Об утверждении Правил функционирования единой системы электронных абонентских почтовых ящиков и авторизации пользователей услуг оператора почты в единой системе электронных абонентских почтовых ящиков Күшін жойған
Басқа 0
Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын бекіту туралы
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті
(Д.Н. Бекманов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай
жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 71 бұйрығымен
бекітілген
Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай
жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидалары
Тарау 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) электрондық абоненттік пошта жәшіктерін жасау, жұмыс істеу мен дамыту тәртібін және пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыруды анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) гибридтік жөнелтілім – пошта операторы жіберуге қабылдаған және адресатқа хат (пошта карточкасы) түрінде жеткізілетін электрондық хат (хабар) не пошта операторы жіберуге қабылдаған және адресатқа электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне электрондық хат (хабар) нысанында жеткізілетін хат;
Тармақша 2
2) пошта байланысы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік бақылауды, қызметті үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Тармақша 3
3) пошта операторы – Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген, пошта қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) пошта операторының қызметтерін пайдаланушы – пошта операторы ұсынатын, оның ішінде пошта операторымен жасалатын шарттар негізінде ұсынылатын қызметті тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 5
5) Ұлттық пошта операторы – «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелер жүктелген, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы;
Тармақша 6
6) электрондық абоненттік пошта жәшігі – электрондық пошта мекенжайы болып табылатын және электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпараттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беру және оларды сақтау үшін пошта операторының, Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесінде құрылатын, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының домендік атауы;
Тармақша 7
7) электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесі – пошта жөнелтілімдерінің электрондық нысанда, оның ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында электрондық құжат айналымы шеңберінде жіберілуін қамтамасыз ететін, Ұлттық пошта операторының баршаға қолжетімді ақпараттық жүйесі болып табылады.
Тарау 2. 2-бөлім. Электрондық абоненттік пошта жәшігін құру, қызмет етуі және дамыту тәртібі
2-бөлім. Электрондық абоненттік пошта жәшігін құру, қызмет етуі және дамыту тәртібі
Тармақ 3
3. Ұлттық пошта операторы электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесін сүйемелдейді және электрондық абоненттік пошта жәшігінің құрылуын, қызмет етуі және дамуын осы Қағида бойынша қамтамасыз етеді.
Ұлттық пошта операторы пошта операторының кез келген пайдаланушысына жеке электрондық абоненттік пошта жәшігін тегін құрады және оның тиісті түрде қызмет етуін, пайдаланушының жеке хат алмасуының құпиялығын қамтамасыз етеді.
Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесі пошта жөнелтілімдерінің электрондық нысанда жіберілуін, электрондық құжат айналымы шеңберінде Ұлттық пошта операторының жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйесі болып табылады.
Тармақ 4
4. Электрондық абоненттік пошта жәшігі электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпаратты және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді жіберу және оларды сақтау үшін пошта операторының, Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесінде құрылатын, Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бірегей және қайталанбайтын электрондық пошта мекенжайы болып табылады.
Электрондық абоненттік пошта жәшігінің домендік атын Ұлттық пошта операторы анықтайды және ол пайдаланушы мен Ұлттық пошта операторы арасындағы пайдаланушы келісімінде сипатталады.
Тармақ 5
5. Электрондық абоненттік пошта жәшіктері пайдаланушыларға Ұлттық пошта операторы құратын электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған пайдаланушы келісімімен пайдаланушының келісуі негізінде беріледі.
Ұлттық пошта операторының ақпараттық ресурстарында қажетті ақпарат электрондық абоненттік пошта жәшігін құру, қызмет ету және пайдалану шарттары бойынша электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған пайдаланушы келісім орналастырылады.
Тармақ 6
6. Пайдаланушылар Ұлттық пошта операторына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеу туралы қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда өтініш береді.
Өтінішті беру мынадай жолмен:
Тармақша 1
1) Ұлттық пошта операторының ақпараттық ресурстарында нақты уақыт режимінде тіркелгенін растайтын құжат, бұл ретте сәйкестендіру және қауіпсіздік мақсатында электрондық цифрлық қолтаңба қолданылады;
Тармақша 2
2) Ұлттық пошта операторының өндірістік объектісінде;
Пайдаланушы өтінішін қағаз жеткізгіште ұсынған кезде Ұлттық пошта операторының өндірістік объектісінде өндірістік объектінің жұмыскері оны тіркеуді жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Ұлттық пошта операторы пайдаланушының өтініші қабылданған бастап электрондық абоненттік пошта жәшігін жасайды.
Тармақ 8
8. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің тиісті қызмет етуін Ұлттық пошта операторы мынадай жолмен қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) пайдаланушылардың электрондық абоненттік пошта жәшігіне тұрақты, үздіксіз қол жеткізуі және оны пайдалану;
Тармақша 2
2) электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпаратты және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беруді және оларды сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ақпараттық жүйені қолдауын және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерін дамыту мақсатында Ұлттық пошта операторы өндірістік пайдалануға енгізілген ақпараттық жүйенің жаңартуын және қосымша қызметтік талаптарды іске асыру бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Ұлттық пошта операторы электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай базасының ақпараттық жүйесі жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ұсынылатын сервистердің авторландырған пайдаланушысына тұтастық, құпиялылық және қолжетімділік жөнінде кепілдік береді.
Тарау 3. 3-бөлім. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру тәртібі
3-бөлім. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру тәртібі
Тармақ 11
11. Пайдаланушыларды нақты уақыт режимінде авторландыруды Ұлттық пошта операторы пайдаланушының өзі таңдайтын логин және құпиясөз бойынша жүргізеді. Бұл ретте, пайдаланушы таңдаған логин басқа пайдаланушылардың басқа тіркелген логиндерімен қайталанбаған жағдайда, логин мен құпиясөзді тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Пайдаланушы электрондық абоненттік электрондық пошта жәшігін электрондық құжат айналымы шеңберінде мемлекеттік органдардан ресми электрондық хаттарды (хабарларды) және құжаттарды алу және жіберу үшін пайдаланған жағдайда, пайдаланушы тіркелгеннен кейін жеке кабинеттегі мәліметтерін электрондық цифрлық қолтаңбамен растайды.
Тармақ 13
13. Ұлттық пошта операторы пайдаланушыны авторландырғаннан кейін жасалған электрондық абоненттік пошта жәшігін электрондық абоненттік пошта жәшігінің бірыңғай базасына енгізеді.
Пайдаланушыларды сәйкестендіру олардың дербес деректеріне (жеке сәйкестендіру нөмірі) сәйкес, заңды тұлғалар – бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша жүргізіледі. Пайдаланушылардың деректерін растау мақсатында Ұлттық пошта операторы мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік дерекқорына қолжетімділік алады.
Ұлттық пошта операторы мен мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық жүйелердің интеграциясы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беру «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.09.2022 № 344/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Басқа 0. Электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеу туралы өтініш
(жеке тұлға үшін)
Электрондық абоненттік пошта
жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің
жұмыс істеуі және электрондық
абоненттік пошта жәшіктерінің
бірыңғай жүйесінде пошта
операторының көрсетілетін
қызметтерін пайдаланушыларды
авторландыру қағидаларына қосымша
Электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеу туралы өтініш
(жеке тұлға үшін)
Өтініш беруші __________________________________________________________
(жеке тұлғаның ТАӘ)
ЖСН_________________________
Жеке басты куәландыратын құжат: _________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы__________________________________________________
Телефондары: үй___________________ мобильді_____________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________(пайдаланушының
атауы)__________________________________электрондық абоненттік пошта
жәшігін тіркеуді сұраймын.
Осы Өтінішке қол қоя және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
389-бабын басшылыққа ала отырып, Ұлттық пошта операторының ақпараттық
ресурстарында www.post.kz электрондық мекенжайы бойынша орналасқан
электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған
пайдаланушының келісіміне қосыламын.
Электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеу туралы өтініш
(заңды тұлға үшін)
Өтініш беруші _______________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
БСН_____________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін):
№ ___________________ «__» ___________20__ж.___________берілген.
Заңды мекенжайы және заңды тұлғаның нақты орналасқан жерінің
мекенжайы__________________________________________________________
Телефондары: үй___________________ мобильді__________________________
____________________________________________________(пайдаланушының
атауы)
_____________________________________электрондық абоненттік пошта
жәшігін тіркеуді сұраймын.
Осы Өтінішке қол қоя және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
389-бабын басшылыққа ала отырып, Ұлттық пошта операторының ақпараттық
ресурстарында www.post.kz электрондық мекенжайы бойынша орналасқан
электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған
пайдаланушының келісіміне қосыламын.