Правила учета отходов производства и потребления Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 296-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Республикасы нормативтік құқықтық актiлерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидалары
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 11 маусымдағы № 312 бұйрығымен бекітілген Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 296-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар радиоактивті және медициналық қалдықтармен жұмыс істеу және құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтар саласындағы есеп жүргізуге қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу тәртібі
2-тарау. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу тәртібі
Тармақ 3
3. Қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын тұлғалар және қауіпті қалдықтарды өндірушілер өндіріс және тұтыну қалдықтарын қалдықтардың түрі, саны және қасиеттері бойынша есебін жүргізеді.
Тармақ 4
4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу журналында (бұдан әрі – журнал) жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу массасындағы нақты өлшеунегізінде жүргізіледі. Қалдықтар санының барлық мәні қалдықтардың массасы бойынша тоннамен ескеріледі және үтірден кейін үш белгіге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді (килограммға дейінгі дәлдікпен).
Тармақ 6
6. Пайдаланудан шығарылған құрамында сынабы бар люминесцентті шамдар бұйымның массасы бойынша көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Журналдың әрбір толтырылатын жолдың бағанында қалдық санының мәні немесе ол болмаған жағдайда нөл көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын тұлғалар және қауіпті қалдықтарды өндірушілер қызмет процесінде құралған, жиналған, тасымалданған, кәдеге жаратылған немесе орналастырылған қалдықтарды есепке алудың толықтығын, үздіксіздігін және шынайылығын қамтамасыз етеді.
Басқа 1
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидаларына қосымша нысан Өндіріс өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу журналы Қалдықтыңтүрі _____________________________________________ Қауіпті құрамы: _____________________________________________ (бар болса) Кү­ні Тү­зі­л­ген қал­дық­тар са­ны (тон­на) Та­сы­мал­да-на­тын қал­дық­тар са­ны (бас­қа тұ­лға­лар­дан түс­кен) (тон­на) Кә­сі­по­рын­ның ішін­де кә­де­ге жа­ра­ты­л­ған, қай­та өң­дел­ген неме­се ор­на­ла­сты­ры­л­ған қал­дық­тар­дың са­ны, мө­ше­ле­рі Бас­қа­лар­ға­бе­рі­л­ген­қал­дық­тар­дың са­ны Кә­де­ге жа­ра­ты­л­ған неме­се қай­та өң­дел­ген қал­дық­тар са­ны (тон­на) Уа­қыт­ша сақ­тау орын­да­ры­на ор­на­ла­сты­рыл-ған қал­дық­тар са­ны (олар болған кез­де), (тон­на) Кө­мі­л­ген қал­дық­тар са­ны (тон­на) Кә­де­ге жа­ра­ту­ға неме­се қай­та өң­де­у­ге бе­рі­л­ген қал­дық­тар са­ны (тон­на) Кө­му­ге бе­рі­л­ген қал­дық­тар са­ны (тон­на) Ұй­ым ата­уы, қал­дық­тар­ды бе­ру ту­ра­лы шар­ттың кү­ні, нө­мі­рі­ж­әне­қол­да­ны­лу мер­зі­мі 1 2 3 4 5 6 7 8 9