Об утверждении Правил использования и предъявляемых требований к знакам почтовой оплаты оператора почты, за исключением государственных знаков почтовой оплаты Күшін жойған
Басқа 0
Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін
қоспағанда, пошта операторының пошта
төлемі белгілеріне пайдалану тәртібін және
пошта операторының пошта төлемі белгілеріне
қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілеріне пайдалану тәртібі және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілеріне пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне
қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің 2016 жылғы 28
шілдедегі № 61 бұйрығымен
бекітілген
Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілеріне пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне
қойылатын талаптарды бекіту туралы
Тарау 1. 1-тарау. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта төлемі белгілерінің пайдалану тәртібі
1-тарау. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта төлемі белгілерінің пайдалану тәртібі
Тармақ 1
1. Пошта төлемінің белгілері қолданыстағы тарифтерге сәйкес жазбаша хат-хабарларды жіберу бойынша пошта операторы қызметтерінің төленгенін растауға арналған. Пошта төлемінің белгілері тек қана жазбаша хат-хабарлардың жөнелтушілеріне қолданылады.
Тармақ 2
2. 1-қосымшаға сәйкес пошта операторы, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, уәкілетті органмен келісілген пошта төлемінің белгілерін пайдаланады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта операторлары ішкі және халықаралық хат-хабарларды жіберуді тек пошта төлемінің белгілері бар болған жағдайда жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Сатылған пошта төлемінің белгілері, оның ішінде мемлекеттік белгілер қайтарылуға және ауыстырылуға жатпайды.
Тармақ 5
5. Пошта жөнелтілімінде пошта төлемінің белгілері жоқ болған немесе бекітілген тариф ішінара төленген жағдайда, пошта операторы мұндай пошта жөнелтілімін жөнелтушіге қайтарады.
Тармақ 6
6. Кірленген, зақымданған, қолданған (бастырылған), айналымнан алынған пошта төлем белгілері, сондай-ақ басқа мемлекеттердің пошта төлем белгілері пошта байланысы қызметтерін төлеу үшін қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Пошта байланысы қызметтерінің төленгенін растайтын сатып алынған пошта төлем белгілері, осы пошта төлем белгісін айналымға енгізген пошта операторында қолданылуы керек.
Тарау 2. 2-тарау. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
2-тарау. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Тармақ 8
8. Пошта төлем белгілерінің эскиздерін әзірлеуді пошта операторы жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Пошта төлем белгілерінде мынадай қызметтік жазбалар орналасуы тиіс:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тілде мемлекеттің атауы («Қазақстан») және латын транслитерациясында («Kazakhstan»);
Тармақша 2
2) пошта төлемінің электрондық белгілерін қоспағанда, номинал латын әріптерімен немесе араб цифрлерімен.
Тармақ 10
10. Пошта төлем белгілерінің номиналды құнын белгілеген жағдайда, мынадай әріптер пайдаланылады:
«А» - заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының шегінде 20 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;
«В» - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жер үсті көлігімен 50 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;
«С» - Қазақстан Республикасының шегінде 50 грамға дейінгі салмақта арнаулы хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;
«N» - Қазақстан Республикасының шегінен тыс жер үсті көлігімен 10 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді;
«М» - Қазақстан Республикасы шегінде жер үсті көлігімен салмағы 10 грамға дейінгі арнаулы пошталық карточканы жіберу тарифіне сәйкес келеді.
Тармақ 11
11. Пошта төлем белгілерінің пошта операторларына тиістілігін сәйкестендіру мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінен басқа, беттік жағында пошта операторының атауы болуы қажет.
Тармақ 12
12. Пошта төлем белгілері пішіні тік немесе көлбеу өлшемі 15 мм-ден кем болмайтындай, кез келген пішінде болуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Кез келген компостермен жасалынған айырым тесіктері немесе деңбет бердерлі ізтаңбалар пошта төлем белгілерінің айқындылығына бөгет болмауы тиіс.
Тармақ 14
14. Пошта төлем белгілерінде орналасқан қызметтік жазбалар оңай оқылатын және олардың орналасуы композициялық шешімге сәйкес болуы тиіс.
Басқа 1.1
Пошта төлемінің мемлекеттік
белгілерін қоспағанда,
пошта операторының пошта
төлемі белгілеріне пайдалану тәртібін
және пошта операторының пошта
төлемі белгілеріне қойылатын
талаптарға
1 қосымша