О реорганизации структуры управления Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Басқару құрылымын қайта ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 20.01.2005 № 4 шешімімен Құрылыс кешені үрдісін мемлекеттік реттеу, коммуналдық шаруашылық, көлік, байланыс жұмыстарын үйлестіру мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. 18 штаттың бірліктен құрылыс, коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс департаменті мемлекеттік мекемесі қүрылсын.
Тармақ 2
2. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес облыс әкімінің коммуналдық шаруашылық жөніндегі өкілетті орган - құрылыс тұрғын үй құрылысы, сәулет және аумақтағы құрылыс салу департаменті жойылсын.
Тармақ 3
3. 7 штаттық бірліктен мемлекеттік мекеме - Солтүстік Қазақстан облыстық сәулет бөлімі құрылсын.
Тармақ 4
4. Жойылатын құрылыс, тұрғын үй құрылысы, сәулет және аумақтағы құрылыс салу департаментінің 18 адамы, және облыстық жер инспекциясының 5 адамы, өнеркәсіп департаментінің штаттық санын 2 адамға қысқарту есептерінен құрылыс, коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс және облыстық саулет бөлімі қалыптастырылсын.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекемелер туралы ереже және құрылыс, коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс департаментінің, Солтүстік Қазақстан облыстық сәулет бөлімінің құрылымдары бекітілсін. 1,2,3,4 қосымшалар.
Тармақ 6
6. Облыс аумағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшы функциясы-құрылыс, коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс департаментіне берілсін. 7. Қызметтік жеңіл автомобильдер саны: құрылыс коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс департаменті үшін - І бірлік деп айқындалсын.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы басқармасы /Ф.Ф.Сутулов/ облыстық бюджетте құрылып жатқан құрылымдарды ұстау үшін ассигнация қарастырсын.
Тармақ 9
9. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Х.Сұлтановқа жүктелсін.