Об утверждении Положения о квалификационных классах судей судов Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы соттары судьяларының бiлiктiлiк сыныптары туралы ереженi бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы N 643 Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күшi бар N 2694 Жарлығы 59-бабының 4-тармағына сәйкес қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы соттары судьяларының бiлiктiлiк сыныптары туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының соттары судьяларының бiлiктiлiк сыныптары туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1997 жылғы 15 қазандағы
N 3677 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының соттары судьяларының бiлiктiлiк сыныптары туралы ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының судьяларына бiлiктiлiк сыныптарын берудiң, олардан айырудың тәртiбi мен шарттарын реттейдi.
Тарау i. I. Бiлiктiлiк сыныптарын беру тәртiбi
I. Бiлiктiлiк сыныптарын беру тәртiбi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы соттары судьяларының iскерлiк
қасиеттерiн бағалау, кәсiптiк бiлiмдерiнiң өсуiн және сот төрелiгiн
жүзеге асыру кезiнде оларды қолдану дағдыларын ынталандыру мақсатында
мынадай жоғары, бiрiншi-бесiншi бiлiктiлiк сыныптары берiледi.
Тармақ 2
2. Әрбiр бiлiктiлiк сыныбында болудың мерзiмi мынадай:
бесiншiде - 2 жыл
төртiншiде - 3 жыл
үшiншiде - 3 жыл
екiншiде - 3 жыл
бiрiншiде - 4 жыл
Тармақ 3
3. Бiлiктiлiк сыныптарын беру субъектiлерi және тәртiбi:
Тармақша 1
1) жоғары бiлiктiлiк сыныбын:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Әдiлет министрiнiң бiрлесiп ұсынуы бойынша облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Тармақша 2
2) бiрiншi, екiншi және үшiншi бiлiктiлiк сыныптары:
Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының шешiмiмен;
облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Әдiлет министрiнiң бiрлескен шешiмiмен;
облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына тиiстi сот төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Әдiлет министрiнiң бiрлескен шешiмiмен;
аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына - әдiлет басқармасының бастығы мен облыстық немесе оған теңестiрiлген сот төрағасының бiрлескен ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң шешiмiмен берiледi;
Тармақша 3
3) төртiншi және бесiншi бiлiктiлiк сыныптары:
облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына - облыстық немесе оларға теңестiрiлген соттар төрағаларының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң шешiмiмен;
аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына - әдiлет басқармасының бастығы мен облыстық немесе оған теңестiрiлген сот төрағасының бiрлескен ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң шешiмiмен берiледi.
Тармақ 4
4. Бiлiктiлiк сыныптарын беру, әдетте, жағымды мiнездемеге орай жұмыс стажы ескерiле отырып, дәйектiлiкпен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Кезектi бiлiктiлiк сыныбын беру судьяның берiлген бiлiктiлiк сыныбында болу мерзiмi өткен күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Тұңғыш рет тағайындалған судьяларға бiлiктiлiк сыныптары судья қызметiндегi жұмыстың алғашқы алты айы өткеннен кейiн берiледi. Бұл ретте берiлген бiлiктiлiк сыныбы үшiн қосымша ақы судья қызметiне тағайындалған не сайланған кезден бастап төленедi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң судьяға оның тағайындалуымен немесе сайлануымен бiр мезгiлде бiлiктiлiк сыныбын беруге құқығы бар.
Тармақ 6
6. Прокуратура органдары мен басқа да құқық қорғау органдарына, әдiлет пен адвокатура мекемелерiнде, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда жоғары заң бiлiмi бар адамдар атқаратын қызметтерде бұрын жұмыс iстеген тұңғыш рет тағайындалған судьяларға бiлiктiлiк сыныптары бұрынғы қызметi, әскери (арнаулы) атағы немесе мемлекеттiк қызметшiнiң бiлiктiлiк сыныбы, бiлiмi, ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы, еңбек сiңiрген жылдары мен жұмыс тәжiрибесi ескерiле отырып берiледi.
Қызметке тағайындалған немесе сайланған әскери және арнаулы атақтары, сыныптық шендерi, дипломатиялық дәрежелерi, бiлiктiлiк сыныптары бар судьяларға бұрын берiлген атақтары, шендерi, дәрежелерi мен сыныптары сақталады, бiрақ бұлар үшiн қосымша ақы төленбейдi.
Мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда қызмет атқаратын адамдарды судья қызметiне тағайындаған, сайланған кезде, сондай-ақ судьяны ауыстырған кезде оларға бұрынғы қызметiндегi орташа жалақысы мен жеңiлдiктерi, егер бұлар қазiргi қызметi бойынша белгiленген деңгейден артық болса, екi жыл бойы сақталады.
Тармақ 7
7. Жоғары бiлiктi судьяларға жұмыс тәжiрибесi ескерiле отырып, ынталандыру ретiнде олардың қызметiнiң нәтижелерi үшiн мерзiмге бұрын немесе кезектен тыс бiлiктiлiк сыныбын беруге болады.
Бiлiктiлiк сыныбы кезектi бiлiктiлiк сыныбында болудың тағайындалған мерзiмiнiң кемiнде жартысы өткеннен кейiн мерзiмнен бұрын берiледi. Судья қызметiнде болған уақыттың iшiнде бiлiктiлiк сыныбы бiр рет қана мерзiмiнен бұрын берiлуi мүмкiн.
Кезектен тыс бiлiктiлiк сыныбы кезектi бiлiктiлiк сыныбында болудың тағайындалған мерзiмiнiң кемiнде үштен екiсi өткеннен кейiн берiледi және мұның өзi олардың иеленiп отырғанынан бiр сыныпқа ғана артық болуға тиiс. Судья қызметiнде болған уақыт iшiнде кезектен тыс бiлiктiлiк сыныбын беру бiр реттен аспауы мүмкiн.
Тарау ii. II. Судьяларды бiлiктiлiк сыныптарын
беруге ұсыну тәртiбi
II. Судьяларды бiлiктiлiк сыныптарын
беруге ұсыну тәртiбi
Тармақ 8
8. Судьяларға бiлiктiлiк сыныптарын беру туралы материалдарды бiлiктiлiк сыныбын беру құқығы бар не осы Ережеге сәйкес оларды беру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар лауазымды адамдар ресiмдейдi.
Жоғарғы Сот Төрағасына жоғары бiлiктiлiк сыныбын беру жөнiндегi материалдарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi ресiмдейдi.
Тармақ 9
9. Судьяға кезектi бiлiктiлiк сыныбын беру туралы материалдар бiлiктiлiк сыныбын беруге құқығы бар лауазымды адамға оның тағайындалған бiлiктiлiк сыныбында болу мерзiмi өткенге дейiн үш айдан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Тармақ 10
10. Бiлiктiлiк сыныбын беру туралы ұсынысқа мыналар:
Тармақша 1
1) судьяға берiлген, оның кәсiптiк қызметiне берiлген бағаны, iскерлiк және адамгершiлiк қасиеттерiн бейнелеуге тиiс мiнездеме;
Тармақша 2
2) қаралған iстердiң саны мен сапасы туралы соңғы үш жылдағы деректер;
Тармақша 3
3) сот iстерi қаралған кезде заңдылықтың сақталуы туралы мәлiметтер;
Тармақша 4
4) судьяның үстiнен түскен шағымдар туралы мәлiметтер мен олардың негiздiлiгi жөнiндегi қорытынды;
Тармақша 5
5) тәртiптiк жазалар туралы мәлiметтер қоса берiлуге тиiс.
Судья ұсыныспен және басқа материалдармен таныстырылуға тиiс.
Тармақ 11
11. Судья өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны, лауазымдық өкiлеттiктерiнiң шегiнен шыққаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны, сол сияқты судья қызметiнде болумен байланысты заңда белгiленген шектеулердi сақтамағаны үшiн судьяға кезектi бiлiктiлiк сыныбын беру бiр жылға дейiнгi мерзiмге кiдiртiлуi мүмкiн.
Тармақ 12
12. Орнынан түскен, не зейнетақы демалысына шыққан, не басқа мемлекеттiк органдарға ауыстырылған, не "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар жарлығының 47-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қызметiнен босатылған судьяларға бiлiктiлiк сыныптары сақталады, бiрақ бұл үшiн қосымша ақы төленбейдi.
Тарау iii. III. Бiлiктiлiк сыныбынан айыру тәртiбi
III. Бiлiктiлiк сыныбынан айыру тәртiбi
Тармақ 13
13. Судья атқаратын қызметiнен босатылған кезде:
Тармақша 1
1) сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты бұзғаны үшiн;
Тармақша 2
2) абыройсыз iс-қылық жасағаны үшiн;
Тармақша 3
3) атқаратын қызметiне сай келмеген ретте немесе судья қызметiмен үйлеспейтiн iс-әрекетпен айналысқан кезде;
Тармақша 4
4) егер судьяға қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
Тармақша 5
5) судья Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған кезде;
Тармақша 6
6) заңды күшiне енген сот шешiмiмен судья iс-әрекетке қабiлетсiз ден танылған кезде;
Тармақша 7
7) "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың
мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық
заң күшi бар Жарлығының 47-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында
көзделген негiздер бойынша оны бiлiктiлiк сыныбынан айыруға жол
берiледi.
Тармақ 14
14. Судьяны бiлiктiлiк сыныбынан айыру осы Ереженiң 3-тармағында
белгiленген бiлiктiлiк сыныптарын беруге ұсыну шарттарына сәйкес
келетiн тәртiппен уәкiлеттi лауазымды адамдардың ұсынуы бойынша
жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президентi судьяны бiлiктiлiк
сыныбынан айыру туралы өздiгiнен шешiм қабылдауға хақылы.
IV.
📌 Ескерту. IV-бөлім, 15-16 тармақтар күшін жойды - ҚР Президентінің
2001.03.26. N 575 жарлығымен.
Тарау v. V. Қорытынды ережелер
V. Қорытынды ережелер
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының судьяларына берiлген бiлiктiлiк сыныптары осы Ереже бекiтiлгенге дейiн оларда сақталады.