Ақжайық ауданының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Ақжайық ауданының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау
және қорғау Ережесін бекіту туралы
Ауданның елді мекендерін көркейтудің негізі ретінде жасыл желекті екпелердің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімдігінің ұсынысын ескере отырып аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Ақжайық ауданының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесі» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақжайық аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 18-қарашадағы №2-3 «Ақжайық ауданы аумағында жасыл желектілерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу №2365, 2003 жылғы 28-қараша) шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Шешім аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.