О некоторых вопросах концессий и государственно-частного партнерства Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Концессиялардың және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Заңдарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жобаларға сараптама жүргізу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі: «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес сараптама жүргізу үшін; жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлға болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 282 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5286 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.