Об утверждении Методики по исчислению индекса стоимости труда Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістемені бекіту туралы Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістеме бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістеме
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 138 бұйрығымен бекітілген Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістеме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
Тармақ 2
2. Әдістеме жалпымемлекеттік статистикалық байқау өткізу кезінде уақыт бірлігіне есептелген жұмыс күшіне жұмсалған шығыстары туралы статистикалық ақпараттарды алудың негізгі аспектілерін және әдістерін айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы халықаралық салыстырулар және елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжауында пайдаланатын еңбек құнының индексін есептеу үшін қолданады.
Тармақ 4
4. Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар мен мынадай негізгі анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) базистік жыл (тоқсан) – жыл (тоқсан) көрсеткіштеріне келесі жылғы (тоқсандағы) есептік көрсеткіштерді салыстыру үшін келтірілді;
Тармақша 2
2) еңбек құнының индексі – жұмыспен өтелген 1 сағатқа есептегендегі жұмыс күшіне арналған шығындар құнының орташа деңгейі уақытындағы өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;
Тармақша 3
3) жалақы қоры – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және олардың қаржыландыру көзі мен оларды нақты төлеу мерзіміне қарамастан, салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасы) ескере отырып, ұйымның қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу үшін есептелген жиынтық ақшалай қаражаттары (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша төлемдер, үстеме ақылар, сыйлықақылар және өзге де ынталандыру мен өтемдік сипаттағы төлемдер);
Тармақша 4
4) жеке индекс - тек бір ғана элемент жиынтығын өзгеруін көрсетеді және жеке құбылыстарды сипаттау үшін пайдаланылады;
Тармақша 5
5) жұмыс күшіне арналған шығындар құны – қаржыландыру көздеріне қарамастан жұмыс күшін ұстаумен және пайдаланумен байланысты жұмыс берушінің (ұйымдардың) барлық ұсталымдар (шығындар) соммасы;
Тармақша 6
6) жұмыспен өтелген адам-сағаттарының саны – ұйымның барлық қызметкерлерімен нақты жұмыс істелген, жұмыстың қалыпты кезеңі сияқты мерзімнен тыс жұмыс істеген уақыты.
Тарау 2. 2-тарау. Ақпарат дереккөздері және еңбек құнының индексін құру кезеңдері
2-тарау. Ақпарат дереккөздері және еңбек құнының индексін құру кезеңдері
Тармақ 5
5. Еңбек құнының индексін есептеу үшін бастапқы статистикалық деректерді өңдеу процесі кезінде алынған еңбек статистикасының біріктірілген деректері пайдаланылады.
Тармақ 6
6. Еңбек құнының индексі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінен (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) жекелеген қызмет түрлері бойынша есептелінеді.
Тармақ 7
7. Еңбек құнының индексін құру екі негізгі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде жұмыс күшіне арналған шығындар құнын тоқсандық бағалау және олардың орташа көрсеткіштері есептеледі, екінші кезеңде – еңбек құнының индексін есептеу.
Тармақ 8
8. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының өзгерісіне әсер ететін факторларды айқындау мақсатында еңбек құнының индексін құрудың 3 түрі жүргізіледі:
Тармақша 1
1) жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құны бойынша еңбек құнының индексі;
Тармақша 2
2) жалақы қоры бойынша еңбек құнының индексі;
Тармақша 3
3) жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындардың құны бойынша еңбек құнының индексі.
Тарау 3. 3-тарау. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнын есептеу
3-тарау. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнын есептеу
Тармақ 1. 1-параграф. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауларын есептеу
1-параграф. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауларын есептеу
Тармақ 9
9. Жалақы қоры бойынша тоқсандық еңбек құнының индексін есептеу қолдағы бар жалақы қоры деректерінің және еңбек бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша тоқсандық есептен алынған барлық қызметкерлердің жұмыспен өтелген уақыты негізінде жүргізіледі. Тиісті кезең үшін еңбек құны индексінің басқа екі түрі бойынша тоқсандық есептеулерін жүргізу үшін жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың жалпы құнының бағалауы және жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне жұмсалатын шығындар құнының бағалауы жүргізіледі. Ол үшін коэффициент анықталады, мұнда жалақы қоры жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың жалпы құнынан белгілі бір тәуелділікте болады. Есепті жылы жұмыс күшіне жұмсалған шығындардың жалпы құнының тоқсандық бағалау коэффициентін есептеу үшін өткен жылдың жылдық деректері қолданылады.
Тармақ 10
10. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауларының коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі: мұнда К - жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнының тоқсандық бағалау коэффициенті; COST_TOT – өткен жылғы жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құны; WAG_TOT – өткен жылғы жалақының жалпы қоры; OTH_TOT – өткен жылғы жалақы қорында есепке алынбаған жұмыс күшіне арналған шығындардың құны. Коэффициентті есептеу кезінде қатынасына тоқсан сайын жұмыс берушінің нақты әлеуметтік аударымдары және тиісті тоқсанға арналған әлеуметтік салық бойынша аударымдар мөлшерінің өзгеруі туралы қолда бар деректерді ескере отырып түзету енгізіледі.
Тармақ 11
11. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі: мұнда COST_TOTk – тоқсандағы жұмыс күшіне арналған шығындар құны; WAG_TOTk – тоқсандық жалақы қоры; К - жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнын тоқсандық бағалау коэффициенті.
Тармақ 12
12. Жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі: мұнда OTH_TOTk – тоқсандағы жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар құны; COST_TOTk – тоқсандағы жұмыс күшіне арналған шығындар құны; WAG_TOTk – тоқсандық жалақы қоры.
Тармақ 2. 2-параграф. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының орташа көрсеткіштерін есептеу
2-параграф. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының орташа көрсеткіштерін есептеу
Тармақ 13
13. Жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнының тоқсандық бағалауын, жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындардың құнын алған соң жұмыс күшіне арналған шығындар құнының орташа жылдық көрсеткіштерін (1 жұмыспен өтелген сағатқа) есептеуді жүргізу қажет.
Тармақ 14
14. Орташа тоқсандық көрсеткіштерді есептеу еңбек құны индексінің әрбір түрі бойынша жеке келесі формула бойынша жүзеге асырылады: мұнда w – шығындар құны көрсеткіштерінің орташа мәні (жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнын тоқсандық бағалау, жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауы және жұмыспен өтелген 1 сағатқа есептегендегі жалақының тоқсандық қоры); W – жұмыс күшіне арналған шығындардың құны (жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнын тоқсандық бағалау, жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындардың құнын тоқсандық бағалау және жалақының тоқсандық қоры); h – барлық қызметкерлермен жұмыспен өтелген адам-сағат саны. Жылға арналған орташа көрсеткіштерді есептеу өткен жылғы еңбек бойынша жылдық есеп деректері негізінде 4-формула бойынша жүргізіледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Еңбек құнының индексін есептеу
3-параграф. Еңбек құнының индексін есептеу
Тармақ 15
15. Ласпейрестің формуласына сәйкес еңбек құны индексінің өзгеруі еңбек құнына жүйелі байқаулар жүргізу негізінде есептеледі. Әрбір уақыт кезеңінде салмақты үлес жеке индекстің соңғы мәніне көбейтіледі. Еңбек құнының индексін есептеу республика бойынша экономикалық қызмет түрлерінің белгіленген тізбесі бөлінісінде тоқсандық кезеңділікпен жүзеге асырылады: мұнда Wᵗʲᵢ - j жылдың t тоқсанындағы i экономикалық қызмет түрі бойынша қызметкерлердің жұмыс істеген 1 сағатына есептегендегі жұмыс күшіне арналған шығындардың құны; Ѡᵏᵢ - k жылдағы i экономикалық қызмет түрі бойынша қызметкерлердің жұмыс істеген 1 сағатына есептегендегі жұмыс күшіне арналған шығындардың құны; hᵏᵢ - k жылдағы i экономикалық қызмет түрі бойынша барлық қызметкерлердің жұмыс істеген адам-сағатының саны; Wᵏᵢ = Ѡᵏᵢ* hᵏᵢ - k жылдағы i экономикалық қызмет түрі бойынша жұмыс күшіне арналған шығындардың құны; Wᵏᵢ / Ʃᵢ Wᵏᵢ – экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс күшіне арналған шығындар құнының үлес салмағы; (Wᵗʲᵢ/ Ѡᵏᵢ) – экономикалық қызмет түрлері бойынша қарапайым индекстер; t– есепті тоқсан; j– ағымдағы жыл; k– базистік жыл.
Тармақ 4. 4-параграф. Бірыңғай базаға еңбек құнының индексін есептеу
4-параграф. Бірыңғай базаға еңбек құнының индексін есептеу
Тармақ 16
16. Еңбек құны индексінің серпінділік қатары үздіксіз болуы үшін l базистік жылдың салмақ құрылымы бойынша бағаланған еңбек құны индексі қатарларының l+1 базистік жылдың салмақ құрылымы бойынша бағаланған еңбек құнының қатарларымен біріктіруді қамтамасыз ету үшін пайдаланатын тіркесу коэффициентін алу қажет: мұнда 0 < l < l + 1 < j; Ll, l+1 базистік жылдың салмақ құрылымы бойынша еңбек құнының тіркесу коэффициенті; Ѡᵢl+1 hᶥᵢ базистік жылдың салмақ құрылымы бойынша i экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс күшіне арналған шығындардың құны; Ѡᵢl hᶥᵢ базистік жылдың салмақ құрылымы бойынша i экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс күшіне арналған шығындардың құны. «Тізбекті» әдіспен алынған коэффициенттер негізінде k=0 бірыңғай базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың t тоқсандағы еңбек құнының индексін есептеу жүргізіледі: мұнда LCItj/0 – k=0 бірыңғай базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың t тоқсандағы еңбек құнының индексі. Бірыңғай базистік жылмен салыстыру бойынша жылына орташа еңбек құнының индексін есептеу мына формула бойынша есептеледі: мұнда LCIgj/0 – k=0 бірыңғай базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың g орташа жылдық мәніндегі еңбек құнының индексі. Осылайша, тоқсандық және жылдық индекстерінің бірыңғай базаға келтірілген динамикалық қатары тізіледі. Серпінділік қатардың деректері өткен жылғы тиісті тоқсанға және сәйкесінше өткен жылға еңбек құнының индексін есептеу үшін қолданылады.
Тармақ 5. 5-параграф. Тиісті кезеңдерге еңбек құнының индексін есептеу
5-параграф. Тиісті кезеңдерге еңбек құнының индексін есептеу
Тармақ 17
17. Тиісті кезеңдерге еңбек құнының индексін есептеу (жылдық мәндегі) тоқсан сайын (тоқсан өткен жылғы тиісті тоқсанға) және жыл сайын (жыл өткен жылға) жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Өткен жылғы тиісті тоқсанға тоқсандағы еңбек құнының индексін есептеу тоқсандық индекстердің серпінділік қатарының деректері негізінде жүзеге асырылады: мұнда LCItj/0 – базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың t тоқсандағы еңбек құнының индексі; LCIt(j-1)/0 – базистік жылмен салыстыру бойынша j-1 жылдың t тоқсандағы еңбек құнының индексі.
Тармақ 19
19. Өткен жылға жылдағы еңбек құнының индексін жылдық индекстердің динамикалық қатары деректерінің негізінде келесі формула бойынша есептеледі: мұнда LCIgj/0 – базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың орташа жылдық мәніндегі g еңбек құнының индексі; LCIg(j-1)/0 – базистік жылмен салыстыру бойынша j-1 жылдың орташа жылдық мәніндегі g еңбек құнының индексі.
Тарау 4. 4-тарау. Еңбек құны индексінің уақыт қатарларын күнтізбелік және маусымдық түзету
4-тарау. Еңбек құны индексінің уақыт қатарларын күнтізбелік және маусымдық түзету
Тармақ 20
20. Еңбек құны индексіндегі негізгі үрдісті анықтау үшін JDemetra+ бағдарламалық жасақтамасында X-13-ARIMA әдісін пайдалану арқылы еңбек құны индексінің динамикалық қатарына маусымдық және күнтізбелік түзету жүргізіледі. Уақыт қатары мына түрде ұсынылуы мүмкін: Аддитивті модель: Xₜ = TCₜ + Sₜ + Oₜ + Cₜ + Iₜ, (11) Мультипликативті модель: Xₜ = TCₜ*Sₜ* Oₜ* Cₜ*Iₜ, (12) мұнда: Xₜ - бастапқы уақыт қатар; TCₜ - трендтік цикл; Sₜ - маусымдық компонент; Oₜ - ауытқулар; Cₜ - күнтізбелік компонент; Iₜ - тұрақсыз тербелістер.
Тармақ 21
21. Маусымдық түзету процесі үш кезеңмен орындалады. Рәсімнің бірінші кезеңінде уақыт қатарын алдын ала түзету орындалады. Алдын ала түзетудің мақсаты – детерминирленген әсерлерді ескере отырып уақыттық қатарды түзету және ең соңғы деректердің маусымдық түзетуін жақсарту үшін қатарды болжамдар арқылы кеңейту. Осы кезеңде ARIMA моделі таңдалады, ал күнтізбелік әсерлер мен ауытқулар анықталып, қатардан жойылады. Xₜ = Oₜ + Cₜ + Zₜ немесе Xₜ = Oₜ * Cₜ * Zₜ, мұнда Zₜ процесін ұстанады және (13) Zₜ = TCₜ + Sₜ + Iₜ немесе Zₜ = TCₜ * Sₜ * Iₜ, ұстанады (14) мұнда: Zₜ - ARIMA(p,d,q) бойынша үлгіленген стохастикалық компонент; Oₜ, Cₜ - анықталған және жойылған ауытқулар және күнтізбелік әсерлер. Рәсімнің екінші кезеңінде линеаризацияланған уақыт қатарын X-11 жылжымалы орташа сүзгілерін пайдалана отырып компоненттерге бөледі. Жылжымалы орташа реттің сүзгісі p+f+1 және коэффициенттері (салмақтары) {θi} былай анықталады: (15) Үшінші кезеңде әртүрлі маусымдылық тесттері, модельдің тұрақтылығы және түзетілген қатарлар негізінде маусымдық түзету процесінің сапасына диагностика жүргізіледі. Сапа диагностикасының негізгі принциптері мыналар: модельдің/транформациялаудың нақты емес ерекшелігінің болмауы; қалдық маусымдық/күнтізбелік әсерлердің немесе маусымдық/күнтізбелік әсерлердің шамадан тыс түзетулерінің болмауы; ауытқуларды/маусымдық үзілістерді жеткіліксіз немесе шамадан тыс өңдеудің болмауы; трендтік циклде/маусымдық/күнтізбелік компоненттерде тұрақсыздықтың немесе тұрақсыз компоненттегі заңдылықтардың болмауы; трендтік циклде, маусымдық және күнтізбелік компоненттерде тұрақсыз әсердің ықпалының болмауы; модель қалдықтарында корреляцияның болмауы.
Тармақ 22
22. Маусымдық және күнтізбелік түзету үшін қажетті шарт – тоқсандық уақыт қатарлары үшін кемінде бес (5) жылдық бақылаулардың болуы.
Тармақ 23
23. Жұмыс күнінің компонент моделі ресми мереке емес дүйсенбіден жұмаға дейінгі барлық жұмыс күндері ұқсас әсерлер беретінін және демалыс күндері (сенбі, жексенбі және ресми мереке күндері) де ұқсас әсерлер беретінін болжайды. (16) мұнда: LYt - кібісе жыл регрессоры; Njt - t кезеңнің j аптасының күні; β0 және β1 - регрессия коэффициенттері. Уақыт қатарының маусымдық компонентін сенімді бағалауды қамтамасыз ету үшін түзету процесінде Қазақстанның ұлттық күнтізбесі пайдаланылады. Ұлттық күнтізбелік әсерлерге мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) демалыс күндері;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мерекелер;
Тармақша 3
3) кібісе жылдың әсері;
Тармақша 4
4) Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосы. Күнтізбелік әсерлер Қазақстан үшін жұмыс күндері әсерлерінің әртүрлі комбинацияларын көрсететін он (10) күнтізбелік регрессордың көмегі арқылы есепке алынады. 10 күнтізбелік регрессордың сипаттамасы Атауы Сипаттамасы 1-регрессор Non-Fixed Мереке күндері жұмыс істемейді 2-регрессор Non-Moving Құрбан айттың бірінші күні мен православ Рождествосында жұмыс істемейді 3-регрессор Non-Sunday Жексенбі күндері жұмыс істемейді 4-регрессор Non Sunday & Fixed Жексенбі және мереке күндері жұмыс істемейді 5-регрессор Non Sunday & Moving Жексенбі күндері, Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосында жұмыс істемейді 6-регрессор Non Sunday & Fixed & Moving Жексенбі күндері, мереке күндері, Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосында жұмыс істемейді 7-регрессор Non Saturday & Sunday Демалыс күндері жұмыс істемейді 8-регрессор Non Saturday & Sunday & Fixed Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді 9-регрессор Non Saturday & Sunday & Moving Демалыс күндері, Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосында жұмыс істемейді 10-регрессор Non Saturday & Sunday & Fixed & Moving Демалыс күндері, мереке күндері, Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосында жұмыс істемейді
Тармақ 24
Тармақ 25