О введении запрета на экспорт круглых лесоматериалов хвойных пород и древесины топливной в виде хвойных бревен Күшін жойған
Басқа 0
Қылқан жапырақты тұқымдастардың жұмыр ағаш материалдарын және қылқан жапырақты ағаштың бөрене түріндегі отындық сүректерін экспорттауға тыйым салуды енгізу туралы
Ормандарды сақтау, заңсыз кесудің өсімін азайту мақсатында және "Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан қылқан жапырақты тұқымдастардың жұмыр ағаш материалдарын (ТМД СЭҚ ТН коды 4403 10 - 4403 20) және қылқан жапырақты ағаштың бөрене түріндегі отындық сүректерін (ТМД СЭҚ ТН коды 4401 10 000-ден) экспорттауға тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды
қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан
Республикасының қылқан жапырақты тұқымдастардың жұмыр ағаш материалдарын
және қылқан жапырақты ағаштың бөрене түріндегі отындық сүректерін
экспорттауға тыйым салуды енгізгені туралы белгіленген тәртіппен Еуразия
Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетін хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
жариялануға тиіс.