Құжат мәтініне өту

О социальной поддержке по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уланского района

Өзге акт · № 37 · қабылданған 29.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105415/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О социальной поддержке по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уланского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 37 ·29.06.2016
27.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О социальной поддержке по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уланского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 37 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О социальной поддержке по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Уланского района
Атауы (қаз.)
Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға және коммуналдық қызмет шығындарын жабуға әлеуметтік көмек беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37
Қабылданған күні
29.06.2016
Көрсетілген редакция
27.04.2020 105415_461571.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VQ004615
ЭКБ идентификаторы
105415
Редакция идентификаторы
105415_461571
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:34

0

Ұлан ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Ұлан ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк көмек берілсін.

Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген көлемде беріледі.
Ұлан ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 31104 (отыз бір мың жүз төрт) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

1.1 1.1. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:

1 1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады;

2

2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (әрі қарай – көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге немесе кент, ауылдық округ әкіміне еркін түрде өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік
сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек
тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 – тармағына сәйкес құжаттарды береді;

3

3) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде әлеуметтік қолдауды тағайындау туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

4 4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тартуға:

көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;
Ұлан ауданынан тыс ауылды жерде тұруы;
лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;
ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда жыл ішінде екінші рет жүгінуі негіз болады.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы