Об утверждении типовой формы договора залога голосующих акций (долей участия в уставном капитале) уполномоченной компании Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысаны
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 340 бұйрығымен бекітілген Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысаны ________________ қаласы 20___ жылғы «___» _________ Бұдан әрі «Кепіл ұстаушы» деп аталатын, ______________________ атынан _______ негізінде әрекет ететін ________________________, бірінші тараптан және бұдан әрі «Кепіл беруші» деп аталатын, ________________________ атынан __________ негізінде әрекет ететін __________________________ екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталып, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының негізінде Кепіл беруші _______________ мекенжайы бойынша орналасқан _____ көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын (бұдан әрі – Жоба) және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жасалатын шарттардың негізінде үлескерлерге және (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерлерге Жобадағы үлестерді іске асыруды қамтамасыз ететін Уәкілетті компанияның жалғыз қатысушысы болып табылатынын назарға ала отырып, Кепіл ұстаушы үлескерлер мүдделерін қорғауды, сондай-ақ Құрылыс салушы кредиторларының, Уәкілетті компанияның, өзге де үшінші тұлғалардың талаптарынан Жобаның қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ете отырып, кепілдік беру туралы шарт бойынша (бұдан әрі – Кепілдік беру шарты) немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт бойынша (бұдан әрі - Реновациялау шеңберінде кепілдік шарты) Жоба құрылысының аяқталуына кепілдік беретінін ескере отырып, Тараптар осы Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты: Осы Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар Кепіл нысаны – «_____» Уәкілетті компанияның жарғылық капиталындағы Кепіл берушіге 100 (жүз) пайыз мөлшерде тиесілі дауыс беретін акциялар (жарғылық капиталдағы үлестер), акциялардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі __________ (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі берген __________ жылғы «___» __________ № ___ акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік). Уәкілетті компания: «___________» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі /акционерлік қоғамы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________, ____ жылы «___» _________ берілген № _____ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама; Заңды мекенжайы: Іс жүзіндегі мекенжайы: Дауыс беретін акциялардың (Уәкілетті компанияның жарғылық капиталдағы үлестерінің) саны: _________ (________) дана; Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы үлестерінің) нарықтық құны: ________________ (сомасы жазумен) теңге; Ауыртпалық туралы мәліметтер: _______________________ Осы Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар Кепіл нысаны – «_____» Уәкілетті компанияның жарғылық капиталындағы Кепіл берушіге 100 (жүз) пайыз мөлшерде тиесілі дауыс беретін акциялар (жарғылық капиталдағы үлестер), акциялардың ұлттық сәйкестендіру нөмері __________ (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі берген __________ жылғы «___» __________ № ___ акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік). Уәкілетті компания: «___________» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі /акционерлік қоғамы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________, ____жылы «___»_________ берілген № _____ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама; Заңды мекенжайы: Іс жүзіндегі мекенжайы: Дауыс беретін акциялардың (Уәкілетті компанияның жарғылық капиталдағы үлестерінің) саны: _________(________) дана; Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы үлестерінің) нарықтық құны: ________________ (сомасы жазумен) теңге; Ауыртпалық туралы мәліметтер: _______________________
Тарау 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Осы Шарттың нысанасы Кепіл шарты немесе Реновациялау шеңберіндегі кепілдік шарты бойынша Кепіл ұстаушы алдында Кепіл берушінің және Уәкілетті компанияның міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында Кепіл берушіге меншік құқығында тиесілі Кепіл нысанасын Кепіл ұстаушыға кепілге беру болып табылады.
Тармақ 2
2. Кепіл берушінің Кепіл нысанасына құқығы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде түпнұсқасы Кепіл ұстаушыда болатын мынадай құжаттармен:
Тармақша 1
1) «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы берген осы Шартты жасасу күнгі жағдайы бойынша «___»__________ жылғы №___ қатысушылар/Уәкілетті компанияның акционерлері тізілімінен үзінді көшірмесімен;
Тармақша 2
2) Жалғыз қатысушының «___»__________жылғы №___ шешімімен бекітілген «___________» АҚ/ЖШС Уәкілетті компанияның жарғысымен;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының әдiлет органдары/ «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы (акциялар үшін) берген «___»__________ жылғы №___ Кепіл нысанына ауыртпалықтардың жоқтығы туралы анықтамамен расталады.
Тармақ 3
3. Кепіл нысанасының кепіл құны ___________ ( ) теңгені құрайды.
Тармақ 4
4. Тараптар келісетін кепіл құны «___»__________жылғы Кепіл мүлкіне баға беру туралы «_____________» (ҚР Әділетмині «___»__________жылы берген мемлекеттік лицензия ЗТ- _______(____________ Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) есебінде айқындалған нарықтық бағаның негізінде белгіленген.
Тармақ 5
5. Кепіл нысаны билік ету құқығынсыз Кепіл берушінің пайдалануында және иелігінде қалады.
Тармақ 6
6. Осымен Кепіл беруші Тараптар жасаған қосымша келісімде өзге көзделмесе, Кепіл нысанасы заңды түрде де және іс жүзінде де ауырпалығы жоқ және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбайтынына кепілдік береді.
Тарау 2. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 7
7. Кепіл беруші:
Тармақша 1
1) Кепіл нысанасына құқықты тоқтатуға немесе оның нарықтық құнын төмендетуге әкеп соқтыратын іс-қимыл жасамауға;
Тармақша 2
2) Кепіл нысанасын үшінші тұлғалар тарапынан қол сұғушылықтан қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауға;
Тармақша 3
3) Кепіл ұстаушыға кепілге берілген мүлікпен болған өзгерістер туралы, Кепіл нысанасына үшінші тұлғалардың қол сұғушылығы туралы, Кепіл нысанасының жойылу немесе зақымдану қаупі туралы мәліметтерді 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде хабарлауға;
Тармақша 4
4) Кепіл ұстаушыға Кепіл нысанының нарықтық бағасына, атап айтқанда: жарғылық капиталы мөлшерінің 10 % асатын сомаға қаржылық-шаруашылық қызметке қатысты Уәкілетті компанияның органдарының шешімдеріне (жалғыз қатысушының/акционердің, қадағалау органының (Директорлар кеңесінің), атқарушы органның шешімдері); есеп беру кезеңі ішінде Уәкілетті компанияның жасаған мәмілелері туралы, оның ішінде ірі мәмілелер, жасалуында мүдделілік бар мәмілелер туралы ақпаратқа; қаржылық жағдайының нашарлауы, Уәкілетті компанияның дәрменсіздігі белгілерінің пайда болуы туралы мәліметтергеықпал етуі мүмкін Уәкілетті компаниялардың қызметі туралы мәліметтерді қамтитын ай сайынғы есепті есеп беру күнінен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей есепті айдың соңғы жұмыс күнгі жағдай бойынша ұсынуға.»;
Тармақша 5
5) Кепіл ұстаушыға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей есепті тоқсанның соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша Уәкілетті компанияның қаржылық есептілігін ұсынады;
Тармақша 6
6) Уәкілетті компанияның жалғыз қатысушысының/жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне кіретін шешімдерді қабылдауына, Уәкілетті компанияның ірі мәмілелер (құны, мәміле жасау күніне Уәкілетті компания активтерінің жалпы сомасының жиырма бес пайызына тең немесе одан асатын мәмілелер) және Жобаға қатысты мәмілелерді қоспағанда, мүдделілік бар мәмілелер жасауына Кепіл ұстаушыдан алдын ала келісім алуға;
Тармақша 7
7) тіркеу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Кепіл ұстаушыға тиісті растау құжатын ұсына отырып, 20___ жылдың «___» _________ дейінгі мерзімде осы Шартты «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамында тіркеуге;
Тармақша 8
8) Кепіл ұстаушының талабы бойынша Кепіл нысанасының кепіл құны мөлшерінің азаю, жоғалту, жойылу немесе зақымдану қаупі туындаған және/немесе фактісі орын алған жағдайда, сондай-ақ Уәкілетті компанияның жарғылық капиталы мөлшерінен 25 % (жиырма бес пайыздан) асатын сомаға мүліктік сипаттағы үшінші тұлғалардың талаптары бойынша заңды күшіне енген соттардың шешімдері бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде Кепіл ұстаушының құқықтарын шектейтін Кепіл нысанасына тыйым немесе өзге ауыртпалық салынған жағдайда, Кепіл ұстаушы белгілеген мерзімде Кепіл нысанасын ауыртпалығы жоқ, өтімді және тең бағалы, Кепіл ұстаушының талаптарын қанағаттандыратын өзге мүлікке ауыстыруға және/немесе толықтыруға. Кепіл нысанасын ауыстыру және/немесе толықтыру мақсатында Кепіл беруші Кепіл ұстаушы мұндай ауыстыру және/немесе толықтыру туралы талапты ұсынған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылатын толық ақпаратты және мүлікке құқық орнатушы/құқығын куәландырушы құжаттарды ұсынуға;
Тармақша 9
9) осы Шартты жасау, ресімдеу және тіркеу бойынша шығыстарды көтеруге міндеттенеді;
Тармақша 10
10) егер Уәкілетті компания қосымша эмиссияны жүзеге асырған/жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайтқан жағдайда, Тараптар кепілге берілетін акциялар санын/қатысу үлесінің номиналды бағасын ұлғайту үшін мұндай оқиға туындаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Шартқа қосымша келісім жасайды.
Тармақ 8
8. Кепіл беруші Кепіл нысанасын мақсатына сәйкес пайдалануға құқылы. Кепіл нысанасын пайдаланудан түсетін кірістер Кепіл берушінің меншігінде және еркін билік етуіне қалады.
Тармақ 9
9. Кепіл ұстаушы:
Тармақша 1
1) Кепіл берушінің осы Шартта, Кепілдік беру туралы шартта көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдай өз бетімен соттан тыс немесе сот арқылы Кепіл нысанының құнынан өз талаптарын қанағаттандыруға;
Тармақша 2
2) осы Шарт бойынша Кепіл нысанасы болып табылатын мүлік туралы талап арыз қаралатын істе үшінші тұлға ретінде қатысуға құқылы.
Тармақ 10
10. Кепіл ұстаушы:
Тармақша 1
1) осы Шарттың 1.2-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын Кепіл беруші барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін оған олар сақтауға қандай күйде берілсе, сол күйде сақтауға;
Тармақша 2
«2) Кепіл беруші және Уәкілетті компания Кепілдік беру шарты немесе Реновациялау шеңберіндегі кепілдік шарты бойынша Кепіл ұстаушының алдында міндеттемелерін толық орындағаннан кейін екі күн ішінде осы Шарттың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын қайтарып бере отырып, Кепіл нысанасынан ауыртпалықтарды алып тастауға міндеттенеді.»;
Тарау 3. 3. Кепіл нысанасынан ақы өндіріп алуға жүгіну
3. Кепіл нысанасынан ақы өндіріп алуға жүгіну
Тармақ 11
11. Кепіл ұстаушы Кепілдік шарты немесе Реновациялау шеңберіндегі кепілдік шарты талаптарында айқындалған міндеттемелерді Кепіл ұстаушы және (немесе) Уәкілетті компания көрсетілген міндеттемелерді орындау мерзімі басталғаннан кейін орындамаған жағдайда Кепіл нысанасынан ақы өндіріп алуға құқылы.
Тармақ 12
12. Кепіл нысанасынан ақы өндіріп алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Кепіл ұстаушы өз қалауы бойынша сот тәртібінде Кепіл нысанасынан ақы өндіріп алуға немесе мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте Кепіл нысанасын сатуға құқылы. Бұл ретте, Тараптар Кепіл нысанасының соттан тыс тәртіпте мәжбүрлі сатылуын Кепіл ұстаушының қалауы бойынша жүзеге асырылатынымен және Кепіл ұстаушы сотқа Кепіл нысанасынан ақы өндіріп алу туралы талап арызбен жүгіну үшін соттан тыс тәртіпте сатуды жүзеге асыру міндетті талап болып табылмайтынымен келіседі.
Тармақ 13
13. Кепіл шығындарды және/немесе ипотекамен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамау, орындау мерзімін кешіктіру немесе басқадай тиісті түрде орындамау салдарынан тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) ретінде өтеуді, сондай-ақ салынған мүліктен ақы өндіріп алуды және сатуды қоса алғанда, Кепілдік беру туралы шарт бойынша немесе Реновациялау шеңберіндегі кепілдік шарты бойынша Кепіл ұстаушының талаптарын салынған мүлік есебінен оларды қанағаттандыру сәтіне қандай көлемде болса, сол көлемде қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Тараптар Кепіл нысанының бастапқы бағасы Кепіл ұстаушының қалауы бойынша соттан тыс сауда жүргізу кезінде Кепіл нысанасының кепіл құнына тең сомманы құрауы мүмкін екендігі туралы келісті. Бұл ретте, Кепіл нысанасын сату бойынша соттан тыс сауда өткізу әдісі Кепіл ұстаушының қалауы бойынша анықталады.
Тарау 4. 4. Тараптардың жауапкершілігі
4. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 15
15. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін Тараптар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тарау 5. 5. Шарттың қолданылу мерзімі
5. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 16
16. Осы Шарт Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап жасалған және күшіне енген болып саналады және Кепілдік беру туралы шарт бойынша немесе Реновациялау шеңберіндегі кепілдік шарты бойынша Кепіл беруші міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.
Тармақ 17
17. Осы Шартты өзгерту және бұзу заңнамада белгіленген тәртіппен Тараптардың өзара келісімі бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті қосымша келісім/Шартты бұзу туралы келісім жасасу жолымен жүргізледі.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 18
18. Осы Шартты орындау барысында туындайтын барлық дауларды Тараптар өзара қолайлы шешім шығару мақсатында алдын ала тәртіппен қарайды. Уағдаластыққа қол жеткізілмеген кезде дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотта шешілетін болады.
Тармақ 19
19. Кепіл нысанын сатуға байланысты барлық хабарламаларды, мәліметтерді Кепіл ұстаушы Кепіл берушіге жолдайды.
Тармақ 20
20. Мекенжайдың, банк деректемелерінің өзгеруі бойынша ақпаратты Кепіл беруші Кепіл ұстаушыға мекенжай өзгерген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Тармақ 21
21. Шарт бойынша Тараптар бір біріне жіберетін кез келген хабарлама немесе мәлімдеме жазбаша нысанда және уәкілетті тұлғаның қол қоюымен жасалуы тиіс. Мұндай хабарлама немесе мәлімдеме осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша факс байланысымен, курьер арқылы жеткізілген, тапсырысты пошта арқылы мекенжайға жіберілген болса, ол тиісті түрде жіберілген болып есептеледі.
Тармақ 22
22. Осы шарт үш данада – әр Тарап үшін бір данадан жасалды, бір данасы ____________ сақталады.
Тарау 7. 7. Тараптардың мекенжайы мен банк деректемелері:
7. Тараптардың мекенжайы мен банк деректемелері: Кепіл ұстаушы: __________________________________________________________________ Кепіл беруші: __________________________________________________________________ Тараптардың қолдары: Кепіл ұстаушы: Кепіл беруші: _________________________ _________________________ _____________/__________/ ____________/___________/ (қолы) (А.Т.Ә.) (болған жағдайда) (қолы) (А.Т.Ә.) (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда)