Об установлении зоны санитарной охраны Диевского хозяйственно –питьевого водозабора в Аулиекольском районе Күшін жойған
Басқа 0
Әулиекөл ауданындағы Диев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Диев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Әулиекөл ауданындағы Диев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы
Әкімдіктің
2016 жылғы 11 шілдедегі
№ 335 қаулысына
қосымша
Әулиекөл ауданындағы Диев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы
Су тарту көзінің атауы
Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері
I-белдеу
II-белдеу
III-белдеу
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
№ 4;
Радиусы –
әр ұңғыманың айналасында 50 метр
3,9 гектар
Радиусы –
әр ұңғыманың айналасында 76 метр
9,0 гектар
Радиусы –
әр ұңғыманың айналасында 380 метр
212,5 гектар
№ 5;
№ 6;
№ 7;
№ 8 ұңғымалар
Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы Әулиекөл ауданындағы Диев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесі жобасының картографиялық материалында көрсетілген (тапсырыс беруші – «Агрофирма «Диевская» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).