О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Лисаковска Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лисаков қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27, 43-1-баптарына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Күші жойылды деп танылсын: Лисаков қаласы әкімдігінің "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағы № 41 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-161 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 наурыздағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған); Лисаков қаласы әкімдігінің "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 41 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-162 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 сәуірдегі "Лисаковская новь" газетінде жарияланған); Лисаков қаласы әкімдігінің "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 41 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 22 маусымдағы № 286 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-166 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 шілдедегі "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).
Тармақ 2
2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.