Об утверждении Положения о порядке взимания платы за государственную регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним и оказание информационных услуг Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi және ақпараттық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк тiркеу үшiн ақы алудың тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінiң 2002.03.29. N 373 қаулысымен "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Берiлiп отырған Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi және ақпараттық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк тiркеу үшiн ақы алудың тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
Басқа 1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу және ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем алу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 қаулысымен бекiтiлдi Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу және ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем алу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже "жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 Заң күшi бар Жарлығының 32 бабына сәйкес әзiрленiп, қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiлелердi, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсетудi тiркеудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң органдары (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Төлемшiлер
2. Төлемшiлер
Тармақ 3
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн, заңды және жеке тұлға төлем жасайды. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.04.08. N 505 қаулысымен.
Тарау 3. 3. Тiркегенi үшiн төлем жасаудан босату
3. Тiркегенi үшiн төлем жасаудан босату
Тармақ 4
4. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн төлем жасаудан Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестiрiлген тұлғалар, I және II топтағы мүгедектер және бөлек тұратын зейнеткерлер, сондай-ақ заң актiлерiне сәйкес тиiстi жеңiлдiктердi пайдаланатын өзге де адамдар босатылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.01. N 621 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Прокуратура органдарының, құқық қорғау, сот және атқарушы органдардың сұрауы бойынша ақпаратты олардың құзырына сәйкес, тiркеушi орган ақысыз негiзде бередi. Бұл жағдайда талап етушi орган сұраған ақпараттарына негiздеме беруi тиiс.
Тарау 4. 4. Тiркегенi және ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем мөлшерi
4. Тiркегенi және ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем мөлшерi
Тармақ 6
6. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу және ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем төленетiн күнi республикада белгiленген айлық есеп көрсеткiшi тұрғысынан саналатын мынадай мөлшерде төлем алынады: жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн;
Тармақша а
а) жеке тұлғалардан - жарты айлық есеп көрсеткiшi мөлшерiнде;
Тармақша б
б) заңды тұлғалардан - 10 айлық есеп көрсеткiшi мөлшерiнде; ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн жеке және заңды тұлғалардан жарты айлық есеп көрсеткiшi мөлшерiнде төлем алынады. Ақпараттық қызмет көрсету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтедi. 📌 ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 2000.01.05. N 12 қаулысымен. Ескерту. 6-тармақтың а),б)-тармақшаларының күші 2001 жылғы 4 шілдеден 10 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын - ҚР Үкіметінің 2001.06.01. N 751 қаулысымен.
Тарау 5. 5. Төлем төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi
5. Төлем төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi
Тармақ 7
7. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем банк мекемесiне, тiркеу органына өтiнiш бергенге дейiн төленедi.
Тармақ 8
8. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу үшін ақыны есептеу жергілікті бюджеттердің кірісіне жүргізіледі. Ақпараттық қызмет көрсеткені үшін ақы тіркеуші органның шотына есептеледі. 📌 ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.04.08. N 505 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.15. N 1261 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 2000.01.05. N 12 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Тiркеу органына жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу немесе ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем төленгендiгi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi берiледi.
Тармақ 10
10. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi осы Ереженiң 4-тармағында анықталған жағдайлардан басқа төлем төлемей жүргiзуге тыйым салынады.
Тармақ 11
11. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуден бас тартылса мынадай жағдайдан басқаларға төленген төлем қайтарылмайды: осы Ереже талабы бойынша үлкен мөлшердегi төленген төлемге; тiркеудi жүргiзуге бас тартқан төлемдi төлеген тарапқа.
Тарау 6. 6. Төленген төлем үшiн жауапкершiлiк
6. Төленген төлем үшiн жауапкершiлiк
Тармақ 12
12. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлемдi толығымен және уақтылы төлеуге жауапкершiлiк тiркеу органына жүктеледi. 7. Аударылған төлемге бақылау
Тармақ 13
13. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн төлемдi жергiлiктi бюджет табысына толығымен және уақтылы аударуға бақылауды салық органдары жүзеге асырады.