Вопросы Комитета по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.01.2000 № 45 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi құрылымы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Комитеттiң аппаратын және оның мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аумақтық бөлiмшелерiн қаржыландыру республикалық бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Тауарлардың шығу тегi туралы сертификатты беру және куәландыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 маусымдағы N 889 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 257-құжат):
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгi" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi".
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 875 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 21, 189-құжат):
1-тармақтың күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 10. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (Мемстандарт) туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 3 шiлдедегi
N 634 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (Мемстандарт) туралы ЕРЕЖЕ
Миссиясы
Қоршаған ортаның, тауарлардың, процестер мен қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету, ғылымның, өнеркәсiптiң және ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы заң актiлерiне сәйкес арнай атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын дербес жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
Комитет Қазақстан Республикасында стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды ұйымдастыруды қамтамасыз етедi, осы саладағы салааралық үйлестiру мен басшылықты жүзеге асырады, стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды жетiлдiрудiң бiрыңғай ғылыми-техникалық саясаты мен бағдарламаларын iске асырады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитеттiң аппараты мен оның: стандарттардың, техникалық шарттардың, метрологиялық ережелердiң сақталуын және өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аумақтық бөлiмшелерiн (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi, банкте шоттары, тексеру, сертификаттау жұмыстарын, өлшем құралдарының сериялық шығарылымын тiркеу мен куәландыруға және басқа да мақсаттарға арналған арнайы белгiсi мен мөртабаны болады.
Тарау ii. II. Басымдықтары
II. Басымдықтары
Тармақ 5
5. Комитеттiң негiзгi басымдықты бағыттары:
Тармақша 1
1) салауатты өмiр салты;
Тармақша 2
2) жоғары сапалы тамақтану және таза су;
Тармақша 3
3) қолайлы және қауiпсiз қоршаған орта;
Тармақша 4
4) бiлiм мен ғылымның халықаралық деңгейi;
Тармақша 5
5) табиғи ресурстарды тепе-теңдiкте пайдалану;
Тармақша 6
6) энергетиканың, өнеркәсiптiң және ауыл шаруашылығының бәсекеге қабiлеттi өнiмдерi стандарттарын әзiрлеу, енгiзу және олардың сақталуына бақылау жасау болып табылады.
Тарау iii. III. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi
III. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi
Тармақ 6
6. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;
Тармақша 2
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметiн үйлестiру;
Тармақша 3
3) ғылым мен техника жетiстiктерiнiң негiзiнде мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру, мемлекеттiк стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестiру;
Тармақша 4
4) өлшем құралдары паркiн жаңарту және эталондық базаны кеңейту;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының негiзге алынатын мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу;
Тармақша 6
6) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiлiктi кадрлар даярлау.
Тарау iv. IV. Комитеттiң функциялары
IV. Комитеттiң функциялары
Тармақ 7
7. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
Тармақша 1
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, басқа заңды, сондай-ақ жеке тұлғалармен стандарттау мен сертификаттаудың халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн, өлшемдердiң бiртұтастығын, техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеу мен кодтауды, өнiмдi штрихтық кодтау мен каталогтандыруды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
Тармақша 2
2) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында халықаралық талаптарға сәйкес бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, стандарттаудың мемлекеттiк жүйесiн, өнiмдер мен қызмет көрсетулердi өлшеу мен сертификаттаудың бiртұтастығын жетiлдiредi және дамытады;
Тармақша 4
4) физикалық шамалар бiрлiктерiнiң эталондық базасын жетiлдiредi және қолдайды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының негiзге алынатын мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын тиiстi халықаралық, аймақтық және мемлекетаралық стандарттармен үйлестiредi;
Тармақша 6
6) заңды және жеке тұлғалардың өлшем құралдарын шығару, тексеру, жөндеу, сату, және жалға беру, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн бейнелейтiн конституциялық айқындалған материалдық-бейнелеу нысандарын шығару жөнiндегi қызметiн лицензиялайды және олардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi;
Тармақша 7
7) стандарттау, метрология, сертификаттау, сапа жүйесi, мемлекеттiк қадағалау және инспекциялық бақылау саласында мамандарды даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) саудадағы техникалық кедергiлердi жою мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау саласында халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын және стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi басқа да нормативтiк актiлерiн әзiрлеудi, қайта қарауды ұйымдастырады, сондай-ақ сараптауды, бекiтудi және тiркеудi жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық, аймақтық, халықаралық және басқа елдердiң ұлттық стандарттарының мемлекеттiк қорын қалыптастырады және жүргiзедi.
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын, мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық ұйымдардың ережелерi мен ұсынымдарын басып шығаруды, қайта басып шығаруды және таратуды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға, басқа да ұйымдарға өнiмдерге және шығарылатын өлшем құралдарына арналған, тiркелген нормативтiк актiлер туралы, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы нормативтiк актiлер талаптарының өзгерiстерi туралы хабарлайды;
Тармақша 13
13) халықаралық ұйымдарға мүше елдерге Қазақстанның пiкiрi бойынша сауда қатынастарында техникалық кедергiлер келтiруi мүмкiн әзiрленiп жатқан жобалар мен қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға түсiндiрмелер (пiкiрлер) жолдайды;
Тармақша 14
14) тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) сапасына, стандарттар мен техникалық шарттардың, метрологиялық ережелердiң сақталуына, өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуына мемлекеттiк қадағалауды, сондай-ақ сертификаттау жөнiндегi органдар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiне инспекциялық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) және сапа жүйесiн сертификаттау, шыққан елiн анықтау бойынша сертификаттау, сертификаттау жөнiндегi органдары, сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредитациялау мен тiркеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi;
Тармақша 16
16) ұйымдарға, оның iшiнде халықаралық, аймақтық және ұлттық ұйымдарға сертификаттау жөнiндегi аккредитацияланған органдар, сынақ зертханалары (орталықтары), сертификатталатын өнiмдер және сертификатталған сапа жүйелерi туралы хабарлайды;
Тармақша 17
17) қолдануға рұқсат етiлген өлшем құралдарын, стандарттық үлгiлердi, тiркелген тексеру зертханалары мен метрологиялық қызметтердiң, аккредитацияланған сынақ зертханалары (орталықтары) мен сертификаттау жөнiндегi органдардың, сарапшы-аудиторлардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) метрологиялық қызметтердiң, заттар мен материалдардың стандарттық үлгiлерi қызметтерiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырады;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасында шығарылған және импортталған өлшем құралдарына мемлекеттiк сынақтар, өлшем құралдары мен өлшем жүйелерiне мемлекеттiк тексерудi және оларды метрологиялық аттестаттауды жүргiзедi;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңдарында өзiне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тарау v. V. Комитеттiң құқықтары мен жауапкершiлiгi
V. Комитеттiң құқықтары мен жауапкершiлiгi
Тармақ 8
8. Комитеттiң өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыруы және мiндеттердi орындауы кезiнде:
Тармақша 1
1) стандарттау, метрология және сертификаттау, мемлекеттiк қадағалау, лицензиялау және инспекциялық бақылау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер мен әдiстемелiк құжаттардың жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
Тармақша 2
2) халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттау, сертификаттау және өлшемдер бiртұтастығы жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға және басқа да ұйымдарға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыруға қатысуға;
Тармақша 3
3) өз құзыретiнiң шегiнде шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шет елдiң заңды тұлғаларымен стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелерi бойынша халықаралық шарттар жасасуға, келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдерге қол қоюға;
Тармақша 4
4) өз құзыретiнiң шегiнде орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге және шешiмдер қабылдауға, заңдарда белгiленген тәртiппен стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
Тармақша 5
5) Комитетке жүктелген мiндеттердi орындау үшiн меншiк нысандарына қарамастан заңды тұлғаларға белгiленген тәртiппен баруға;
Тармақша 6
6) стандарттардың талаптары мен техникалық шарттардың, метрологиялық ережелер мен сертификаттау жөнiндегi ережелердiң бұзылуы фактiлерi анықталған кезде заңдарда белгiленген шаралар қолдануға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сатуға және тұтынуға жарамсыз деп таныған жағдайларда өнiмдер мен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жою туралы немесе одан әрi қайта өңдеу туралы шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 8
8) белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдарының мамандары, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiрлесiп жұмыс iстеуге тартуға;
Тармақша 9
9) өнiмге, сапа, өндiрiс жүйелерiне, сертификаттар беруге және өлшем құралдарының үлгiлерiн бекiтуге;
Тармақша 10
10) тауардың шыққан елiн айқындау жөнiнде сертификаттар беруге;
Тармақша 11
11) сертификаттау жөнiндегi органдар мен сынақ зертханаларына (орталықтарына) белгiленген үлгiдегi аккредитация аттестаттарын беруге;
Тармақша 12
12) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген номенклатуралар және қызметтiң түрлерi бойынша лицензиялар беруге;
Тармақша 13
13) шетелдiк сертификаттарды, сәйкестiк белгiлерiн танудың ережелерiн белгiлеуге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнде шетелдiк сынақ орталықтарын, тексеру зертханаларын және сертификаттау жөнiндегi органдарын аккредитациялауға;
Тармақша 14
14) мемлекеттiк органдармен және басқа да заңды тұлғалармен бiрлесiп стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi техникалық комитеттер құруға;
Тармақша 15
15) өз құзыретiнiң шегiнде жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша заңды тұлғаларға әкiмшiлiк және экономикалық санкциялар, сондай-ақ заңдарда белгiленген басқа да ықпал ету шараларын қолдану немесе тоқтату жөнiнде шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 16
16) мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекiтуге және оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 9
9. Өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудың уақытылығы мен сапасы үшiн Комитет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.
Тарау vi. VI. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
VI. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Комитеттi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төраға сонымен бiр уақытта Қазақстан Республикасының Стандарттарды және өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, ведомстволық бағынысты кәсiпорындардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы, стратегиялық тұрғыдағы тапсырмаларды орындауы үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.
Тармақ 11
11. Комитет төрағасының орынбасарын - басқарма бастығын Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 12
12. Комитеттiң Төрағасы:
Тармақша 1
1) өз орынбасарының, құрылымдық, аумақтық бөлiмшелер басшыларының, Комитеттiң басқа да жауапты қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Комитеттiң ведомстволық бағынысты кәсiпорындары басшыларының мiндеттерi мен жауаптылық дәрежесiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк органдарда және басқа ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
Тармақша 3
3) Комитеттiң құрылымдық, аумақтық бөлiмшелерi мен оған ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн үйлестiредi және бақылайды;
Тармақша 4
4) Комитет аппаратының және аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын қызмет тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 6
6) Комитеттiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелерi, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылымы мен жарғыларын бекiтедi;
Тармақша 7
7) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 13
13. Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындалуы үшiн мiндеттi.
Тармақ 14
14. Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу - мемлекеттiк стандарттар мен нормативтiк құжаттарды бекiту және тiркеу үшiн, сондай-ақ стандарттаудың, сертификаттаудың және өлшемдердiң бiртұтастығының мемлекеттiк жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн және оларды жетiлдiрудi қамтамасыз ету үшiн Комитетте, жеке құрамын Комитеттiң Төрағасы бекiтетiн, құрамында 9 адам бар алқа құрылады. Алқаның құрамына Комитет аппаратының қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың басшылары кiре алады. Алқаның шешiмi Комитеттiң қаулыларымен бекiтiледi.
Тармақ 15
15. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Басқа 87. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 3 шiлдедегi
N 634 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық Стандарттау, метрология және мемлекеттiк қадағалау басқармасы
Сертификаттау, сыртқы байланыстар және қаржы-кадр жұмыстары басқармасы
Басқа 88. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 3 шiлдедегi
N 634 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi
____________________________________________________________________ Рет
| Кәсiпорындардың атауы
|Орналасқан жерi N |
| ____________________________________________________________________
1 |"Метрология" республикалық мемлекеттiк
|Алматы қаласы
|кәсiпорын
| ____________________________________________________________________
2 |"Қазақстан стандарттау, метрология және
|Астана қаласы
|сертификаттау орталығы" республикалық |
|мемлекеттiк кәсiпорны
| ____________________________________________________________________
3-20-жолдар алынып тасталды
____________________________________________________________________
21|Стандарттар және стандарт үлгiлерi
|Алматы қаласы
|мемлекеттiк ақпараттық орталығы
| ____________________________________________________________________
22| Мемлекеттiк алкоголь өнiмдерiн
|Алматы қаласы
|өндiрушiлердi тексеру орталығы
| ____________________________________________________________________
23|"Казсертико" мемлекеттiк ғылыми-практикалық
|Алматы қаласы
|орталығы
| ____________________________________________________________________
24 |"Стандарттау, метрология және |
| сертификаттау саласында |
| біліктілікті арттыру институты" |
| республикалық мемлекеттік |
| қазыналық кәсіпорны |
Астана қаласы
📌 Ескерту. Тізбе 24-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.05.1999 № 582 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тізбеден 3-20-жолдар алынып тасталды, 2-жол жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.06.1999 № 743 қаулысымен.