Об утверждении перечня персональных данных физических лиц, включаемых в состав государственных электронных информационных ресурсов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 460 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 206-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 117 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесі № р/c Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің атауы 1. Тегі 2. Аты 3. Әкесінің аты 4. Тегі мен атының транскрипциясы 5. Тууы туралы мәліметтер: туған күні; туған жері. 6. Ұлты 7. Жынысы 8. Отбасылық жағдайы 9. Азаматтығы туралы мәліметтер: азаматтығы (бұрынғы азаматтығы); Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні; Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан күні. 10. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) 11. Портреттік бейнесі (цифрлы фотосуреті) 12. Қолы 13. Заңды мекенжайы, заңды мекенжайын тіркеген (тіркеуден шығарған) күні 14. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы; құжаттың нөмірі; құжатты берген күні; құжаттың қолданылу мерзімі; құжатты берген орган.