Об определении регионов для расселения кандасов и переселенцев Күшін жойған
Басқа 0
Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер айқындалсын.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 162-құжат);
Тармақша 2
2) «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 783 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 452-құжат).
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 83 қаулысына
1-қосымша
Қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер
Тармақ 1
1. Ақмола облысы.
Тармақ 2
2. Атырау облысы.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы.
Тармақ 4
4. Батыс Қазақстан облысы.
Тармақ 5
5. Қостанай облысы.
Тармақ 6
6. Павлодар облысы.
Тармақ 7
7. Солтүстік Қазақстан облысы.
8. Абай облысы.
Басқа 2. Қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 83 қаулысына
2-қосымша
Қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы.
Тармақ 3
3. Павлодар облысы.
Тармақ 4
4. Солтүстік Қазақстан облысы.
Тармақ 5
5. Қарағанды облысы.
Тармақ 6
6. Ақмола облысы.
7. Абай облысы.
8. Ұлытау облысы.