Об утверждении Методики определения размера гарантийного взноса Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесі
Тармақ 1
1. Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Әдістеме Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторымен көрсеткіштер және тәуекелдер факторларын бағалау арқылы кепілдік жарнаның мөлшерін есептеу мақсатында пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Кепілдік жарнаның мөлшері көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің жобалау құны мен аяқталмаған құрылыс құны арасындағы айырмаға кепілдік жарнаның мөлшерлемесінің туындысы ретінде айқындалады: Кж = КжМ х (ЖҚ – АҚ) мұндағы: Кж – кепілдік жарнаның мөлшері; КжМ – кепілдік жарнаның мөлшерлемесі; ЖҚ – Заңға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй кешенінің жобалау құны; АҚ – тәуелсіз баға беру компаниясының есебімен және орындалған жұмыстар актісімен расталған аяқталмаған құрылыс құны.
Тармақ 3-1
3-1. Реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт жасасу сәтінде жобалау-сметалық құжаттама болмаған кезде осы Әдістеменің 3-тармағында белгіленген формуланы қолдану мақсаттары үшін жобалау құны (ЖҚ) жобаның қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес құрылыс салушының және/немесе уәкілетті компанияның қаржы-экономикалық деректері негізінде есептелген жобаның индикативтік құны ретінде айқындалады. Жобалау-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін кепілдік жарнаның есебі ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес бекітілген жобалау құнына сүйене отырып түзетілуге жатады.
Тармақ 4
4. Кепілдік жарна мөлшерін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 14190 болып тіркелген) Кепілдік беру туралы шарт және реновация шеңберіндегі шарттар жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларына сәйкес тәуекел көрсеткіштері мен факторларының бағалауына негізделген көп факторлы модель қолданылады.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Кепілдік жарнаның мөлшерлемесі Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені жобасына меншік иесінің қатысу нысаны мен мөлшеріне байланысты болады және мыналарды құрайды: Мен­шік ие­сі­нің қа­ты­су ны­са­ны Мен­шік ие­сі­нің қа­ты­су мөл­ше­рі * Ке­піл­дік жар­на­ның мөл­шер­ле­ме­сі Аяқ­тал­ма­ған құ­ры­лыс 25% - ға дей­ін 1% 25% - дан жо­ға­ры 50% - ға дей­ін 0,75% 50% жо­ға­ры 0,5% Ақ­ша­лай қа­ра­жат 10% дан 1% Құрылыс салушыға жобаны республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан тыс жерлерде жобаны іске асыратын тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторының бірінші кепілдігін берген кезде, Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген жобаға меншік иесінің қатысуына қойылатын талаптар сақталған жағдайда кепілдік жарнаның мөлшерлемесі 0% -ді құрайды.
Тармақ 7
Басқа 1-1
Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әістемесіне қосымша Тәуекел көрсеткіштері мен факторларының бағалауына негізделген көпфакторлы үлгі