Об определении критериев по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкiмiнiң орынбасары Л. Ш. Сейдахметоваға жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4
Жақсы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «22» маусым
№ а-6/162 қаулысына қосымша
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру
түрлерін таңдау бойынша өлшемдер
№ р/т
Өлшемдердің атауы
Иеліктен айыру түрі
1
Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса
Аукцион түріндегі жекешелендіру
2
Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса
Тендер түріндегі жекешелендіру