Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, архивного дела, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік саланың мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 134 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3275 тіркелген, 2008 жылғы 30 желтоқсанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік саланың мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 134 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 15 тамыздағы № 234 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4019 тіркелген, 2014 жылғы 9 қыркүйекте «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.