Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Ж.К. Шахпұтоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Астрахан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «_5_» тамыз № _170_ қаулысына қосымша Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
Тармақ 1
1. Еңбекақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде техникалық персоналдың еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.
Тармақ 3
3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, шәкіртақылар.
Тармақ 4
4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.
Тармақ 5
5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар, іссапар шығындары. 6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.
Тармақ 7
7. Ағымдағы трансферттер, даму трансферттері, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін кредиттер.