О признании утратившими силу некоторых решений районного маслихата Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылуы туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабы 2 тармағы 4) тармақшасының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
Мәслихаттың мына шешімдерінің күші жойылды деп саналсын:
Тармақша 1
1) 2004 жылғы 25 тамыздағы № 63 "Тұрғын үй көмегінің мөлшері және көрсету тәртібі туралы" шешімінің күші жойылды деп саналсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3132 нөмірімен тіркелген, 2004 жылғы 15 қазанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған), бұрын мәслихаттың "Мәслихаттың 2004 жылғы 25 тамыздағы № 63 "Тұрғын үй көмегінің мөлшері және көрсету тәртібі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-64 нөмірімен 2008 жылғы 11 қаңтарда тіркелген, 2008 жылғы 17 қаңтарда "Әулиекөл" газетінің № 3 жарияланған);
Тармақша 2
2) 2009 жылғы 20 наурыздағы № 100 "Қызметін Әулиекөл ауданының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларды туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-95 нөмірімен тіркелген, аудандық "Әулиекөл" газетінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі санында жарияланған).