Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Макатскому району Күшін жойған
Басқа 0
Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №10030 тіркелді) сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 шілдедегі №35-VI «Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешімі жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Б. Аманғалиев) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Аудандық мәслихаттың
2016 жылғы 26 тамыздағы
№47-VІ шешіміне қосымша
Мақат ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілері
Есептік бірлік
Жылына 1 есептік бірлікке келетін м3 коммуналдық қалдықтарының жинақталу нормалары
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,2
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
0,7
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
0,93
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
1,5
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
3,0
6
Емханалар
1 келіп кету
3,0
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
3,9
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,5
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
2,3
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
0,2
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1м2
0,2
12
Азық-түлік дүкендері
Сауда алаңы 1м2
0,8
13
Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер
Сауда алаңы 1м2
0,8
14
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1м2
3,9
15
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1м2
1,5
16
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі:
халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы
1 м2
3,9
17
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы
1 м2
0,5
18
Дәріханалар
Сауда алаңы 1м2
0,25
19
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
4,04
20
Автомобиль шеберханалары
31 жұмысшы
0,3
21
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,36
22
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы
1 м2
0,25