Об утверждении квалификационных требований к деятельности по производству гербовой бумаги Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Елтаңбалық қағазды шығару қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған елтаңбалық қағазды шығару қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Елтаңбалық қағазды шығару қызметiне қойылатын біліктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1580 қаулысымен бекiтiлген Елтаңбалық қағазды шығару қызметiне қойылатын біліктiлiк талаптары Бiлiктілiк талаптары елтаңбалық (оның iшiнде вексель) қағазды шығару қызметiмен айналысу құқығына үмiткер субъектiлерге қолданылады және өзiне мыналарды қамтиды.
Тармақ 1
1. Тұрақты үй-жайдың, яғни сумен және электр қуатымен, су құбырымен, өртке қарсы және күзет құрылғыларымен жабдықталған және мыналардан: өндiрiлiп жатқан өнiмдi сақтау үшiн жартылай фабрикаттардың аралық қоймасынан; шикiзат өндiруде пайдаланылатын химиялық талдау дайындалатын өнiмдi қорғау құралдарын әзiрлеу үшiн қажетті жабдығы бар химиялық зертхана үй-жайынан; компьютерлiк графика үй-жайы - елтаңбалық қағаздың дизайны фотопленкаға басылуы және дайындалуы жүзеге асырылуы тиiс үй-жайдан; баспа формаларын, яғни елтаңбалық қағаз тiкелей басылатын полиграфиялық жабдықта орнатылатын монометалл пластиналарын дайындау жөнiндегі үй-жайдан; бейнебақылау және жазып алу жөнiндегi жиынтық жабдығы бар iшкi күзет үй-жайынан; өндiрiстiк үй-жай - елтаңбалық қағазды шығаруға қажеттi полиграфиялық және өзге де жабдық орналасқан үй-жайдан; дайын өнiмдi қабылдауға және сақтауға арналған үй-жайдан; шығарылатын елтаңбалық қағаздың жазу парақтарын (баспа машинасындағы жұмыс жылдамдығындағы таралым формасынан алынған және басуға қол қойылған көшiрме беттердi) және эталонды үлгілердi ұзақ сақтауға арналған мұрағат үй-жайынан; әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайдан; техникалық учаскелерден (желдеткiш камералар, ауаны тазартуға арналған камералар) тұратын күрделi ғимараттың немесе құрылыстың болуы.
Тармақ 2
2. Қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететiн елтаңбалық қағазды шығаруға арналған полиграфиялық және өзге де жабдықтың (оның iшiнде технологиялық қалдықтарды жоюға арналған), технологиялардың болуы.
Тармақ 3
3. Шығарылатын өнiмдi есепке алу және сақтау жүйесiнiң болуы.
Тармақ 4
4. Тиiстi бiлiм деңгейiне жауап беретiн және мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар бiлiктi мамандардың болуы.
Тармақ 5
5. Құрамында кемiнде 3 адамы бар күзет бөлiмшесiнiң болуы.
Тармақ 6
6. Өндiрiстiк және тұрмыстық үй-жайлардың дабыл беру және бейнебақылау жүйелерiмен жабдықталуы.