Об утверждении Условий кредитования бюджета Алматинской области на строительство жилого комплекса, строящегося с участием дольщиков Қолданыста
Басқа 0
Алматы облысының бюджетіне үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үй кешенін салуға кредит беру шарттарын бекіту туралы
«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Алматы облысының бюджетіне үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үй кешенін салуға кредит беру шарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Алматы облысының әкімдігімен кредиттік шарт жасасуды;
Тармақша 2
2) кредиттің нысаналы пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Алматы облысының әкімдігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредитті игеру туралы ақпарат берсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Алматы облысының бюджетіне үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үй кешенін салуға кредит беру шарттары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1271 қаулысымен
бекітілген
Алматы облысының бюджетіне үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үй кешенін салуға кредит беру шарттары
Тармақ 1
1. Алматы облысының әкімдігі (бұдан әрі - қарыз алушы) Алматы облысының мәслихаты 2010 жылға арналған облыстық бюджетте тиісті түсімдерді көздейтін шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - кредит беруші) Алматы облысы мәслихатының көрсетілген шешімін ұсынсын.
Тармақ 2
2. Кредит беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарттың 1-тармағы орындалғаннан кейін «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысының 38-қосымшасына сәйкес кредиттік шарт жасасу арқылы қарыз алушыға жалпы сомасы 5700000000 (бес миллиард жеті жүз миллион) теңгеге бюджеттік кредит (бұдан әрі - кредит) берсін.
Тармақ 3
3. Қарыз алушыға кредит берудің мынадай негізгі шарттары белгіленсін:
Тармақша 1
1) «Премьера» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға қарыз алушыға кредит сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша 10 (он) жыл мерзімге теңгемен беріледі;
Тармақша 2
2) кредитті игеру кезеңі кредит берушінің шотынан кредит аударылған сәттен бастап есептеледі және 2013 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
Тармақ 4
4. Кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар кредиттік шартта белгіленеді.