Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по Макатскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақат ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтерін бекіту туралы 2007 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мақат ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 шілдедегі №36-VI «Мақат ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» шешімі жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Б. Аманғалиев) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 26 тамыздағы №48-VІ шешіміне қосымша Мақат ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтері Р/с Атаулары Есептік бірлік Баға, теңгемен 1 Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері: 1.1 Жайлы үйлер 1 тұрғын 120 1.2 Жайсыз үйлер 1 тұрғын 120 1.3 Заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлер үшін) 1 текше метр 1600 1.4 Заңды тұлғалар (кәсіпорындар үшін) 1 текше метр 3500 1.5 Заңды тұлғалар (бюджеттік мекемелер үшін) 1 текше метр 2400 2 Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері: 2.1 Жеке тұлғалар 1 текше метр 120 2.2 Заңды тұлғалар 1 текше метр 650