Об утверждении ставок сбора за государственную регистрацию морских, речных и маломерных судов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теңіз, өзен кемелерін және шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.10. N 285 қаулысымен. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексін (Салық кодексін) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Теңіз, өзен кемелерін және шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі бір ай мерзімде өзінің бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Теңіз, өзен кемелерін және шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1597 қаулысымен бекітілген Теңіз, өзен кемелерін және шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары
Тармақ 1
1. Теңіз, өзен кемелерін және шағын өлшемді кемелерді тіркеген кезде мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкасы мыналарды құрайды:
Тармақша 1
1) теңіз кемелері үшін - алымды төлеу күніне қолданыстағы алпыс есе айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 2
2) өзен кемелері үшін - алымды төлеу күнінен қолданыстағы он бес есе айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 3
3) шағын өлшемді флот кемелері үшін: қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүзетін шағын өлшемді кемелер үшін - алымды төлеу күніне қолданыстағы үш есе айлық есептік көрсеткіш; қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүзетін шағын өлшемді кемелер үшін - алымды төлеу күнінен қолданыстағы екі есе айлық есептік көрсеткіш; өздігінен жүзбейтін шағын өлшемді кемелер үшін - алымды төлеу күнінен қолданыстағы бір жарым есе айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 2
2. Теңіз, өзен кемелерін және шағын өлшемді кемелерді қайта тіркеген кезде мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкасы, осы қосымшаның 1-тармағында белгіленген ставканың 50 пайызын құрайды.
Тармақ 3
3. Теңіз, өзен кемелерін және шағын өлшемді кемелердің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкасы, осы қосымшаның 1-тармағында белгіленген ставканың 25 пайызын құрайды.