«О присвоении категории рынку «Еламан» Карасайского района» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарасай ауданының "Еламан базарына санат (категория) беру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 21.10.2003 № 4-68 шешімімен. ҚР Үкіметінің 1998 ж. 4-қыркүйектегі "ҚР базарларында товарларды сату құқығы үшін ақы төлеу мен алымдар жинау тәртібі туралы Ережелерді бекіту туралы" № 840, 1999ж. 22-сәуірдегі "ҚР Үкіметінің 1998ж. 4-кыркүйектегі № 840 Қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" № 457 Қаулыларын орындау мақсатынада облыс Әкімі Шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Қарасай ауданының "Еламан" азық-түлік базарына П-санат берілсін.
Тармақ 2
2. Қарасай ауданының әкімі (Б.С.Қүтпанов) салық комитетінің жер ресуротарын басқару жөніндегі аумақтық органдарымен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесе отырып базарға түгендеу жүргізіп, ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі ұсынған әдістемеге сәйкес базарда товар сату құқығы үшін базар алаңының әрбір шаршы метріне, сауда жасаған әр күнге алынатын алымның мөлшерін белгілесін.
Тармақ 3
3. Алматы облысы бойынша салық комитсті (Б.М.Киртаев) осы базар бойынша, товар сату құқығы үшін жиналатын алымның айлық болжамын анықтап, бекітсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімнің орынбасары Б.Б.Тукеновке жүктелсін.