Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств для транспортного облуживания органов прокуратуры Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына, «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бекітілген нормаларды іске асыру республикалық бюджетте ағымдағы қаржылық жылға көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы __________ Р. Дәленов «___» ________ 2016 ж.
Басқа 10. Прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 124 бұйрығымен бекітілген Прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормалары № р/с Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар құрылымдық бөлімшенің атауы Заттай нормалардың атауы Жеңіл автокөліктер базасында жүк автокөліктері мен жолаушылар автобустары шанағында Жүріс лимиті 1 а/м айына (км) 1 2 3 4 5 Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 1 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты Бөлімшенің 9 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 2 Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімшесі Бөлімшенің 15 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 3 Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау бөлімшесі Бөлімшенің 10 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 4 Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімшесі Бөлімшенің 6 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 5 Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімшесі Бөлімшенің 15 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 6 Кадр жұмысы бөлімшесі Бөлімшенің 10 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 7 Арнайы прокурорлар бөлімшесі Бөлімшенің 6 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 8 Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау бөлімшесі Бөлімшенің 6 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 9 Халықаралық ынтымақтастық бөлімшесі Бөлімшенің 10 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 10 Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімшесі Бөлімшенің 6 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 11 Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімшесі Бөлімшенің 15 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 12 Өтініштерді қарау туралы заңдардың қолданылуын қадағалау және іс жүргізу бөлімшесі Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 13 Норма шығармашылық қызмет саласыдағы қадағалау бөлімшесі Бір көлік құралы - 2600 14 Мемлекеттік құпиялар туралы заңдарды қадағалау және құпиялылық режимін қамтамасыз ету бөлімшесі Бір көлік құралы - 2600 15 Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесі Бір көлік құралы - 2600 16 Ішкі аудит бөлімшесі Бір көлік құралы - 2600 17 Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы Бір көлік құралы Орта немесе шағын класты алты жолаушы автобусы; үш аз тонналы жүк автокөлігі 2600 18 Шаруашылық басқармасы Бір көлік құралы Орта немесе шағын класты бір жолаушы автобусы, бір аз тонналы жүк автокөлігі 2600 19 Бас прокуратураның Алматы қаласындағы өкілдігі Бір көлік құралы - 2600 20 Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет Бір көлік құралы Бір аз тонналы жүк автокөлігі 2000 21 Құқық қорғау органдары академиясы 35 бірлік штаттық санға бір көлік құралы Орта немесе шағын класты екі жолаушы автобусы; екі аз тонналы жүк автокөлігі 2000 Облыстық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралар 22 Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімшесі Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 23 Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау бөлімшесі Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 24 Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімшесі Бөлімшенің 5 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 25 Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімшесі Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 26 Арнайы прокурорлар бөлімшесі Тергеу топтарының басшыларына арналған бір көлік құралы - 2600 27 Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімшесі Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы Орта немесе шағын класты бір жолаушы автобустары 2600 28 Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімшесі Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы - 2600 29 Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесі Бір көлік құралы - 2600 30 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің бөлімшелері Бір көлік құралы - 2000 Аудандардың (қалалардың) прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар 31 Аудандардың (қалалардың) прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар Қызметкерлер саны 35-тен жоғары болған жағдайда бір көлік құралы - 2600 32 Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Река-Море» класты бір кеме - -