Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств Министерства иностранных дел Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________________ Б. Сұлтанов 2016 жылғы 25 шілде
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №11-1-2/303 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары Атауы Функционалдық мақсаты Арнайы көлік құралдарының пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер Арнайы көлік құралдарының саны Жедел Қазақстанға ресми іс-сапарлармен немесе жол-жөнекей сапарлармен келетін мемлекет және үкімет басшыларының, Сыртқы істер министрлерінің сапарларын қамтамасыз ету; Төтенше және өкілетті елшілерді қарсы алулар мен шығарып салулар; Дипломатиялық корпустың қатысуымен шараларды ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі 3 Ескертпе: * арнайы көлік құралы – Қазақстанға ресми іс-сапарлармен немесе жол-жөнекей сапарлармен келетін мемлекет және үкімет басшыларының, Сыртқы істер министрлерінің сапарларын қамтамасыз ету; Төтенше және өкілетті елшілерді қарсы алулар мен шығарып салулар; Дипломатиялық корпустың қатысуымен шараларды ұйымдастыру және өткізуге арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы.