бойынша құқықтар қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Сот шешiмiнiң негiзiнде кепiл берушi оған "көшiрме" деген белгi соғып, ипотека куәлiгiнiң көшiрмесiн бередi.
Бап 18. 18-бап. Ипотека куәлiгiн кепiлге беру
18-бап. Ипотека куәлiгiн кепiлге беру
Тармақ 1
1. Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiнiң мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуде ипотека куәлiгiн кепiлге беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ипотека куәлiгiн кепiлге берумен қамтамасыз етiлген мiндеттеме орындалмаған жағдайда ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы негiзгi мiндеттеме бойынша құқықтардың осы Заңның 16-бабында көзделген тәртiппен, шарттармен және салдарлармен өзiне берiлуiн талап етуге хақылы. Бұл құқықтарды беруден бас тартылған жағдайда ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы мұндай құқықтардың өзiне ауыстырылуын сот тәртiбiмен талап ете алады.
Тармақ 3
3. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтар өзiне берiлген немесе сотпен ауыстырылған ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы ипотека куәлiгi мен негiзгi мiндеттеменiң шарттарына сәйкес ипотеканың мәнiнен айыпақы өндірiп алуға хақылы.
Ипотеканы өткiзу нәтижесiнде алынған сома ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысының борышын өтеуге, қалған сомасы жылжымайтын мүлiктi кепiлге берген тұлғаға осы Заңның 36-бабының талаптары ескерiлiп берiледi.
Тармақ 4
4. Ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы мен ипотека куәлiгiн кепiлге берушiнiң келiсiмiмен ипотека куәлiгiнде ипотека куәлiгiнiң кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме сомасын түскен ақшадан ұстап қалу үшiн ипотека куәлiгiн белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн сатуға кепiл ұстаушыға құқық беретiн арнайы кепiлдiк берiлу жазбасы жасалуы мүмкiн.
📌 Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427 Заңымен.
Бап 19. 19-бап. Ипотека куәлiгiнiң күшiн тоқтату
19-бап. Ипотека куәлiгiнiң күшiн тоқтату
Тармақ 1
1. Ипотека куәлiгiнiң күшi:
Тармақша 1
1) одан туындайтын құқықтар жүзеге асырылған ретте;
Тармақша 2
2) ол кепiл берушiге ерiктi берiлген ретте;
Тармақша 3
3) егер одан туындайтын талаптар негiзгi мiндеттеме бойынша борышқорларға негiзгi мiндеттеменi орындау мерзiмi басталғаннан кейiн бiр ай өткенге дейiн қойылмаса;
Тармақша 4
4) ипотеканың мәнi жоғалған жағдайда тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көзделген негiздер бойынша ипотека куәлiгiнiң күшi тоқтатылған жағдайда ипотека куәлiгi иесiнiң негiзгi мiндеттеменi орындау құқықтары сақталады.
Тарау 4. 4-тарау. Ипотеканы өткiзу
4-тарау. Ипотеканы өткiзу
Бап 20. 20-бап. Ипотеканы өткiзу негізі мен тәсілдері
20-бап. Ипотеканы өткiзу негізі мен тәсілдері
Тармақ 1
1. Борышкер өзі жауап беретін, ипотекамен қамтамасыз етiлген міндеттемені орындамаған жағдайда, кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру үшін кепiлге салынған мүлiкке өндiрiп алу қолданылуы мүмкін.
Тармақ 1-1
1-1. Кепіл беруші жеке тұлғаның тұрғын үйімен қамтамасыз етілген және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық банктік қарыз шарты бойынша кепіл ұстаушы алдындағы міндеттемелерін орындау мақсатында осы Заңның 20-1-бабында белгіленген тәртіппен кепілге салынған мүлікті дербес өткізуге құқылы.
Тармақ 2
2. Кепiл ұстаушы өз талаптарын:
Тармақша 1
1) ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу;
Тармақша 2
2) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында не ипотека шартында немесе тараптардың кейiнгi келiсiмiнде көзделген болса, ипотеканы сот тәртiбінен тыс өткiзу;
Тармақша 3
3) осы Заңның 32-бабына сәйкес сауда-саттық өткiзiлмеді деп жарияланған жағдайда, кепiлге салынған мүлiктi өз меншiгiне айналдыру арқылы қанағаттандыруға құқылы.
📌 Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.07.2015 № 333-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 20-1. 20-1-бап. Кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын
жылжымайтын мүлікті дербес өткізуі
20-1-бап. Кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын
жылжымайтын мүлікті дербес өткізуі
Тармақ 1
1. Кепіл беруші жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікке өндіріп алуды ықтимал қолдану туралы өзі хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде кепіл ұстаушының алдында көрсетілген мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат беруге құқылы.
Тармақ 2
2. Кепіл берушінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішхатын алған кепіл ұстаушы он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде аталған өтінішхатты қарауға және егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл беруші мен борышкерге ипотека нысанасын өткізудің ең төмен бағасын көрсете отырып, банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабарлама жіберіп, кепіл берушіге ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсынуға міндетті.
Егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл ұстаушы кепіл беруші мен борышкерге жіберетін, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсыну туралы хабарламада өзге мәліметтерден басқа:
ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті ең төмен бағадан төмен емес бағамен өткізуге нұсқау;
ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мерзімінің өту күні;
мәжбүрлеп орындау шараларын тоқтата тұру және ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуден түсетін ақшаны кепіл ұстаушының банк шотына есепке жатқызу қажеттігі туралы хабар болуға тиіс.
Ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізудің кепіл ұстаушы белгілейтін ең төменгі бағасы жасалған күнінен бастап алты айдан аспайтын уақыт өткен бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау құнының жетпіс бес пайызын құрауға тиіс.
Бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу кепіл ұстаушы осы мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсыну туралы хабарлама жіберген күннен бастап үш ай ішінде жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлікті дербес өткізудің неғұрлым ұзақ мерзімі ипотека шарты тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл ұстаушы кепіл беруші мен борышкерді ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсыну туралы хабардар етпеген жағдайда, кепіл беруші кепіл ұстаушыға жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін үш ай мерзімде осы жылмымайтын мүлікті кепіл берушінің бастамасы бойынша жүргізілген, жасалған күнінен бастап алты ай өтпеген бағалау туралы есепте көрсетілген жылжымайтын мүліктің бағалау құнының жетпіс бес пайызынан төмен емес бағамен өткізуге құқылы.
Тармақ 4
4. Кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде өткізбеген жағдайда, кепіл ұстаушы осы Заңның 20-бабында көрсетілген тәсілдермен мұндай мүлікті өткізуге құқылы.
📌 Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 21. 21-бап. Ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу
21-бап. Ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу
Тармақ 1
1. Ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу кепiл ұстаушының қуынымы бойынша сот шешiмiне сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiктi сату iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен ашық сауда-саттықта сату арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Егер борышқор жол берген негiзгi мiндеттеменi бұзушылық мардымсыз болса және осының салдарынан кепiл ұстаушының қойған талаптарының мөлшерi кепiлге берiлген мүлiктiң құнына анық сәйкес келмесе, ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға рұқсат берiлмеуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiп алу туралы шешiм қабылдаған кезде сот мыналарды анықтап, шешiмiнде көрсетуге тиiс:
Тармақша 1
1) оны сату аяқталғаннан кейiн айқындалатын жылжымайтын мүлiктi сақтау және өткiзу жөнiндегi шығыстар сомасын қоспағанда, кепiлге берiлген мүлiктiң құнынан кепiл ұстаушыға төленуi тиiс барлық сомаларды; проценттiк ара қатынаста есептелетiн сомалар үшiн сыйақы есептелетiн сома, сыйақының мөлшерi және ол есептелуге тиiс кезең;
Тармақша 2
2) құнынан кепiл ұстаушының талаптары қанағаттандырылатын, ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымалы мүлiк;
Тармақша 3
3) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi өткiзу кезiнде бастапқы сату бағасы;
Тармақша 4
4) егер олар қажет болатын болса, жылжымалы мүлiктi өткiзiлгенге дейiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар.
Тармақ 4
4. Кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша дәлелдi себептерi болса, сот кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндірiп алу туралы шешiмде оның iске асырылуын, егер:
Тармақша 1
1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 2
2) ипотеканың мәнi ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң құрамындағы жер учаскесi болып табылса бiр жыл мерзiмге дейiн кейiнге қалдыруға хақылы.
Кепiлге берiлген жылжымалы мүлiктi өткiзудi кейiнге қалдыру тараптардың негiзгi мiндеттеме жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды және борышқорды кредитордың кейiнге қалдырылған мерзiмде ұлғайған шығындарын, оған тиесiлi сыйақы мен айыпты өтеуден босатпайды.
Егер кепiл берушi өзiне берiлген кейiнге қалдыру мерзiмiнiң шегiнде кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандырған болса, сот кепiл берушiнiң мәлімдеуі бойынша бұл шешiмдi өзгертедi.
Тармақ 5
5. Ипотеканы өткiзудi кейiнге қалдыруға мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) егер ол кепiл ұстаушының қаржы жағдайын елеулi түрде нашарлатуға әкелуi мүмкiн болса;
Тармақша 2
2) егер кепiл берушiге немесе кепiл ұстаушыға қатысты оны банкрот деп тану туралы iс қозғалса, жол берiлмейдi.
📌 Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03. № 427; 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 22. 22-бап. Ипотеканы өткiзудi тоқтату
22-бап. Ипотеканы өткiзудi тоқтату
Үшiншi тұлға (заттай кепiлгер) болып табылатын борышкер және (немесе) кепiл берушi кепiл нысанасын сату өткiзiлгенге дейiн кез келген уақытта кепіл ұстаушының талаптарын, оларды ипотекалық шарт талаптарына сәйкес қанағаттандырған кезге қарай оларда қандай талаптар бар болса, сондай көлемде орындап, оған қатысты өндіріп алуды және оның өткiзiлуiн тоқтатуға құқылы. Осы құқықты шектейтiн келiсiм жарамсыз болады.
Егер сот тәртібінен тыс сауда-саттық өткізу туралы хабарландыру бірінші рет жарияланған күнге дейін борышкер - жеке тұлға және (немесе) үшiншi тұлға (заттай кепiлгер) болып табылатын кепiл берушi кепіл нысанасын сатып алу бағасы кепіл ұстаушының талаптарын іс жүзінде қанағаттандырған кезге қарай оларда қандай талаптар бар болса, сондай көлемде кепіл ұстаушының талаптарын жабатын сатып алушының кепіл ұстаушыға кандидатурасын ұсынса, осы тұлғаның артықшылықпен сатып алу құқығы болады. Бұл жағдайда кепіл ұстаушы кепіл нысанасын сатудан бас тартпауға тиіс.
Кепіл нысанасын артықшылықпен сатып алу құқығы бар адам кепіл ұстаушыға өзінің кандидатурасы сатып алушы ретінде ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өзі ұсынған сатып алу бағасын төлемеген кезде, кепіл ұстаушы осы Заңда белгіленген тәртіппен соттан тыс сауда-саттық өткізеді.
📌 Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 23. 23-бап. Ипотеканы өткiзуге байланысты шығыстарды өтеу
23-бап. Ипотеканы өткiзуге байланысты шығыстарды өтеу
Ипотеканы өткiзуге байланысты кепiл ұстаушының тартқан шығыстары оған кепiлге берiлген мүлiктiң құнынан өтеледi.
Бап 24. 24-бап. Ипотеканы сот тәртібінен тыс өткiзу рәсiмi
24-бап. Ипотеканы сот тәртібінен тыс өткiзу рәсiмi
Тармақ 1
1. Ипотеканы сот тәртібінен тыс өткiзу рәсiмi сенiм бiлдiрілген адам ұйымдастыратын кепiлге қойылған мүлiкке сауда-саттық өткiзу арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Сенiм бiлдiрiлген адамды тараптар ипотека шартында не ипотека нысанасын соттан тыс тәртіппен өткізу кезіндегі келісімде айқындайды.
Егер күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін сенім білдірілген адам тараптардың келісімімен айқындалмаған жағдайда, оны кепіл ұстаушы тағайындайды.
Тармақ 3
3. Кепiл ұстаушының талаптарын соттан тыс тәртiппен қанағаттандыруға:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлiк ипотекасына басқа адамның немесе органның келiсiмi талап етілген және осындай келiсiм алынбаған;
Тармақша 2
2) қоғам үшiн елеулi тарихи, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар жылжымайтын мүлiк ипотеканың нысанасы болып табылған;
Тармақша 3
3) ортақ меншiктегi және оның меншiк иелерiнiң қайсыбiрi кепiл ұстаушының талабын соттан тыс тәртiппен қанағаттандыруға жазбаша келiсiм бермеген жылжымайтын мүлiк ипотеканың нысанасы болып табылған;
Тармақша 4
4) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 5
5) тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі ипотеканың нысанасы болып табылған жағдайларда жол берілмейді.
Аталған жағдайларда кепiлге қойылған мүлiкті өндiрiп алу тек сот шешiмiмен ғана жүргiзiледi.
📌 Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.
Бап 25. 25-бап. Соттан тыс сауда-саттық жүргiзуге қойылатын талаптар
25-бап. Соттан тыс сауда-саттық жүргiзуге қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Сауда-саттық өткiзiлгенге дейiн мынадай рәсiмдер орындалуға тиiс:
Тармақша 1
1) сенiм бiлдiрілген тұлға жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жасайды, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi және кепiл берушiге табыс етеді. Хабарламаны тiкелей беру мүмкiн болмаған кезде ол кепiл берушiге оның ипотекалық шартта көрсетiлген мекенжайы бойынша тапсырысты хатпен жiберiледi;
Тармақша 2
2) кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу құқығын іске асырмаған немесе кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті осы Заңның 20-1-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде немесе ипотекалық шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленген мерзімде, бiрақ осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес хабарлама кепiл берушiге табыс етілген немесе жөнелтілген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен ерте емес мерзімде өткізбеген жағдайларда, сенiм бiлдiрілген адам кепiлге салынған мүлікті бағалауды жүргізеді және кепiлге салынған мүлiкке сауда-саттық туралы хабарлама жасайды, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi, кепiл ұстаушыға және кепiл берушiге бағалау туралы есепті және кепілге салынған мүліктің сауда-саттығы туралы хабарламаны табыс етеді немесе кепіл шартында көрсетілген мекенжайы бойынша оларға тапсырысты хатпен жібереді,
сондай-ақ осы Заңның 28-бабына сәйкес сауда-саттық туралы хабарландыруды ресми жариялайды;
Тармақша 3
3) сауда-саттық туралы құлақтандыру алғаш рет жарияланған сәттен бастап сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүлiкке қатысты барлық мәмiлелерге тыйым салынады, ал егер мәмiлелер жасалған болса, олар жарамсыз деп танылады;
Тармақша 4
4) сауда-саттық туралы құлақтандыру алғаш рет жарияланған сәт пен оның өткiзiлу сәтiне дейiн кемiнде он күн өтуге тиiс.
Тармақ 1-1
1-1. Кепілге салынған мүлікті бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметке ақы төлеу кепіл ұстаушыға жүктеледі.
Кепілге салынған мүлікті бағалау туралы есеппен келіспеген кепіл беруші «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген бағалау бойынша қорытынды алу үшін бағалаушылар палатасының сараптама кеңесіне жүгіне алады не оған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасай алады.
Бағалаушылар палатасының сараптама кеңесінің теріс қорытындысы не соттың бағалау туралы есепті анық емес деп тануы сенім білдірілген адамның жаңа бағалауды тағайындауы үшін негіз болып табылады. Бағалаушылар палатасының сараптама кеңесі теріс қорытынды берген жағдайда, тапсырыс беруші бағалау туралы есептің сараптамасы үшін төлеген ақыны бағалау туралы есепті жасаған бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға өтейді.
Сенім білдірілген адам алты ай ішінде кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізбеген жағдайда, оны қайта бағалау жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама алғаннан кейiн кепiл берушi ипотеканы өткiзуге негiздердiң жоқтығы жөнiнде қуыныммен сотқа жүгiнуге хақылы.
Кепiл берушi сол сияқты осы Заңның 21-бабының 4-тармағында көзделген шарттарға орай ипотеканы өткiзудi кейiнге қалдыру туралы шағыммен сотқа жүгiнуге хақылы.
Қуыныммен (арызбен) сотқа жүгiну осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген мерзiмнiң өтуiн тоқтата тұрады.
📌 Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 № 427; 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 26. 26-бап. Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарламаның мазмұны
26-бап. Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарламаның мазмұны
📌 Ескерту. 26-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарламада мынадай мәліметтер қамтылуға тиiс:
Тармақша 1
1) кепiл берушiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
Тармақша 2
2) кепiл ұстаушының аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
Тармақша 3
3) орындалмаған мiндеттемелердiң қысқаша баяны;
Тармақша 4
4) негiзгi мiндеттеменiң қорытылған жиынтығы;
Тармақша 5
5) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң жорамалды сатылуына дейiн кепiл берушi төлеуге тиiс барлық өзге де алымдар, шығындар және шығыстардың қорытылған жиынтығы;
Тармақша 6
6) барлық берешектердiң хабарлама алынған сәттен бастап отыз күн iшiнде толық өтелуi туралы ұсыныс;
Тармақша 7
7) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiкке сауда-саттық өткiзудiң мүмкiндiгi туралы ескерту;
Тармақша 7-1
7-1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7-2
7-2) жеке тұлға болып табылатын кепіл берушінің хабарлама табыс етілген немесе тапсырысты хатпен алынған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде кепіл ұстаушының алдында жеке тұлғаның тұрғын үйімен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық банктік қарыз бойынша ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат беру құқығы туралы шарт;
Тармақша 8
8) сенiм бiлдiрген тұлғаның аты-жөнi (атауы), тұрғылықты жері (орналасқан жері).
📌 Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 № 427; 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 27. 27-бап. Сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаның мазмұны
27-бап. Сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаның мазмұны
Сауда-саттық өткiзу туралы хабарламада мынадай деректер болуға тиiс:
Тармақша 1
1) кепiл берушiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
Тармақша 2
2) кепiл ұстаушының аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
Тармақша 3
3) орындалмаған мiндеттемелердiң қысқаша баяны және ипотеканы өткiзу есебiнен қанағаттандырылуға тиiс кепiл берушiнiң кепiл ұстаушының алдындағы барлық берешектерiнiң жалпы сомасы;
Тармақша 4
4) ипотеканың мәнi болып табылатын және сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүліктің атауы, сыны мен сипаттамасы;
Тармақша 5
5) сауда-саттықты өткiзудiң уақыты мен орны;
Тармақша 6
6) сенiм бiлдiрілген тұлғаның аты-жөнi (атауы), тұрғылықты жері (орналасқан жері) және телефон нөмiрi.
Бап 28. 28-бап. Сауда-саттық туралы құлақтандыру және оны жариялау
28-бап. Сауда-саттық туралы құлақтандыру және оны жариялау
Тармақ 1
1. Сенiм бiлдiрілген адам сауда-саттық өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он күн бұрын жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша Қазақстан Республикасы облысының, республикалық маңызы бар қаласының, астанасының аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында және кепіл ұстаушының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық туралы хабарландыру жариялайды.
Тармақ 2
2. Сауда-саттық туралы құлақтандыруда мынадай деректер болуға тиiс:
Тармақша 1
1) сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүлiктiң атауы, сыны мен сипаттамасы;
Тармақша 2
2) жылжымайтын мүлiктiң дәл орны;
Тармақша 3
3) егер ол сауда-саттық шарттарында көзделген болса, сауда-саттыққа қатысушының кепiлдi жарнасының сомасы;
Тармақша 4
4) сатып алу бағасын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi;
Тармақша 5
5) сауда-саттықты өткiзу уақыты мен орны;
Тармақша 6
6) сауда-саттықты өткiзетiн сенiм бiлдiрiлген тұлғаның аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері), анықтамалар мен төлем деректемелерi үшiн берiлетiн оның телефон нөмiрi.
Егер бұл мүмкiн болса және оған ешқандай кедергi болмаса, сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүлiктiң нақ өзiнiң көрнектi тұсына сауда-саттық туралы құлақтандырудың бiр данасы оны өткiзуден кемiнде он күн бұрын iлiнiп қойылады.
📌 Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2003.06.03 N 427, 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 29. 29-бап. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу
29-бап. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу
Тармақ 1
1. Сауда-саттықты сенiм бiлдiрiлген тұлға ұйымдастырып, өткiзедi.
Тармақ 2
2. Сауда-саттық елдi мекенде (қалада, ауданда, поселкеде, ауылда) мүлiк орналасқан жерде өткiзiледi.
Тармақ 3
3. Сауда-саттық аптаның кез келген күнi 9-дан 18 сағатқа дейiнгi уақытқа тағайындалады.
📌 Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 30. 30-бап. Сауда-саттыққа қатысушылар
30-бап. Сауда-саттыққа қатысушылар
Сауда-саттыққа:
кепіл ұстаушыны және оның жұмыскерлерін, сондай-ақ тізбесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған онымен үлестес тұлғаларды;
егер оның жұмыскері, құрылтайшысы, қатысушысы, сондай-ақ осы заңды тұлғамен шарт арқылы байланысқан, соған сәйкес ол заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы тұлға сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, заңды тұлғаны;
егер оның жақын туысы, жұбайы (зайыбы) сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, жеке тұлғаны;
жылжымайтын мүлікті бағалаған бағалаушыны, сондай-ақ оның жақын туыстарын, жұбайын (зайыбын);
сенім білдірілген адамды қоспағанда, кез келген заңды тұлғалар мен азаматтардың қатысуға құқығы бар.
📌 Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 31. 31-бап. Кепiлдiк жарна және сатып алу бағасын төлеу
31-бап. Кепiлдiк жарна және сатып алу бағасын төлеу
Тармақ 1
1. Сауда-саттық басталар алдында сенiм бiлдiрген тұлға әрбiр сауда-саттыққа қатысушыдан кепiлдiк жарнасын енгiзудi немесе жорамал сатып алу құнын оның төлеуге қабiлеттi екенiн растайтын өзге де дәлелдердi талап етуге хақылы. Сауда-саттық аяқталар алдында сенiм бiлдiрген тұлға ақырғы бағаны ұсынған сауда-саттыққа қатысушыдан осы соманы толық көлемде қолма-қол ақшамен, банк чегi түрiнде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де есеп айырысу жолдарымен дереу енгiзудi не сауда-саттық аяқталғаннан кейiн сауда-саттық туралы құлақтандыруда көрсетілген жолдармен және мерзімде аталған бағаны оның төлеуге қабiлеттiлiгiнің дәлелдерiн талап етуге хақылы.
Тармақ 2
2. Сатып алушы дереу төлем жасаудан бас тартқан не оның сауда-саттық туралы құлақтандыруда көзделген мерзiмде төлем жасау мүмкiндiгiне дәлелi болмаса, ол сауда-саттыққа қатысушылар құрамынан шығарылады да, сауда-саттық жалғастырылады деп саналады. Оны жалғастыру мүмкiндiгi болмаған, сондай-ақ сауда-саттықта сатып алған мүлiкке сатып алушы төлем жасамаған жағдайда, осы Заңда белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн жаңа сауда-саттық тағайындалады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Қатысушылардың кепiлдiк жарналары сауда-саттық аяқталғаннан кейiн қайтарылуға тиiс. Сауда-саттықты ұтқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу бағасының есебiне жатқызылады.
Сауда-саттықты ұтқан, бiрақ сатып алу бағасын төлемеген қатысушының кепiлдiк жарнасы сенiм бiлдiрген тұлғаның қарамағында қалады және ол бұны осы Заңның 28-бабында белгiлеген тәртiппен пайдаланады.
📌 Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 32. 32-бап. Сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялау
32-бап. Сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялау
Тармақ 1
1. Сенiм бiлдiрiлген тұлға, егер:
Тармақша 1
1) сауда-саттыққа бiр ғана сатып алушы келсе;
Тармақша 2
2) сауда-саттықта ұтқан тұлға сатып алу бағасын белгiленген мерзiмде енгiзбесе, сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялайды.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдаяттардың бiрi орын алса, келесi күнi сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялануға тиiс.
Тармақ 3
3. Бiр ғана сатып алушы қатысқандықтан, сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланған кезде кепiл ұстаушы мүлікті бағалаушы жасаған бағалау туралы есеп негiзiнде сот шешiмiмен белгіленген немесе сенiм бiлдiрілген тұлға белгiлеген ағымдағы бағалау құны бойынша өз меншiгiне айналдыруға немесе жаңа сауда-саттық тағайындауды талап етуге хақылы.
Осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген негiздер бойынша сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде кепiл ұстаушы кепiлге берiлген жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасасу арқылы сатып алуға хақылы.
Бұл ретте ипотека шарты тоқтатылады.
Синдикатталған қаржыландыру кезінде, егер тең кепіл ұстаушылар арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, кепілге қойылған мүлікті өз меншігіне айналдырудың бірінші кезектегі құқығы борышкердің неғұрлым көп сомадағы берешегі бар тең кепіл ұстаушыға тиесілі.
Кепілге қойылған мүлікті өз меншігіне айналдырған тең кепіл ұстаушы бағалаушы жасаған бағалау туралы есеп негізінде сот шешімімен белгіленетін немесе сенім білдірілген тұлға белгілейтін бағалау құнын негізге ала отырып, қалған тең кепіл ұстаушыларға олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне барабар ақша сомасын он жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.
Тармақ 4
4. Жаңа саудаласу туралы құлақтандыру осы Заңның 28-бабына сәйкес жарияланады.
📌 Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2000.11.08. N 96, 2003.06.03. N 427; 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 33. 33-бап. Сотқа жүгiну құқығы
33-бап. Сотқа жүгiну құқығы
Кепiл берушi, сондай-ақ егер ол кепiл берушi болып табылмаса, негiзгi мiндеттеме бойынша борышқор сауда-саттық өткiзудiң рәсiмi бұзылған жағдайда жылжымайтын мүлiк орналасқан жердегi сотта оның нәтижелерiн 3 ай iшiнде даулауға хақылы.
Қуыным жасау арызын беру сауда-саттық нәтижесiнен туындайтын iс-әрекеттiң жасалуын тоқтатпайды.
Бап 33-1. 33-1-бап. Соттан тыс сауда-саттықты
жарамсыз деп тану негіздері
33-1-бап. Соттан тыс сауда-саттықты
жарамсыз деп тану негіздері
Соттан тыс сауда-саттық мынадай негіздер бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) осы Заңның 24-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлардың болуы;
Тармақша 2
2) жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы және ипотекалық шартты тіркеген органның сауда-саттықты ықтимал өткізуі туралы хабарламаны тіркеудің болмауы;
Тармақша 3
3) сауда-саттық туралы хабарландыру алғашқы жарияланған кезден бастап және оны өткізген кезге дейін осы Заңның 25-бабы 1-тармағының
4) тармақшасында көзделген мерзімнің бұзылуы;
Тармақша 4
4) егер қарыз алушының кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындау мерзімінің өтуі жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама табыс етілген кезге екі айдан аз болса;
Тармақша 5
5) осы Заңның 28-бабына сәйкес жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, Қазақстан Республикасының астанасы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында сауда-саттық туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде жариялаудың болмауы;
Тармақша 6
6) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес мерзімді баспа басылымдарында сауда-саттық туралы хабарландырудың сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен аз мерзімде жариялануы;
Тармақша 7
7) осы Заңның 26 және 27-баптарында көзделген хабарламаларда мәліметтердің болмауы;
Тармақша 8
8) сауда-саттық туралы хабарландыруда осы Заңның 28-бабының
2-тармағында көзделген ақпараттың болмауы;
Тармақша 9
9) осы Заңның 29-бабында көзделген талаптардың бұзылуы;
Тармақша 10
10) сенім білдірілген тұлғада сауда-саттық өткізуге өкілеттіктердің болмауы.
📌 Ескерту. Заң 33-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 34. 34-бап. Жылжымайтын мүлiктi сатып алушыға беру
34-бап. Жылжымайтын мүлiктi сатып алушыға беру
Сауда-саттық аяқталып, сатып алушы ақырғы және өзiнен талап етiлген басқа да барлық төлемдердi енгiзгеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген тұлға оған сауда-саттықта жылжымайтын мүлiктi сатып алғаны туралы құжатты тапсырады, онда мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
Тармақша 1
1) сауда-саттықты өткiзудiң негiзi;
Тармақша 2
2) оны өткiзудiң орны мен уақыты;
Тармақша 3
3) сауда-саттықта сатып алынған мүлiктiң атауы, сыны мен сипаттамасы, оның орналасқан жерi;
Тармақша 4
4) кепiл берушi - мүлiктiң бұрынғы иесiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
Тармақша 5
5) сатып алушының аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
Тармақша 6
6) сатып алушы төлеген сатып алу бағасы;
Тармақша 7
7) сауда-саттықты өткiзген сенiм бiлдiрiлген тұлғаның аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері).
Сауда-саттықта жылжымайтын мүлiктiң сатып алынғаны туралы құжат сенiм бiлдiрiлген тұлғаның қойылған қолымен бекiтiледi.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, егер
сенiм бiлдiрiлген тұлға заңды тұлға болып табылса, оның өкiлiнiң қойған қолы осы заңды тұлғаның мөрiмен расталады; егер сенiм бiлдiрiлген тұлға жеке тұлға болса, оның қойған қолы нотариалдық тәртiппен расталады.
📌 Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
Бап 35. 35-бап. Кепiл берушiнiң жылжымайтын мүлiктi беруден бас тартуы
35-бап. Кепiл берушiнiң жылжымайтын мүлiктi беруден бас тартуы
Кепiл берушi сатып алушыға ол сауда-саттықта сатып алған жылжымайтын мүлiктi беруден, тұрғын үй-жайды босатқысы келмегенiн қоса, бас тартқан жағдайда, сатып алушы мүлiк орналасқан жердегi сотқа жүгiнуге хақылы.
Бұл ретте туындаған барлық сот шығыстарын кепiл берушi ипотеканы өткiзуден алған қаражатының есебiнен өтейдi.
Бап 36. 36-бап. Сауда-саттықтан түскен түсiмдi бөлу
36-бап. Сауда-саттықтан түскен түсiмдi бөлу
Тармақ 1
1. Сенiм бiлдiрiлген тұлға сауда-саттықтан түскен түсiмдi мынадай басымдық ретiмен:
Тармақша 1
1) сауда-саттықты өткiзудiң шығындары мен шығыстарын өтеуге;
Тармақша 2
2) ипотекамен қамтамасыз етiлген негiзгi мiндеттеме үшiн төлем жасауға;
Тармақша 3
3) қайталама кепiл және аударым кепiлiмен қамтамасыз етiлген, мерзiмi өткен мiндеттемелердi, сондай-ақ заң актiлерiнде белгiленген кезек ретiмен басқа да жылжымайтын мүлiк ауыртпалықтарын төлеуге;
Тармақша 4
4) кепiл берушiге қалған соманы қайтаруға арнап бөледi.
Тармақ 2
2. Синдикатталған қаржыландыру кезінде сенім білдірілген тұлға сауда-саттықтан түскен түсімді мынадай басымдық ретімен:
Тармақша 1
1) сауда-саттықты өткізудің шығындары мен шығыстарын өтеуге;
Тармақша 2
2) тең кепіл ұстаушылар алдында ипотекамен қамтамасыз етілген негізгі міндеттемені олардың талаптарына барабар мөлшерде төлеуге;
Тармақша 3
3) қайталама кепілмен және қайта қойылған кепілмен қамтамасыз етілген, мерзімі өткен міндеттемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезек ретімен өзге де жылжымайтын мүлік ауыртпалықтарын төлеуге;
Тармақша 4
4) кепіл берушіге қалған соманы қайтаруға арнап бөледі.
📌 Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 5. 5-тарау. Ипотеканы тоқтату
5-тарау. Ипотеканы тоқтату
Бап 37. 37-бап. Ипотеканы тоқтатудың негiздерi
37-бап. Ипотеканы тоқтатудың негiздерi
Тармақ 1
1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, ипотека Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 322-бабында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. Жылжымайтын мүлік ипотекасын негізгі міндеттемені орындауға, ипотека мәніне айыпақы өндіріп алуға және өзге де негіздерге байланысты тоқтатуды мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ипотекалық шартты жасасу кезiнде негiзгi мiндеттеменi толығымен қамтамасыз еткен кепiлге берiлген мүлiк негiзгi мiндеттеменiң сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртiппен сатылған кезде, сондай-ақ осындай мүлiкті кепiлде ұстаушының меншiгiне өткен кезде, ипотеканың тоқтатылуымен бiр мезгiлде негiзгi мiндеттеме де тоқтатылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің нормалары кепілге қойылған мүлікті сот тәртібімен сату күніне борышкер-жеке тұлғада республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының екі еселенген ең төмен мөлшерінен асатын өндіріп алу қолданылуы мүмкін өзге мүлік немесе кіріс болмағанда, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты жасалған кезде жеке тұлғаға тиесілі және негізгі міндеттемені толығымен қамтамасыз еткен ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті сот тәртібімен сату жағдайына қолданылады.
Тармақ 3
3. Кепіл беруші ипотекалық шарт жасасу кезiнде негiзгi мiндеттеменi толық қамтамасыз еткен жылжымайтын мүлiкті кепіл ұстаушымен келісілген бағадан төмен емес бағамен осы Заңның 20-1-бабында белгіленген тәртіппен дербес өткізген жағдайда, ипотеканың тоқтатылуымен бір мезгілде негiзгi мiндеттеме тоқтатылады.
📌 Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 № 427; 2007.07.26 № 311; 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 38. 38-бап. Осы Заңның күшi
38-бап. Осы Заңның күшi
Осы Заң 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.