Об утверждении Инструкции по организации деятельности подразделений административной полиции в области дорожной безопасности и соблюдения регламентов, нормативов и стандартов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстардың, және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:
Тармақша 1
1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін, сондай-ақ Нұсқаулықта көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығымен бекітілген Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 63) тармақшасына сәйкес әзірленді және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруға арналған.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) базалық көлік құралы – жалпы немесе оның негізгі компоненттері шанақ немесе шасси түрінде басқа көлік құралын жасау үшін пайдаланылған, айналымға шығарылған көлік құралы;
Тармақша 2
2) бірегей көлік құралы – бұл: - Кеден одағына мүше мемлекеттерде: сериялық өндіріс жағдайында дайындалған, айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен жинақтау жиынтығынан дайындалған; немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша бұрын жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылатын көлік құралы; - Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына: жеке тұлға өзіндік қажеттілігі үшін әкелетін; немесе көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан көлік құралы;
Тармақша 3
3) жол жүрісіне қатысушы – жол жүрісі процесiне жаяу жүргiншi, жолаушы немесе жүргiзушi ретiнде тiкелей қатысатын адам;
Тармақша 4
4) жол жүрісі қауiпсiздiгi – қатысушыларының жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерінен қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;
Тармақша 5
5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жол-көлік оқиғаларын, жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерін болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға, сондай-ақ осындай зардаптарды жоюға бағытталған қызмет;
Тармақша 6
6) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басшылықты өз құзыреті шегінде және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және оның астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 7
7) жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары – жол белгiлерi, жол таңбасы, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықты қоса алғанда), темiржол өтпелерiндегi реттеуiш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттауыш құрылғылар;
Тармақша 8
8) жол жүрiсiн ұйымдастыру – жол жүрiсін басқару жөніндегі ұйымдастырушылық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешенi;
Тармақша 9
9) жолдың жүріс бөлігі – көлік құралдарының жүруі үшін пайдаланылатын жолдың бір бөлігі;
Тармақша 10
10)  жол иелері – жолдардың меншік иелері болып табылатын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы жолдарды басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 11
11) жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;
Тармақша 12
12) көлік құралы – адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;
Тармақша 13
13) көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу – көлік құралын айналымға шығарғаннан кейін орындалған және жол жүрісі қауіпсіздігіне ықпал ететін нақты көлік құралының конструкциясымен көзделген құрамдас бөліктерді және жабдықтардың заттарын алып тастау немесе конструкциямен көзделмегендерді орнату;
Тармақша 14
14)  көлік құралдарының конструкциясын бақылау – көлік құралдарының конструкциясы мен оларды қосымша жабдықтау заттарының нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексеру;
Тармақша 15
15) көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылау – көлік құралдары мен оларды қосымша жабдықтау заттары техникалық жай-күйінің нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексеру;
Тармақша 16
16) көлік құралының типін мақұлдау – бір типке жатқызылған, айналымға шығарылатын көлік құралдарының КО ТР 018/2011 «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
Тармақша 17
17) тексеру – автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстар жай-күйінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптарға (регламенттердің, нормативтердің, стандарттардың, нұсқаулықтардың және т.б.) сәйкестігін бағалау жөніндегі іс-шара.
Тармақ 3
3. Жобалау кезінде регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелген) бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларына сәйкес автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, жеңіл рельсті көлік жүйелерін және электр көлігі желілерін салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және оңалтуға арналған жобалау құжаттамасын келісу арқылы жүзеге асырылады. Жобалау кезінде регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асырады. Бұл ретте, аудандардың (қалалардың) әкімшілік полиция бөліністері жол және техникалық инспекциясы қызметкерлерін тағайындау олар ПД ӘПБ-де он жұмыс күндік тағылымдамадан өткеннен кейін, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді зерделегеннен және олар бойынша сынақтар тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады. ПД ӘПБ жол және техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы (қызметтердің аға қызметкерлері) лауазымына тағайындалғаннан кейін оның ІІМ ӘПК-де бес жұмыс күндік тағылымдамадан өтуі жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Әртүрлі мақсаттағы және санаттағы автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге арналған жобалау және жұмыс құжаттамасының құрамы мен ресімдеу қағидалары КО ТР 014/2011 «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» Кеден одағының техникалық регламентінде және ҚР СТ 1397 «Автомобиль жолдары. Оларды салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге арналған жобалау және жұмыс құжаттамасының құрамына және ресімдеу қағидаларына қойылатын талаптар» стандартында белгіленген талаптарға сәйкес әзірленеді.
Тармақ 5
5. Автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, электр көлігі желілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және оңалту кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде регламенттердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын бақылау:
Тармақша 1
1) тексерулер жүргізу;
Тармақша 2
2) нұсқамалар беру;
Тармақша 3
3) автомобиль жолдары мен елді мекендердің көше-жол желісінде жұмыстар жүргізу орындарын қоршау және жол белгілерін орнату сызбаларын қарау;
Тармақша 4
4) бақылау тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін, жол құрылыстарын және теміржол өтпелерін және жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын жол жүрісі үшін қауіпсіз жағдайда күтіп ұстау қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау:
Тармақша 1
1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын кешенді тексеру;
Тармақша 2
2) теміржол өтпелерін кешенді тексеру;
Тармақша 3
3) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын тоқсан сайын тексеру;
Тармақша 3-1
3-1) автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін, жол құрылыстарын және теміржол өтпелерін мақсатты тексеру;
Тармақша 4
4) жол және коммуналдық ұйымдардың автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындығын комиссиялық тексеру;
Тармақша 5
5) мұз өткелдерінің жай-күйін тексеру;
Тармақша 6
6) бақылау тексерулер;
Тармақша 7
7) күн сайын қадағалау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын кешенді тексеру (бұдан әрі ‒ кешенді тексеру) жылына екі рет көктем мен күзде 1 сәуірден бастап 20 маусымға және 1 қыркүйектен бастап 1 қарашаға дейінгі кезеңдерде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Кешенді тексеруді жол иелері, жол және жергілікті атқарушы органдар:
Тармақша 1
1) халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдар мен олардағы жол құрылыстарын – Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД әкімшілік полиция бөлімі (бөлімшесі, тобы) қызметкерлерінің;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, автомобиль жолдарын және олардағы жол құрылыстарын – аудандардың (қалалардың) әкімшілік полиция бөлінісі қызметкерлерінің қатысуымен жүргізеді;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның аумақтық бөліністері жоғары тұрған уәкілетті органның нұсқауы бойынша қалалар, аудандар және елді мекендер шекараларының шегінде халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды тексереді.
Тармақ 9
9. Кешенді тексеру жүргізу кезінде негізгі назар:
Тармақша 1
1) жүріс бөлігінің, жол жиектерінің, тротуарлардың, жаяу жүргінші және велосипед жолдарының жай-күйіне;
Тармақша 2
2) жоспардағы және ұзына бойы қисық қиылыстар мен түйісулерде көрінуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) бағыттағы көлік құралдары аялдамаларының жай-күйі мен жабдықталуына;
Тармақша 4
4) жол қоршауларының, жарықтандырудың, жол құрылыстарының (көпірлердің, жол өтпесінің, эстакадалардың, тоннельдердің, виадуктардың, жерасты және жерүсті жаяу жүргінші өтпелерінің) жай-күйіне;
Тармақша 5
5) жаяу жүргінші өткелдерінің белгіленуі мен жабдықталуына;
Тармақша 6
6) жүріс бөлігінде жұмыстар жүргізу орындарын қоршауға, айналып өту жолдарын ұйымдастыруға және олардың жай-күйіне;
Тармақша 7
7) әртүрлі деңгейдегі көше қиылыстарындағы, елді мекендер арқылы өтетін жол учаскелеріндегі, қоғамдық көлік аялдамаларындағы жасанды жарықтандыруға;
Тармақша 8
8) жол белгілерінің, таңбаларының және бағдаршамдардың жай-күйіне;
Тармақша 9
9) бағдаршам объектілері жұмыс режимдерінің қолданыстағы құжаттамаға сәйкестігіне;
Тармақша 10
10) жүргізушілерге, оның ішінде жүк және транзиттік көлік жүргізушілеріне ақпараттық, бағыттық бағдар беру жүйесіне;
Тармақша 11
11) тұрақтар мен демалу алаңдарының жай-күйіне;
Тармақша 12
12) қарап тексеру құдықтары мен жаңбыр суы құйылатын торлар люктерінің жай-күйіне;
Тармақша 13
13) көше-жол желісін сыртқы жарықтандыру жай-күйіне;
Тармақша 14
14) мәдени, сауда және спорт орталықтарының, әкімшілік ғимараттардың (елді мекендердегі) жанындағы жабдықталған тұрақтардың жай-күйіне;
Тармақша 15
15) жалпы пайдаланымдағы көлік бағыттарының жабдықталуы мен жайластырылу жай-күйіне;
Тармақша 16
16) трамвай жолдарымен қиылысатын жерлердегі жүріс бөлігінің жай-күйіне аударылады.
Тармақ 10
10. Кешенді тексеру нәтижелері бойынша:
Тармақша 1
1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес автомобиль жолын тексеру акті дайындалады, онда кемшіліктер, оларды өткізу мерзімдері, нақты орындаушылар белгіленеді;
Тармақша 2
2) жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар;
Тармақша 3
3) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары бойынша жолдарды, жол құрылыстарын және жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын пайдалану жағдайына және олардың жай-күйіне қойылатын талаптардан шегініс анықталған жағдайда, кемшіліктерді жою мерзімдерін белгілей отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның нұсқамалары;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдарға және прокуратура органдарына, сондай-ақ басқа да мүдделі органдар мен ұйымдарға, оның ішінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне 15 жұмыс күні ішінде ақпарат жолданады.
Тармақ 11
11. Кешенді тексеру жүргізу кезінде жолдарды, жол құрылыстарын күтіп ұстау қағидаларын, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларымен белгіленген өзге де талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда лауазымды және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 614, 630, 631 және 632-баптарына сәйкес шаралар қабылданады.
Тармақ 12
12. Теміржол өтпелерін кешенді тексеру 1 сәуірден бастап 15 маусымға дейін жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Теміржол өтпелерін кешенді тексеру кезінде негізгі назар:
Тармақша 1
1) оның санатының қозғалыс шарттарына сәйкестігіне;
Тармақша 2
2) өтпеге жақын жерлердегі жолдың геометриялық элементтеріне;
Тармақша 3
3) жүргізуші орнынан өтпенің және теміржол жабынының, жақындап келе жатқан пойыздың көрінуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) өтпенің жол белгілерімен, жарық және дыбыс сигнализациясымен, бағдаршамдармен, шлагбаумдармен, жасанды жарықпен, қоршаулармен, габаритті қақпалармен жабдықталуына;
Тармақша 5
5) жаяу жүргінші жолдарының болуына;
Тармақша 6
6) өтпедегі және оған жақын жерлердегі жүріс бөлігінің, төсемнің жай-күйіне;
Тармақша 7
7) өтпеге жақын жерлерде жолдың жүріс бөлігі таңбасының және жол құрылыстарында тік таңбаның болуына аударылады.
Тармақ 14
14. Теміржол өтпелерін кешенді тексеру нәтижелері бойынша:
Тармақша 1
1) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес акт;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдарға және прокуратура органдарына, теміржол өтпелерінің иелеріне, басқа да мүдделі органдар мен ұйымдарға жіберілетін ақпарат 15 жұмыс күні ішінде, оның ішінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне жолданады;
Тармақша 3
3) өтпелерді және оған жақын жерлерді күтіп ұстауда кемшіліктер анықталған жағдайда кемшіліктерді жою мерзімдерін белгілей отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның нұсқамасы дайындалады.
Тармақ 15
15. Кешенді тексеру жүргізу кезінде теміржол өтпелерін күтіп ұстау қағидаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда лауазымды және заңды тұлғаларға ӘҚБтК-нің 630 және 631-баптарына сәйкес шаралар қабылданады.
Тармақ 16
16. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын тоқсан сайын тексеру (бұдан әрі ‒ тоқсан сайын тексеру) оларды күтіп ұстауды ұдайы қадағалау мен бақылауды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі және осы тексерумен тоқсан ішінде барлық автомобиль жолдары және жол құрылыстары тексеріледі.
Тармақ 17
17. Тоқсан сайын тексеруді:
Тармақша 1
1) халықаралық, республикалық және облыстық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдар мен олардағы жол құрылыстарын ‒ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД әкімшілік полиция бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкерлері;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, автомобиль жолдарын және олардағы жол құрылыстарын ‒ аудандардың (қалалардың) әкімшілік полиция бөліністері жүргізеді.
Тармақ 18
18. Тоқсан сайын тексеру жүргізу кезінде негізгі назар 9-тармақта көрсетілген мәселелерге аударылады.
Тармақ 19
19. Тоқсан сайын тексеру нәтижелері бойынша:
Тармақша 1
1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес автомобиль жолын тексеру акті дайындалады, онда кемшіліктер, оларды жою мерзімдері, нақты орындаушылар белгіленеді;
Тармақша 2
2) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары бойынша жолдарды, жол құрылыстарын және жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын пайдалану жағдайына және олардың жай-күйіне қойылатын талаптардан шегініс анықталған жағдайда кемшіліктерді жою мерзімдерін белгілей отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның нұсқамасы дайындалады.
Тармақ 20
20. Тоқсан сайын тексеру жүргізу кезінде жолдарды, жол құрылыстарын, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын және өзге де объектілерді күтіп ұстау қағидаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда лауазымды және заңды тұлғаларға ӘҚБтК-ге сәйкес шаралар қабылданады.
Тармақ 20-1
20-1. Автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін, жол құрылыстарын және теміржол өтпелерін және жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексеру үшін мақсатты тексеру жүргізіледі. Мақсатты тексеру нәтижелері бойынша осы Нұсқаулыққа 1-1-қосымшаға сәйкес мақсатты тексеру актісі жасалады және осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпарат және (немесе) нұсқама жолданады.
Тармақ 21
21. Автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстауға жол және коммуналдық ұйымдардың дайындығын комиссиялық тексеруді уәкілетті органның, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен автомобиль жолдарының иелері, жергілікті атқарушы органдар 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін жүргізеді. Нәтижелері осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес актіде белгіленеді.
Тармақ 22
22. Қарап тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға, коммуналдық және жол шаруашылығы ұйымдарына, сондай-ақ басқа да мүдделі органдарға ақпарат жолданады.
Тармақ 23
23. Өзендер мен басқа да су бөгеттері арқылы өтетін мұзды өткелдерді қарап тексеру өңірдің климаттық жағдайына байланысты 15 күнде (айына) кемінде бір рет, оның ішінде оларды ашу алдында және жылымықтар уақытында олар арқылы қозғалысты жабу қажеттігін бағалау кезінде жүргізіледі.
Тармақ 24
24. Өзендер мен басқа да су бөгеттері арқылы өтетін мұзды өткелдерді тексеру кезінде негізгі назар:
Тармақша 1
1) мұзды өткелді ашу үшін жергілікті атқарушы органдар рұқсатының болуына;
Тармақша 2
2) тиісті қызметтердің мұзды өткелдегі мұздың қалыңдығына және мұзды жамылғының жүк көтерімділігіне бақылау жүргізуіне;
Тармақша 3
3) қозғалыс тәртібін, жүк көтерімділігін және жылдамдығын анықтайтын жол белгілерінің болуына және орналастырылуына;
Тармақша 4
4) қарсы қозғалыс жолына дейінгі ара қашықтыққа;
Тармақша 5
5) мұз беттеріндегі қарлы жамылғының қалыңдығына;
Тармақша 6
6) бойлау осінен шұңқырларға, мұз ойылымдарына, мұз дайындау алаңдарына, жерасты сулардың шығуына, электр станцияларының қолданылған жылы суды жинау орнына, сеңді мұз шоғырларына дейінгі ара қашықтыққа;
Тармақша 7
7) мұзды жамылғының жағамен қосылған жеріне;
Тармақша 8
8) ағаш төсемнің жай-күйіне және оны мұз жамылғысын күшейтуге пайдалануға және төсемнің жағамен қосылған жеріне;
Тармақша 9
9) жүріс бөлігінің шегінде және одан жақын маңда мұз жарықтарының болуына;
Тармақша 10
10) өтпе шекараларының белгіленуіне;
Тармақша 11
11) өтпеге кіретін жерде шлагбаумдардың болуына;
Тармақша 12
12) өтпе салуға арналған құм қорларының және басқа да материалдардың болуына;
Тармақша 13
13) құтқару құралдарының болуына аударылады.
Тармақ 25
25. Жол жүрісі қауіпсіздігіне қауіп төндіретін анықталған кемшіліктер бойынша нұсқама беріледі және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ басқа да мүдделі органдарға хабарланады.
Тармақ 26
26. Қорытынды тексерулер жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) кешенді, тоқсан сайын тексерулер мен жол және коммуналдық ұйымдардың автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындығын, мұз өтпелердің жағдайын тексерумен көзделген іс-шаралардың орындалуы;
Тармақша 2
2) бұрын берілген нұсқамалардың орындалуы;
Тармақша 3
3) автомобиль жолдарының, жол құрылыстары мен теміржол өтпелерінің ағымдағы пайдаланылу жағдайы;
Тармақша 4
4) оларды салу, реконструкциялау, оңалту және жөндеу кезінде регламенттер, нормативтер мен стандарттар талаптарының сақталуы тексеріледі.
Тармақ 27
27. Қорытынды тексеру жүргізу мерзімділігі бұрын берілген нұсқамалардың белгіленген мерзімдеріне байланысты. Барлық белгіленген мерзімде орындалмаған нұсқамалар бойынша ай сайын прокуратура органдарына ақпарат жолданады.
Тармақ 28
28. Қорытынды тексерулердің нәтижелері бойынша жолдарды, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын және өзге де объектілерді салу, реконструкциялау, жөндеу, оңалту және күтіп ұстау қағидаларын бұзған лауазымды және заңды тұлғаларға ӘҚБтК-нің 462, 614, 630, 631 және 632-баптарына сәйкес шаралар қабылданады.
Тармақ 29
29. Жол қызметі және жол жүрісін ұйымдастыру саласындағы регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын күнделікті қадағалау жолдарды, жол құрылыстарын, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын және өзге де объектілерді күтіп ұстау процесінде, сондай-ақ жолдарда жөндеу-құрылыс жұмыстары мен басқа да жұмыстар жүргізу кезінде туындаған, көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі келтіретін және оның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кемшіліктерді жоюға жедел шаралар қабылдау мақсатында жүзеге асырылады және оны жол жүрісін қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының қызметкерлері жүргізеді.
Тармақ 30
30. Жолдардың, теміржол өтпелерінің және басқа да құрылыстардың немесе жол жүрісін реттейтін техникалық құралдардың бұзылу және/немесе олардың жай-күйі, сондай-ақ көлік құралдарының қозғалысы үшін қасақана кедергілер жасау фактілері анықталған жағдайда, кінәлі адамдарға ӘҚБтК-нің 614, 630, 631, 632-баптарына сәйкес және анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданады.
Тармақ 31
31. Жол жүрісін қадағалауды жүзеге асыратын қызметкер жолдар мен инженерлік құрылыстардың жай-күйінде көлік құралдарының қозғалысына немесе оның қауіпсіздігіне кедергі келтіретін кемшіліктерді анықтаған жағдайда, ол туралы ішкі істер органдарының кезекші бөліміне баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Тармақ 32
32.  Кезекші бөлімнің кезекшісі хабарламаларды осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес көшелер мен жолдардың жай-күйіндегі кемшіліктерді, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарының бұзылуын есепке алу журналына тіркейді және ол туралы ішкі істер органы бөлімшесінің басшысына, уәкілетті орган бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) бастығына хабарлайды. Қозғалысты шектеу немесе тыйым салу қажеттілігі туралы оның шешімін жол жүрісін қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлердің, сондай-ақ жол, коммуналдық және басқа да мүдделі ұйымдардың лауазымды адамдарының назарына жеткізеді.
Тармақ 33
33. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы кемшіліктерді анықтау үшін автомобиль жолдарын күтіп ұстау кезінде техникалық және арнайы құралдар пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 34
34. Өлшеу аспаптарына жататын техникалық құралдардың оларды өлшеу құралдары ретінде бекіту туралы сертификаттары және тексеру туралы қолданыстағы куәлігі болуы тиіс.
Тармақ 35
35. Фото- және бейнежазба функциялары бар техникалық құралдарды қызметкерлер олардың көмегімен алынған материалдар анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар себептерінің және оларды жасауға ықпал еткен жағдайлардың, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адам кінәсінің дәлелдемелері болып табыла алатын не жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді дұрыс шешу үшін маңызы болатын барлық жағдайларда қолданады.
Тармақ 36
36. Фото- және бейнежазбаны жүзеге асыру тәсілі, параметрлері мен жағдайлары жолдың тиісті учаскесін, сондай-ақ бақылау өлшеу үшін қолданылатын арнайы техникалық құралдың көрсеткішін сәйкестендіруге мүмкіндік беруге және түсірілген күні мен уақытын көрсетуге тиіс.
Тармақ 37
37. Фототүсірілім мен бейнежазба материалдары қызметкердің мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі өз іс-әрекеттері туралы түсіндірмелерді және лауазымды адамның немесе заңды тұлға өкілінің түсіндірмесін қамтуы тиіс.
Тармақ 38
38. Жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖКО) туралы деректерді, автомобиль жолдарын пайдаланудың жай-күйін тексеру нәтижелерін, жол жүрісі жағдайлары мен жай-күйін зерделеу, жол-пайдалану, көліктік ұйымдардың, жол жүрісін бақылауды жүзеге асыратын полиция қызметкерлерінің және азаматтардың ұсыныстарын талдау негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 39
Тармақ 40
Тармақ 41
41. Автомобиль жолдарының авариялық-қауіпті учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шаралардың тиімділігін бақылау олар толық іске асырылғаннан кейін үш жыл ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 42
42. Жол жағдайларымен байланысы бар ЖКО-ның болмауы тиімділіктің басты өлшемшарты болып табылады.
Тармақ 43
43. Жол жүрісі жағдайларын және жай-күйін зерделеген кезде:
Тармақша 1
1) көлік ағымының қарқындылығы есептеледі және олардың құрамы нақтыланады;
Тармақша 2
2) жаяу жүргінші қозғалысының қарқындылығы есептеледі, оның тартылыс аймағы нақтыланады;
Тармақша 3
3) көліктік кешігулердің ұзақтығы есептеледі;
Тармақша 4
4) ЖКО-ның туындау, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құқық бұзушылықтар мен құқыққа қарсы іс-әрекеттердің себептері мен жағдайлары анықталады және талдау жасалады, оларды жою бойынша шаралар қабылданады, жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шаралар әзірленеді және автомобиль жолдарының иелеріне ақпарат жолданады;
Тармақша 5
5) соңғы 3 жылдағы ЖКО-ның саны нақтыланады;
Тармақша 6
6) геометриялық параметрлері (жүріс бөлігінің ені, қозғалыс жолақтарының саны, жоспардағы қисық радиустар, бойлау еңістерінің мөлшері және т.б.) нақтыланады;
Тармақша 7
7) жол жүрісін реттейтін техникалық құралдардың бар-жоғы нақтыланады;
Тармақша 8
8) жол учаскесінде қозғалысты ұйымдастыру сызбасы жасалады.
Тармақ 44
44. Жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында автомобиль жолдарының иелеріне:
Тармақша 1
1) жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнату және қалпына келтіру, сондай-ақ бағдаршам объектілерінің жұмыс режимін өзгерту жөніндегі жұмыстарды орындауға нұсқамалар;
Тармақша 2
2) жол белгілерінің қолданыстағы орналасуына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар;
Тармақша 3
3) қосымша жол қоршауларын орнату және жол таңбасы сызбаларын түзету туралы ұсыныстар беріледі.
Тармақ 45
45. Жол жүрісін реттейтін техникалық құралдарын орнату және қалпына келтіру, сондай-ақ бағдаршам объектілерінің жұмыс режимдерін өзгерту жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған нұсқама екі данада жасалады. Бірі жол белгілерін орнатуды және бағдаршам объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйымға жолданады, екіншісі – номенклатуралық істе сақталады.
Тармақ 46
46. Жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды орындауға берілген барлық нұсқамалар осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнату (алу) жөніндегі жұмыстарға арналған нұсқамаларды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша анықталған кемшіліктерді есепке алу журналында ескеріледі.
Тармақ 47
47. Жедел іс-шараларды енгізумен ғана іске асырылмайтын, жол жүрісін ұйымдастыруды перспективалық дамыту жөніндегі ұсыныстар осы мәселелерді шешуге құзыретті жергілікті атқарушы органдарға белгіленген тәртіппен жіберіледі.
Тармақ 48
48. Қозғалысты ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі бағыттары ретінде:
Тармақша 1
1) қозғалысты кеңістікте бөлу (қозғалысты құбырлау, әр деңгейде қиылысу, бағыттарды бағдарлау, біржақты қозғалысты енгізу);
Тармақша 2
2) қозғалысты уақытпен бөлу (реверсивпен, бағдаршаммен реттеуді енгізу, қозғалысты, аялдауды және тұраққа қоюды белгіленген сағаттарда және апта күндерінде шектеу);
Тармақша 3
3) біртектес көлік ағымдарын құру (құрамы, бағыты және қозғалыс мақсаты бойынша);
Тармақша 4
4) қозғалыстың жылдамдық режимін оңтайландыру (жылдамдықты арттыру немесе шектеу, жүріс бөлігінің тар жерлерін жою, жолдың нығыздық деңгейін төмендету);
Тармақша 5
5) қозғалысты автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу;
Тармақша 6
6) жаяу жүргінші қозғалысының ыңғайлылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету (жаяу жүргінші өтпелерін құру және жабдықтау, жаяу жүргінші және тұрғын аймақтарды ұйымдастыру);
Тармақша 7
7) көлік құралдары тұрақтарын ұйымдастыру және олар туралы ақпарат қарастырылады.
Тармақ 49
Тармақ 50
Тармақ 51
Тармақ 52
Тармақ 53
Тармақ 54
Тармақ 55
55. Көлік құралдарының конструкциясына және техникалық жай-күйіне талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманың сақталуын бақылау жөніндегі негізгі міндеттерді орындауды ішкі істер органдары:
Тармақша 1
1) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі ‒ тіркеу іс-әрекеттері);
Тармақша 2
2) жол жүрісін қадағалауды;
Тармақша 3
3) көлік құралдарының жаңа үлгілерін қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссиялар;
Тармақша 4
4) көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуді келісуді жүргізу кезінде жүзеге асырады.
Тармақ 56
56. Пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясын және техникалық жай-күйін бақылау:
Тармақша 1
1) көлік құралының тиісті құжаттарын тексеру;
Тармақша 2
2) көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жай-күйінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 57
57. Пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясын және техникалық жай-күйін бақылау кезінде тексеруге жататын құжаттардың тізбесі, сондай-ақ бақылау нәтижелерін ресімдеу тәртібі «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) және «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрықтарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) талаптарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 58
Тармақ 59
Тармақ 60
Тармақ 61
61. Тіркелген көлік құралында енгізуге жататын және тіркеу құжаттарына енгізілмеген конструкция өзгерістері анықталған жағдайда осындай көлік құралдарын басқаратын адамдарға, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйіне және пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға ӘҚБтК-нің 590 және 617-баптарына сәйкес шаралар қабылданады.
Тармақ 62
62. Көлік құралы, оның нөмірлік агрегаттары және ұсынылатын құжаттар тиісті автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйелерін пайдалана отырып, арнайы есептер бойынша тексеріледі.
Тармақ 63
63. Көлік құралдарының техникалық жай-күйі пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясына және техникалық жай-күйіне және олардың қосымша жабдықтау заттарына талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігіне тексеріледі.
Тармақ 64
64. Белгіленген бағыт бойынша жүретін автобустардың конструкциясын және техникалық жай-күйін бақылау тек стационарлық бекеттерде, бағыттардың соңғы станцияларында және жолаушылар автотұрақтарында жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 65
65. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда заң бұзушылықтарды және оларды жою үшін қажетті шараларды көрсете отырып, орындалуы міндетті нұсқама беріледі. Нұсқамалар орындалмаған кезде лауазымды және заңды тұлғаларға ӘҚБтК-нің 462-бабына сәйкес шаралар қабылданады.
Тармақ 66
66. Оларды дайындау (жинау) кезінде көлік құралдарының конструкциясын бақылау көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынақтан өткізу және оларды өндіріске қабылдау сатысында жүзеге асырылады. Жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын көлік құралдарын дайындау сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің (бұдан әрі ‒ ӘПК) рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 67
67. Олардың конструкциясына өзгерістер енгізу кезінде көлік құралдарының конструкциясын бақылау, егер ол габариттерін және салмақ параметрлерін, қозғалтқыш моделін, оның салмағы мен қуаттылығын, отын беру жүйелерін, тежегіш жүйесін, санын, орнату орнын, көру бұрыштарын, жарықтандыру және жарық сигнализациясы аспаптарының жарық және түстік сипаттамаларын, жүру бөлігін, рульдік басқаруын, сондай-ақ көруді, шолуды, сылбыр және авариядан кейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін конструкцияның құрамдас бөліктерін өзгертумен байланысты болса, алдын ала техникалық сараптама жүргізу нәтижелері бойынша және көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдап сынау кезінде жүзеге асырылады. Бұл ретте М2 және М3 санаттарындағы көлік құралдарының конструкциясына отыратын орындарды орнатумен (бөлшектеумен), жатын орындарын және жүк бөлігін ұйымдастырумен байланысты және №1, №2, №З санаттарындағы көлік құралдарына М2 және МЗ санаттарына ауыстырумен байланысты өзгерістер енгізуге жол берілмейді. М1 санаты үшін отыратын орындарды азайтумен байланысты қайта жабдықтауға жол беріледі. М1, М2 санаттары үшін оларды №1, №2 санаттарына ауыстырумен байланысты қайта жабдықтауға жол беріледі.
Тармақ 68
68. Алдын ала техникалық сараптама жүргізу қажет болған жағдайда, көлік құралдарының конструкциясын бақылауды әкімшілік полиция жүзеге асырады.
Тармақ 69
69. Алдын ала техникалық сараптама жүргізу қажет болған жағдайда, онда жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мынадай мәліметтердің болуы бақыланады:
Тармақша 1
1) бұйымды қолдану саласының қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 2
2) көлік құралы сол үшін арналып жасалған жол жағдайлары мен пайдалану режимдері;
Тармақша 3
3) көлік құралының тарту күші-жылдамдығы сипаттамалары;
Тармақша 4
4) қозғалтқыш параметрлері;
Тармақша 5
5) салмақ параметрлері (жарақталған жағдайдағы массасы, толық массасы, жүк көтеруі, жолаушы орындықтарының саны, біліктер бойынша толық массаны бөлу, тіркеуге алынатын тіркеменің, жартылай тіркеменің толық массасы), габаритті өлшемдер (ені, биіктігі, ұзындығы);
Тармақша 6
6) жолдың жарық сәулесі, бұрылыс радиусы;
Тармақша 7
7) дөңгелектер, біліктер саны, негізгі білік жетегі, шиналардың өлшемі мен сипаттамасы;
Тармақша 8
8) біліктер бойынша тежегіш жүйесінің конструкциясы, жетек типі;
Тармақша 9
9) рульдік басқару, жетек күшейткішінің конструкциясы;
Тармақша 10
10) сыртқы жарық аспаптарының конструкциясы, саны;
Тармақша 11
11) пайдаланылатын сылбыр қауіпсіздік құралдары.
Тармақ 70
70. Егер алдын ала техникалық сараптамада жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптары ескерілмесе немесе ол көлік құралының конструкциясы туралы толық мағлұмат бермесе, онда орын алған кемшіліктерді санамалап, көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістерді келісуден бас тартылады.
Тармақ 71
71. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынау және өндіріске қабылдау сатысында бақылау қабылдау сынақтары жөніндегі комиссияларға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 72
72. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдау сынақтары жөніндегі комиссияның құрамына ӘПК-нің уәкілетті қызметкері немесе ӘПК-нің жазбаша тапсырмасы бойынша, аумағында сынақтар өткізу болжанып отырған, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД Әкімшілік полиция басқармасының (бұдан әрі ‒ ӘПБ) өкілі қатысады.
Тармақ 73
73. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдау сынақтары дайындаушы әзірлеген және белгіленген тәртіппен ӘПК-мен келісілген Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынау бағдарламасы-әдістемесіне сәйкес өткізіледі.
Тармақ 74
74. Қабылдау сынақтары барысында көлік құралдары тәжірибелік үлгілерінің конструкциясы мен техникалық жай-күйі тиісті жобалау-техникалық құжаттаманың, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігіне тексеріледі.
Тармақ 75
75. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынау нәтижелері бойынша қабылдау комиссиясы хаттама мен көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдау актісін толтырады.
Тармақ 76
76. Егер үлгілер сынақтан өтпесе, хаттамада конструкцияны пысықтау туралы ұсыныстар жазылады және көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдау актісіне әкімшілік полицияның уәкілетті қызметкері қол қоймайды. Конструкцияның қайта жасалған құрамдас бөліктері сынақтан қайта өткізіледі.
Тармақ 77
77. Жобалау-техникалық құжаттама әзірлемей, бірақ көлік құралының моделі-дайындаған зауыттың аналогына қатаң сәйкестікте және әкімшілік полицияның келісімі бойынша көлік құралдарының конструкциясына мынадай өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға рұқсат беріледі:
Тармақша 1
1) көлік құралының шассиіне көлік құралының осы типі құрамында сәйкестікті бағалаудан өткен, жүкті өзі түсіретін стандартты және борт шанақтарын, цистерналар, фургон-шанақтар (оның ішінде контейнерлер), тент орнатумен байланысты шанақ типін өзгерту, сондай-ақ көрсетілген шанақ типтерін бірінің орнына бірін ауыстырып орнату;
Тармақша 2
2) жүк автомобильдеріне оларға қатысты көлік құралының типі құрамында сәйкестікті бағалау өткізілген қосымша отын бактарын орнату;
Тармақша 3
3) дайындаған зауыттың моделі-аналогына сәйкес жүк автомобильдеріне конструкциясы, саны мен материалы бойынша дайындаған зауыт моделі-аналогының бекіту материалдарына ұқсас бекіту элементтерін қолданып, көлік құралының осы маркасы құрамында сертификатталған, жүк көтеретін борттар, жүкшығырлар және жүктерді өздігінен тиеу және түсіру үшін гидравликалық көтергіштер орнату;
Тармақша 4
4) дайындаған зауыттың моделі-аналогына сәйкес автомобильдер мен тіркемелерге, оның ішінде жеңіл автомобиль салонында стандартты бекіту бөлшектерін қолданып, көлік құралының осы маркасы құрамында сертификатталған арнайы алынбайтын жабдық орнату;
Тармақша 5
5) стандартты бекіту бөлшектерін және қатты шуды болдырмайтын құрылғыларды қолданып, жүк борт автомобильдеріне және екі білікті борт тіркемелерге борттардың орнына кониктер орнату;
Тармақша 6
6) дайындаған зауыттың моделі-аналогына сәйкес жүк автомобильдерінің шассиіне пошта, өндірістік және азық-түлік тауарларын тасымалдауға арналған (жолаушыларды тасымалдауға арналған шанақ-фургондарды қоспағанда), конструкциясы, саны мен материалы бойынша дайындаған зауыт моделі-аналогының бекіту материалдарына ұқсас бекіту элементтерін қолданып, көлік құралының осы маркасы құрамында сертификатталған шеберханалық шанақ-фургондарын орнату;
Тармақша 7
7) қозғалтқышқа газ тәрізді отынмен (компримирленген табиғи газбен – КТГ, сұйылтылған мұнай газымен – СМГ) қуат беру жабдығын орнату және осындай жабдықты демонтаждау.
Тармақ 78
78. Осы Нұсқаулықтың 77-тармағында көрсетілген, көлік құралдарының конструкциясына өзгерістер енгізуге өтініштерді ӘПБ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркелген орнына қарамастан қарайды. Бұл ретте, аудандардың (қалалардың) әкімшілік полиция бөліністерінің қызметкерлері газды баллон жабдығын, құрал-сайман жәшіктерін орнату және жүк автомобильдерінің шанақтарын ауыстыру бойынша көлік құралдарының конструкциясына өзгерістер енгізуге арналған өтініштерді тұрақты тіркелген жері бойынша облыс ауданының (қаласы) аумағы шегінде қарайды.
Тармақ 79
79. Өтініштер қарауға көлік құралының конструкциясына енгізілетін өзгерістердің толық сипаттамасымен қабылданады.
Тармақ 80
80. Көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуге өтініштерді қарау нәтижелері бойынша әкімшілік полиция қабылданған шешімді көрсетіп, өтініш берушіге жазбаша жауап береді. Жеке күзет ұйымдары жедел ден қою топтарының көлік құралдарын арнайы түстік-графикалық сызбалар бойынша арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықтау жөніндегі мәселені қарау кезінде өтініш беруші күзет қызметімен айналысатын субъектілерді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның растайтын құжатын ұсынады.
Тармақ 81
81. Оң шешімде оларға сәйкес көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуді жүргізу қажет нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың техникалық талаптары көрсетіледі, тиісті жұмыстарды орындауға болатын өндірістік-техникалық базаны таңдау бойынша ұсынымдар беріледі, сондай-ақ көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік (018/2011 КО ТР 18-қосымша) беру үшін уәкілетті әкімшілік полиция бөлінісінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 81-1
81-1. Конструкцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін, көлік құралы оның Кеден одағы комисиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген «Доңғалақты автокөлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, сондай-ақ «Автомотокөлік құралдары. Құрастырылымына өзгерістер енгізу. Жалпы ережелер мен техникалық талаптар» ҚР СТ 1418-2018 Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкестігі бағаланады және талапқа сай болған жағдайда көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін оның қауіпсіздігін тексеру жүргізіліп, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігін тексеру жөніндегі хаттама ресімделеді.
Тармақ 82
82. Пайдаланудағы көлік құралының конструкциясы мен техникалық жай-күйі, өзгерістер енгізілгеннен кейін, ішкі істер органдарына құжаттар келіп түскен сәттен бастап жұмыс күндері қырық сегіз сағат ішінде, осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктер (КО ТР 018/2011 18-қосымшасы) беру журналына мәліметтерді енгізіп, иесіне көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік беріледі, сондай-ақ «www.egov.kz» «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік беруге рұқсат беріледі. Бұл ретте, көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік беру кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы аумақтық бөліністің басшысы деп басқарма және (немесе) бөлім, бөліше бастығын және оның орынбасарын, сондай-ақ жол және техникалық инспекция бөлімінің (бөлімшенің) бастығын және оның орынбасарын немесе оларды алмастыратын лауазымды адамдарды түсіну керек.
Тармақ 83
83. Көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті ресімдеу үшін көлік құралының иесі (иесінің өкілі) әкімшілік полицияға мынадай құжаттарды ұсынады: көлік құралын тіркеу туралы куәлікті; көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі туралы жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқару органы аумақтық бөлімшесінің шешімін; КО ТР 018/2011 9-қосымшасында көзделмеген жағдайларда, көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі мен тәртібі туралы қорытындыны (алдын ала техникалық сараптама немесе базалық көлік құралын дайындаушы немесе көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізуші әзірлеген, базалық көлік құралын дайындаушы белгіленген тәртіппен бекіткен және жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқару органымен келісілген, көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуге арналған техникалық шарттар); көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін оның конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын; жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттердің, стандарттардың талаптарымен, конструкциясына енгізілген өзгерістермен көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру нәтижелері бойынша рәсімделген техникалық байқаудың диагностикалық картаны ұсынады.
Тармақ 83-1
83-1. Автокөлік құралдарын қайта жабдықтау жөніндегі номенклатуралық істе, «www.egov.kz» «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) өзге де ақпараттық жүйелер арқылы қызметтер көрсету кезіндегі жағдайларды қоспағанда, Нұсқаулықтың 83-тармағында көрсетілген барлық құжаттама немесе олардың көшірмелері сақталады. Автокөлік құралдарын қайта жабдықтау жөніндегі номенклатуралық істерді сақтау мерзімдері «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, ішкі істер органдарының, Ұлттық ұланының, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүйесінің мекемелері мен ұйымдарының қызметінде жасалатын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2016 жылғы 12 қазандағы № 977 бұйрығының 829-тармағымен бекітілген.
Тармақ 84
84. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтауды мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жүзеге асырылуын бақылауды төмен тұрғандарға қатысты жоғары тұрған органдар жылына кемінде бір рет уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін тексеру арқылы жүргізеді, олардың барысында:
Тармақша 1
1) жол қызметі және жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру саласындағы регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау кезінде заңнаманың сақталуына;
Тармақша 2
2) жол қызметі және жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру саласындағы регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде осы Нұсқаулық талаптарының орындалуына;
Тармақша 3
3) есептерде ұсынылатын қызмет нәтижелері туралы мәліметтердің шынайылығына ерекше назар аударылады.
Тармақ 85
85. Автомобиль көлігімен үнемі облысішілік автомобиль тасымалдары қызметін көрсету құқығына конкурстық комиссия өткізу кезінде жол және техникалық инспекция бөлімінің қызметкері конкурсқа ұсынылатын көлік құралдарын тексерген кезде техникалық регламенттердің, стандарттардың талаптарына сәйкестігін анықтайды.
Тармақ 86
86. Жол және техникалық инспекция қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді орындауға тартуға жол берілмейді.
Тармақ 87
87. Қадағалау және өзге де органдардың тарапынан тексеру жүргізу фактісі бойынша аумақтық органдар үш күндік мерзімде ІІМ ӘПК-ге хабарлайды.
Басқа 1. Автомобиль жолын тексеру актісі
Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша нысан Автомобиль жолын тексеру актісі 20__ жылғы «__»_______ ___________________қаласы (ауданы) Лауазымды адам ___________________________________________________________ (лауазымы, атағы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________________________ұйымы өкілінің қатысуымен километр (бұдан әрі – км) ___ + ___ - ___ км ___ + ___ (20__ жылғы «___» _________ №_____келісімшарт) __________________________________________________________________________ (автомобиль жолының атауы) автомобиль жолына және ондағы (олардағы) жасанды жол құрылыстарына тексеру жүргізді және мынаны анықтады: Тапсырыс беруші: _________________________________________________________ (автомобиль жолын басқару органы, мекенжайы, байланыс телефоны) __________________________________________________________________________ Мердігер (пайдаланушы ұйым, заңды тұлға) _________________________________ __________________________________________________________________________ (атауы, мекенжайы, байланыс телефоны) Қызмет көрсету аумағы ____________________________________________________ (автомобиль жолының учаскесі) Анықталды: р/с № Мекенжайы, км Кемшіліктер Жою үшін жауапты (ұйым, лауазымы, т.а.ә.) Оң жақтан Сол жақтан
Тармақ 1
1. Жер қабатының, жол бетінің және жүріс бөлігі, жиектері, тротуарлар, жаяу жүргінші және велосипед жолдары жабынының жай-күйі 1.
Тармақ 2
2. Жоспардағы және ұзына бойы қисық қиылыстар мен түйісулерде көрінуді қамтамасыз ету 2.
Тармақ 3
3. Бағыттағы көлік құралдары аялдамаларының жай-күйі және жабдықталуы 3.
Тармақ 4
4. Жасанды жол құрылыстарының (көпірлердің, жол өтпесінің, эстакадалардың, тоннельдердің, виадуктардың, су өткізетін құбырлардың) жол қоршауларының және олардағы жарықтандырудың жай-күйі 4.
Тармақ 5
5. Жаяу жүргіншілер өткелінің белгіленуі және жабдықталуы 5.
Тармақ 6
6. Жүріс бөлігінде жұмыстар жүргізу орындарын қоршау, айналып өту жолдарын ұйымдастыру және олардың жай-күйі 6.
Тармақ 7
7. Қоғамдық көлік құралы аялдамаларындағы жасанды жарықтандыру 7.
Тармақ 8
8. Автомобиль жолдарын жайластыру элементтері (жол белгілерінің, таңбаларының және т.б. жай-күйі) 8.
Тармақ 9
9. Бағдаршам объектілерінің жұмыс режимдерінің сәйкестігі 9.
Тармақ 10
10. Тұрақтар мен демалу алаңдарының жай-күйі 10.
Тармақ 11
11. Қарап тексеру құдықтары мен жаңбыр суы құйылатын торлар люктерінің жай-күйі 11.
Тармақ 12
12. Көше-жол желісін сыртқы жарықтандыру жай-күйі 12.
Тармақ 13
13. Мәдени, сауда және спорт орталықтарының, елді мекендердегі әкімшілік ғимараттардың жанындағы жабдықталған тұрақтардың жай-күйі 13.
Тармақ 14
14. Жалпы пайдаланымдағы көлік бағыттарын жабдықтау мен жайластырудың жай-күйі 14.
Тармақ 15
15. Трамвай жолдарымен қиылысатын жерлердегі жүріс бөлігінің жай-күйі 15. Лауазымды адам _____________________/____________/ (лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.(ол болған жағдайда) Ұйым өкілі ____________________/__________________/ (лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
Басқа 1-1. Мақсатты тексеру актісі
Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 1-1-қосымша нысан Мақсатты тексеру актісі 20__ жылғы «__»_______ _______________________________ қаласы (ауданы) Лауазымды адам ______________________________________________________ (лауазымы, атағы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________________________________________ ұйымы өкілінің қатысуымен километр (бұдан әрі – км) ___ + ___ - ___ км ___ + ___ (20__ жылғы «___» _________ №_____келісімшарт) ____________________________________________________________________ (автомобиль жолының атауы) автомобиль жолына және ондағы (олардағы) жасанды жол құрылыстарына тексеру жүргізді және мынаны анықтады: Тапсырыс беруші: ____________________________________________________ (автомобиль жолын басқару органы, мекенжайы, байланыс телефоны) ____________________________________________________________________ Мердігер (пайдаланушы ұйым, заңды тұлға) ______________________________ ____________________________________________________________________ (атауы, мекенжайы, байланыс телефоны) Қызмет көрсету аумағы ____________________________________________________________________ (автомобиль жолының учаскесі) Анықталды: р/с № Ме­кен­жайы, км Кем­ші­лік­тер Жою үшін жа­у­ап­ты (ұй­ым, ла­у­а­зы­мы, т.а.ә.) Оң жақ­тан Сол жақ­тан 1. 2. Лауазымды адам ____________________________/______________/ (лауазымы, қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))
Басқа 2. __________________ облысы (қаласы) бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның НҰСҚАМАСЫ
Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша __________________ облысы (қаласы) бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның НҰСҚАМАСЫ ___________________________________________________________ басшысы (заңды тұлғаның атауы) __________________________________________________________________ (заңды тұлға басшысының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның мекенжайы) «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабына сәйкес: 1. Автомобиль жолдарын (теміржол өтпелерін) тексеру актісінде көрсетілгендерді жоюға шаралар қабылдау. 2. Осы нұсқаманы қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы __________________ облысы (қаласы) бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға 20__жылғы «__»________ дейін хабарлау қажет. 3. Осы нұсқаманы орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. ____________________ облысы (қаласы) бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы ___________ ______________________________________________ (қолы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда)) Осы нұсқамамен таныстым және нұсқаманың бір данасын алдым 20 __ жылғы «____» __________ Заңды тұлғаның басшысы не оның өкілі _______________________________________ (қолы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
Басқа 3. АКТ
Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша нысан АКТ Иесі: ____________________________________________________________ (олардың атауы, мекенжайы, телефоны) № р/с Те­мір жол өт­пе­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі Анық­тал­ған кем­ші­лік­тер Жою үшін жа­у­ап­ты (ұй­ым, ла­у­а­зы­мы, Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да)) Ес­керт­пе Лауазымды адам ____________________________/______________/ (лауазымы, қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))
Басқа 4. Акт
Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша нысан Акт 20_ жылғы «___» _________ ___________ қаласы (ауданы) Жол және коммуналдық органдардың автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындығын тексеруде анықталды: Тапсырыс беруші:____________________________________________________ (коммуналдық немесе жол шаруашылығы ұйымы, мекенжайы, телефоны) Мердігер (пайдаланушы ұйым)_________________________________________ (атауы, мекенжайы, телефоны) Қызмет көрсету аумағы ______________________________________________ (автомобиль жолының, көшенің учаскесі) р/с № Тексерілетін параметрлер Болуы 1. 1.1. 1.2. 1.2.1. 1.2.2. 1.2.3. 1.3. 2. 2.1. 2.2. 2.3. 2.4. 2.5. 2.6. 2.7. 2.8. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. Қысқы күтіп ұстауға дайындық және ұйымдастыру жоспары: Өткен жылдардағы жұмыс нәтижелерін қорытындылау материалдары Қысқы күтіп ұстауға дайындық бойынша жұмыс кестесі: Жолды қар басып қалудан қорғау сызбасы Жол учаскелерін тазарту, қысқы тайғанақты жою кезектілігі мен мерзімдері. Отрядтар құрамы және машиналардың жұмыс тәртібі Көктайғаққа қарсы материалдарды орналастыру сызбасы. Кезекшілік ұйымдастыру және ауа райы жағдайы мен қозғалыс жағдайы туралы хабарландыру жүйесі тәртібі Жоспарға түсіндірме жазба: Жолдарды қысқы күтіп ұстау сипаттамасы Жолдардың қар басатын учаскелеріне түсетін қардың көлемі туралы деректер Қардан қорғайтын ағаш егістерінің ұзындығы Қар ұстайтын қондырғылардың қажетті санының есебі Қар тазалайтын, тұз шашатын, құм лақтыратын машиналар мен көктайғаққа қарсы материалдар санының есебімен қысқы тайғанақты жою мерзімдерінің негіздемесі Қар тазалайтын, тұз шашатын, құм лақтыратын машиналар мен көктайғаққа қарсы материалдардың болуы Көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау тәсілдері Көктайғаққа қарсы материалдарды сақтау және тиеу құралдары Машиналардың даярлық актісі (өндірістік бөлімше өкілі мен жоғары тұрған жол органы (тапсырыс беруші) қол қояды Құм базаларының орналасуы 10 күндік отын қоры бар жанар-жағар май құю пункттері Су және май қыздырғыштар Машиналар мен механизмдерге қосалқы бөлшектер Жүргізушілер мен жұмысшылардың демалуына және жылынуына (оның ішінде тамақ дайындау, алғашқы медициналық көмек көрсету және т.с.с.) арналған үй-жайлар Тәулік бойы кезекшілік енгізу туралы бұйрық Кезекшінің міндеттері туралы нұсқаулық Пайдаланушы бөлімшелер арасындағы байланыс түрі Жақын жердегі гидрометеоқызметпен келісімшарт Өзіндік метеобекеттер Қаладан тыс автомобиль жолдарына жол белгілерін орналастыру Бекітілген күні: Кім бекітті: Ұсыныстар:__________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Комиссия құрамы: Төраға:_____________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда)) Комиссия мүшелері:__________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
Басқа 5. Көшелер мен жолдардың жағдайындағы кемшіліктерді, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарының зақымдануларын есепке алу ЖУРНАЛЫ
Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша нысан нысан Көшелер мен жолдардың жағдайындағы кемшіліктерді, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарының зақымдануларын есепке алу ЖУРНАЛЫ __________________________________ (бөлімше атауы) Басталды «__»________________ 20 ___ ж. Аяқталды «__»______________ 20 ___ ж. р/с № Ақ­па­рат­тың ке­ліп түс­кен кү­ні мен уа­қы­ты Анық­тал­ған кем­ші­лік­тер, за­қым­да­ну­лар ту­ра­лы ха­бар­ла­ған адам­ның те­гі, аты-жө­ні Кем­ші­лік­тер, за­қым­да­ну­лар анық­тал­ған жол, кө­ше, кө­ше қиы­лы­сы Кем­ші­лік­тер­дің, за­қым­да­ну­лар­дың си­па­ты Кем­ші­лік­тер­ді, за­қым­да­ну­лар­ды жою қа­жет­ті­гі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма кім­ге және қа­шан бе­ріл­ді Кем­ші­лік­тер­ді, за­қым­да­ну­лар­ды жою кү­ні; жою ту­ра­лы ба­ян­да­ған ла­у­а­зым­ды адам­ның те­гі, аты-жө­ні
Басқа 6. Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнату (алу және қалпына келтіру) бойынша жұмыстарға нұсқамаларды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша анықталған кемшіліктерді есепке алу журналы
Әкімшілік полиция бөлімшелерінің «жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласындағы қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнату (алу және қалпына келтіру) бойынша жұмыстарға нұсқамаларды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша анықталған кемшіліктерді есепке алу журналы № р/с Жұ­мыстың тү­рі Жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу ор­ны Жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу негіз­де­ме­сі Нұс­қа­ма кім­ге бе­ріл­ді (ұй­ым, кү­ні) Нұс­қа­ма­ны орын­дау мер­зі­мі Жұ­мысты орын­дау кү­ні 1 2 3 4 5 6 7
Басқа 7
Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 7-қосымша
Басқа 8. КӨЛІК ҚҰРАЛЫНЫҢ ОНЫҢ КОНСТРУКЦИЯСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРМЕН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТЕРДІ БЕРУ ЖУРНАЛЫ
Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 8-қосымша нысан КӨЛІК ҚҰРАЛЫНЫҢ ОНЫҢ КОНСТРУКЦИЯСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРМЕН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТЕРДІ БЕРУ ЖУРНАЛЫ № р/с КҚ қарап тексеру күні КҚ маркасы МТНБ Қайта жабдықтау түрі Куәлікті беру нөмірі Куәлікті берген күн Алушының қолы