Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление по делам религий Павлодарской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 334/10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4135 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қарашада «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған); Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 334/10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 326/11 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4846 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына бір апта мерзімде жолдауды; осы қаулының мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын; осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.М Бегентаевке жүктелсін.