Об утверждении Правил использования адресатами абонементного ящика Күшін жойған
Басқа 0
Адресаттардың абонементтік
жәшікті пайдалану
қағидаларын бекіту туралы
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Адресаттардың абонементтік жәшікті пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтүзбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 67 бұйрығымен бекітілген
Адресаттардың абонементтік жәшікті пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Адресаттардың абонементтік жәшікті пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленген және адресаттардың Қазақстан Республикасындағы пошта операторының абонементтік жәшігін пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) абонементтік жәшік – пошта жөнелтілімдерінің жекелеген түрлерін алуға арналған, өндірістік объектілерде орнатылатын, адресаттар пайдаланатын арнайы жәшік;
Тармақша 2
2) адресат (алушы) – пошта жөнелтілімi немесе пошталық ақша аударымы бағытталған, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы.
Тарау 2. 2-тарау. Абонементтік жәшікті пайдалану тәртібі
2-тарау. Абонементтік жәшікті пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Абонементтік жәшіктер өндірістік объектілерде орнатылады және адресат тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін, мерзімді баспа басылымдарын, тіркелетін пошта жөнелтілімдеріне арналған хабарландыруларды алу үшін белгілі бір мерзімде пайдаланады.
Тармақ 4
4. Әрбір өндірістік объекті үшін абонементтік жәшіктердің санын пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар тарапынан оларға деген қажеттіліктеріне қарай пошта операторы жеке белгілейді.
Тармақ 5
5. Абонементтік жәшіктерді пайдалану 1 қосымша негізінде рәсімделген адресаттың жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Бір абонементтік жәшікті бірнеше адресаттың пайдалануына, сондай-ақ оны басқа тұлғаға пайдалануға беруіне жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Абонент абонементтік жәшікті әрі қарай пайдаланудан бас тартқан кезде, абонементтік жәшіктің нөмірі өтініш берілген немесе пайдалану мерзімі аяқталған сәттен бастап бір ай өткеннен соң басқа абонентке пайдалануға беріледі. Пайдалану мерзімі өткеннен кейін келіп түскен пошта жөнелтілімдері өтініште көрсетілген жаңа мекенжай бойынша жіберіледі не жөнелтушіге қайтарылады, ал жөнелтушінің мекенжайы болмаған кезде таратылмағандар қатарына тапсырылады.
Тармақ 8
8. Абонементтік жәшіктерге жаңа құлып орнату немесе кілтін ауыстыру бойынша жұмыстар, сондай-ақ құлыпты немесе жәшікті адресаттың кінәсінен олар бұзылған жағдайда жөндеу оның есебінен жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Пошта операторының өндірістік объектілерінде абонементтік жәшіктерді есепке алу жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Абонементтік жәшіктердің жай-күйін профилактикалық тексеруді пошта операторы жылына бір рет жүргізеді.
Басқа 0.1. Ө Т І Н І Ш
Адресаттардың абонементтік
жәшікті пайдалану
қағидаларына
1 қосымша
ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІНІҢ БАСТЫҒЫНА
НАЧАЛЬНИКУ ПРОИЗВОДСТВЕННОГО ОБЪЕКТА
_________________________________________
КІМНЕН:
ОТ КОГО:
жеке тұлға заңды тұлға
физическое лицо юридическое лицо
Аты-тегі Атауы
Ф.И.О. ____________________________________ Наименование ____________________
Мекен-жайы Мекен-жайы
Адрес _____________________________________ Адрес __________________________
Телефоны Телефоны
Телефон __________________________________ Телефон _________________________
Жеке куәлігі _____________________________ Мемлекеттік тіркелуі
Удостоверение личности Государственная регистрация______
Берілген _________________________________ БСН
Выданный БИН _____________________________
Банктік деректемелер
Банковские реквизиты ____________
Ө Т І Н І Ш
З А Я В Л Е Н И Е
№ _______ а/ж пайдалану туралы Жаңа мекен-жайға жіберу туралы
Об абонировании № _______ а/я О направлении на новый адрес
Пайдалану мерзімі Жаңа мекен-жайы
Срок абонирования _____________________ Новый адрес ______________________
__________________________________
__________________________________
Пайдалану шарттарымен таныстым телефоны
С условиями пользования ознакомлен(а)_______________ телефон ___________________
(қолы-подпись)
Өтініш толтырылған күн (күні, айы, жылы) ______________________
Дата (число, месяц, год) заполнения заявления