Об определении критериев по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті (бұдан әрі - Объект) иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша критерийлер анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қошантаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 33/01 қаулысына қосымша Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша критерийлер № Критерийлер атауы Ие­лік­тен ай­ы­ру түр­ле­рі 1. Объ­ек­ті­ні одан әрі ба­қы­ла­уда мем­ле­кет­тің мүд­де­лі­гі­нің бол­мауы (шар­ттар қой­ыл­май­ды). Объ­ек­ті­ні ба­рын­ша жо­ға­ры ық­ти­мал ба­ға­мен са­ту және са­уда-сат­тық­қа қа­ты­су­шы­лар­дың кең ауқы­мын тар­ту қа­жет­ті­лі­гі. са­уда-сат­тық­ты аук­ци­oн ны­са­нын­да өт­кі­зу 2. Объ­ек­ті­ні са­ту шар­тта­рын (қыз­мет бей­і­нін сақ­тау, кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­ті өтеу, жа­ла­қы бой­ын­ша бе­ре­шек­ті өтеу және бас­қа да шар­ттар) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі. Объ­ек­ті­ні ба­рын­ша жо­ға­ры ық­ти­мал ба­ға­мен са­ту қа­жет­ті­лі­гі. са­уда-сат­тық­ты ком­мер­ци­я­лық тен­дер ны­са­нын­да өт­кі­зу 3. Се­нім біл­ді­рі­л­ген бас­қа­ру­шы­ның,жал­да­у­шы­ның (жал­ға алушы­ның) кей­ін­нен са­тып алу құқы­ғы­мен се­нім­гер­лік бас­қа­ру, мү­лік­тік жал­дау (жал­ға алу) шар­ты та­лап­та­рын орын­дау. тікелей атаулы сатылым 4. Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі. Ше­тел­дік ин­ве­стор­лар­ды қо­са ал­ған­да, са­уда-сат­тық­қа қа­ты­су­шы­лар­дың кең ауқы­мын тар­ту қа­жет­ті­лі­гі. сауда-саттықты қор биржасында өткізу 5. Же­ке­ше­лен­дi­ру объ­ек­тiлерiн са­ту ал­дын­да­ғы дай­ын­дық пен олар­ды са­ту жөнiн­де кон­суль­та­ци­я­лық қыз­мет­тер­ді тар­ту қа­жет­ті­лі­гі. Кон­кур­сты же­ке­ше­лен­дi­ру ба­ға­сы­ның ба­сымды­ғын және (неме­се) өзге де шар­тта­рын ай­қын­дай­тын қар­жы ке­ңес­шiсiнiң қа­ты­суы­мен өт­кi­зу қа­жет­ті­лі­гі екi ке­зең­дi рәс­iм­дер ар­қы­лы кон­курс