Об утверждении порядка и схемы перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Алакольского района Күшін жойған
Басқа 0
Алакөл ауданының шалғайдағы
елді мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беретін мектептерге
тасымалдаудың тәртібі мен схемасын
бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алакөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Алакөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы осы қаулының 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бекболатова Айгүл Нұрмұқашқызына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Меңлібаева Салтанат Дәулетханқызына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
«Алакөл ауданының шалғайдағы
елді мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беретін мектептерге
тасымалдаудың тәртібі мен схемасын
бекіту туралы » Алакөл ауданы
әкімдігінің 2016 жылғы «05» 11
№ 370 қаулысына 1 қосымша
Алакөл ауданындағы шалғайдағы елді мекенде тұратын балаларды жалпы
білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Алакөл ауданының шалғай елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы Тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 туралы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 14- бабының 3 – тармағынаң 3-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №767 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» №767 қаулысына сәйкес әзірлеген.
Тармақ 2
2. Балаларды тасымалдау автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға ортыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Автобустарда жол жүруге мынадай балаларға және ересек еріп жүрушілерге рұқсат берілмейді:
Тармақша 1
1) қауіпсіздік шараларын бұзуға әкеп соғатын, толқыған жай –күйінде;
Тармақша 2
2) алкоголь, есірткі, психотропты және улағыш заттардың әсері болғанда.
Тарау 2. 2. Автокөлік құралдарына қойлатын талаптар
2. Автокөлік құралдарына қойлатын талаптар
Тармақ 4
4. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автобустардың техникалық жай-күйі, техникалық қызмет көрсету өткізудің көлемдері мен мерзімдері, жабдықтары Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс.
Тармақ 5
5. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемінде екі есіктерінің болуы және мыналармен:
Тармақша 1
1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиіс (Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгімен;
Тармақша 2
2) сары түсті жылтыр шағын маягымен;
Тармақша 3
3)Әрқайсысының сыйымдылығы кемінде екі литр болатын оңай алынатын өрт сөндіргіштермен (біреуі – жүргізушінің кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
Тармақша 4
4) екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);
Тармақша 5
5) екі жылжуға қарсы тіректермен;
Тармақша 6
6) авариялық тоқтау белгісімен;
Тармақша 7
7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесінде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетілген ақпараттық кестемен;
Тармақша 8
8) санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиіс.
Тармақ 6
6. Балаларды тасымалдауға арналған автобустарда мыналар болуы тиіс;
Тармақша 1
1)ешқандай кедергісіз ашылып және жабылатын жолаушылар салонының есіктері мен авариялық люктер. Есіктерде өткір немесе олардың бетінен алыс шығып тұрған қырлар болмауы тиіс;
Тармақша 2
2) жабық жай- күйінде жүргізушінің кабинасы мен жолаушы салонына жауын- шашынның түсуін толық болдырмайтын төбе, авариялық люктар және терезелер;
Тармақша 3
3) берік бекітілген тұтқалар және отырғыштар;
Тармақша 4
4)жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;
Тармақша 5
5) тегіс, шығыңқы жерлері немесе бекітілмеген бөлшектері жоқ баспалдақтары мен салонның едені;
Салон еденінің жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиіс;
Тармақша 6
6) шаңнан, кірден, бояудан және олар арқылы көруді төмендететін өзге де заттардан тазартылған терезелердің мөлдір шынылары. Терезе ойығын ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен 30% -дан артық жабуға тыйым салынады;
Тармақша 7
7) жылдың суық мезгілінде жылытылатын және ыстық мезгілінде желдетілетін, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.
Тармақ 7
7. Жолаушылар мен багажды автомабильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымды кемінде бір рет және ластануына байланысты жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Сыртқы кузовты жинау ауысымнан кейін өткізіледі.
Тарау 3. 3. Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру
3. Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Егер баларады тасымалдау кезінде бірнеше тасымалдаушыға тиесілі автобустар пайдаланылатын болса, онда қозғалыс қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану үшін жауапты адамдар тасымалдаушылардың тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың барлық кезеңдеріндегі өзара іс- қимыл тәртібін белгілейді.
Тармақ 10
10. Балалардың топтарын 22.00- ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) тыйым салынады.Тәуліктің 22.00 сағатынан бастап 06.00 сағатына дейін теміржол вокзалдарынажәне әуежайларға және олардан, сондай-ақ жақын арадағы демалыс орнына қонатын жерге) дейін жолда кідіріп қалған кезде балаларды тасымалдауға рұқсат етіледі.
Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгері кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтару туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушіге дереу хабарлауға тиіс.
Тармақ 11
11. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жергілікті атқарушы органдармен және оқу орындарының әкімшілігімен бірлесіп маршуттарды және балаларды отырғызудың және түсірудің ұтымды орындарын белгілейді.
Тармақ 12
12. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдармайтын жеткілікті үлкен болуы тиіс.
Тармақ 13
13. Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
Тармақ 14
14. Күзгі- қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
Тармақ 15
15. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
Тармақ 16
16. Автобустардың қозғалыс кестесін тасымалдаушы мен тапсырыс беруші келіседі.
Жол жағдайының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқажағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергінің көрінуі, бұл жағдайцда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарынынң артуына ) түзетілген болуы тиіс. Кестенің өзгеруі туралы тасымалдаушы тапсырыс берушіге хабарлауы тиіс, ол балаларды дер кезінде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
Тарау 4. 4. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын
жүргізушілерге қойылатын талаптар.
4. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын
жүргізушілерге қойылатын талаптар.
Жүргізушілерді рейске дайындау және рұқсат беру.
Тармақ 17
17. Балаларды тасымалдау үшін мынадай жүргізушілерге рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1)жасы жиырма бес жастан кем емес, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізушінің бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар;
Тармақша 2
2)автобустың жүргізушісі ретіндегі кемінде соңғы үш жыл үздіксіз жұмыс өтілі бар;
Тармақша 3
3)соңғы жылдары еңбек тәртібін және қозғалыс ережесін өрескел бұзбаған.
Тармақ 18
18. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарда балаларды тасымалдауға рұқсат етілуі тиіс өзіндік кәсіби сипаттамалары бойынша жүргізушілердің тізімі құрылуы тиіс, көрсетілген тізім жыл сайын жаңартылады және тиісті бұйрықпен бекітіледі.
Тармақ 19
19. Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргізушісіне мыналарға жол берілмейді.
Тармақша 1
1)сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;
Тармақша 2
2) жүру маршуртын өзгертуге;
Тармақша 3
3) балалар бар автобус салонында олардың қол жүгі мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүкті, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
Тармақша 4
4) автобуста балалар болған кезінде, соның ішінде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус салонынан шығуға;
Тармақша 5
5) Автомобиль легінде жүру кезінде алда жүрген автобусты басып озуға;
Тармақша 6
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) егер ол көлік құралының өздігінен қозғалуын немесе оны жүргізуші жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, оз орнын тастап кетуге немесе көлік құралын қалдыруға.
Тарау 5. 5. Қорытынды
5. Қорытынды
Тармақ 20
20. Осы Тәртіппен реттелмеген Қатынастар, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес реттеледі.
Басқа 59
«Алакөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібімен схемасын бекіту туралы» Алакөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «05» 11 № 370 қаулысына 2 қосымша
Алакөл ауданының шалғайдағы Қаратұма ауылында тұратын «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың
схемасы
Басқа 60
«Алакөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібімен схемасын бекіту туралы» Алакөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «05» 11 № 370 қаулысына 3 қосымша
Алакөл ауданының шалғайдағы Кеңес ауылында «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың
схемасы
Басқа 61
«Алакөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібімен схемасын бекіту туралы» Алакөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «05» 11 № 370 қаулысына 4 қосымша
Алакөл ауданының шалғайдағы Жамбыл ауылынанда тұратын балаларды «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы
Басқа 62
«Алакөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібімен схемасын бекіту туралы» Алакөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «05» 11 № 370 қаулысына 5 қосымша
Алакөл ауданының шалғайдағы Майқан ауылында тұратын балаларды «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жыланды орта мектеп – лицейі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың
схемасы
Басқа 63
«Алакөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібімен схемасын бекіту туралы» Алакөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «05» 11 № 370 қаулысына 6 қосымша
Алакөл ауданының шалғайдағы Әлемді ауылында тұратын «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Көлбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың
схемасы
Басқа 64
«Алакөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібімен схемасын бекіту туралы» Алакөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «05» 11 № 370 қаулысына 7 қосымша
Алакөл ауданының шалғайдағы Нұрлы ауылынанда тұратын балаларды «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы
Басқа 65
«Алакөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібімен схемасын бекіту туралы» Алакөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «05» 11 № 370 қаулысына 8 қосымша
Алакөл ауданының шалғайдағы Талдыбұлақ ауылында тұратын балаларды «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың
схемасы