Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына сәйкес» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 211793 болып тіркелген), Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау сол мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы « 1 » шілдедегі № а-7/168 қаулысына қосымша Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
Тармақ 1
1. Еңбекақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде техникалық персоналдың еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.
Тармақ 3
3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, шәкіртақылар.
Тармақ 4
4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.
Тармақ 5
5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.
Тармақ 6
6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.
Тармақ 7
7. Ағымдағы нысаналы трансферттер және дамытуға насаналы трансферттер, республикалық бюджеттен бөлінетін бюджеттік кредиттер.