Об утверждении Требований по размещению, содержанию и техническим характеристикам абонентских почтовых ящиков Күшін жойған
Басқа 0
Абоненттік пошта жәшіктерін
орналастыру, күтіп-ұстау және
олардың техникалық сипаттамалары
жөніндегі талаптарды бекіту туралы
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру, күтіп-ұстау және олардың техникалық сипаттамалары жөніндегі талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 68 бұйрығымен
бекітілген
Абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру,
күтіп-ұстау және олардың техникалық сипаттамалары
жөніндегі талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру, күтіп-ұстау және олардың техникалық сипаттамалары жөніндегі талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру, күтіп ұстау, пайдалану тәртібін және олардың техникалық сипаттамаларын белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) абоненттiк пошта жәшiгi –адресаттардың пошта жөнелтілімдерiн алуы үшiн ғимараттарда, тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда), жеке тұрғын үйлерде орнатылатын, ұяшықтары бар арнайы шкаф;
Тармақша 2
2) пошта операторының қызметтерін пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) – пошта операторы ұсынатын, оның ішінде пошта операторымен өзі жасасқан шарттар негізінде ұсынылатын қызметтерді тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) пошта операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, пошта қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) пошта саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыруды, мемлекеттік бақылауды, қызметті үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Тармақша 5
5) Ұлттық пошта операторы – Заңда көзделген міндеттемелер жүктелген, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті органымен анықталатын пошта операторы.
Тармақ 3
3. Абоненттік пошта жәшіктері тұрғын және тұрғын емес ғимаратта, жеке тұрғын үйде, пошта байланысы қызметтерін пайдаланушылардың және пошта операторы пошташыларының қол жеткізуіне ыңғайлы жерге орналастырылады, және абоненттік пошта жәшіктерінің тиісті қалпыда орналастырып, күтіп ұстауды қамтамасыз ететін меншік иелерінің меншігінде болады.
Тарау 2. 2-тарау. Абоненттік пошта жәшігін орналастыру және күтіп ұстау талаптары
2-тарау. Абоненттік пошта жәшігін орналастыру және күтіп ұстау талаптары
Тармақ 4
4. Абоненттік пошта жәшіктері көп пәтерлі тұрғын ғимараттың бірінші қабатының алаңында әрбір кіреберісте, бір қабатты және көп қабатты тұрғын емес ғимаратта бірінші қабатта меншік иелерінің, пошта байланысы қызметтерін пайдаланушылардың және пошта операторы пошташыларының (курьерлерінің) қол жеткізуіне ыңғайлы жерге орналастырылады.
Тармақ 5
5. Жеке тұрғын үйлердің меншік иелері абоненттік пошта жәшіктерін пошта операторларына (курьерлеріне) меншік иесінің аумағына кірмей пошта жөнелтілімін жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, өзінің жер учаскесінің шегінде аумаққа кірер жерде орналастырады.
Тармақ 6
6. Көп пәтерлі ғимараттардағы пәтерлердің, үй-жайлардың, жеке тұрғын үйлердің, тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері пошташылардың (курьерлердің) абоненттік пошта жәшіктеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 7
7. Тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың, жеке тұрғын үйлердің меншік иелерінің шешімі бойынша абоненттік пошта жәшіктерінің орнатылуын, күтіп ұсталуын және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме шарт бойынша кондоминиум субъектілеріне берілуі мүмкін.
Тармақ 8
8. Меншік иелері, пайдаланушылар, кондоминиум субъектілері абоненттік пошта жәшіктерін жарамды жай-күйде және таза ұстайды.
Абоненттік пошта жәшігі болмаған немесе жарамсыз болған жағдайда пошта операторы пошта жөнелтілімдерін алушының мекенжайына жеткізбейді, пошта жөнелтілімін беруді алушы тұратын ауданға қызмет көрсететін пошта операторының өндірістік объектісінен беруді жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Пошта байланысы қызметтерін пайдаланушылар абоненттік пошта жәшігі арқылы пошта жөнелтілімін алу кезінде оны ашуға және жабуға кілтті пайдаланады.
Тарау 3. 3-тарау. Абоненттік пошта жәшіктерінің техникалық сипаттамалары
3-тарау. Абоненттік пошта жәшіктерінің техникалық сипаттамалары
Тармақ 10
10. Абоненттік пошта жәшігі қалыңдығы 0,5 – 1,5 милиметр жалпақ металл прокаттан жасалады. Абоненттік пошта жәшігі конструкциясының жекелеген элементтері дәнекермен немесе тойтарып шегелеп біріктіріледі және эмаль бояумен сырланады. Корпустан және артқы саңлаусыз қабырғадан және құрылғымен (құлыппен) және топсалармен жабылып ашылатын есіктен тұрады.
Тармақ 11
11. Абоненттік пошта жәшіктері мынадай түрге бөлінеді:
Тармақша 1
1) жасалу технологиясы бойынша:
тік – тік орналасқан есіктері бар бірнеше ұяшықтарды қамтиды;
көлденең – көлденең орналасқан есіктері бар бірнеше ұяшықты қамтиды;
жеке – тік немесе көлденең болатын есіктері бар ұяшықтардың бірінен тұрады;
Тармақша 2
2) конструкциясы бойынша:
саңылау — пошта жөнелтілімдерін салу ұяшықтар арасындағы саңылау арқылы жүзеге асырылады;
бұзуға төзімді — пошта жөнелтілімдерін салу пошта операторының пошташысы (курьері) мастер-кілттің көмегімен барлық ұяшықты ашқан кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Абоненттік пошта жәшігі ұяшықтарының көлемі мен ішкі өлшемдері абоненттік пошта жәшігі арқылы жеткізілуге тиіс, пошта жөнелтілімдерінің еркін сыюын қамтамасыз етуі және мына өлшемдерден төмен болмауы керек:
Ұзындығы – 400 мм;
Ені – 250 мм;
Биіктігі – 120 мм.