Об утверждении Методики определения норматива достаточности капитала Қолданыста
Басқа 0
Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін бекіту туралы
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 9. Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылы 28 шілдедегі № 337
бұйрығымен бекітілген
Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесі
Тарау 1. 1–тарау. Жалпы ережелер
1–тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Әдістеме Тұрғын үй құрылысына Бірыңғай операторының (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) капитал жеткіліктілігі нормативінің мәнін есептеуді айқындайды.
Тарау 2. 2–тарау. Капитал жеткіліктілігі нормативін есептеу тәртібі
2–тарау. Капитал жеткіліктілігі нормативін есептеу тәртібі
Тармақ 3
3. Капитал жеткіліктілігі нормативі (бұдан әрі – КЖН) мына формула бойынша есептеледі:
мұнда:
меншікті капитал – қаржылық жағдайы (бухгалтерлік баланс) туралы есепке сәйкес, Бірыңғай оператор капиталының мөлшері;
тәуекел дәрежесі бойынша сараланған шартты міндеттемелер – Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган бекітетін Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесіне сәйкес қалыптастырылған кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті қоспағанда, Заңмен анықталған көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің және (немесе) ескі және авариялық тұрғын үйді реновациялау жобаларының жобалық құнына тең берілген кепілдіктер бойынша Бірыңғай оператордың міндеттемелері.
Тармақ 4
4. Капитал жеткіліктілігі нормативінің шекті мәні 0,1 мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 5
5. Заңның 8-бабының 8) тармағына сәйкес бірыңғай оператордың кепілдігін беру сәтіндегі аяқталмаған құрылыс құны мен бағалау туралы есеппен расталған соңғы есепті күнге аяқталмаған құрылыс сомасы арасындағы айырмашылыққа мөлшерлес кепілдік бойынша міндеттемелерді азайтуға жол беріледі.