Об утверждении критериев отнесения отходов потребления ко вторичному сырью Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 1
Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 297-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4. Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттары
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 19 шілдедегі № 332 бұйрығымен бекітілген Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 297-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Кодекстің 297-1-бабының 1-тармағына сәйкес тұтыну қалдықтары, нәтижесінде қалдықтар өнім өндіру процесінде шикізатты және (немесе) басқа да материалдарды ішінара немесе толық алмастыру мақсатына қызмет ететін операциялар жасалған соң қайталама шикізат мәртебесіне ие болады.
Тармақ 3
3. Осы Өлшемшарттарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Кодекске сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттары
2-тарау. Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттары
Тармақ 4
4. Өлшемшарттарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) қайталама шикізат ретінде одан әрі пайдалануға жарамды қалдықтар*.
Тармақша 2
2) одан әрі қайта өңдеу үшін шикізат ретінде пайдаланылатын қалдықтар;
Тармақша 3
3) салмағы бойынша 2%-дан аспайтын материалдардан (қоспалардан) тұратын тұтыну қалдықтары. Материалдар (қоспалар): шаң, топырақ, оқшаулау, химиялық немесе биологиялық ыдырайтын заттар, бетон және құбырлар (бетон, ағаш фрагменттері немесе топырақпен толтырылған), болат балқыту үдерістері, термиялық өңдеу үдерістері , өңдеу бетінің үдерістері (оның ішінде тазарту, тегістеу, кесу, дәнекерлеу және отпен кесу) нәтижесінде туындайтын шлак, окалина, шаң ұстау жүйелерінен болған шаң, тегістеу шаңы, шлам сияқты қалдықтар;
Тармақша 4
4) тамшы түзілуімен сүйемелденбейтін шамалы мөлшерді қоспағанда, май, майлы эмульсия, жағар май материалдары мен майлары жоқ тұтыну қалдықтары;
Тармақша 5
5) құрамында Кодекстің 287-бабының 1-тармағындағы көрсетілген заттар жоқ тұтыну қалдықтары;
Тармақша 6
6) құрамында жабын және бояу түріндегі поливинилхлорид жоқ тұтыну қалдықтары. *Қайталама шикізат ретінде одан әрі пайдалануға жататын қалдықтар, мысалы: макулатура (қағаз, картон), пластикалық қалдықтар, шыны бөтелкелер (шыны сынықтары), сүрек және резеңке (каучук)