Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық қатынаста жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдауға арналған тарифті белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына, 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 50/549 «Абай қаласының қала ішіндегі бағдарларына тұрақты автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдауға тарифті келісу туралы» Абай ауданының мәслихатының 50 сессияның шешіміне сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Абай қаласында жолушыларды және багажды тұрақты қалалық автомобильдік тасымалдау тарифі 50 (Елу) теңге болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Абай аудандық мәслихатының хатшысы Б. Цай 18.07.2016 жыл